Кедендік тексерудің заңдық негізі



Дата06.11.2023
өлшемі41.5 Kb.
#482500
1-Кедендік тексерудің заңдық негізі




Кедендік тексерудің заңдық негізі

Кеден ережелерінін бұзылуы туралы істерді Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары жүрізеді, оларды қараулы Қазақстан Республикасының кеден органдарынық -уәкілді лауазымды адамдары мен К,азақстан "Республикасының сот органдары осы жарлыққа сәйкес жүргізеді, ал онымен реттелмеген бөлігінде — Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес жүргізіледі.


Кеден ережелерін бұзу туралы іс кеден ережелерін бұзғаны немесе кеден ережерелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған жеке тұлғаның немесе лаузымды адамның әкімшілік жолмен ұсталғаны туралы хаттама жасалған сәттен бастап ашылған, ал ол бойынша іс жүргізу басталған деп есептеледі. Қазақстан Республикасы кеден органдарының уәкілді лауазымды амдары Жарлықта көзделген кеден ережелері туралы істерді қарайды.
Кеден ережелерінің бұзылуы туралы істі Қазақстан Республикасы кеден органының уәкілді лауазымды адамы, Қазақстан Республикасы орталық кеден органының актілеріне сәйкес жүргізеді.
Кеден ережелері туралы істі жүргізу оның ашылған сәтінен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей аяқталуға тиіс.
Егер қажет болған жағдайда, осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімді Қазақстан Республикасы кеденінің бастығы немесе оның орнындағы адам сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғары тұрған кеден органдарының бастықтары немесе олардың орнындағы адамдар кеден ережелерін бұзғаны үшін осы жарлықтың 258- бабында көзделген жаза қолдану мерзімдері шегінде ұзартуы мүмкін. Кеден ережелерін бұзғаны үшін іс жүргізу мерзімін ұзарту тәртібін Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындайды.
Кеден ережелерін бұзылғаны туралы істі ашудың себептері мен негіздемесі Кеден ережелерінің бұзылғаны туралы істі ашудың себептері мыналар:
Қазақстан Республикасының кеден органы лауазымды адамдарының кеден ережелерін бұзу белгілерін тікелей анықтауы;
Қазақыстандық және шетелдік тұлғалардың хабарлары мен сәлемдемелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар;
Басқа да құқық қорғау, бақылау және өзге де мемлекеттік органдардың түскен материялдар;
Шетелдік кеден және басқа да құқық қорғау қызыметтерінен, халықаралық ұйымдардан түскен ақпарат;
Қазақстан Республикасының басқа да кеден органдарынан түскен хабарлар.
Істі ашу үшін кеден ережелерін бұзу белгілерін көрсететін жеткілікті деректер негіздеме болып табылады.
Кеден ережелерін дайындалып жатқан, жасалынатын немесе жасалған бұзылуы туралы хабарды, мәлімдемені немесе өзге де ақпаратты тексеретін Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы кеден ережелерін бұзылуы туралы істі ашпастан бұрын тауарлар мен көлік құралдарына кеден бақылауын жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізетін адамдардан, кеден делдалдары мен өзге де адамдардан құжаттарды тексеру үшін қажетті мағлұматтар мен түсініктемелер алуға құқылы.
Кеден ережелерінің бұзылуы туралы іс осы құқық бұзушылық өз қызметі аймағында анықталған Қазақстан Республикасының кеден органына жүргізіледі.
Қажеттілік туғызған жағдайларда, кеден ережелерінің бұзылуы туралы істі жүргізу өз қызметі аймағында осы құқық бұзушылық жасалған Қазақстан Республикасының кеден органында жүргізілуі мүмкін.
Кеден ережелерінің бұзылуы туралы істі бір кеден органынан екінші бір органға тапсыру мәселелерін олардан жоғары тұрған Қазақстан Республикасының кеден органы шешеді.
Қазақстан Республикасының жоғары тұрған кеден органы кеден ережелерінің бұзылуы туралы кез-келген істі өзінің жүргізуіне қабылдай да немесе оны осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының кез келген кеден органына тапсыра да алады.
Осы Жарлықтың 369-бабында көзделген басқа жағдайларда, кеден ережелерінің бұзылуы анықталған және кеден ережелерінің бұзылуы туралы істі жүргізген кезде Қазақстан Республикасы кеден органының тиісті лауазымды адамы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгілейтін нысан бойынша хаттама жасайды.
Хаттама кеден ережелерінің бұзылуы туралы істі қарауға уәкілдігі бар органға (лауазымды адамға) дереу жіберіледі.
Хаттама көшірмесі кеден ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатын адамға қолхат алу арқылы тапсырылады немесе жіберіледі.
Кеден ережелерінің бүзылуы туралы істі жүргізуге мыналар қатысады:
- жауапкершілікке тартылатын адам;
- заңды өкіл;
- адвокат немесе жауапкершілікке тартылатын адамның заң көмегін жүзеге асырушы өкілі;
- сарапшы;
- маман;
- аудармашы; -куә;
- бөгде куәгерлер.
Кеден ережелерінің бұзылуы туралы істі жүргізуге және оны қарауға қатысу осы бапта көрсетілген адамдардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары негізінде және соларға сәйкес жүргізіледі.
Кеден ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған адамның құқықтары.
Кеден ережелерін бұзғаны үшін жауапкерішлікке таратылған адам:
- қандай кеден ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатындығын білуге;
- іс жүргізу аяқталғаннан кейін және оны қарау кезінде іс материалдарымен танысуға, олардан көшірмелер жасауға;
- түсініктеме беруге;
- айғақтар ұсынуға;
- қарсылық білдіруге;
- өтініш мәлімдеуге;
- істі қараған кезде және істі жүргізген кезде адвокат қызметін немесе
өзге адамның, заңдық көмегін пайдалануға;
|- ана тілінде сөйлеуге, егер іс жүргізілетін тілді білмесе аудармашы қызіметін пайдалануға;
- іс жөніндегі қаулыға шағым жасауға;
- осы Жарлықпен және Қазақстан Республикасы заңдарымен өзіне берілген басқа құқықтарды пайдалануға құқылы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет