«келісілген» «бекітілген»



Дата23.02.2016
өлшемі146.04 Kb.
#9829

« КЕЛІСІЛГЕН»

«БЕКІТІЛГЕН»

____________Б.С.Ізбасарова

___________З.О. Нұрымова

_____________В.П.Кривошеев

Ақмола облысы білім басқармасы басшысының м.а.

«_____»____________2013 ж.




Көкшетау қ.білім басқармасының басшысы

«_____»___________2013 ж.




«Көкше» академиясының оқу ісі жөніндегі проректоры

«_____»_____________2013 ж.




«Көкше» академиясының 20 жылдығын тойлау шеңберінде Ақмола облысы мен Көкшетау қаласы мектептерінің, лицейлері мен колледждері оқушыларының арасында өлкетануға байланысты 2013-2014-ші оқу жылында олимпиада өткізу туралы

Ереже
1. Жалпы ережелер

1.1. Ақмола облысы мен Көкшетау қаласы мектептері, лицейлері мен колледж оқушыларының арасында өлкетанудан олимпиада өткізу туралы аталған Ереже (одан әрі - Олимпиада) Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізудің тәртібін, ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтамасыз етуді, оқушылардың Олимпиадаға қатысу тәртібін, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтаудың тәртібін айқындайды.

1.2. «Көкше» академиясы Олимпиаданы ұйымдастырушы болып табылады.

1.3. Олимпиаданың мақсаты — өлкетану білімінің құралдарымен әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру мен өлкетану аумағында оқушылардың білімі мен білігін анықтау үшін жағдайлар туғызу.



Олимпиаданың міндеттері:

  • жас ақмолалықтарды өздік іздестіру-зерттеу қызметіне ниеттендіру;

  • өлкетануға тұрақты қызығушылығын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау;

  • көзбен шолу, зерттеу және коммникативті мәдениетін дамыту деңгейін анықтау;

  • білімнің өлкетану деректерімен (мәдениет мәтіндерімен) жұмыс істеу білігін қалыптастырудың деңгейін анықтау;

  • дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдайлар жасау;

  • оқушыларда қаланың саяси-мәденикеңістігін меңгеру тәжірибесін ынталандыру.

1.4. Ақмола облысы білім беру мекемелерінің қатысушылары Олимпиадаға өз еріктерімен қатысады.
2. Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі

2.1. Олимпиада оқушылардың қос санаты үшін бір мезетте өткізіледі:

- жалпы білім беретін мектептер пен лицейлердің 9-11 сынып оқушылары үшін;

- колледждердің 3-4 курс студенттері үшін.

2.2. Командадағы қатысушылардың саны 5 адамнан артық емес.

2.3 Олимпиада екі айналымда өткізіледі:



  • шығармашылық тапсырмаларды алу мен орындау – қорытындыларды gulya_1363@mail.ru, maul_yulya@mail.ru. жіберу. Бірінші айналымның қорытындылары бойынша мейлінше көп балл жинақтаған 10 команданы іріктеп аламыз. Бірінші айналымның қорытындылары аппеляцияға жатпайды.

2.3. Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті:

  • Олимпиаданы өткізудің кестесі мен регламентін бекітеді;

  • Олимпиаданың қазылар алқасының құрамын бекітеді;

  • Қатысушылардың Олимпиаданың тапсырмаларын орындау қорытындыларын тексереді және бағалайды;

  • Олимпиаданы өткізу кезінде орын алған шиеленісті жағдайларды қарастырады;

  • Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің кандидатураларын айқындайды;

  • Ақмола облысы мен Көкшетау қаласы білім басқармасына Олимпиаданың қорытындылары бойынша есеп ұсынады;

2.4. Олимпиадаға қатысу туралы өтінім 2013 жылдың 18-ші қарашасына дейін қатаң түрде жеке файл үлгісі бойынша (*.doc, *.jpg форматындағы бекітілген құжаттар) электронды түрде «Көкше» академиясына gulya_1363@mail.ru, maul_yulya@mail.ru электронды мекенжайға беріледі.
3. Олимпиаданың мазмұны мен оны өткізудің мерзімдері


  • 1 айналымөлкетану бойынша тестілеу – 04.12.2013 ж., 11.30, «Көкше» академиясы.

Тестардың мазмұны біздің өлкенің тарихын қамтиды. Тапсырма Көкшетау қаласы өмірінің барлық жақтарына қатысты – оның географиясына, тарихына, экономикасына, сәулетіне, көркем мәдениетіне, қалалықтардың өмірінің ерекшеліктеріне және т.б.

Тестқа барлық үлгідегі тапсырмалар енгізілген. Ашық түрдегі тапсырмалар басым болады, яғни болжанатын еркін қысқа жауап, мүмкін болатын тізімдемеден бірнеше жауапты таңдау, бірізділігін анықтау және т.б. Тапсырмалардың бірі күрмеуі қиын сауал түрінде құрастырылады және оқушының толық дәлелді жауабын болжайды.

Тестілік тапсырмалар өзіне карталар мен суреттердің (мәдени мұра нысандарының қара-ақ түсті суреттері, көркемсурет шығармаларының репродукциялары) кесінділерін енгізуі мүмкін.

Тестілік тапсырмалардың саны – 20. 15 сұрақ Ақмола облысының барлық аудандарының оқушылары үшін бірдей (тестардың мазмұны тестілеу өткізілерден екі апта бұрын оқу орындарына жіберіледі). 5 сұрақ Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының тарихы мен мәдениетіне қатысты. Тестпен жұмыс істеудің ұзақтығы – 1 сағаттан (60 минут) артық емес. Ақпараттың кез-келген көзін (әдебиет, Ғаламтор, ұялы байланыс) пайдалануға тыйым салынады. Тестарды тексеруді қазылар алқасының мүшелері жүзеге асырады.




  • 2 айналым Мұражайлық бағдарлау – 04.12.2014 ж., 14.00, Көкшетау қаласының мұражайлары

Мұражайлық бағдарлау мұражайлық ортада бағдарлай білуді анықтауға бағытталған, және Көкшетау қаласының бір мұражайы мен мұражай жәдігерін зерттеуді болжайды.

Олимпиада қатысушылары мұражайды, оның тарихын, жәдігерлерін зерттеулері тиіс. Тапсырма жеке сипатқа ие. Мұражайлық бағдарлау кезінде ақпараттың (кітаптар, Ғаламтор) әлдебір жазбаша деректерін пайдалануға рұқсат етіледі, сондай-ақ зерттеу де қатысушылардың жеке бақылауларына негізделуі мүмкін.




  • 3 айналым – қалалық бағдарлау – 05.03.2014 ж., 10.00, Көкшетау қаласының көшелері.

Қалалық бағдарлау қаланың картасын, бағыт картасын және қала көшелеріндегі тапсырмалармен парақты пайдалана отырып өтеді.

Қалалық бағдарлауға қатысушылар бірегей командамен жіберіледі.

Қалалық бағдарлау барысында мәдени мұраның үш нысанын табу қажет болады және оны міндетті түрде қалалық орта ұсынған ақпарат бойынша ғана пайдалана отырып зерттеу қажет.

Қалалық бағдарлаудың әр қатысушысы бағыттық парақтарды алады. Онда мыналар болады:



  • Топ өтуге тиісті нысанның сипаттамасы.

Сипаттамада түрлі бағыттағы үш сыбыр сөз беріледі, ол қатысушыларға не қылған нысан екендігін айқындауға көмектеседі. Аталған сипаттама қатысушылар алған барлық бағыттық парақтарда бірдей болып табылады. Ныса тану және оған ең қысқа әрі дұрыс жолды топтың қатысушылары ұжымдасқан түрде хабарлай отырып салуы мүмкін. Қатысушылар қаланың картасын пайдалануға хұқылары бар, оны Олимпиаданың ұйымдастырушылары береді.

  • Сұрақтар мен тапсырмалар.

Әр қатысушының бағыттық парақтарындағы сұрақтар мен тапсырмалар әртүрлі болады. Қатысушылар оған жауап іздеуді өз беттерінше және жеке-дара жүзеге асырады.

Әр нысандағы зерттеу тапсырмаларының саны – 3. Бірінші тапсырма ақпаратты салыстырып оқудың қарапайым машықтарын тексеруге жауапты болжайды (қасбетте кездесетін мемориалдық тақталар, ақпараттық тақтайшалар, мерзімдер мен вензельдер және басқалары). Екінші сұрақ құрылыстың жекелеген бөлшектерін мұқият қарастыруға, оларды салыстыруға бағытталған. Үшінші тапсырма қатысушылардың нұсқаларын ұсынуға, жеке көзқарастарын білдіруге бағытталған. Бұл сұрақ әдеттегідей тек нысанның өзін ғана емес, сонымен бірге оны қоршаған қалалық ортаны саралауды, көршілес нысандармен салыстыруды болжайды.

Қатысушылар қойылған сұрақтардың жауабын қалалық бейімделу кезінде бағыттық параққа жазып отырады. Толтырылған бағыттық парақ аталған айналымның соңында «бақылаушыға» (балаларды ертіп жүрушіге) тапсырылады.
4. Сынып оқушыларының олимпиадаға қатысушылары орындаған тапсырмаларын бағалаудың критерийлері


  • 1 айналым - тестілеу – оқушылардың өлкетану білімінің деңгейін анықтау.

Жұмысты бағалаудың критерийлері:

Тестілік тапсырмаларға дұрыс жауап – 0-ден 1 баллға дейін;

Тапсырманы қазылар алқасының мүшелері тексереді, баллдар қосылады, сонан соң орташа баға шығарылады.


  • 2 айналым – мұражайлық бағдарлау – мұражайлық ортада бағдарлық біліктерінің құрылымдылығының, мұражай нысандарында жасырынған ақпаратты «салыстырып оқу» білігінің деңгейін анықтау.

Бағалаудың критерийлері:

Заттың атрибуциясы (яғни заттың төлқұжаты) өзінің міндеті ретінде затқа қатысты белгілерді – жеке қасиеттерін, атқарымдық тағайындауларын, шығу және тұрмыста пайдалану тарихын анықтауды қояды. Атрибуцияға қойылатын негізгі талаптар – ол салыстырушының тұлғалық-сезімдік қарым-қатынастарынсыз, сипаттамалық ерекшеліктері мен бөлшектерін атай отырып, затты ашық, анық, оны көрмей тұрып-ақ көз алдыңа елестететіндей етіп сипаттай білу – 8 баллға дейін.

Мұражайлық затты сипаттау мынадай көрсеткіштер бойынша өткізілуі мүмкін:



  1. Зат сақталып отырған мұражайдың толық атауы;

  2. Сәйкестік номері (инвентарлық номері, шифры);

  3. Мұражайға түскен дереккөзі – экспедиция, сыйлық, сатып алу және т.б.;

  4. Заттың атауы;

  5. Түпнұсқалығы (түпнұсқасы немесе көшірмесі);

  6. Авторлары – аталған затты құрумен (немесе тауып алу) тікелей байланысты есім немесе есімдер;

  7. Белгілі бір тұлғаға тәнділігі (мемориалдық зат үшін маңызды);

  8. Құру/ өндіру орны;

  9. Мерзімдеу – сипатталған зат қашан құрылды, мерзімі;

  10. Материалдар (зат неден жасалған) мен оны құрудың техникасы (яғни затты өндіру кезінде пайдаланылған құралдар немесе тәсілдер);

  11. Заттың өлшемдері;

  12. Қысқаша сипаттамасы. Заттың, оған ұқсас және соған жататын заттар арасында осы пәнді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін негізгі айырма белгілерін ықшам сипаттау:

- үлгісі, құрылымы (егер әңгіме бірнеше бөлшектен тұратын күрделі заттар туралы болса);

- түс;


- көркем стилі;

- жанры;


- сюжеті;

- заттың дәл өзінде орналастырылған жазулар, жапсырмалар, геральдикалық белгілер;

- заттың атқарымдық тағайындалуы

13. Заттың сақталымдығы (сақталымдығы толық/толық емес,жоғалтулар, сынған бүлінген жерлері, тесіктер, дақтар).



Затты түсіндіру – затты білім мен сезімнің дереккөзі ретінде түсіндіру мен сыни саралау – 12 баллға дейін.

Олимпиаданың әр қатысушысы сипатталған нысанға өз сауалын алады, оған ол жауап беруі тиіс. Ол жауап дәлелдемелер келтіру мен өз көзқарасын жеткізуді болжайды.



  • 3 айналымқалалық бағдарлау – оқушылардың бағдарлық біліктерінің құрылымдылығының, мәдени мұра нысандарында қаланған ақпаратты «салыстырып оқу» білігінің деңгейін анықтау.

Бағалаудың критерийлері:

  • қалалық кеңістікке бейімделу, қажет нысанды тауып алу – 2 балл;

  • нысаннан көрініп тұрған ақпаратты «салыстырып оқу» (мемориалдық тақталар, ақпараттық тақталар және т.б.) – 4 баллға дейін;

  • нысан туралы «жасырын» ақпаратты тауып алу (ескерткіштің бөлшектерін зерттей отырып, қалалықтардан сұрастырып және т.б.) – 6 баллға дейін;

  • алынған ақпаратты, сонымен бірге бұрынырақта алынған білімді пайдалана отырып дәлелдемелі нұсқаларды, ұсыныстарды айту – 8 баллға дейін.

Аталған айналымның қорытындылары қазылар алқасының мүшелерімен бағаланады. Олар қойған бағалар қосылады, сонан соң орташа балл шығарылады.
5. Колледж оқушылары үшін Олимпиаданың мазмұны мен өткізілу мерзімі

Өлкетануға байланысты олимпиадаға қатысуға Көкшетау қаласы мен Ақмола облысы колледждерінің оқушылары жіберіледі.



Жұмыстарды тапсыру мерзімі – 2013 жылдың 25-ші қарашасына дейін.

Белгіленген мерзімнен кешіктіріліп берілген жұмыстар қабылданбайды және қаралмайды да.



Олимпиаданың өтетін орны мен күні – 04.12.2014 ж., 10.00 «Көкше» академиясы.

Олимпиада үш бөліктен тұрады:



  1. команданың портфолиосын жасау және өз қаласы бойынша экскурсиялық бағытта дайындау

  2. туристер үшін өз қаласы туралы бейнеролик түсіру;

  3. қала бойынша жолсілтеуші жасап шығару.

Жұмыстар ұйымдастыру комитетіне баспа және электронды түрде ұсынылады. Жұмыстар электронды нұсқасыз (СD-дискте) қабылданбайды.

Жұмысты безендіруге талаптар:

1 ТАПСЫРМА.

1.1.Команданың «Portfolio»-сын жасау. Команданың портфолиосында мыналар болуы шарт: команданың атауы мен девизі, команданың эмблемасы мен оның мағынасы, сіздің команданың пайда болу тарихы (қысқаметражды бейнеролик мүмкін) мен әр қатысушы туралы толық ақпарат.

Талап:


  • Portfolio қазақ және/немесе орыс тілдерінде орындалуы мүмкін.

  • Жұмыс ppt кеңейтілген слайд шоу түрінде орындалады

  • Көлемі -10-13 бет

1.2 қала бойынша экскурсиялық бағыт дайындау. Сіздің қала бойынша экскурсиялық бағыт өзіне мынадай технологиялық құжаттарды енгізуі тиіс:

  • Экскурсияның технологиялық картасы

  • Экскурсияның мақсаты, міндеттері мен тақырыбы

  • Экскурсияның толық мәтіні

  • «Экскурсовод портфелінің» материалдары

  • Экскурсия бағыты жолының кестесі

Безендіру критерийлері:

  1. Экскурсияның мәтіні .doc – 25 бет

  2. Шрифт- Times New Roman, 14 пт., арасы-1,5

  3. Есеп беру тілі – қазақ, орыс, ағылшын

Тапсырманы орындау мерзімі – 2013 жылдың 4 қарашасы

2 ТАПСЫРМА. “Promo” бейнеролик түсіру. Әр команда өз қаласына туристерді тарту мақсатында қала туралы қызықты әрі тартымды промо ролик түсіруі шарт.

Требования:

- Ролик үш тілде болуы мүмкін – қазақ, орыс және/немесе ағылшын

- бейнероликтің ұзақтығы: 2-3 минут


3 ТАПСЫРМА. Қала бойынша жолсілтеуші дайындау. Команда туристер үшін өз қаласы бойынша жолсілтеуші дайындап жасауы қажет (буклет немесе шағын кітапша түрінде). Жолсілтеуші өзіне мыналарды енгізуі тиіс:

  • Жалпы ақпарат (қала тарихы, тұрғыдар саны, қаланың экономикасы мен инфрақұрылымы, табиғаты және т.б.)

  • Турист үшін ақпарат (қала бойынша жылжу тәртібі, қалаға келудің сипаттамасы, оның ішінде тұруға, тамақтануға, байланысуға, кәдесыйлар мен басқа да қызықты сатып алуларға, валюта айырбастауға және т.б. қатысты)

  • Қаладағы туристік нысандар туралы ақпарат (көңілаударалық орындар, туристік бағыттар, кинотеатрлар, театрлар, мұражайлар туралы ақпарат, сонымен бірше қызықты орындар мен ұйымдар және т.б. туралы ақпарат)

  • Қосымшалар (тілашар, қала мен көліктік бағыттар картасы, суреттер)

Тапсырманы орындау мерзімі – 2013 жылдың 18 қарашасы


  1. Колледж оқушыларының олимпиадаға қатысушылары орындаған тапсырмаларын бағалаудың критерийлері

Олимпиадаға қатысу кезінде қатысушылар мыналарды көрсетулері тиіс:

  • Тарихи-өлкетану білімінің оңтайлы деңгейі

  • Таңдалған тақырыптық бағыттағы тарихи-өлкетану білімінің тереңдетілген деңгейі

  • Зерттеу жұмысын сауатты құрастыра және безендіре білу

  • Дереккөздермен және әдебиетпен жұмыс істей білу

  • Өзінің жеке-дара тұжырымдары мен бағаларын негіздей және дәлелдей білу

  • Зерттеу жұмысын қорғауды сауатты құру және пікірталас жүргізу


Өздік жұмысын бағалаудың критерийлері (зерттеулер, зерттеу элементтері бар рефератты):

Критерийлер

Баллдардың шарықтау саны

Жұмыстың зерттеу сипаттамасы



5

Тақырыпты жасаудың жаңашылдығы мен бірегейлігі


5

Жұмыс мазмұнының ұсынылған тақырып пен қойылған міндеттерге сәйкестігі


5

Материалды мазмұндаудың қисыны

(материалды мазмұндаудың айқындығы, жеке-дара стилі)




5

Дерек базасының толықтығы, деректерді саралай білу, одан ақпаратты ала білу


5

Зерттеуді безендірудің мәдениеті (титулдық бет, бөлімдер мен параграфтар бойынша мәтінді құрастыру, беттерді номерлеу, әдебиеттер тізімі, қосымшалар)

5

Анықтамалық-библиографиялық аппаратты безендірудің дұрыстығы (сілтемелердің бар болуы мен оларды толтыру)


5

Тұжырымдамалар мен бағалардың негіздемесі мен тереңдігі


5

Сауаттылық (орфография, пунктуация, синтаксис және басқалары)


5




45


Жұмысты қорғауды бағалаудың критерийлері:

Критерийлер

Баллдардың шарықтау саны

Сөйлеу мәдениеті


5

Жұмыстың мазмұнын дәлелдемелі және қисынды, қысқаша және толық баяндай білу

5

Материалды игерудің дәрежесі


5

Коммуникативті мәдениет


5




20

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері алған баллдарының қосындысы бойынша айқындалады. Баллдардың шарықтау саны – 65.


7. Олимпиадаға қатысушылардың хұқықтары мен міндеттері.

  • Олимпиадаға қатысушылар аталған Ереженің талаптарын орындауға, Олимпиаданы өткізудің тәртібін сақтауға міндетті. Олай болмаған жағдайда қатысушының қорытындысы жоққа шығарылуы, ал қатысушының өзі Олимпиадаға одан әрі қатысу хұқығынан айырылуы мүмкін.

  • Олимпиаданың қатысушылары хұқылы:

  • Олимпиаданы өткізудің орны мен уақыты, тәртібі туралы ақпаратты алуға

  • Өз жұмысын тексеру қорытындылары туралы ақпаратты алуға


8. Олимпиаданы ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету

8.1 Олимпиадаға қатысудың қорытындылары туралы ақпарат мынадай Ғаламтор-ресурстарына орналастырылады:



  • www.kokshefacademy.kz «Көкше» академиясының сайтында

  • www.akmoedu.kz Ақмола облысы білім басқармасының сайтында

  • www.kokshetau.akmoedu.kz Көкшетау қаласы білім басқармасының сайтында


9. Олимпиаданың қорытындыларын шығару, марапаттау

1 орын алған қатысушылар жеңімпаз; 2 және 3 орынға ие болған қатысушылар – лауреаттар болып табылады. Қатысу сертификаттары Олимпиаданың барлық қатысушыларына табысталады.


Байланысулар:

«Көкше» академиясы, Көкшетау қ., Капцевич көшесі, 247, әлеуметтік-экономикалық департамент, № 315 бөлме

тел. 8 (7162) 32-95-40, ұялы тел. 8-701-477-90-65, 8-702-307-00-28

gulya_1363@mail.ru, maul_yulya@mail.ru

www.kokshefacademy.kz


Олимпиаданың жетекшісі:

Гүлмира Олжабекқызы Әбішева, «Туризм» мамандығы бойынша жауапты, PhD докторы, доцент


Жалпы әдістемелік басшылық:

Юлия Михайловна Мауль, «Туризм» мамандығының аға оқытушысы



1 қосымша.
2013-2014 оқу жылында өлкетануға байланысты өткізілетін олимпиадаға қатысуға өтінім


Білім беру мекемесінің атауы (лицензия бойынша)




ББМ олимпиадаға қатысатын оқушы

(тегі мен аты толығымен, сыныбы, жасы)




Оқушының байланысу мәліметтері

(мекенжайы, үй телефоны, ұялы телефоны, e-mail)





Жеке басын куәландыратын құжат (туу туралы куәлігі немесе паспорты)






Жас ерекшелік тобы

(белгілеу қажет)



9-11сынып

3-4 курс

Білім беру мекемесінің ұстазы – оқушының жетекшісі (кураторы)

(Т.А.Ә.А толығымен, қызметі)






Білім беру мекемесі ұстазының – олимпиадаға қатысушы кураторының байланысу мәліметтері

(үй телефоны, ұялы телефоны,

e-mail)







Өтінімді берген күні: «______»_____________20___ ж.
Өтінімді алған күні: «______»_____________20___ ж. ________________________

олимпиада жетекшісінің қолы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет