12-бап. Бiлiм беру органдарының құзыретi
Бiлiм беру органдары өз құзыретi шегiнде:
1) арнаулы бiлiм беру ұйымдарының және ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарының, сондай-ақ бала құқығын қорғау жөнiндегi мiндеттердi жүзеге асыратын өзге де ұйымдар жүйесiн дамыту жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
2) кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыруға қатысады;
3) дәлелсiз себептермен жалпы бiлiм беретiн оқу орындарына бармайтын кәмелетке толмағандарды анықтайды және есепке алады, олармен және олардың ата-аналарымен немесе заңды өкiлдерiмен жеке профилактикасы шаралары жүргiзедi;
4) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мiнез-құлқын қалыптастыруға, олардың бойына имандылық пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн дарытуға бағытталған бағдарламалар мен әдiстемелердi әзiрлеп, бiлiм беру ұйымдарының жұмыс тәжiрибесiне енгiзедi;
5) дамуында немесе мiнез-құлқында ауытқушылықтары бар кәмелетке толмағандарды анықтайтын психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияларды құрады, олардың кешендi түрде тексерiлуiн жүргiзедi және оларды одан әрi оқыту және тәрбиелеу нысандарын анықтау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
6) девиантты мiнез-құлықты кәмелетке толмағандарды, тұрмысы қолайсыз отбасыларын анықтауға, оларды iшкi iстер органдарында есепке алуға және олармен жеке профилактикасы шаралары жүргiзуге қатысады;
7) жалпы бiлiм беретiн оқу орындарында қол жетерлiк спорт секцияларын, техникалық және өзге де үйiрмелер, клубтар ұйымдастыруды қамтамасыз етедi және оларға кәмелетке толмағандарды тартады;
7-1) пробация қызметі әзірлеген әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандарға орта білім алуға көмек көрсетеді;
8) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |