«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №20 орта мектебі» ММ
№ 20 орта мектебіндегі қазақ тілі пән мұғалімдеріне арналған облыстық семинар
Қостанай - 2007
Тілдің арқасында біреуді – біреу танып, бір халық екінші көрші
халықты біліседі.
Ахмет Байтұрсынов.
Семинар тақырыбы:
«Қазақ тілі мен әдебиет пәндерін оқытуда ақпараттық технологияны тиімді қолдану жолдары»
Семинар жоспары
13.02.2007 ж
Уақыт
|
Сынып
|
Тақырыбы
|
Мұғалім
|
800
|
Қонақтарды қарсы алу
|
Шынболатова
Ханзада Бектыбайқызы
|
820-845
|
Байланыстырып сөйлеудегі жазба жұмыстың орны
|
Оспанова Б.Е.
|
850 -935
|
9а
12 каб
|
«Алпамыс батыр жыры»
Сол бір бейне
|
Шынболатова К.Б.
|
945-1030
|
7 В
29 каб
|
Қасым Аманжолов
«Ақын өлімі туралы аңыз»
|
Алғожина Т.Ш.
|
10 45-11 30
|
10 А
14 каб
|
«Аталарындай атақты босын!» Әкенің саясы, ананың аясында (қазақ тілі)
|
Бейсенбаева Г.Қ.
|
1135
|
Рефлексия
|
Баяндама: Байланыстырып сөйлеудегі жазба жұмыстың рөлі.
Оспанова Батена Есенғазықызы, орыс сыныптарындағы қазақ тілі пән мұғалімі
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің алғашқы ірге тасын қалаушы А.Байтұрсынов оқушыны байланыстырып сөйлеудегі тәжірибеге құнды пікірлер айтқан. «Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді. Осы күнгі адамдар жазудан айырылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айырылғаннан жеңіл болмас еді. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі онан да артық. Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге: қай сөз қандай орында қалай өзгертіп, қалайша біріне – бірі қиындасып жалғасатын дағдысын білу керек» деген еді.
Тілді оқыту әдістемесімен айналысқан Д. Тұрсынов осы пікірді қолдай отырып, «оқушыларды қалай сөйлей де, сауатты жаза да білуге , яғни ауызша тілін дамыту мен бірге жазбаша тілін де бірге ала жүру керек» деген құнды пікір айтқан. Бірақ екеуінің арасында үлкен айырмашылықтар бар. Яғни жазбаша сөз- ауыз сөзге қарағанда өзгеше психолоиялық негізі бар екенін дәлелдеген. Осы қағиданы қолдап, С.Рахметова «Жазбаша сөйлеу ауызшаға қарағанда қатаң. Өйткені жазуда барлық қателер мен кемшіліктер көрініп тұрады» дей келіп, «Ауызша сөйлескенде кейбір пікірлерді қысқартып, айтуға болады, ал жазып сөйлескенде мұндай мүмкіндіктердің бірі де жоқ» деген еді.
Оқушы қазақ тілінде дұрыс байланыстырып сөйлесін десек, ол дұрыс, қатесіз жаза да білуі қажет. Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі мұғалімдерінің өз тәжірибесіне сүйенген пікірлері бойынша құрғақ жаттата бергенше, сол сөздермен жазба жұмысын, жаттығулар жүргізгенде оқушының есте сақтау қабілеті жақсы дамиды. Байланыстырып жаза білген оқушының жүйелі сөйлеу дағдысы да дұрыс қалыптасады екен. Сондықтан мектептерде жазу сабақтарын дұрыс ұйымдастыру қажет. Ол үшін жазу сабақтарына арналған жаттығулар көбірек болып, ол жаттығулар кездейсоқ болмай, жүйелі, жоспарлы түрде жүргізілуі тиіс.
Р. Әміров «Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқауларында» қазақ тілі сабағында оқушыларға ауызекі сөйлеуді үйретуге көп көңіл бөлген. Оқушыларды сөйлемді өз бетімен құрауға үйрету үшін жаттығулардың мынандай түрлерін ұсынады.
1. Сөйлемдердің бір сөзі түсіріліп, оның орнына сұрақ қойып, сұраққа жауап беретін сөз қосып, сөйлемді толықтырып айту, жазу.
-
Орысша сөйлемді беріп, қазақшаға аудару.
-
Оқушыларға бір – біріне сұрақ қойғызып, жауап бергізу
-
Жазбаша, ауызша сұрақтар беріп, оған жауап қайтару.
-
Сурет бойынша сөйлем құрату.
Бұл жаттығулардың оқушылардың тілін дамытуда маңызы зор. Әсіресе тыңдаушы өз ойын жүйелі жеткізе алу үшін көптеген жаттығулардың түрлерін қолдануға болады. Сөздерді бір- бірімен байланыстырып, оларды сөйлемде қалыптасқан орнына орналыстырып, байланысты ойды жеткізуге болады. Бұл үшін тіл үйренуші сөздерді байланыстыратын, олардан сөйлем құрастыруға қызмет ететін тілдік құралдармен, олардың сөйлемде қолдану заңдылықтарымен таныстырылады. Оларды сөйлемде қолдануға жаттықтырады.
Оқу орыс тілінде жүретін сыныптарда қазақ тілін оқытудағы басты міндеттердің бірі – оқушылардың сөздік қорын, ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу машықтарын дамыту. Бұл жағдайда жаттығулардың маңызының зор екендігі күмән келтірмейді.
Заттың атын, қимылын білдіретін сөздер тіркесінің сөйлем жасайтын және сол сөздердің астындағы байланысты аңғарту мақсатында бірнеше жаттығулар жүргізуге болады. Мысалы: қимылды білдіретін сөздерді беріп, олардың алдында заттың атын білдіретін сөздерді байланысына қарай жаздырту.
Үлгі ... еріді, (қар еріді). ..... пісті (алма пісті)
Таблицаны толтыру
Сөйлемдегі заттың аты мен сынын (санын) білдіретін сөздердің сөйлемдегі орын тәртібі туралы түсінік беру мақсатында төмендегідей жаттығулар қолдануға болады. Мысалы заттың атын білдіретін сөздер беріп, олардың алдында сынын білдіретін сөздерді жаздырту.
Үлгі:
... қар (ақ қар). .... сынып (таза сынып) ..... алма (алма тәтті)
№
|
Кім?
|
Қанша?
|
Қандай?
|
Не?
|
Не істеді?
|
1
|
Асан
|
екі
|
қызыл
|
алма
|
алды
|
Осындай кестелерді қолдана білсек, байланыстырып сөйлем құрау оқушыға қиындық тудырмайды. Кестелерді жүйелі қолдану оқушыларды ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің бастамасы деп қарауға болады.
Шынболатова Канзада Бектыбайқызы, қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр» жыры .Сол бір бейне.
Мақсаты:
-
Оқушыларға қосымша білім бере отырып олардың ойын, көз қарасын ортаға салу дүниетанымдарын кеңейту.
-
Олардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерімен әдеби сөйлеу тілін дамыту.
-
Оқушыларды елін, жерін сүйіп, қасиет тұтуға тәрбиелеу, өздеріне кейіпкерлерден үлгі - өнеге алу.
Түрі: қорытынды сабақ
Әдісі: топппен жұмыс, класстер стратегиясы, автор орындығы стратегиясы , кестемен жұмыс, өзара сұрақ қою әдісі, өз ойымен бөлісу.
Қолданылатын көрнекіліктер: Спикер қағазы, жауап парақшалары, сигнал қағаздары, калька, маркер, кесте.
Сабақтың кезендері
|
Сабақ барысы
|
І фаза. Қызығушылықты дамыту сатысы
|
1. Ұйымдастыру кезені:
а) амандасу; ә) кезекшілік
Сабақтың мақсатымен таныстыру:
-
Бүгінгі сабақтың мақсаты «Алпамыс батыр» жыры бойынша әр кейіпкерлерге мінездеме бере отырып, бір бейне құру. Сол бейне арқылы жақсы мен жаманды көру. Топпен жұмыс жасау. Әр топтың спикерлерін дайындау. Әр жауаптарды бағалап отыру.
2. Үй тапсырмасыман жұмыс. Үй тапсырмасына берілген жұмыс түрі:
Қыздар – Алпамыстай ер болса....
Ұлдар – Гүлбаршындай жар болса... тты эссе жазып келу.
а) Өз шығармаларын топқа оқу. Ең үздік деген шығарманы анықтау.
ә) Автор орындығына шығармаларын оқу.
|
ІІ фаза. Мағынаны тани білу.
ІІІ фаза. Ой толғаныс сатысы.
|
Қазір әр топқа «Алпамыс батыр» жыры бойынша бір бейне беріледі. Сол бейнеге кластер құрып, оған жан- жақты мінездеме беру. Бейненің суретін салсаңдар да болады.
1 топ. Туады ерлер ел үшін.
2 топ. Әкім болып, жұртты жеп.
3 топ. Жақсы жар – жан серігі.
4 топ. Жақсы ат – ер қанаты.
5 топр. Махаббат оты барады жүректі алып
Кластер құруға 3 минут беріледі, қорғауға 2 минут беріледі.
2. Кесте толтыру.
Әр топқа бейнелерді ашуға кесте беріледі.
Кестені толтыр
Негізгі оқиға
|
Кейқуаттың іс - әрекеті
|
Өз ойың
|
Бір күні серке ойнады, Асыр салып секіріп, Алпамыс жатқан орынға түсіп кетті біреуі
|
|
|
Кестені толтыр
Негізгі оқиға
|
Жәдігердің іс - әрекеті
|
Өз ойың
|
Ұлтан айтты: «Сендерге адам көрмеген қызық көрсетейін, анау жүрген жеті жасар Жәдігерді көкпар қылып шабыңыздар!» - деді.
|
|
|
Кестені толтыр
Негізгі оқиға
|
Қарлығаштың іс - әрекеті
|
Өз ойың
|
«Тар қолтықтан оқ тисе, қайырылып келер қарындас»
|
|
|
Кестені толтыр
Негізгі оқиға
|
Мыстан кемпірдің
іс - әрекеті
|
Өз ойың
|
«Жоқ, оларың болмайды, онан да ойласып, ақыл табыңдар!» - дейді Тайшық хан
|
|
|
Кестені толтыр
Негізгі оқиға
|
Байбөрінің
іс - әрекеті
|
Өз ойың
|
«Мал ашуы мен жан ашуы бір»
|
|
|
Топпен жұмыс.
Қазір топ арқылы бір – біріне «Алпамыс батыр» жыры бойынша пысықтау сұрақтарын қою. Оқушылар ойын тыңдау. Пысықтау сұрақтарын қойғанда топ дайын болса сигнал қағазы арқылы сөз сұрау.
Үйге тапсырма:
«Алпамыс батыр» жыры халық ауыз әдебиеті емес пе, сендер де жырға өз өзгертулерінді еңгізуге болады. Яғни жырға өз өзгертулерінді енгізу.
Бағалау: Спиктер қағазы арқылы оқушылар білімін бағалау.
|
Алғожина Толқын Шағырқызы, қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов
«Ақын өлімі туралы аңыз»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қасым Аманжоловтың өлеңін барынша терең меңгерту, үзінді жатқа айтқызу, өлең талдауға
үйрету. Поэманы меңгерте отырып Отанға , туған елге , жерге деген сүйіспеншілігін , бір – біріне деген қарым-қатынасын , достықтарын нығайту. Оқушылардың ойлау шеберлігін , сөйлеу мәдениетін үзінді оқи отырып жетілдіру.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану (түртіп оқу , аялдап оқу, Білемін Білдім Білгім келеді,
семантикалық карта , РАФТ стратегиясы) мультимедиа қолдану, шығармашылық жұмыс , әдеби теориялық ұғымдарға талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Портрет, нақыл сөздер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
Сәлемдесу, түгендеу
Сабаққа дайындық
2. Үй тапсырмасын сұрау
Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы.
«Өзім туралы» өлеңі
-
Қасым Аманжоловтың өмірі
-
Қ. Аманжоловтың шығармашылығы
-
Аударма саласы
-
Қ. Аманжолов туралы Т. Әлімқұловтың пікірі
-
Өзім туралы өлеңнің идеясын ашу, өлеңді шумақ, тармақ, ұйқас түрлеріне талдау. Ақынның поэтикалық тіліне талдау жасау теңеу, эпитет , метафора табу.
-
Шығармашылық жұмыс: « Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ» шағын эссе лерін тексеру.
7. Кестені толтыру.
Негізгі мәселелер
|
Шумақтар
|
Тармақтар
|
Өзі жайлы
|
|
|
Өмір мен өлім туралы
|
|
|
Ақындық, оның мақсаты
|
|
|
Болашаққа өсиет
|
|
|
Туған ел, туған жер туралы
|
|
|
Жаңа сабақ. « Ақын өлімі туалы аңыз»
Тақырыпты ашып өту. Бұлай аталу себебін түсіндіру.
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
Соғыста қаза тапқан
Ақын
|
Қасым Аманжоловтың досы, аудармашы, еңбектерін
|
Отбасы жайында
Шығармаларын толығырақ
|
Дәптермен жұмыс жүргізу
Абдолла Жұмағалиевтың өмірбаянын қысқаша айтып өту.
А. Жұмағалиев 1915 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жосалы аулында дүниеге келді. Ақын , аудармашы.
Жылдар
|
Негізгі оқиғалар
|
1936
1938
1938- 1939
1939- 1941
1941
|
Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Қаз ҰПУ- ды бітірді
Қызылорда сауда техникумында оқытушы
Қазақ мемл. көркем әдебиет баспасында редактор болған
2- дүниежүзілік соғыста қаза тапты
|
Кітаппен жұмыс.
Поэманы « Аялдап оқу әдісімен оқу» , « Түртіп оқу әдісін» пайдалана отырып әдеби теориялық ұғымдарды табу .
Теңеу: жаздай, селдей, жардай т.б
Эпитет: алтын ошақ, алтын өмір, алтын таудай т.б
Абдолла Жұмағалиевқа мінездеме беру
РАФТ – стратегиясы бойынша оқушылар А. Жұмағалиевке немесе
Қ. Аманжоловқа әр формада өз сезімдерін білдіру ( хат жазу, алғыс хат жазу, өлең түрінде жеткізу, ұстаз , ата- ана ретінде алғыс білдіру)
Жазушы « Ғабит Мүсірепов – бұл майданнан естілген жаңа леп, қазақ поэзиясында бұрын – соңды айтылмаған жаңа ақындық сөз» деп бағалады. Бұл поэманы соғыс кезінде де , соғыстан кейін де әдебиет жұртшылығы орыс , қазақ ақын, жазушылары аса жоғары бағалаған . Поэма « Социалистік Қазақстан» газетінің 1944 жылғы 22 маусымда 102 санында жарияланған.
Тихонов , Соболев және басқа орыс жазушылары да айрықша бағалады.
Қорытынды:
Бүгінгі сабағымызды Тахауи Ахтановтың мына бір сөзімен қорытындылап өтсек « Ақынның адал , шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр» деп айтқандай Қасым өлеңдерімен бірге біздің арамызда.
Үйге тапсырма: Қасым Аманжолов « Ақын өлімі туралы аңыз» оқу талдау, үзінді жаттау.
Бағалау.
Ұсыныстар:
-
Ақапараттық технологиялар оқытудың мақсатына жетудің тиімді,нақты жолдарын көрсету
-
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында деңгейлік әдіспен тапсырма беру.