Қазақ тілінің өзіне тән дыбыстары қалай таңбаланады? Дауыстыларды диакритикамен: <ә> фонемасын ä/ăтаңба-
ларының, <ө> фонемасын ц/ŏәріптерінің бірімен, <ұ> дыбы-
сын ŭ, <ү> дыбысын ь әрпімен, <ы> дыбысын э, <і> дыбысын і әрпімен беру немесе дәйекше арқылы белгілеуге болады.
Сонда қазақ тілі дауыстылары үшін (егер дәйекше қолда-
нылмаса) латын жазуының мына таңбалары лайық: -a, <ә>- ă, <ы> – э, <і> – і, <ұ> – ŭ, <ү> – ь, – o, <ө> – ц, <е> – е. Дауыссыздардан <қ> фонемасының бірнеше таңбасы
ұсынылып жүр: Qq, Кк, Í í әріптері, ал <к> фонемасы үшін
Кк және Сс таңбалары тең ұсынылып жүр. егер бір инвари-
ант фонеманың жазуда таңбаланатын варианттары өзара ұқсас
әріппен берілуі керек деген әліпби теориясына салсақ, онда
жуан дауыссызды <қ>-к, ал жіңішке дауыссызды <к>-í деп
таңбалау дұрыстыққа әкеледі. ал егер қабылданған әліпбиде
сол дауысты беруге сәйкес келетін әріп таңбасы (мұнда, мысалы
Qq – әрпі) болса, онда әліпби мүмкіндігін пайдалану дұрыс деп
танылады. Біздің ойымызша, <қ> фонемасы үшін басы артық
диакритикалық таңбадан гөрі, q әрпін қолдану тиімді. ал <к> фонемасына к таңбасы бар, <ң> фонемасын ŋ әрпімен, <ш> өзге
түркі әліпбилеріне сай ş әрпімен таңбалаймыз.
енді бір пікір “орыс жазуындағы я, юәріптері а, у фонемаларының жіңішке варианттарын таңбалайды. Сондықтан
қазақ жазуындағы бұл әріптер өз қызметінде тұрған жоқ, әрі са-
уат ашу ісінде, тасымал жасауда, буын жігін үйретуде қиындық
тудыратын таңбалар болып отыр. Кейбір сөздердің жазылуын
жаттап алуға тура келеді (қояйын, аяйын)” дегенге саяды. Бірақ
я, ю әріптері қазақтың төл сөздерінің дыбысталуына кері әсерін
тигізгені туралы мәлімет болған емес. Бастауыш сыныпта бұл
әріптерді <й> мен <а>-ның, <й>-мен <у>-дың қосындысы деп
оқытады (тек и мен у-дың дыбыс құрамын дұрыс бермейді).
Дегенмен я, ю, л әріптерінің қос дыбыс мәнін беруі сөздің буын
құрамын белгілеуге зиянын тигізіп келді десе де, жазу үнемділігі
үшін едәуір жеңілдік еткенін мойындау керек. ендігі жазуда, мы-
салы, аю, сою, қию сөздері ajuw, sojuw, qэjuw деп, 2-3 әріпті, не-
месе компьютер тетігін артық басатын боламыз. Әйтпесе, ру, су, аю, қию сөздері екі, үш әріппен жазылса да ұ-рұу, сұу, а-йұу, қы- йұу деп, 4:3, 4:5 дыбыспен айтылып, екі буыннан құралады деп
үйрету ауызша тіл мен жазба тілдің айырмашылығын көрсетер
еді.