Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


-кесте – Әріп тіркесі, диакритикалық таңба және дәйекше



Pdf көрінісі
бет169/202
Дата17.05.2023
өлшемі1.82 Mb.
#473857
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   202
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

9-кесте – Әріп тіркесі, диакритикалық таңба және дәйекше 
арқылы жазылған сөздердің жазу үнемділігін салыстыру
айтылуы
к˘˚үмән
`k’үwә
тсифр әбд’үwәлій
жазылуы
күмән
Куә
цифр
әбдуәли
әріп тіркесі кjumjan
Kuewae tsifr
aebluewaeliy
диакритика kьmдn
Kьuд
љifr
дbduдlп
дәйекше
‘kuman
‘kua
cifr
‘abduali
Сонда ең үнемді жазу дәйекше арқылы жазу болып шығады. 
Сонымен, 1992-2013жж. аралығында газет-журнал беттерінде 
жарық көрген әліпби мәселесіне арналған мақалаларды шолу 
жасап, топтай келе, латын әліпбиін қабылдау бағытындағы 
көзқарастардың ішінде, акад. Ә. Қайдардың сөзімен айтсақ


298
299
қосымша сегіз әріптің қайсысын таңдау және орыс әріптерін 
аламыз ба, жоқ па (Қайдаров Ә. егеменді елге ұлттық жазу қажет 
//Ға Хабарлары 1992. №3. тіл. Әд. Сериясы) деген сауал өзекті, 
шешуі қиын мәселе тудырып отырғанын көреміз.
Қазақ тілі дыбыстық жүйесінде 28 фонема: 9 дауысты (а, ә, 
ы, і, о, ө, ұ, ү, е), 19 дауыссыз (т, д, н, п, б, м, с, ш, з, ж, л, ң, р, к, 
қ)  бар. Бұлардың 13-і (a, b, d, e, l, m, n, o, p, r, s, t, z) ағылшын-
латын әліпби құрамына сәйкес келеді.
Ф, в, х, ч, щ, ц, h дыбыстарына әріп арнала А? 
Жалпы, әліпби ауыстыру мәселесі бір жағынан, жазудың 
тілге тигізетін әсері болғандықтан, орыс тілі билігінен қашу 
мақсатында көтерілгені белгілі. ендеше қазақ тілі дыбыстық 
құрамына тән емес, бөгде тіл фонемаларын сол тілден ауысқан 
термин сөздерді жазу, яғни емленің цитаталық принципі үшін 
ғана әліпби құрамына алу дұрыс еместігі айқын. алайда біз тілдің 
даму диалектісін естен шығармауымыз керек сияқты. тілдің ды-
быс жүйесінде ф, һв дыбыстары болмағанмен, тапса – таńса, 
сепсе – сеńсе, абай – абай, ебедейсіз – ебедейсіз сияқты сөздерді 
айтқанда аһ ұрды, үһілеу тәрізді одағайларды дыбыстағанда 
пайда болатын п, б, к фонемаларының [п], [б], [һ] – вариаци-
ялары, Файзолла, Фазыл, Сайфолла тәрізді кісі есімдеріндегі 
<ф> фонемасының саналы да, санасыз түрде де айтылуы тілдің 
дыбыстық құрамында өзгеріс, даму жүріп жатқанынан хабар 
береді. тіл-тілдің дыбыс жүйесі өзгермейтін құбылыс емес. 
Кез келген тілдің дыбыс жүйесінде дыбыс реңктерінің диффе-
ренциациясы, көрші тілдің, кірме сөздердің әсерінен болған 
дыбыстық өзгерістер орын алады. мысалы, орыс тіліндегі [а], 
[э] дыбыстарынан сөз басталмайтын заңдылықты шет тілден ен-
ген анкета, аббат, абзац, атака, арба, ангел, эпоха, эра, этика, 
экзамен, эффект, этаж сияқты сөздер бұзып келеді. Сондай-
ақ, екі дауыстының қатар келуі де орыс тілі фонетикалық 
жүйесіне қайшы. Бірақ қазір орыс тіліндегі поэт, ореол, аут, 
театр, вуаль, какао, радио, пунктуация  сөздерінде екі дауыс-
ты қатар таңбалана береді. Және ге, ке, хе дыбыс тіркесімдері 
де кірме сөздерде жазылып, айтыла береді : кедр, герой, схе-
ма, агент, аскет. Сондай-ақ, орыс тіліндегі [ф] әрпі тек кірме 
сөздерді таңбалау үшін қолданылады : форум, факт, фонарь, 
софа, фильм, афера, форма, афоризм, эфир, профиль. <һ> фо-
немасы бұрын бог, благо сөздерінің айтылымында болса, қазір 
кірме сөздерде қолданылады. XVIIғ. Дейін орыс графикасында 
да, тілінде де ч, щ, ц, х, э, дыбыстары болмағанын, тек 1760ж. 
Кірме сөздерде айтылғаны үшін алынғанын ескерсек, кірме ды-
быс проблемасы “ұлы орыс тілінің” өзін де шарпымай өтпегенін 
көреміз. 
Қазіргі ақпараттар ағыны, жаңа технология тасқыны толаста-
майтын ғасырда тіл сөздердің жаңадан жасалуын күтіп отырмай-
ды, өмірге енген денотат, реалий сол түпнұсқа тілдің номинати-
втерімен атауды қажет етеді, тіпті талап етеді. Бүгінде ғылыми-
техникалық, әскери, қаржы, банк, спорт саласына қатысты лек-
сика халықаралық (ортақ) сипат алуға ұмтылып отыр. Ғылыми-
техникалық прогреске, өркениетке деген ұмтылыс тілде де бей-
несін таппай қоймайды. ендеше өзге тілдің терминдік атауын 
алуға тарихи прогрестің өзі итермелейді. Сондықтан бөтен тіл 
элементтерінен қашу көп жағдайда дұрыс бола бермейді.
аталған мәселеге байланысты пікірлер екіге бөлінеді : бірі
әліпбиге в, ф, ц, щ, ч дыбыстарына әріп арнамау бағытында. 
Олар латын жазуына көшудегі бірден-бір ұтатынымыз кезінде 
түпнұсқа принциппен жазу үшін орыс графикасынан алынған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет