Тәуекелдер және оларды азайту жөніндегі іс-шаралар
№
|
Тәуекел атауы
|
Тәуекел сипаттамасы
|
Нәтижесіне тәуекел әсер ететін стратегиялық мақсат
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
1
|
Активтердің ескіруі
|
Тозудан, бұзылудан, пайдаланудан және басқа да табиғи жайттардан туындаған меншік құнының жоғалуы, олар активтердің пайдалынылуы мен пайдасын қысқартады, моральдық ескіру.
|
Мемлекеттің қажеттілігіне сәйкес Қазақстан ҰЭТ-ның сенімді жұмысын қамтамасыз ету
|
«ҰЭТ-ты қайта жаңарту, II кезең» жобасын іске асыру;
«ҰЭТ-ты қалпына келтіру» жобасын іске асыру
|
2
|
Активтердің бас тарту тәуекелдері
|
Активтердің бүлінуі салдарынан бас тарту
|
Мемлекеттің қажеттілігіне сәйкес Қазақстан ҰЭТ-ның сенімді жұмысын қамтамасыз ету
|
«KEGOC»АҚ-ға өндірістік активтерді басқару жүйесін ендіру;
Бекітілген кестеге сәйкес электр қондырғыларына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізу
|
3
|
Электр энергиясының жеткіліксіз босатылуын қосқанда энергиямен жабдықтауды доғару немесе шектеу
|
Энергиямен жабдықтау жүйесінің авариясы, торап учаскесінің істен шығуы, станцияның (транформаторлық немесе бөлуші) ысырабы
|
Мемлекеттің қажеттілігіне сәйкес Қазақстан ҰЭТ-ның сенімді жұмысын қамтамасыз ету
|
Қазақстан БЭЖ-нің жұмыс істеу сенімділігі мен сапасын мынадай көрсеткіштерге қол жеткізу жолымен қамтамасыз ету:
- тораптағы тұтынушыларды электрмен жабдықтау үзілістерінің орташа жиілігі - SAIFI;
- торап бойынша тұтынушыларды электрмен жабдықтау үзілісінің орташа ұзақтығы – SAIDI;
- авариялық жөндеудегі тораптың бір элементінің орташа іркіліс ұзақтығы.
Орталықтандырылған РҚА авариялық қорын (РҚА және құрылғылары үшін босалқы бөлшектер) уақтылы толтыру.
|
4
|
Табиғи құбылыстар мен апаттар
|
Зілзала құбылыстарының (дауылдар, өрттер, найзағайлар және т.с.с.) әсерінен технологиялық бұзылушылықтар
|
|
«KEGOC» АҚ-ның мүлкін сақтандыру;
ӘЖ күрежолдарының өртке қауіпті телім-дерін мониторингі-леу;
Электржелілік объектілерде су тасқыны және найзағай маусымы мезгілінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін бригадалар жұмысын ұйымдастыру;
Басқару органдарын, «KEGOC» АҚ-ның Азаматтық қорғаныс жөніндегі басшы құрамын, құрамалары мен еңбеккерлерін даярлау жөніндегі іс-шаралардың орындалуы
|
5
|
Э/э жеткізу кезіндегі нормативтен асқан ысыраптар тәуекелі
|
Электр энергиясын жеткізу кезіндегі нормативтен асқан ысыраптар
|
Компания қызметінің тиімділігін арттыру
|
Электр тораптарында реактивтік қуатты қалпына келтіруі құрылғыларын орнату; Ысыраптардың төмендеген деңгейлі күштемелі трансформаторларын орнату; электр тораптарын жүктеуді оңтайландыру; энергетикалық тиімділікті арттыру жөніндегі ҒЗТКЖ жүргізу.
|
6
|
Тарифтерді мемлекеттік реттеу тәуекелі
|
1. Тарифтерді көтеруден бас тарту.
2. Мемлекеттік органдардың шешіміне сәйкес тарифтерді төмендету
|
Компанияның акционерлік құнының өсуін қамтамасыз ету
|
Тариф саясаты мен заңнаманы жетілдіру жөнінде реттеуші органдармен ары қарай өзара ықпалдасу
|
7
|
Бедел мен рейтингтің төмендеуі
|
Компанияның кредиттік рейтингтері мен корпоративтік басқару рейтингісінің төмендеуі
|
Компанияның акционерлік құнының өсуін қамтамасыз ету
Корпоративтік басқару іс-тәжірибесін дамыту және орнықты дамуды қамтамасыз ету
|
Кредиттік рейтингілерді ұдайы мониторингілеу, Компанияның кредиттік қабілетін бағалау үшін ақпаратты уақтылы ұсыну.
«KEGOC» АҚ-да корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша жоспарлар әзірлеу
|
8
|
Білікті персоналдың тұрақсыздығы
|
Білікті персоналдың кетуі
|
Корпоративтік басқару іс-тәжірибесін дамыту және орнықты дамуды қамтамасыз ету
|
Еңбекақы жүйесі мен персоналды материалдық ынталандыруды жетілдіру;
Әлеуметтік пакет шарттарын кеңейту және жақсарту
|
9
|
Еңбек қауіпсіздігінің тәуекелі
|
Өндірістегі жазатайым оқиғалар, кәсіби аурулар, еңбек қауіпсіздігі стандарттарына сәйкессіздік
|
Корпоративтік басқару іс-тәжірибесін дамыту және орнықты дамуды қамтамасыз ету
|
Өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу, ауысым алды медициналық куәландырулар кезеңдік медициналық тексерістер жүргізу
|
10
|
Орталық Азия БЭЖ энергожүйелерінің жоспардан тыс э/э ағындары мен қуатты реттеу жөніндегі қызмет көрсетулері үшін төлем жасамау тәуекелі
|
Орталық Азия БЭЖ энергожүйелері жағынан жоспардан тыс э/э ағындары мен қуатты реттеу жөніндегі қызмет көрсетулері үшін болуы мүмкін төлем жасалмауы
|
Іргелес елдердің электр энергетикалық компанияларымен өзара орнықты серіктестік қарым-қатынастарға қол жеткізу
|
Орталық Азия БЭЖ энергожүйелерімен шарттар бойынша төлеу мониторингі;
Жасасқан шарттар шеңберінде кінәраттық-қуынымдық жұмыс жүргізу
|
11
|
Келісім-шартсыз ағындар тәуекелі
|
Орталық Азия БЭЖ энергожүйелері жағынан қуатты бақыланбай бөліп алынуының ұлғаюы, бұл Ресей БЭЖ алдындағы келісім-шарттық міндеттемелердің орындалмауына әкеп соғады, әрі қарай сальдо ағындардың сағат сайынғы ауытқулар көлемдерін қарымталау мақсатында Ресей Федерациясынан электр энергиясы үшін төлеу ұлғаяды, Қазақстан БЭЖ мен Қазақстан-Орал транзитін мүмкінді бөлумен, Қазақстан БЭЖ-н Ресей БЭЖ-нен мүмкінді бөлектеумен жиі-жиі қауіпті авариялық артық жүк транзиті
|
Іргелес елдердің электр энергетикалық компанияларымен өзара орнықты серіктестік қарым-қатынастарға қол жеткізу
|
Орталық Азия елдерінде әлеуметтік-экономикалық жағдаяттың күрт нашарлауы жағдайында ОА БЭЖ-мен бөлек жұмысқа көшу жөніндегі іс-шаралар әзірлеу
|
«KEGOC» АҚ-ның 2025 жылға дейінгі
Ұзақ мерзімді даму стратегиясына
3-қосымша
«KEGOC» АҚ Ұзақ мерзімді даму стратегиясының негізгі индикаторлары мен нысаналы көрсеткіштері
Көрсеткіш
|
2012 (нақты)
|
2015
|
2020
|
2025
|
1-мақсат Мемлекет қажеттіліктеріне сәйкес Қазақстан БЭЖ-нің сенімді жұмысын қамтамасыз ету
|
SAIDI, жылына мин.
|
2,89
|
47,9
|
37,1
|
28,7
|
SAIFI
|
0,06
|
0,15
|
0,113
|
0,087
|
Компания кінәсынан технологиялық бұзылыстар саны
|
19
|
56
|
50
|
45
|
2-мақсат Қазақстан Республикасы экономикасының қажеттіліктеріне сәйкес Компания бизнесінің өсуі мүддесінде ҰЭТ-ты дамыту
|
Жаңа қажетті электр жеткізу желілерін салу мен енгізу (өрістемелі нәтижемен), км
|
326,547
|
790
|
4697
|
6377
|
3-мақсат Компанияның қызмет тиімділігін арттыру
|
Электр энергиясының технологиялық шығысы, торапқа босату көлемінен %
|
5,72
|
6,00
|
5,93
|
5,65
|
Жаңа өнімдер мен технологияларды әзірлеу мен ендіруге инвестициялар үлесі (Компания шығыстарына %)
|
0,14
|
0,84
|
0,9
|
1,0
|
Еңбек өнімділігі, млн.кВт*с./адам*
|
9,6
|
9,9
|
10,13
|
11,15
|
Еңбек өнімділігі, млн.кВт*с./адам*
|
14,5
|
21,9
|
33,7
|
42,8
|
4-мақсат Компанияның акционерлік құнының өсуін қамтамасыз ету
|
Таза табыс **
|
6 941
|
17 601
|
32 643
|
40 155
|
EBITDA margin, % **
|
27,12
|
33,3
|
39,18
|
32,59
|
Қызмет пайдалылығы, % **
|
11,0
|
19,8
|
27,6
|
25,6
|
ROACE, % **
|
4,24
|
8,52
|
9,09
|
7,24
|
6-мақсат Корпоративтік басқару іс-тәжірибесін дамыту және орнықты дамуды қамтамасыз ету
|
Корпоративтік басқару деңгейі, %
|
65,7
|
75
|
80
|
85
|
Өндірісте мың адамға шаққандағы жазатайым оқиғалар саны
|
0,49
|
0
|
0
|
0
|
Персоналды жұмысқа тарту дәрежесі, %
|
56,4
|
68,0
|
68,0
|
68,0
|
Кадрлар тұрақсыздығы, %
|
6,2
|
10
|
10
|
10
|
Тұрақты көздерден ластаушы заттектердің жалпы шығарылымын қысқарту (жоспарлы шығарылымдарға қатынас бойынша), %
|
11
|
3
|
3
|
3
|
Тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алудағы жергілікті мазмұн үлесі, %
|
62
|
59
|
62
|
64
|
7-мақсат Шектес мемлекеттердің құзыретті органдарымен және компанияларымен өзара орнықты серіктестік қарым-қатынастарға қол жеткізу
|
Орталық Азия елдерімен жоспардан тыс электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі операциялардың шығынсыз болуы, %
|
100
|
100
|
100
|
100
|
* Көрсеткішті есептеу кезінде 2015ж. жоспарланған персонал саны ескерілді.
**Көрсеткіштер мынадай факторлардың әсерін ескермей есептелінді:
- нақты жұмыс режиміндегі теңгермелі электр энергиясы нарығын енгізу;
- Компания активтерін қайта бағалау;
- қуат нарығын енгізу;
- жаңғыртылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалануды қолдау жөніндегі есептеу-қаржылық орталығының міндеттерін атқару.
«KEGOC» АҚ-ның 2025 жылға дейінгі Ұзақ мерзімді даму стратегиясына
4-қосымша
«KEGOC» АҚ 2025 жылға дейінгі Ұзақ мерзімді даму стратегиясының
негізгі индикаторларын есептеу әдістемесі
ТҚК атауы
|
Өлш. бірл.
|
Индикаторды анықтау әдістемесі
|
Индикатор мәндеріне әсер ететін факторлар
|
SAIDI
|
жылына мин.
|
n
SAIDI = Nci * Ti / Nct, где Nci –электрмен жабдықтаудағы і үзілісімен қозғалған тұтынушылар саны; Ti – электрмен жабдықтаудағы і үзіліс ұзақтығы, минут; Nct – есептік мезгіл ішінде қызметтелген тұтынушылар жалғанымдарының саны. Есептеу кезінде зілзала құбылыстарының, бөтен тұлғалар мен ұйымдардың әсер ету себептері бойынша технологиялық бұзылушылықтар ескерілмейді.
|
Компания 2025 жылға қарай 220-500 кВ ӘЖ желілерін, қосалқы станцияны салу және енгізу, сондай-ақ «Қазақстанның Ұлттық электр торабын қайта жаңарту, ІІ кезең» жобасын іске асыру есебінен SAIDI мәнін төмендету міндетін қояды.
|
SAIFI
|
коэффициент
|
n
SAIFI = Nci / Nct, тораптарағы тұтынушыларды электрмен жабдықтаудағы і үзілістердің орташа жиілігі, мұндағы Nci – электрмен жабдықтаудағы і үзілісімен қозғалған тұтынушылар саны; Nct – Есептік мезгіл ішінде қызметтелген тұтынушылар саны. Есептеу кезінде зілзала құбылыстарының, бөтен тұлғалар мен ұйымдардың, конструкцияның, дайындаманың әсер ету себептері бойынша технологиялық бұзылушылықтар ескерілмейді.
|
«KEGOC» АҚ кінәсынан болған технологиялық бұзылыстар саны
|
дана
|
Компанияның кінәсынан технологиялық бұзылыстар. Есептеу кезінде зілзала құбылыстарының, бөтен тұлғалар мен ұйымдардың, конструкцияның, дайындаманың әсер ету себептері бойынша технологиялық бұзылыстар ескерілмейді.
|
Компанияның кінәсынан болған технологиялық бұзылыстар санын азайту үшін жабдықтарды қайта жаңарту, жөндеу жұмыстарын сапалы орындау, нұсқаунамаларды, аварияға қарсы және өртке қарсы жаттығуларды, техникалық оқуды, көрсетімді рұқсатнамалар мен білікті еңбеккерлердің мамандандырылған курстарда білімдерін арттыруды жүргізу секілді іс-шараларды атқару жоспарлануда
|
Жаңа 220-500 ӘЖ-ы салу және енгізу (өрістемелі нәтижемен)
|
км
|
Пайдалануға енгізілетін электр жеткізу желілерінің саны (км).
|
Инвестициялық жобаларды іске асыру
|
Электр энергиясының технологиялық шығысы, торапқа босату көлемінен %
|
%
|
А / B*100,
мұндағы A – электр энергиясының ысыраптары, мың кВт∙с,
B –торапқа босату көлемі, мың кВт∙с.
|
Осы көрсеткішті жыл сайын төмендетуге Компания электр энергиясының ысыраптарын оны ұлттық электр торабы бойынша жеткізу кезінде қысқарту жөніндегі іс-шараларды атқару есебінен қол жеткізу жоспарлануда
|
Еңбек өнімділігі
|
млн.кВт*с /адам
|
Есептік жыл ішіндегі электр энергиясын жеткізу көлемі/персоналдың орташа есеппен есептік жыл ішіндегі нақты саны
|
Осы көрсеткіштердің өсуі Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіру-тұтыну өсімінің арқасында көрсетілген қызметтер көлемін ұлғайту, сондай-ақ Компанияның көрсететін қызметтеріне экономикалық негіздемелі тарифтерін алу есебінен жорамалданады. Көрсеткіштің болжамдық мәндерін есептеу кезінде электр энергиясын өндіру-тұтыну өсімінің қарқындары Қазақстан электр энергиясының болжамдық теңгеріміне сәйкес ескерілді («Қазақстан Республикасының электр энергетика саласын 2030ж. дейін дамытудың шеберлік жоспары», «ҚазЖЭСҒЗЖІИ» АҚ, «Энергия», 2011 ж.)
|
Еңбек өнімділігі
|
млн.теңге/адам
|
Негізгі қызметтен кірістер/персоналдың орташа есеппен есептік жыл ішіндегі нақты саны
|
Таза табыс
|
млн. теңге
|
А-В-С, мұндағы А = кірістер, B = шығыстар, С = корпоративтік табыс салығы
|
Осы көрсеткіштердің 2025 жылға дейінгі оң серпіні Компанияның көрсететін қызметтеріне экономикалық негіздемелі тарифтерін алу; Компания шығындарын оңтайландыру; Компанияның көрсететін қызметтер көлемін ұлғайту есебінен жорамалданады. Көрсеткіштің болжамдық мәндерін есептеу кезінде электр энергиясын өндіру-тұтыну өсімінің қарқындары Қазақстан электр энергиясының болжамдық теңгеріміне сәйкес («Қазақстан Республикасының электр энергетика саласын 2030ж. дейін дамытудың шеберлік жоспары», «ҚазЖЭСҒЗЖІИ» АҚ, «Энергия», 2011 ж.), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әзірлейтін және ұсынатын болжамдық әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне сәйкес 6-8% инфляция деңгейі ескерілді.
|
EBITDA
Margin
|
%
|
D - E - F - G)/D*100, мұндағы D= Негізгі қызметтен кірістер, E= Амортизацияны есепке алмағандағы сатып-өткізілген қызметтердің өзіндік құны, F= Амортизацияны есепке алмағандағы жалпы және әкімшілік шығыстар, G= Сатып-өткізу бойынша шығыстар
|
Қызмет пайдалылығы
|
%
|
Жыл ішіндегі пайданың КПН есепке алынбағандағы жалпы шығыстарға қатынасы
|
ROACE
|
%
|
(NOPAT/ACE*100%), мұндағы NOPAT = таза табыс + сыйақы түріндегі шығыстар*(1-Т), мұндағы Т = корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі, АСЕ= Мезгілдің басы мен аяғына кіріскен капитал сомаларының орташа мәні, ол компанияның есептік мезгіл ішіндегі кіріскен капиталының орташа шамасын көрсетеді
|
Корпоративтік басқару деңгейі
|
%
|
Корпоративтік басқаруды бағалау Қор Басқармасы бекіткен корпоративтік басқару диагностикасының әдістемесіне (одан әрі – Әдістеме) сәйкес жүзеге асырылады. Әдістеме өлшемдер тұжырымдамаларын мазмұндайды, солар бойынша бағалау жүргізіледі. Бұл ретте ішкі құжаттармен бекітілген рәсімдер де, нақты іс-тәжірибеде жүзеге асырылатын рәсімдерде ескеріледі.
Корпоративтік басқаруды жалпы бағалау 0%-дан 100%-ға дейін мәнге ие бола алады (0 – сәйкессіздік, 100% - корпоративтік басқарудың үздік іс-тәжірибесіне барынша сәйкестік).
|
Компания 2025 жылға қарай корпоративтік басқару деңгейінің мәнін 85%-ға дейін үш құрамбөлікті – құрылымды, процестер мен мөлдірлікті жетілдіру есебінен ұлғайту міндетін қойып отыр, олар өз кезегінде корпоративтік басқарудың үздік іс-тәжірибесіне сәйкес келетін құрамбөлікшелер мен өлшемдерді мазмұндайды:
1. Құрылым:
a) корпоративтік басқару құрылымы
b) корпоративтік басқару қағидаттарына жалпы бейімділік
c) қаржылық-мүдделес тараптардың құқықтары
d) мүдделер қақтығысы
e) құзыреттерді межелеу
2. Процестер:
a) директорлар кеңесінің тиіміділігі
b) корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
c) сыйақы және сабақтастық
d) тәуекелдерді басқару
e) жоспарлау және мониторинг
3. Ашықтық:
a) ақпараттық саясат
b) қаржылық ақпаратты ашу
c) қаржылық емес ақпаратты ашу
d) аудиторлық процесс
e) ішкі аудит
|
Жазатайым оқиғалар саны
|
бірл./1000 адам
|
(А/В)*1000, мұндағы А= уәкілетті органның зерттеген өндіріспен байланысты жазатайым оқиғалар, өлімге немесе зардап шеккеннің еңбекке қабілетін мызғымай жоғалтуға әкеп соққан жұмыс берушінің 25 %-дан астам кінә дәрежесімен, В= "KEGOC" қызметкерлерінің орташа тізімді саны.
|
Өндірісте жазатайым оқиғаларға жол бермеу үшін Компания жекелеген қосалқы процестер мен операцияларды кезең-кезеңмен механикаландыру; технологиялық процестерді автоматтандыру; қазіргі заманғы ұжымдық және жеке-дара қорғаныш құралдарын ендіру; Компания еңбеккерлерін кешенді медициналық қызметтеумен қамтамасыз ету; өндірістік объектілерге еңбек жағдайлары бойынша дүркін-дүркін аттестациялар өткізу, сондай-ақ тиісті нұсқаунамалар жүргізу секілді осындай іс-шараларды ары қарай іске асыруды жоспарлайды.
|
Персоналды жұмысқа тарту дәрежесі
|
%
|
Персоналдың жұмысқа тартылуын зерттеу «Самұрық-Қазына» АҚ Кадр комитетінің шешіміміен мақұлданған Персоналдың жұмысқа тартылуын зерттеуді жүргізу жөніндегі әдіснамаға сәйкес жүргізіледі. Персоналдың әлеуметтік өзін-өзі сезіну деңгейін анықтау үш тұтқалы: 1) персоналдың қанағаттануы, 2) персоналдың Компанияға түзу көзқарасы 3) персоналдың бастамасын қолдау секілді блок/индексінен тұратын біріктірілген тартымдылық индексін анықтау арқылы жүргізіледі.
Қанағаттану өзіне жұмысқа орналасу, еңбек жағдайлары мен ақысы; басшылық қабылдайтын шешімдерге сенімділік; Компания туралы ақпарат алу; қамтамасыз ету талаптары мен еңбек мазмұнына іштей қанағаттану; кадрларды іріктеу мен орналастыру өлшемдері; уәждемелі бағдарламалар жүйесі сияқты еңбеккерлердің бағалауын қамтиды.
Түзу көзқарас ұжымдағы өзара қарым-қатынастарды; Компания еңбеккерлерінің ұсынылатын кәсіби және мансаптық өсу мүмкіндіктерін тұтастай аңғаруын; Компанияның корпоративтік мақсаттары мен дамуын бағалауды қамтиды.
Бастаманы қолдау блогы еңбеккерлердің өсуі мен өзін өзі көрсете білу мүмкіндіктерін; еңбеккерлердің идеялар тудыруға тарту бағдарламасын; мойындау мен көтермелеу, күш-жігерді бағалау жүйесін бағалайды.
Персоналды тарту дәрежесін есептеу еңбеккерлердің пікірін зерттеу/сұрау салу нәтижелерінің негізінде жүргізіледі.
|
Көрсеткіштің жақсартылуы еңбекақы мен персоналды материалдық ынталандыру жүйесін жетілдіру; әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарын жетілдіру; әлеуметтік пакет шарттарын кеңейту мен жақсарту; қызметкерлердің өзін-өзі көрсеті білуі және өзін-өзі жетілдіру үдерісінің дамуы үшін ұжым ішінде шығармашылық ахуал жасау есебінен жорамалданады.
|
Кадр тұрақсыздығы
|
%
|
Кадрлардың тұрақтамауы есепті мерзім ішінде еншілес ұйымдар мен филиалдарға ауысқандардан басқа Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздемелері бойынша босатылған еңбеккерлер санын еңбеккерлердің сол мезгіл ішіндегі орташа тізімдік санына бөлу жолымен есептеледі.
|
Компания өзі үшін персоналды басқару жүйесін жетілдірудің арқасында осы көрсеткіш мәнінің 2025 жылға дейін 10% деңгейінен аспау міндетін қояды.
|
Тұрақты көздерден ластаушы заттектердің жалпы шығарылымын қысқарту (жоспарлы шығарылымдарға қатысы бойынша)
|
%
|
(А-В)/А*100%,
мұндағы А- ШҰШ нормативі, В – нақты шығарылымдар
|
Тұрақты көздерден жалпы шығарылымды қысқарту үшін мынадай іс-шаралар айқындалды:
- шекті ұйғарынды шығарылымдар (ШҰШ) нормативтеріне сай ағаш-және металл өңдеу станоктарын, электр және газбен пісіру аппараттары мен ластаушы заттектердің атмосфералық ауаға шығарылымдарының тұрақты көздерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
- операциялық мониторинг (өндірістік процесс мониторингін) - әрбір жабдық бірлігі мен материалдар шығысы жұмысының сағат санын есепке алу;
- мамандандырылған ұйымдармен өндірістік экологиялық мониторинг жүргізу, тұрақты көздерден шығарылымдарды есептеу жолымен немесе зертханалық өлшеулермен анықтау.
|
Тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алудағы жергілікті мазмұн үлесі
|
%
|
Тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулердегі жергілікті мазмұн ҚР ПП 20.09.2010ж. бекіткен қазақстандық мазмұнды есептеудің № 964 Бірыңғай әдістемесі бойынша есептеледі.
|
Тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулердегі жергілікті мазмұнның үлесін арттыру үшін Компания тауарлар мен қызмет көрсетулерді отандық тауар өндірушілерден басымдылықпен сатып алу; қазіргі заманғы технологиялар саласындағы әлеуетті жергілікті тауар өндірушілерді, Қазақстан Республикасының жаңа технологиялардағы қажеттіліктерін қолдау, сондай-ақ жергілікті мазмұн үлесін ынталандыратын ұлттық бағдарламаларға қатысу; белсенді офсеттік саясат секілді іс-шараларды жорамалдайды.
|
«KEGOC» АҚ-ның 2025 жылға дейінгі
Ұзақ мерзімді даму стратегиясына
5-қосымша
Бенчмаркинг
БЭЖ ФСК (РФ), RedEléctricadeEspaña (Испания), Western Power (Австралия), Fingrid OYJ (Финляндия), Terna (Италия) шетелдік озық компаниялар – «KEGOC» АҚ үшін аналогтар болып табылады.
(2011 жылғы деректер)
Көрсеткіш
|
«KEGOC» АҚ
|
БЭЖ ФСК
|
Red EléctricadeEspaña
|
Western Power Australia
|
Fingrid
|
Terna
|
ROACE, %
|
5,24
|
н/д
|
5,8
|
н/д
|
6
|
н/д
|
EBITDA Margin, %
|
29,7
|
61,3
|
21,3
|
н/д
|
30
|
75,2
|
Еңбек өнімділігі, млн.теңге/адам
|
12,05
|
28,07
|
175,49
|
54,67
|
318,13
|
112,13
|
Еңбек өнімділігі, млн. кВтс/адам
|
9,1
|
19,7
|
146,9
|
5,14
|
241,3
|
100,61
|
Аталған компаниялар арасында «KEGOC» АҚ еңбек өнімділігі көрсеткіштері бойынша көптеген компанияларда пайдалану және жөндеу қызметтерін көрсету жөніндегі процестер аутсорсингке шығарылу себебінен соңғы орындардың бірінде қалды.
Сонымен қатар, Компания активтерінің қатты тозуы мен ауқымды инвестицияларды ескергенде экономикалық тиімділік көрсеткіштері бойынша «KEGOC» АҚ салыстырылатын компаниялар арасында соңғы орындарды алды. Жүйелік бенчмаркингті қамтамасыз ету үшін 2013-2014 жылдарға «KEGOC» АҚ-ның ITOMS консорциумына кіруі жоспарланып отыр, ол әлемнің 30-дан астам электржелілік компаниясын біріктіреді.
«KEGOC» АҚ озық халықаралық компания-аналогтарға жуықтауды және 2025 жылы мынадай мақсаттық көрсеткіштерге қол жеткізуді міндет етіп отыр: ROACE– 7,24%, EBITDA margin– 32,59%, еңбек өнімділігі– 42,8 млн.теңге/адам және 11,15 млн. кВтс/адам.
Достарыңызбен бөлісу: |