Қазақ тіліндегі гиперфонемалар. аталған фонемалардың
ішінде жазарман үшін гиперфонемалар бар. Гиперфонема де-
геніміз әлсіз позициядағы фонеманың дүдәмал инварианты.
Қазақ тілінде <а-ә>, <б-п>, <н-ң>, <ы-0>, <і-0> гиперфонема-
лары бар.
<а-ә> гиперфонемасы басқы буыны жіңішке болып келетін
күмән, күнә, ләззат, іңкәр т.б. сөздерінде туады. Ғалымдар арасында дауыстылардың а-ә оппозициясынан гөрі
а-е оппозициясы жиі әңгіме болады, яғни <ә> фонемасының ста-
тусына күмән келтіретін көзқарастар бар. мысалы, Қ.Жұбанов
қазақ тіліндегі а дауыстысының жіңішке варианты е фонемасы
болады дейді (Жұбанов Қ. 1999: 209). в.в.радлов ә дыбысын
қазақ тіліне тән емес деген (Хусаинов К.Ш. в.в.радлов. 1984:
74). алайда қазіргі қазақ тілінде <ә> дыбысы 516 сөзде инициал
позицияда фонемалық мәнде жұмсалады. ал төмендегі дауыс-
сыздардан басталатын бірінші буында сөз мағынасын ажырата-
ды: б (87) сөзде г (1), д (74), ж (56), з (39), и (1), к (78), л (17), м (116), н (64), п (53), р (8), с (118), т (191), у (19), ф (1), ш (48).
Біздің ойымызша, жіңішке буыннан кейін келген <а> фоне-
масы позициялық түрленімге түсіп, [ә] вариантына айналады.
Сонда іі буындағы <а-ә> гиперфонемасы фонология теория-
сы бойынша <а> фонемасына сәйкес келеді. Яғни қазіргі қазақ
жазуындағы іі буындағы ә әрпі <а> фонемасының позициялық
түрленімі (өздік реңк) болып табылады.
Қазақ фонологиясында <й>, <у> үнді дауыссыздарының
гиперфонема құрап жүргені әріпті дыбыс деп қабылдайтын
қате түсініктен туады. Қазіргі әліпбидефонемасының екі
әрпі бар (й, и). мұндағы и әрпі қосар дыбысты таңбалайды.
е.Омаров иәрпінің құрамында <ы> фонемасы бар екенін бы-
лай түсіндірген. мысалға “біп-бійт деген сөзді бип-бит деп
айта алмаймыз ғой” (Омаров е. 2012: 3). Ғалымдарды <и>-дың
дауысты үндесіміне бейтарап болғаны таң қалдырған (исаева
86
87
Ж. 2003). фонемасының екі түрлі таңбаға ие болуы орыс
графикасының ықпалынан. Өйткені фонемасының орыс жа-
зуында да нақты әрпі жоқ, бір позицияда я, ю, е, бір позицияда