б әрпін п әрпімен жазуға наразы болған (Досмұхамедұлы Х.
1998: 163). Студенттердің фонетикалық транскрипция жасаған
мәтіндерінде сөз аяғында [б] дыбысы естілетіні көрсетіледі.
Келесі гиперфонема қатарына <н-ң> жатады. Дыбыстардың
дүдәмалдығы әсіресе түбір ішінде кездеседі. Оған 1929ж. емле
принциптерінің “Сөздер жеке күйінде естілгенше жазылады.
Көне жұрнақ ықпалы мен түбірдегі дыбыстың өзгергені сол
күйінде жазылады (күңгей, жоңқа)” (Стенографиялық есеп,
1930) дегені де себеп болды. Қазіргі қазақ емлесінде ң әрпімен
шеңгел, қысылтаяң, моңғол, бастаңғы, дүңген, жөпшөңкі,
жәрмеңке, әмеңгер, аңқау, аңқаю, аңқию, аңсау, аңсар, қаңғу,
қаңқ, қыңсылау, қаңтар, қаңырау, тең, теңбіл, теңге, теңдеу,
теңкию, маңдай, қаңғалақтау, қаңбақ, лаңса, лаң, өң, өңгеру,
өңез, өңшең, міңгір, маңдай, маңыз, маңай, маңғаз, маңқа, маң,
мұңаю, мұң, саңғу, саңдақ, саңқ, саңылау, саңырау, оң, оңай,
оңаша, оңаза, оңалу, оңбаған, оңғақ, оңғару, оңдалу, оңдау,
оңдыру, оңқа, оңқай, оңтай, оңу, шәңгірлеу, шәңгіш, шеңбер,
шеңгел, іңгә, іңкәр, іңір т.б. сөздері жазылады. мұнда <қ>, <ғ>,
<г>, <к> фонемаларымен іргелес айтылған ң/н дыбысының
дүдәмалдығы басым. мұнда позиция түрленімі таңбаланып кет-
кен деген күмән бар. Ң әрпін қазір оңай, теңеу, лаң, шеңбер,
жаңбыр сияқты позициядан табамыз.
Сондай-ақ қазақ тілінде ы, і қысаң езуліктердің нөлмен оп-
позиция құрайтын тұсы бар. Кез келген тілде белгілі бір дауыс-
ты тірек сипат алады, оның дыбыстық реңкі де күшті болады,
әрі түсірілу мүмкіндігі де басым болады. мысалы, орыс тілін-
де о, а, е ашық фонемалары редукцияға жиі ұшыраса, қазақ
тілінде ы, і, ұ, ү дыбыстары жиі ұшырайды. Орыс тілінде а, о
фонемаларының құлаққа шалынымды 7 реңкі, е фонемасының 6
реңкі болса, қазақ тілінде ы, і фонемаларының 4 реңкі бар.
Фонема ұғымының пайда болуы жазу теориясының
қалыптасуына әсер етті. Біз қазіргі қазақ графикасы мен
орфографиясының теориялық негіздерін ашу үшін, алдымен жа-
зуды дербес құрылымдық жүйе деп танимыз. Ол құрылымның
негізгі деңгейі – графикалық деңгейді түсіндіру үшін графика,
орфография, әліпби категорияларын анықтауда ауызша тілді
жазба тілге көшіретін фонологиялық сүзекі (тетік) – фонема-
ны – жазба тілдің шығу нүктесі ретінде пайдаландық. Графема
– жазба тілдің ең кіші абстракті бірлігі – ауызша тілдің ең кіші
абстракті бірлігі – фонемаға сәйкестендіріліп кодталуына бай-
ланысты ауызша тіл жазба тілге, жазба тілауызша тілге айнала
алады.
88
89
Достарыңызбен бөлісу: |