Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі №1058 Қаулысы «Ішкі су көлігі туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1058 Қаулысы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 1058 қаулысымен
бекiтiлген
Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су мен «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемені, сондай-ақ шағын көлемді кемені және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өздігінен жүретін шағын көлемді кеме – механикалық қондырғы қозғалысқа келтіретін шағын көлемді, сондай-ақ желкенді кеме;
2) өздігінен жүрмейтін шағын көлемді кеме – өздігінен жүру үшін механикалық қозғалысы жоқ шағын көлемді кеме.
3. Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені) үшін, сондай-ақ кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4-1. Шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені және шағын көлемді кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады.
Ескерту. Қағида 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу 5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде жолаушы, жүк-жолаушылар, мұнай құйылатын, сүйреткіш кемелер, құрғақ жүк кемелері, қалқымалы крандар және техникалық флот кемелері, сондай-ақ шағын көлемді кемелер болып табылмайтын кемелер тіркеледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп уақытша жүзуге құқық берілген, қазақстандық тұлға экипажсыз (бербоут-чартер) жалға алған шетел кемесі Жалға алынған шетел кемелері тізілімінде мемлекеттің кемелерді негізгі тіркеу тізілімінде оның тіркелуі тоқтатыла тұрғаннан кейін тіркеледі.
7. Шетел мемлекеті кемелері тізілімінде тіркелген кеме Мемлекеттік кеме тізілімінде меншік иесінің шетел мемлекеті кемелер тізілімінен шығарылғандығы туралы үзінді ұсынғаннан кейін ғана тіркеледі.
8. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.13 № 1587 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
9. Кемені Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізіліміне енгізу осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес Кеме куәлігін берумен куәландырылады, ол кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын және кемеге меншік құқығын растайды.
Кемені Жалға алынған шетел кемелері тізіліміне енгізу осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік берумен куәландырылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.13 № 1587 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
10. Кемелерді мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) осы Қағидаға сәйкес кемелерді мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды қабылдау, оларды алу кезінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) лауазымды тұлғасы кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазу енгізеді. Ұсынылатын құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмеген кезде өтініш берушіден құжаттар қабылдаудан бас тартылады. Өтініш берушінің талабы бойынша оған құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша растама беріледі;
2) осы кемеге мәлімделетін құқықтар мен тіркеліп қойған құқықтар арасында қайшылықтардың, сондай-ақ мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшiн негiздiң болмауын анықтау;
3) көрсетілген қайшылықтар мен мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін басқа да негіздер болмаған кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізіліміне, Жалға алынған шетел кемелері тізіліміне жазулар енгізу;
4) мемлекеттік тiркеудi растайтын құжаттарды беру.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді- ҚР Үкіметінің 2012.12.13 № 1587 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
11. Тұлға кеменi сатып алған күннен бастап отыз күн iшiнде кемені мемлекеттік тіркеуге өтініш береді.
12. Шет мемлекеттiң кеме тiзiлiмiнде тiркелген кеме Заңның 24-бабының 11-тармағына сәйкес мұндай кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде жалға алынған шетел кемелерi тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеуге жатады.
13. Шетел кемелеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімін алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар тапсырылады:
1) кемені жалға алушыдан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беруге рұқсат алуға өтініш;
2) атын және мекенжайын не жалға беру шарты бойынша қазақстанды жалға берушінің атауы мен орналасқан орнын растайтын құжат;
3) экипажсыз (бербоут-чартер) кеме жалдау шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) шетел мемлекетінің құзыретті билік орындары берген құжат, онда кеме туы ауыстырылғанға дейін тікелей тіркелген және осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығының тоқтатылғанын растайтын, сондай-ақ кемеге ипотекамен ауыртпалық салынғаны туралы мәліметтерді қамтиды;
5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге кемені ауыстыруға кеменің тіркелген ипотекасына кеме иесінің және салық ұстаушының жазбаша рұқсаты;
6) өлшеу куәлігі («өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелер үшін);
7) сыныптау куәлігі.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді- ҚР Үкіметінің 2012.12.13 № 1587 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
14. Ұсынылған өтінішті қарау оның келіп түскен сәтінен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге құқығын уақытша беруге рұқсат беріледі немесе мынадай жағдайларда одан:
1) осы Қағиданың 13-тармағында көрсетілген құжаттарды толық ұсынбаса;
2) егер берілген құжаттар осы Қағиданың 19-тармағының және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе бас тартылады.
15. Кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар:
1) «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін және өзге де құжаттар;
2) сыныптау куәлігі;
3) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат қоса берілуі тиіс.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
16. Кемені жалға алынған шетелдік кемелер тізіліміне мемлекеттік тіркеу үшін кеменi жалға алушының кеменi мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшiне осы Қағиданың 15-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, қосымша мынадай құжаттар беріледі:
1) кеменің жалдау шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге ауыстыру ауыртпалығы немесе тіркелген кеме ипотеканың кепілзат ұстаушысының және меншік иесінің жазбаша рұқсаты;
3) қазақстандық кемені жалға алушының кеме атауын және тұратын орнын не жалдау шарты бойынша атауын және орналасқан жерін растайтын құжат;
4) шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы және осы кеменің атауын белгілеу туралы уәкілетті органның шешімі;
5) кеме ту ауыстырылғанға дейін тікелей тіркелген және осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығы кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын беру мерзіміне тоқтатылғанын растайтын шетел мемлекетінің құзыретті биліктері берген құжат.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
17. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.13 № 1587 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
18. Кемелерді және оларға құқықтарды Мемлекеттік кеме тізілімінде, жалға берілген шетел кемелері тізілімінде мемлекеттік тіркеу кезінде оларға тиісті тіркеу нөмірлерін бере отырып, осы Қағиданың 9-тармағында көрсетілген құжаттар беріледі.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.13 № 1587 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
19. Кемелерді мемлекеттік тіркеуге берілетін құжаттарға қойылатын талаптар:
1) құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады;
2) ресми шетелдік құжаттар, егер Қазақстан Республикасы заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгесі көзделмесе, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде заңдастырылады.
Егер, ұсынатын құжаттар шет тілінде жасалған жағдайда, оларға мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі;
3) құжаттардың мәтіндері анық, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелері – қысқартусыз жазылған болуы тиіс;
4) тазаланған немесе үстінен жазылған, сызылған сөздер мен оларда ескертілмеген өзге де түзетулер, қарындашпен толтырылған құжаттар, сондай-ақ оларды біржақты түсіндіруге мүмкіндік бермейтін бүлінген жерлері бар құжаттар мемлекеттік тіркеуге қабылдауға жатпайды;
5) тіркеуге қажетті барлық құжаттар көшірмелері бар түпнұсқада беріледі. Құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырылғаннан кейін тұтынушыға қайтарылады. Құжаттардың түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмелер ұсынылады.
20. Кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ Кеме куәлігінің телнұсқасын беру өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
21. Кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуден, егер мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда бас тартылады.
Бас тарту туралы кемені мемлекеттік тіркеуге ұсынған кеме иесіне бас тарту негіздемесін көрсете отырып, өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарланады.
22. Кеменің мемлекеттік тіркеу орны кемені мемлекеттік тіркеу аумақтық бөлімшесіне және кеменің мемлекеттік тіркеу жаңа орнының аумақтық бөлімшесіне жіберілетін кеме иесінің өтініші (еркін түрде) негізінде өзгереді.
23. Кеменің мемлекеттік тіркеу орнын өзгерту кезінде кеменің мемлекеттік тіркеудің бұрынғы орнының аумақтық бөлімшесі кеменің мемлекеттік тіркеудің жаңа орнының аумақтық бөлімшесіне кеме ісін береді, бұл туралы Мемлекеттік кеме тізіліміне тиісті жазба енгізіледі. Кеменің мемлекеттік тіркеу орнын алдағы уақытта өзгерту туралы кеме иесі тіркелген ипотеканың немесе кеменің өзге де ауыртпалықтарының кепіл ұстаушысын хабардар етеді.
24. Кеме ісін алған аумақтық бөлімше жаңа реттік тіркеу нөмірін береді және Мемлекеттік кеме тізілімінің бұрынғы орнында жүргізілген, осы Қағидаға сәйкес кеменің мемлекеттік тізілімінің жаңа орнында жүргізілген Мемлекеттік кеме тізілімінде қамтылған барлық мәліметтерді енгізеді.
Кеменің мемлекеттік тіркеу жаңа орнының аумақтық бөлімшесі мемлекеттік тіркеудің бұрынғы орнының аумақтық бөлімшесіне кемені тіркеу рәсімі аяқталғаны туралы хабарлайды. Осы хабарламаны алған кеменің мемлекеттік тіркеудің бұрынғы орнының аумақтық бөлімшесі мемлекеттік тіркеудің жаңа орнын және кеменің тәртіптік тіркеу нөмірін көрсете отырып, Мемлекеттік кеме тізіліміне жазба енгізеді.
25. Егер оқиға немесе басқа себептермен кеме бұрын Мемлекеттік кеме тізіліміне енгізілген мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда кемені мемлекеттік қайта тіркеу жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының меншігіндегі және мемлекеттік органдардың өздеріне жүктелген функцияларды орындау үшін кемені коммерциялық мақсаттарда пайдалану кемені қайта тіркеу үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.13 № 1587 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
26. Кемені мемлекеттік қайта тіркеуді ресімдеу үшін аумақтық бөлімшеге осы Қағиданың 15-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса, осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кемені мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтініш беру қажет.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
27. Кемелерді мемлекеттік қайта тіркеп, жаңа Кеме куәлігін беру өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
28. Кеме ипотекасын аумақтық бөлімше кеме тіркелген сол тізілімде тіркейді.
29. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.12.13 № 1587 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
30. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы уақытша берілген шетел кемесінің ипотекасы Заңның 24-бабы 7 және 11-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелмейді.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.13 № 1587 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
31. Кеме ипотекасы кемеге меншік құқығы мемлекеттік тіркелгеннен кейін кепіл берушінің өтініші негізінде тіркеледі.
Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы өтініште мыналар көрсетіледі:
1) кемені сәйкестендіретін (кеменің атауы, тіркеу нөмірі, тіркеу орны, тіркелім нөмірі, типі және класы, кеме тоннажы);
2) ипотека кепіл берушінің аты мен мекенжайы;
3) ипотеканың кепіл ұстаушысының аты және мекенжайы немесе оның ұсынушыға белгіленгені туралы мәліметтер;
4) ипотекамен қамтамасыз етілген міндеттемелердің ең жоғарғы мөлшері ипотека әрбір кемемен жекеше ол туралы тараптардың келісімі болса екі немесе одан көп кемелер көлемін белгілеу кезінде;
5) кеме ипотекасының аяқталу күні.
Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке осындай шартта көрсетілгендермен кеменің ипотекасы туралы шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі қоса беріледі.
Кеменің ипотекасы мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берілген күні тіркеледі.
Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттар осы Қағиданың 19-тармағының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.13 № 1587 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
32. Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер кіріс құжаттарын есепке алу кітабына және осы кеме тіркелген тиісті тізілімге енгізіледі.
Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу кезінде ол туралы кеме құжаттарына қандай да бір жазбалар енгізу талап етілмейді.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.13 № 1587 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
33. Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берілуімен өтініш берген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде куәландырылады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.13 № 1587 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
34. Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кеме ипотекасы шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақтарды қоса беру жолымен осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес мерзімде жүзеге асырылады.
Кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақта кеме ипотекасы туралы шартқа қосымша келісім нөмірі және жасалған күні, сондай-ақ кеме ипотекасы туралы шартқа енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулардың мәні көрсетіледі.
Кепіл беруші және (немесе) борышкер ауысқан кезде, егер борышкер кеме ипотекасының шарты бойынша кепілзат беруші болып табылмаса, Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақта жаңа кепіл берушінің және (немесе) борышкердің деректері (атауы) және тұрғылықты жері көрсетілуі, сондай-ақ жаңа кепіл берушінің қолы болуы тиіс.
Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақты аумақтық бөлімше кепіл берушінің өтініші негізінде өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде береді.
Өтінішке кеменің ипотекасы туралы шартқа қосымша келісімнің түпнұсқасы не оның нотариатта куәландырылған көшірмесі беріледі.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.13 № 1587 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
34-1. Кеменің кепіл берушісі Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда аумақтық бөлімше кепіл берушінің өтініші бойынша Куәліктің телнұсқасын өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні iшiнде береді.
Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру туралы өтініште осы Қағиданың 31-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіледі. Өтінішке Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын бергені үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.
Ескерту. Қағида 34-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
34-2. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негіздер бойынша кеме ипотекасы тоқтатылған кезде аумақтық бөлімше Мемлекеттік кеме тізіліміне кеме ипотекасының тоқтатылуы туралы жазба енгізеді.
Ескерту. Қағида 34-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
35. Кеменің иесі Кеме куәлігін жоғалтқан жағдайда аумақтық бөлімше кеме иесінің өтініші бойынша оған көрсетілген куәліктің телнұсқасын береді.
36. Кеме куәлiгiнiң телнұсқасын беру мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
1) осы Қағидаға сәйкес Кеме куәлiгiнiң телнұсқасын беру үшiн қажеттi құжаттарды қабылдау, оларды алған кезде аумақтық бөлімшенің лауазымды тұлғасы кiрiс құжаттарын есепке алу кiтабына тиiстi жазба енгiзедi. Ұсынылатын құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмеген кезде өтiнiш берушiге құжаттар қабылдаудан бас тартылады. Өтiнiш берушiнiң талабы бойынша оған құжаттарды қабылдаудан бас тартуды жазбаша дәлелді растама беріледі;
2) осы кемеге мәлiмделiп отырған құқықтар мен тiркелiп қойған құқықтар арасындағы қайшылықтардың, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеуден бас тарту немесе тоқтата тұру үшiн негiздiң болмауын анықтау;
3) көрсетiлген қайшылықтар және кеме куәлiгiнiң телнұсқасын беру үшiн басқа да негiздер болмаған кезде Кеме куәлiгiнiң телнұсқасын беру туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне жазбалар енгiзу.
37. Кеме куәлігінің телнұсқасын беру туралы өтініш осы Қағиданы 15-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, кеме тізілімінің сауалнамасын қамтиды.
38. Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркелген кемені жалдау шарты бойынша шетелдік жалға алушыға беру кезінде пайдалануға және иеленуге мұндай кеме уәкілетті органның шешімі негізінде шет мемлекеттің туын көтеруге уақытша ауыстырылады.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.13 № 1587 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
39. Кемені шет мемлекеттің туын уақытша көтеруге көшіру туралы шешімді кеме иесінің немесе тиісті түрде ресімделген сенімхаты бар тұлғаның мынадай құжаттарды қоса бере отырып, кемені мемлекеттік тіркеу орны бойынша аумақтық бөлімшенің атына жіберілген өтініші негізінде уәкілетті орган қабылдайды:
1) ипотеканы кепiл ұстаушының кеменi шет мемлекеттiң туын көтеруге көшiруге жазбаша келiciмi (белгiленген тәртiппен белгiленген және тiркелген кеме ипотекасын ұстаушыларды алдын ала қанағаттандыру болмаған кезде);
2) жалдаушы мемлекеттiң құзыреттi органдарының немесе кеме туын көтеруге көшiрiлетiн өзге де шет мемлекеттiң белгiленген тәртiппен куәландырылған, сол мемлекеттiң заңнамасында Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде тiркелген кемеге осындай мемлекеттiң туын көтерiп жүзу құқығын беруге тыйым салатын ережелердiң жоқтығын және кемеге осындай мемлекеттiң туын көтерiп жүзу құқығының берiлу мерзiмi өткен соң кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзуге қайтарылатынын растайтын құжаты;
3) шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзу құқығының берiлуiн немесе бұл құқықтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығының тоқтата тұру сәтiнде берiлетiндiгiн растайтын құжат;
4) жалға алу шарты.
Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.13 № 1587 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
40. Бас тартуға негiздер болмаған кезде осы Қағиданың 21-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығының тоқтатыла тұрған күнi, кеменi шет мемлекеттің туын көтеруге көшiруге рұқсат етiлген мерзiм, кемеге туын көтерiп жүзуiне рұқсат етiлген мемлекеттiң атауы, жалға алу шарты бойынша шетелдiк кеме жалдаушының аты мен мекенжайы көрсетiледi.
41. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығын тоқтата тұру күнi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне тиiстi белгi енгiзiлген күн болып есептеледi. Кеме куәлiгiне белгiлер енгiзу өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
42. Кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығы тоқтатыла тұрған мерзiм iшiнде оның бортында осы құқықтың тоқтатыла тұрғандығы туралы белгi қойылған кеме куәлiгi болуы тиiс.
43. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығы тоқтатыла тұрған мерзiм iшiнде кемеге құқықтарды, шектеулердi (ауыртпалықтарды) осы Қағидаға сәйкес Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне тiркеудi жүргiзу жалғастырылады.
44. Кеменi жалға алу шартының қолданысы тоқтаған немесе уәкiлеттi органның рұқсатында көрсетiлген мерзiм өткен кезде Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне кеме иесiнiң өтiнiшi негiзiнде тиiстi жазба енгiзiледi және осы Қағидада белгiленген тәртiппен жаңа кеме куәлiгi берiледi.
45. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сатып алынған кеме Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі осындай құқықты растайтын және кеме Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркелгенге дейiн, бiрақ бiр жылдан аспайтын уақытқа жарамды кеменiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығы туралы уақытша куәлiк (бұдан әрi – уақытша куәлiк) осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес берген сәттен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығын пайдаланады.
46. Уақытша куәлiктi Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі құқық иесiнiң мынадай құжаттарды қоса берген өтiнiшi негiзiнде бередi:
1) кемеге меншiк құқығын растайтын құжат;
2) кеменi бұған дейiн тiркеген мемлекеттiң құзыретті билiк орындары берген (eгep мұндай жағдай өтiнiш берiлгенге дейiн орын алған болса) кеменiң бұл мемлекеттiң тiзiлiмiнен шығарылғанын және ипотека ауыртпалығы жоқтығын куәландыратын құжат;
3) өлшем куәлiгі («өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелер үшін);
4) сыныптау куәлiгi;
5) жолаушылар куәлiгi (жолаушылар кемелерi үшiн).
47. Уақытша куәлiк беру туралы өтiнiш берген кезде жеке тұлға оның жеке басын растайтын құжатты, ал заңды тұлғаның өкiлi - заңды тұлғаның құрылтайшы құжаттарын немесе олардың нотариалды расталған көшірмелерін, сондай-ақ заңды тұлғаның атынан әрекет ету өкiлеттiгiн растайтын құжатты ұсынады.
48. Осы Қағиданың 46-тармағында көрсетілген құжаттарды алған кезде Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемесінің консулдық лауазымды тұлғасы құжаттарды есепке алу кітабына тиісті жазба енгізеді. Уақытша куәлік бергені туралы әрбір жазба тіркеу нөмірімен сәйкестендіріледі. Мұндай нөмір құжаттарды қабылдаған кезде беріледі және қабылдаған құжаттардың кіріс нөміріне сәйкес келеді. Ұсынылған құжаттарды тексергеннен кейін Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемесі уақытша куәлік береді. Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемесі берілген уақытша куәлік туралы он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға уақытша куәліктің көшірмесін қоса бере отырып, хабар жібереді.
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.13 № 1587 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
49. Қазақстан Республикасынан тыс жерден сатып алынған кеменi Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне тiркеу болжанып отырған тiркеу орны бойынша аумақтық бөлімшеге кеменi мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш ұсыну бойынша осы Қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.
50. Мемлекеттік кеме тізілімін, Жалға алынған шетелдік кемелердің тізілімін жүргізуді аумақтық бөлімшелер қағаз және электронды тасымалдағыштарда жүзеге асырады.
Осы тізілімдердің нысандарын уәкілетті орган белгілейді.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.13 № 1587 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
51. Аумақтық бөлімше Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен:
1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;
2) конструкциялық жағынан күйреген;
3) қайта жасау немесе кез келген басқа өзгерiстер нәтижесiнде кеме сапасын жоғалтқан;
4) Заңның 24-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған кеменi шығарады.
52. Зақымдалған кеме, егер:
1) кеме тұрған орнында да, ол жеткізілуі мүмкін кез келген басқа орында да қалпына келтіріле алмаса;
2) кемені жөндеу экономикалық жағынан орынсыз болса конструкциялық жағынан күйреген деп саналады.
53. Осы Қағиданың 51-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен шығаруды аумақтық бөлімше кеменің меншiк иесiнiң өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi. Өтiнiшке онда баяндалған фактiлердi растайтын құжаттар, сондай-ақ кемені мемлекеттік тіркеу кезінде берілген куәліктер қоса беріледі.
Заңның 24-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған кемені Мемлекеттік кеме тізілімінен шығаруды аумақтық бөлімше құқық белгілеу құжаттары қоса берілген, кеменің меншік иесінің өтініші негізінде (келісім тараптары) жүргізеді.
Ескерту. 53-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1380 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
54. Мемлекеттік кеме тізілімінде кеме тіркелген аумақтық бөлімше өз мүдделерін қорғауға тиісті шаралар қолдануы үшін кепіл ұстаушыға кеменің осы тізілімнен алдағы уақытта шығарылатыны туралы хабарлама жібереді. Олардың келісімі алынбаған кезде кеме кепіл ұстаушыға хабардар еткеннен кейін үш ай өткен соң осы тізілімнен шығарылады.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.13 № 1587 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
55. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінен алып тастау, егер барлық тіркелген кеме ипотекасы алдын ала қанағаттандырылған немесе барлық кепіл берушіден жазбаша келісім алынған жағдайда ғана жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті органы шетелдік азаматқа немесе шетелдік заңды тұлғаға кемені мәжбүрлі түрде сатқан кезде Мемлекеттік кеме тізілімінен шығару көрсетілген орган кеменің сатылғанын және сатып алушының өзіне қабылдап алғандарынан басқаларын қоспағанда, ешқандай ипотекалармен ауыртпалық салынбағанын куәландыратын құжаттарды ұсынған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Осы Қағиданың 50, 51, 52-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кемені тиісті тізілімнен шығару өтініш берген күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Аумақтық бөлімше тиісті тізілімнен шығарылу туралы жазба енгізеді және Кемені мемлекеттік кеме тізілімінен шығарылғаны туралы куәлікті осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес береді.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.13 № 1587 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
56. Жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнен кеменi экипажсыз (бербоут-чартер) жалдау шарты бойынша қазақстандық жалға алушыға пайдалануға және иелiк етуге берiлген шетел кемесi мынадай жағдайда:
1) кеменi жалға алу шартының (бербоут-чартердiң) қолданысы тоқтағанда;
2) кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге уақытша құқық беру мерзiмi аяқталғанда;
3) кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзуге уақытша құқық беру туралы уәкiлеттi орган шешiмiнiң күшi жойылғанда шығарылады.
Жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiнде тiркелген шетел кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзуге уақытша құқық беру мерзiмi өткенге дейiн бiр ай бұрын аумақтық бөлімше қазақстандық жалға алушыға тиiстi хабарлама жiбередi.
Қазақстандық жалға алушы кеме Жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмiне енгiзiлген аумақтық бөлімшеге тиiстi куәлiктi қайтарады.
57. Кемелерге тiркеу нөмiрлерiн беру төменде санамаланған литерлерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады:
1) Жоғары Ертiс бассейнiне – «Ер»;
2) Орал бассейнiне – «Ж»;
3) Iле бассейнiне – «Іл»;
4) Балқаш бассейнiне – «Б»;
5) Есiл бассейнiне – «Ес»;
6) Сырдария бассейнiне – «С»;
7) Орталық бассейнге (Қазақстан Республикасының басқа су қоймалары) – «Ор».
Жалға алынған шетелдiк кемелердiң тiзiлiмiне енгiзiлген кеменiң тiркеу нөмiрiне «А» әрпi қосылады.
58. Кеменiң тiркеу орнын белгiлеу мақсатында нақты бассейн үшiн белгiленген әрiптiк литерге цифрлық литер де қосылады:
1) Өскемен учаскесi – «Ер-1»;
2) Семей учаскесi – «Ер-2»;
3) Павлодар учаскесi – «Ер-3»;
4) Орал учаскесi – «Ж-1»;
5) Атырау учаскесi – «Ж-2»;
6) Астана қаласы учаскесi – «Ес-1»;
7) Петропавл учаскесi – «Ес-2»;
8) Қарағанды учаскесi – «Ор-1»;
9) Қостанай учаскесi – «Ор-2».
59. Кемелерге берiлген тiркеу нөмiрлерi мен олардың литерлiк белгiлеулерi (әрiптiк және цифрлік) кеменiң алдыңғы жағының екi бортына оның атауынан жоғары жазылады. Бұл ретте кеменiң атауы жазбасы өзінің өлшемдерi бойынша оның тiркеу нөмiрi мен литерлiк белгiлеуiнен iрiлеу болуға тиiс.
Кеменiң алдыңғы жағында басқа жазбаларға рұқсат етiлмейдi.