«келісілген» «бекітемін» «Ұстаз» спорттық клубының Тар мпи ректоры



Дата27.02.2016
өлшемі69.52 Kb.
#28598
«КЕЛІСІЛГЕН» « БЕКІТЕМІН »

«Ұстаз» спорттық клубының Тар МПИ ректоры

төрағасы т. ғ. д., профессор

------------------- __________________

О. Сулейменов Д. Қожамжарова

Тараз мемлекеттік педагогикалық

институтының профессорлар, оқытушылар

және қызметкерлерінің

«Спорт сүйер оқытушылар»

атты спартакиадасының

ЕРЕЖЕСІ

Тараз 2016

1. Жалпы ереже

ТарМПИ-ң профессорлары, оқытушылары және қызметкерлерінің спартакиадасының міндеті –– салауатты өмір салтын және бұқаралық спортты насихаттау, Қ.Р-ң президентінің жолдауын және Қ.Р-ң «Дене шынықтыру және спорт» туралы заңын орындау.


Спартакиаданың басты мақсаты.
ТарМПИ-ң профессорларының, оқытушыларының және қызметкерлерінің денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық шеберлігін жетілдіру.
2. Спартакиадаға басшылық ету.
ТарМПИ-ның профессорлары, оқытушылары және қызметкерлерінің спартакиадасын ұйымдастыру және өткізу жұмыстары ТарМПИ-ң ректоры т.ғ.д., профессор Д. Қожамжарованың төрағалығымен атқарылады.

Жарысты өткізу «Ұстаз» спорттық клубының басқармасы бекіткен бас төрешілерге және «Дене шынықтыру» кафедрасының жауапты мамандарынажүктеледі.

3. Спартакиадаға қатысушылар
Спартакиадаға қатысушы командалар, спорттың әр түрінен, жарысқа бір күн қалғанда бас төрешіге мәлімдеме өткізуге міндетті. «ДТІ және Ә» , «Дене шынықтыру» кафедрасының оқытушылары, қызметкерлері, 0.25 – 0.5 жүктемеде жұмыс істейтіндер спартакиадаға қатыспайды.

Спорттың барлық түрінде ер адамның орнына әйелдер қатысуына болады. Егер команда құрамы толық болмаса жарысқа жіберілмейді.

Ерлер командасы жасақталмауына байланысты әйелдермен толықтыруға болады.

4. Спорт түрлері
Баскетбол

Ойын бекітілген ереже бойынша (2 топта) өтеді. Команда құрамы 8 адам, оның 5 – і ойнайды. Ойын 2 кезеңнен турады, бір кезең 10 минуттан турады.


Үстел теннисі

Команда құрамы 2 ер, 1 әйел адам. Ойын бекітілген ереже бойынша 2 топта өтеді. Ерлерде тең болған жағдайда жеңімпаз бірінші столмен анықталады.


Президенттік көпсайыс

Команда құрамы 2 ер және 2 әйел адам. Жарыс бекітілген ереже бойынша өтеді. Көпсайыстын түрлері: орыннан секіру және кермеге тартылу – ерлерде; орыннан секіру және жатып денені көтеру - әйелдерде.


Волейбол

Ойын бекітілген ереже бойынша (2 топта) 3 партиядан 2 жеңіске дейін өтеді. Команда құрамы 10 адам (әйелдер командасы бөлек ойнайды)


Шахмат

Команда құрамы 2 ер, 2 әйел адам. Ойын бекітілген ереже бойынша 2 топта өтеді. Ерлерде тең болған жағдайда жеңімпаз бірінші тақта бойынша анықталады.


Дойбы

Команда құрамы 3 ер, 3 әйел адам. Ойын бекітілген ереже бойынша 2 топта өтеді.


Дартс

Команда құрамы 3 ер, 3 әйел адам. Ойын бекітілген ереже бойынша айналым түрде өтеді.


Тоғыз құмалақ

Команда құрамы 2 ер, 1 әйел адам.Ойын бекітілген ереже бойынша 2 топта өтеді. Ерлерде тең болған жағдайда жеңімпаз бірінші тақта бойынша анықталады.


Кіші футбол

Ойын бекітілген ереже бойынша, (15 минуттан 2 кезең, 5 минут үзіліс) 2 топта айналмалы жүйеде өтеді.


Бильярд

Команда құрамы 1 ер, 1 әйел адам. Ойын бекітілген ереже бойынша 2 топта өтеді.



Марапаттау.
Спартакиаданың жеңімпаз командасы арнайы дипломмен және ТарМПИ–ның ректорының ауыспалы кубогімен, ал жүлдегер командалар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Төрешілердің еңбек ақысын төлеу «Ұстаз» спорттық клубына жүктеледі.


Спартакиадаға қатысушы командалар





  1. ТарМПИ-ң әкімшілігі

  2. Педагогика факультеті

  3. Физика математика факультеті

  4. Тарих және әлеуметтік педагогика факультеті

  5. Филология факультеті

  6. Өнер және мәдениет факультеті (Дене тәрбиесі және спорт мамандарынан басқа).

  7. Химия биология факультеті

  8. Ақпараттық коммуникациялық технология бөлемі


Спартакиадаға қатысушы командалардың


ұпайларын есептеу кестесі
Ескерту: Жеңімпаздар ең төмен жиналған ұпайлар санымен анықталады. Бағдарламаның жеке түрлерінен команда қойылмаса, ойындарға келмесе айып ұпайлары есептеліп, төрешілер коллегиясының шешімімен жалпы командалық ұпайдан 5 айып ұпайы қосылады. Командалар біркелкі спорттық формада қатысуы тиіс. Сұраныс қағаздары деканат мөрлерімен бекітіліп, жарыс алдында өткізілуі тиіс.

Командалық есепте ерлер және әйелдер бөлек ұпайлары саналады.




Спорт түрлері бойынша алған орны

ұпайлар

1

1

2

2

3

3

4

4

5

5

6

6

7

7

8

8
Тіркеме № 1

Спорт түрлерінен бас төрешілер тізімі



Бас төреші: О. Сулейменов

Хатшы: В. М. Ли


1. Баскетбол – Шевченко А.Н.

2. Үстел теннисі – Тохтыев А.Ш.

3. Президенттік көпсайыс – Пушкарь И.Н.

4. Волейбол – Ли В.М.

5. Тоғыз құмалақ - Әбдіхайранов Ү.А.

6. Шахмат – Сүлейманұлы Ш.

7. Бильярд – Абдулов Т.В.

8. Кіші футбол – Орымбаев Ә.Ә.

9. Дойбы – Абдыхайранов У.А.

10. Дартс – Ли В. М.

Тіркеме № 2

Спартакиаданы өткізу мерзімі




Спорт түрлері

Өткізілу күндері, уақыты

1

Дартс (тренажёр залы)

11.01.2016 ж.

басталуы 1200



2

Президенттік көпсайыс (гимнастика залы)

11.01.2016 ж.

басталуы 1400



3

Үстел теннисі (тренажёр залы)

12.01.2016 ж.

басталуы 1100



4

Баскетбол (ерлер) (спорттық зал)

13-14.01.2016 ж.

басталуы 1100



5

Дойбы (әйелдер) (№ 8 406 ауд.)

15.01.2016 ж

басталуы 1100



6

Дойбы (ерлер) (№ 8 406 ауд.)

15.01.2016.ж

басталуы 1100



7

Волейбол (әйелдер) (спорттық зал)

20.01.2016 (финал 1000)



18.01.2016 ж.

басталуы 1000



8

Волейбол (ерлер) (спорттық зал)

20.01.2016 (финал 1300)



19.01.2016 ж.

басталуы 1000



9

Шахмат (әйелдер) (№ 8 406 ауд.)

21.01.2016 ж.

басталуы 1000



10

Шахмат (ерлер) (№ 8 406 ауд.)

21.01.2016 ж.

басталуы 1400



11

Тоғыз кұмалақ (әйелдер) (№ 8 406 ауд.)

22.01.2016 ж.

басталуы 1000



12

Тоғыз кұмалақ (ерлер) (№ 8 406 ауд.)

22.01.2016 ж.

басталуы 1400



13

Бильярд (Карамболь)

23.01.2016 ж.

басталуы 1200



14

Кіші футбол (жана футбол алаңы)

25-26.01.2016 ж.

басталуы 1300




Спартакиаданың салтанатты ашылуы 13.01.2016 ж. сағат 1200 –де. Барлық командалар біркелкі спорттық киіммен міндетті түрде сапта тұру керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет