Келісілді ббқ төрайымы «Фармация және ФӨТ»


Лицензия қажет, лицензия мерзімсіз уақытқа беріледі



бет50/67
Дата01.03.2024
өлшемі4.73 Mb.
#493765
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67
gxp сессия-1 2

1.Лицензия қажет, лицензия мерзімсіз уақытқа беріледі. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202 заң
2. Үй-жайларды таңдау. "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № ҚР ДСМ-58 бұйрығы.
Дәріханалар, оптика дүкендері, медициналық бұйымдар дүкендері:
1) бөлек тұрған ғимараттарда; 2) тұрғын үй қорына кірмейтін ғимараттар құрылымындағы оқшауланған үй-жайларда;

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердің үй-жайларын сумен жабдықтауға, кәріздеуге, желдетуге және жарықтандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерде орталықтандырылған ыстық және салқын сумен жабдықтау, жылыту, кәріз, желдету, жарықтандыру жүйелері көзделеді. Осы бұйрыққа сәйкес үй-жайлар 88 шаршы метрден кем болмау керек.
3.«Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығы
4. Сақтау ережелері. «Дәрiлiк заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығы.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау белгілі бір температурада жүзеге асырылады:
терең салқындату -150С-тан төмен;
тоңазытқышта +20С-ден +80С-қа дейін;
салқын жерде +80С-тан +150С-қа дейін;
бөлме температурасында +150С-тан +250С-қа дейін.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау:
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау: медициналық-санитариялық алғашқы және (немесе) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана, дәріхана пунктінің, жылжымалы дәріхана пунктінің, оптика, медициналық бұйымдар дүкендерінің;
медициналық ұйымның – бөлімшелері, кабинеттері мен мейіргер посттарында;
дәріхана қоймасының, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды уақытша сақтау қоймасының, медициналық бұйымдар қоймасының, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі ұйымның сақтау үй-жайларында (аймақтарында) жүзеге асырылады.
Сақтай үй-жайларында дәрілік заттар:
1) фармакологиялық топтар бойынша;
2) қолданылу тәсіліне байланысты (ішкі, сыртқы);
3) агрегаттық жағдайына байланысты;
4) физикалық-химиялық қасиеттеріне және сыртқы ортаның әртүрлі факторларының әсеріне сәйкес бөлек сақталады. Дәрілік заттар, фармацевтикалық субстанциялар, қосымша заттар ластануға, шатастыруға және айқаспалы контаминацияға жол бермейтін үй-жайларда сақталады.
Сақтау үй-жайлары (аймақтары) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қабылдау, сақтау, түсіру операцияларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Жүргізілетін барлық операциялардың дәлдігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сақтау үй-жайлары (аймақтары) жарықпен қамтамасыз етіледі.
Сақтау үй-жайларында орналастырылған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бір сәттегі көлем сақтау үй-жайлары ауданының 75 пайызынан аспайды.
Сақтау үй-жайларында (аймақтарында) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар зауыт немесе көлік қаптамасында сақталады.
Зауыт немесе көлік қаптамасы бұзылған жағдайда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар материалдық шкафтарда, сөрелерде, паллеттерде, сейфтерде тұтыну қаптамасында және/немесе затбелгісі (таңбасы) сыртқа қаратылып ашық зауыт қаптамасында сақталады.
Дәрілік заттарға арналған қосымша заттар мен медициналық бұйымдарға арналған шығыс материалдары зауыт қаптамасында құрғақ желдетілетін үй-жайларда жеке шкафтарда сақталады. Зауыт қаптамасын ашқаннан кейін қосымша материалдың бөлшектелген немесе қалған мөлшері полиэтилен, қағаз пакеттерде немесе тығыз қағаздан жасалған қаптарда сақталады.
Сақтау үй-жайлары (аймақтары) жәндіктердің, кеміргіштердің немесе басқа жануарлардың кіруінен қорғауды қамтамасыз ететіндей етіп жобаланады және жабдықталады, зиянкестерді профилактикалық бақылау бағдарламасы болады.
Жұмыскерлерге арналған демалыс бөлмелері, киім ілетін бөлмелер, себезгі және дәретханалар сақтау үй-жайларынан (аймақтарынан) бөлінген. Сақтау үй-жайларында (аймақтарында) тамақ өнімдері, сусындар, темекі бұйымдары, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған дәрілік заттар сақталмайды.
Сақтау үй-жайларында, оның ішінде тоңазыту бөлмесінде (камерада) температура ауытқуы аймақтарын (салқындату жүйесіне немесе суық ауа ағындарына тікелей жақын аймақтар) алдын ала тестілеу арқылы, оның нәтижелері бойынша құжаттарды ресімдей отырып, температура мен ылғалдылық сақталады.
Дәрілік заттар сақталатын үй-жайларда мыналар қарастырылады:
1) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтауға арналған стеллаждар, тұғырлар, тауар қойғыштар, шкафтар;
2) температуралық режимді құруға арналған технологиялық жабдық;
3) температура мен ылғалдылықты тіркеуге арналған аспаптар;
4) тиеу-түсіру жұмыстарына арналған механизация құралдары;
5) санитариялық режимді қамтамасыз етуге арналған дезинфекциялық құралдар мен жинау мүкәммалы;
6) санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғауды, қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды және дәрілік заттардың сақталуын қамтамасыз ететін өзге де жабдық пен мүкәммал жатады.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65 пайыздан аспайтын үй-жайларда сақтау;
Целлофан, целлулоидтық, аминопласт бұйымдары сақталатын үй-жайларда ауаның салыстырмалы ылғалдығы 65 пайыздан төмен болмауы тиіс.
Сақтау үй-жайлары ауа температурасын, ылғалдылығын бақылауға арналған тиісті жабдықпен (термометрлермен, гидрометрлермен, ауа температурасы мен ылғалдылығын бақылайтын құралдардың басқа түрлерімен) қамтамасыз етіледі. Жабдық үй-жайлардың ішкі қабырғаларында жылдың суық және жылы мезгілдеріндегі температуралық ауытқу аймақтарын тестілеу нәтижелері бойынша қыздырғыш аспаптардан алысырақ орналастырылады. Жабдықты пайдалану оған қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет