Кенжебаева Сәуле Бахтиярқызы Атырау қаласы №4 облыстық мектеп-интернаты



Дата09.06.2016
өлшемі147.42 Kb.
#126023
Кенжебаева Сәуле Бахтиярқызы

Атырау қаласы

4 облыстық мектеп-интернаты



Кітапхана меңгерушісі
«Бердібек Соқпақбаев – балалар әдебиетінің атасы»

(конференция)

Мақсаты: қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. Ойлау қабілеттерін, көркем жеткізе білу дағдыларын дамыиу. Елжандылыққа тәрбиелеу.

Түрі: оқырмандар конференциясы.

Жоспар.

Кіріспе сөз



1.«Кітап – ой-сананың қозғаушы күші»

2. «Жазушы келбеті» (Б. Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығынан әңгіме-шолу)

3.«Көркем шығарма ізімен» (пікір алмасу)

а) Көрініс: «Қожаның Дәулетпен танысуы»

б) «Менің атым Қожа» көркем фильмінен үзінді көрсету.

Қорытынды.



«Кітап – ой-сананың қозғаушы күші»

Кітап – адам баласының ақыл-ойынан туған байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал. Кітап – біздің ақылшымыз, сырласымыз, досымыз. Кітапты оқи білу, түсіну, есте сақтау қабілеттерін арттырады. Ғасыр көші ілгері жылжып, тарих беттері қалыңдығымен адамзаттың кітапқа деген құрметі, пейіл-ықыласы ортаймаса керек. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге», - деген Абай атамыз «кітап» атты құдіреттің ғажайып күшін бойына жинап, өмірлік азық етпеп пе еді?! Бүгінгі күні теледидар, компьютер, интернет үлкен рольге ие болып отырған уақытта кітап оқудың сиреп бара жатқаны ащы да болса шындық.Сондықтан, кітапты насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін пайдаланып, оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру бағытында жұмыс жүргіземіз. Соның бірі – балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған «Әдебиетке балалықты әкелген» атты оқырмандар конференциясы.Енді осы конференциямызды бастайық.



«Жазушы келбеті»

Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығынан әңгіме-шолу.

Балаларға арнап шығарма жазу, сол арқылы кішкентай оқырманның құрметіне бөлену үлкен таланттылықты қажет етеді. Міне, біздің қазақ балалар әдебиеті де осындай таланттарға кенде емес. Біз Ыбырай атамыздан бастап Мұзафар Әлімбаев, Сапағали Бегалин, Сейтжан Омаров, Кастек Баянбай, Сәкен Жүнісов, Мұқан Иманжанов, Мұхтар Мағауин, Тұманбай Молдағалиев, Сайын Мұратбеков, Қадыр Мырза Әли т.б. көптеген балалар жазушыларын білеміз. Солардың ішінде шоқтығы биік, бірегей таланттардың бірі – Бердіьек Соқпақбаев аталарың болатын. Оның шығармаларын оқыған кез келген бала өмірбаянымен де танымып шығады. Себебі жазушының шығармаларының басты кейіпкері өзі болып табылады. Балалық шағына деген сағынышын өз шығармаларына арқау еткен.

Белгілі жазушы Б.Соқпақбаев 1924 ж. 13 қазанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы (қазіргі Райымбек ауданы) Қостөбе ауылында дүниеге келген. Осы жерде мектеп бітірген. 1949 ж. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітіріп, туған ауылында мұғалім болып қызмет етті.

1952-1970 жылдар аралығында «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызметтер атқарды.

Өзінің шығармашылық өмір жолын балалрға арнап өлең жазудан бастаған ол кейін прозалық шығармалары арқылы балалардың сүйікті жазушысына айналды. Сондай-ақ балаларға арналған бірнеше киноға сценарий, пьесалар жазды.

Б.Соқпақбаевтың таланты ертерек танылды. 14-15 жасында-ақ ел аузына іліге бастады. Алғашқы кітабы 1950 жылы «Пионер» журналында «Бұлақ» атты өлеңдер жинағымен жарық көрді. Кейін қасым Аманжолов «Қаламыңды енді прозадан сынап көрші» деп жанашырлықпен жол көрсеткен. Содан кейін жазушылыққа шыңдап ден қойып, «Бақыт жолы» (1952), «Алыстағы ауылда» (1953), «Балалық шаққа саяхат» (1965), «Дала жұлдызы» (1963), «Аяжан» (1965), «Жолда» (1955), «Менің атым қожа» (1957), «Өлгендер қайтып келмейді» (1-томы, 1967, 2-томы, 1974ж.), «Қайдасың, Гауһар?» (1966) т.б. шығармаларын дүниеге әкелді. Жазушының көзі тірісінде 20-дан астам кітабы жарық көрді.

Бұл шығармаларының ішіндегі «Қайдасың, Гауһар?» өз отбасына арналған шығарма. Осы тақырыпта, үнемі қамауда қалатыг кішкентай Самалдың құлыпты ошақтағы күлдің ішіне тығып тастағаны жайлы – «Құлып» деген әңгімесі жарық көрді. Тағы бірде кинотеатрдан «Антон мен Кнопка»деген австриялық фильмді көрген. Фильмде Антон – кедейдің баласы, Кнопка байдың қызы. Кнопка Антон екеуміз бірдей болумыз керек деп киімдерін тесіп, сандалын кесіп тастайды, мұны көрген Самал үйге келген соң аяқ киімін кесіп тастайды. Аңғарымпаз жазушы осы оқиғаны арқау етіп «Сандал» деген әңгімесін жазады.

Жазушылықты бар ғұмырының өзегі деп санаған Б.Соқпақбаевтың шығармашылық жолы да қиыншылықпен, кедергіге толы болды. Жазушының соңғы жазғаны «Өлгендер қайтып келмейді» романы. Бұл кітабының басылып шыққанына қатты қуана қойған жоқ. «Қара бояудың қалың жаққансың» деп көп жерін, тұздығы татиды-ау деген нағыз «дәмді» жерлерін сызды да тастады» деп күйіне, қажып айтып жүрген.

Өмірден ойып алынған шындықты ғана жазғаны үшін жоғарғы жаққа жақпады, шетқақпайлыққа ұшырады. Сөйтіп Бердібек атамыз нағыз кемеліне келген, жазар шағында жазуды қойыпты.

Жазушы шығармаларының ішіндегі бала жүрегіне жол тапқан үздік туындысы «Менің атым Қожа» повеі болды. Бұл – қарапайым тілмен жазылған, шындықтан туындаған шығарма. «Өтірік ештеңе қоспаймын» деп уәде берген автор уәдесін орындайды да, повесте жазушы балаларға бала болып бар сырын ашады. Өзінің бар болмысын, жамандығын да жақсылығын да жасырмай жазады. Сол жасырмай жазуының арқасында оқырманның ыстық ықыласына бөленеді.

Жазушы бұл кітабын шығарарда өз елінен алғашқыда қолдау таба алмады. «Кеңестік тәрбиеге қайшы. Біздің оқушылар Қожаның сотқар қылығына еліктеп, тәрбиеден аттап кетеді. Мұғалімнің сөмкесіне бақа салған оқушы ертең қандай азамат болады?» деген пиғылдағы әңгімелер желдей есті. Сосын оны естіген орындаушылар жазушының кітабын басудан бас тартқан. Бірақ оған мойымаған Б.Соқпақбаев шығармасын Москвадан шығатын «Детская литература» баспасына апарып береді. Сөйтіп бірінші «Менің атым Қожа» кітабы орыс тілінде басылып шықты. Қазақтың қожасы оқырман қауымының қызығушылығын туғызды. Одан кейін екінші болып француздар өз тілдеріне аударды. Бірден 30 шақты тілге аударылып шартарапқа жайылды.

Содан кейін ғана өз елі Б.Соқпақбаевты мойындады. Повесть 1957 жылы жарық көріп, жазушыны бірден оқырманына танытты. 1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясы осы повесть бойынша сценарий жазып, көркемфильм етіп шығарды. Қазақ киносында соны соқпақ салған режиссердің бірі Абдолла Қарсақбаев сияқты екі ірі тұлғаның ортақ шығармашылығы Францияның Канн қаласында өткен халықаралық кинофестивальда арнайы сыйлыққа ие болды. Фильмде Қожа ролінде басты кейіпкер Нұрлан Сегізбаев ойнадым, - дейді. Ол да өмір жолын әуелі мұғалім болып бастап, кейін кітап жазған, қазір әл-Фараби атындағы КазҰУ-да мұғалім, актер.

Сұлтанның рөлін сомдаған Сұлтан Какенов жүрек талмасынан ертерек қайтыс болып кеткен. Жантас – Ерік Құрмашовтан хабар жоқ. Жанар рөлінде Гүлнар Құрабаева. Жұмағұл қойшының баласы Дәулет – Юнус Шамусов бокстан Қазақстан құрамасының дәрігері. Ал Майқанова апайларың – Рая Мұхамедиярова, танымал актриса.

Б.Соқпақбаев атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Талғат Оразымбетұлының:

Бала жайлы шығарманың төресі,

«Менің атым Қожа» деген повесі.

Өзімізді сол повестен табамыз,

Шалқып-тасып қиялардың кемесі, - деп өзінің жүрек-жарды лебізін өлең жолдары арқылы білдірген екен. Шындығында да Қожа бейнесі біздің жүрегімізде, мәңгі жас қалпымызбен есімізде сақталады.

Енді балалар, есімі әлемге танылған Қожаның өз бейнесімен есімін талдаған монологын тыңдайық. (Оқушы орындауда).

«... Менің атым Қожа. Көріп отырсыңдар, пәлендей әйдік ат емес.

Шынымды айтсам, бұл о баста қожа емес, Қожаберген екен. Туу куәлігінің өзінде солай жазылған. Бірақ дүниеде не қилы ғажайып құбылыстар бола беретіні тәрізді, бертін келе «Қожабергеннің» құйрығы үзіліп түсіп қалыпты. Бұл құбылыстың дәл қай жылы, қай айда, қай күні болғанын тап басып ешкім айта алмайды»

Ал, балалар, сендердің бұл кітапты оқығандарыңды, ұшқыр, жылдам ойлай алатындарыңды көру үшін мынандай сұрақтар қойғалы отырмын.


  1. «Қайтсем екен деп біраз ойлап тұрдым да, тәуекел деп, ішке кезексіз кірмекші болдым... Өзге болмаса да, әуелі оқулықтарың сай болсын. Мен былай деп мақалдаған болар едім: «Қожа қандай мақал айтты?»

Жауабы: «Оқулығы сай бала – көңілі жай бала».

  1. (Оқушы сұрақ қояды)

«Мұғалімдердің алды тысқа шығып та үлгерді. Дымымды ішіме бүгіп, теректің діңіне жабысып, қаттым да қалдым. Ахметов пен Майқанова оқшауланып, бермен қарай бұрылды. Екеуі мен тұрған теректің тура түбінен өтіп бара жатыр...»

Қожа Майқанова мен мектеп директорынан өзі жөнінде қандай пікір естіді?

Жауабы: «Қадыров түбінде адам болатын бала», - дейді Майқанова.

«Оты бар», - деп қостады Ахметов».

Мына сипаттамадан шығарма кейіпкерлерін қаншалықты дұрыс тани алатындарын тексеріп көрейік.


  1. (екі оқушы жатқа оқып, қалғандары жауап береді.)

-Бұл кім?

-Мен ғой, ата

-Менің кім?

-Мен...


-Мұнда неғып отырсың?

-Педсоветке келдім.

-Онда сенің не шаруаң бар?

-Мен жөнінде мәселе қарап жатыр.

-Мәселе. Қандай мәселе? Сені мұғалім етеміз дей ме?

-Директор етейміз дейді.

Бұл кімдердің арасындағы әңгіме?

(Әкесінің көзін көрген, мектеп күзетшісі Сәйітбек қарт пен Қожаның әңгімесі).

Көрініс: «Қожаның Дәулетпен танысуы»

-Ей, атың кім сенің, - деп сұрады Сұлтан.

-Дәулет.

-Атың әдемі екен. Дәулет деген тамаша ат. Менің ағайымның аты да Дәулет.

-Дәулеті мол, дастарханы бай, алақаны кең болсын деп қойған ғой. Ей, Дәулет, біз асығып отырмыз. Сен бізге бір-бір кеседен қымыз бер.

-Апам ұрсады. Оны ауылға беріп жібереміз деген.

-Нені?

-Жүктің астындағы қымызды.



-Жұмекең өзі айтты ғой, бір-бір кесе құйып ішіндер деп. Әкел, кесе әкелші.

-Апам ұрсады...

-Ұрыспайды, біз саған ақша төлейміз. (Сұлтан қалтасынан қобыратып, бірнеше бір сомдық сарықұлақтарды суырып алды).

-Иә, төлейміз, - дедім Сұлтанды қоштап.

-Мамам кеп қалса, қайтем (Бұл Дәулеттің көнгені еді)

-Келмейді, - деп Сұлтан орнынан ұшып түрегелді.

-Қай жақтан келуші еді. Мынау, - Сұлтан мені нұсқады, - киіздің жыртығынан бақылап тұрсын. Екеуміз тездетіп құйып жіберейік.

Дәулет қолын созды.

-Әуелі ақша бер.

-Мә, деп, Сұлтекең Дәулетке бір сомды ұстата берді.

-Мынау жыртық, ескі ақша ғой.

-Ендеше мынаны ал, мә, - деп Сұлтан оның қолындағы шытырлаған су жаңа бір сомдыққа айырбастап берді. Ақшаның сиқыр күші Дәулеттің шырайын күрт өзгертті.

Сұлтекеңнің қимылына көз ілеспейді. Жүктің астындағы месті дереу суырып алып, аузын шешіп жатыр. Дәулет өрешенің ішінен кішірек кастрюльді алып шықты.

-Кәне, тос.

Сұлтекең сар еткізіп құя салды.

-Көп боп кетті! – деп шыж ете қалды.

-Ештеңе етпейді.

-Тағы бір сом бер, - деп, қолын созды.

-Не үшін.

-Сендер екі кісі емес, көп іштіңдер ғой.

-Өй, жолын болғыр, - деп кейіді Сұлтан, - біз оны ішейік деп іштік пе. Мамаң кеп қалса, сені құртады екен деп, саған жанымыз ашыған соң іштік қой. Бекер ішкен екем. Қарнымды сыздатып кетті.

-Сен, онан да бізге жейтін бірдеңе бер. Қымыз ішімізді ашыта бастады, - деді Сұлтан.

-Нан жейсіңдер ме?

-Әкеле бер. Май бар ма? Оны да әкел. Мына біреу піскен омыртқа ма? (Саудадан пайда тауып қалған Дәулет)

-Тамаққа да ақша төлеңдер, - деп, ескертті.

-Жарайды, төлейміз, - дейді Сұлтан.

-Қазір төле. (Сұлтан Дәулетке тағы бір сом берді).

-Ал кеттік, - деді Сұлтан. Дәулет менің алдымнан тосқауылдай қалды:

-Бәкінің керегі жоқ па?

-Қане, қандай бәкі, - дедім мен (ұнатпадым да басымды шайқадым).

-Белбеу керек емес пе?

-Қайсы?


-Өзің қайтесің? Шалбарың түсіп кетпей ме?

-Түспейді. Қайыспен байлап алам.

-Керегі жоқ, хош бол.

-Хош болыңдар.

-Енді балалар осы повесті барлығымыз талдап, шығарманың негізгі ойын ашайық, пікір алмасайық.

Барлығына сұрақ.



  1. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі кімдерге аранлған шығарма? («Менің атым Қожа» повесі балаларға арналған туынды.Өйткені мұнда қарапайым ауыл тіршілігі, қараша қазақ қауымының күйбеңі, ауыл балаларының мінез-құлықтары көркем де, қарапайым түрде суреттелген. Бұл шығарма шын мәніндегі өмір жолын табуға тәрбиелік үлесімен қымбат. Сонымен бірге балалық шақтың балған мезгілдерін көз алдымызға әкелетін шығарма болғандықтан, өзімізге өте жақын.)

  2. Повестің басты кейіпкері Қожа қандай бала? (Қожа ақылды тентек. Ол тентек болғанымен адамның жан дүниесін түсіне білетін бала. Менің ойымша, Қожаның тентек болуының бірінші себебі әкесінің жоқтығы.

Екіншіден, бос жүрген Сұлтанға еріп жаман әдеттерге жолығады. Ол өзін-өзі түзегісі келгенмен оны бос жүрген Сұлтан өзімен бірге ертіп алып кетіп отырады. Бірақ Қожа өз тентектеріне есеп бере білетін бала).

  1. Тағы кім толықтырады? (Қожа туралы айтар болсам, ол тентек болғанымен, ақылды, ақкөңіл. Оның іс-әрекеттері кездейсоқ жағдайлардан өрбіп отырады. Қожаның ой-қиялы бай. Адам жанын түсінбейтіндерге ол қарадай қас. Мұнысын басқалар тентек деп түсінеді. Бірақ оның бойында жақсылық жасауға ұмтылу, басқаларға көмек қолын созу сияқты жақсы қасиеттер мол).

  2. Повестегі Жанар қандай оқушы деп ойлайсыңдар? Ол Қожаға несімен ұнайды? (Жанар сыныпта үздік оқушы. Сабақты өте жақсы оқиды. Ол Қожаны ақылды тентек деп бағалайды. Және ішкі жан дүниесін түсіне біледі. Екеуі де дойбы ойнағанды ұнатады. Жанар Қожаға осы қалпымен ұнайды деп ойлаймын).

Тағы кімнің қандай ойы бар? (Жанар ол сұлу, ақылды, ән айтқанда даусы жақсы, сыныптағы үздік оқушы. Жанар Қожаға үлілігімен, ақылдылығымен ұнайды. Жанар мен Қожаның арасында балалық сезім болады. Қожа өзі өлең шығарғанда Ж.-ға арнаймын деп айтады. Бұл сөзді естіген Жанар қызарып кетеді. Бұдан біздер Қожа Жанарды жақсы көретінін түсінеміз. Жанар да Қожаның ішкі сезімін түсінеді. Қожаның тентектіктеріне кешіріммен қарай біледі. Яғни Қожаның жан дүниесін түсіне біледі деп ойлаймын).

  1. Қожаның қателіктерге ұрына беруінің себебі не, қалай ойлайсыңдар? (Қожа тентек бала, ол өзін қаншалықты түзелемін деп жолға қойғанымен, түзеле алмайды. Бұл оның әлсіздігін көрсетеді. Өзі сияқты Сұлтанға еріп біреудің бөркін, біреудің тымағын, қымызын алдап ішулері тентектік емеспе? Өзі жақсы болса қожаны ешкім келемеж етпес еді. Алған тәрбиесіне байланысты қателіктерді әдейі жасайды)

Тағы қандай себебі болуы мүмкін? (Жоқ, бұл пікірге келісе алмаймын. Қожа тентек болса да, ақылды тентек. Оның қателіктерге ұрына беруінің себебі бос не істерін білмей жүрген тентек Сұлтанға еруі. Ол барлық тентектіктерін абайсызда істейді. Кейін өкініп, қателіктерін түсініп, өзіне-өзі баға береді. Неге олай істедім деп өкінеді. Мысалы: жолдама ала алмай қалғанда Майқанова апайға тарсылдатып кіріп барғаным жөнсіз болды-ау деп ойлайды. Бұл оның өз ісіне есеп бере алатын бала екендігін көрсетеді).

  1. Жантас қандай бала? (Жантас пәлеқор, мақтаншақ өзімшіл бала. Қожаны сыныбында оқудан шығарылсын деген жалғыз сол ғана. Педкеңес, сынып оқушылары, яғни Қожаның жолдастары шешсін деп ұйғарады. Темір бастаған сынып оқушылары Қожаға сенім артып, осы мектепте қалдырылсын деп шешті. Әрине, бұл дұрыс шешім. Тек жалғыз Жантас қана мектептен шығарылсын деді. Бұл оның өзімшіл, басқаға жаны ашымайтын, қиын кезде жолдасына көмек қолын соза алмайтын, қызғаншақ, жаман бала екенін көрсетеді.

  2. Қожа Майқанованы не үшін жек көрді?

Жақсы көретін мұғалімі кім?

Қожа мен Майқанованың ерегесі, Қожаның өтірік айтып, кезексіз кітап алып шығуынан басталады. Қыркүйекте сабақ басталғанда Майқанова Қожаға «біз екеуміз таныс сияқтымыз» деп айтқанын, кекеткені деп түсінеді. Кейін, педкеңестен шыққан Майқанова мен Ахметовтың өзі туралы пікірін естігенде, өзінің қате пікірде екенін түсінеді.

Қожа орыс тілінен сабақ беретін Анфиса Михайловнаны жақсы көреді. Бірде сабаққа кешігіп мұғаліммен бірге кіреді. Балалар орындарынан тұрып құрмет көрсетіп жатты. «Бір секундқа кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім. Бұным балалардың құрметіне сыпайыгершілікпен қайтарылған жауап болды да шықты. Балалар ду күліп жіберді. Анфиса Михайлавананың қас-қабағын аңдамаққа, артыма жалт бұрылып қарап едім. Оның күлімсіреген жүзін көрдім. «Әй, Қадыров, шығармайтының жоқ-ау», - дегендей Анфиса Михайловна жымиып, басын шайқап қойды». Осы жолдардан мұғалімнің де Қожаны жақсы көретінін түсінеміз.

Қожа орыс тілінен ылғи «бестік» баға алатын.



  1. Қожа кімнің тәрбиесінде болды?

Ол мамасын Қаратайдан неге қызғанады?

Қожа жастайынан әкесінен жетім қалғасын, әжесінің тәрбиесінде болды. Ол әжесін өте жақсы көрді. Әжесіне үнемі еркелейтін.

Қожа мамасын Қаратайдан қызғанатын. Қаратай әкесінің орнын басады деп балалық сезіммен ойлады. Оның көк мотоциклін теуіп-теуіп өтіп, бар ашу-ызасын солай алатын. Қаратайды жек көрді. Оны көргенде «Үлкендерге сәлем бер, сәлем бермеу – көргенсіздіктің белгісі» деген сөзі есіне түсіп, амалсыздан сәлем беретін.


  1. Сол кездегі мектеп өмірі мен қазіргі мектеп өмірінің айырмашылығы бар ма?

Адам өміріндегі ең қызықты, ең есте қаларлық шақ – мектеп өмірі. Себебі мектептегі барлық жағдайлардың бәрі есте қалады. Оны ешкім де ұмытпайды.

Қожа кезіндегі мектеп өмірі мен қазіргі кездегі мектеп өмірінің айырмашылығына тоқталып кететін болсам, айырмашылық өте көп. Қожа өте қиыншылық кезде өмір сүрді.

Ал қазіргі мектептің өмірі мүлдем басқаша. Қожа кезіндегідей кітапты кезекке тұрып сатыр алмайсың. Оқимын деген балаға еш кедергі жоқ. Оқулықтар тегін үлестіріледі. Техникалық дамуға байланысты компьютер, телевизорлар шықты. Қазір үлкен оқу орындары, компьютерлік залдар, кітапханалар ашылды. Алайда осылардың ішінде әдеби кітаптардың алар орны ерекше. Кітаптың бізге берер рухани байлығы көп деп ойлаймын. Ол бізді сауаттылыққа, тәрбиелілікке, тіл байлығымызды дамытуға, ойлау жүйеміздің жетілуіне көп көмек береді. Сол сияқты біздің кітапханамызда әдеби кітаптар, газет, журналдар өте көп. Мен өзімнің достарымды кітап оқуға шақырамын.


  1. Қазіргі таңда әр сыныпта Қожа, Сұлтан сияқты балалар бар деп ойлайсыңдар ма?

Мен қазіргі кезде Сұлтан және Қожа секілді оқушылар бар деп ойлаймын. Себебі «бес саусақ бірдей емес» дегендей, бәр бала бірдей болмайды. Бірі тәртіпті, бірі тәртіпсіз, бірі сабақты жақсы оқиды, бірі нашар оқиды дегендей.

Мен өзім Ақжайық ауданы Тінәлі ауылында оқыған кезімде Еламан есімді бала болды. Ол қандай тентек болса да Қожа сияқты ақылды тентек болды. Сабағын да жақсы оқитын. Ал тентектіктері Қожа мен Сұлтанға ұқсайтын. Ал Бекмағамбет деген бала Сұлтанға ұқсайтын. Бірақ қазір естимін ол балалар түзеліп, жақсы балалар қатарына қосылыпты.



  1. Қожа болашақта жақсы азамат болады деп есептейсіңдер ме?

Мен Қожаны жаңалыққа жаны құмар, көпшіл, әзіл-оспаққа батыл. Бірбеткей, біреудің алдыеда беделін қорғап бүгежектемейді. Анасында көңілі бар Қаратайды жек көреді. Сұлтанның жақсы жолдас емес екенін түсінеді. Ол анасын сыйлайды. Педкеңеске анасын шақырғанда, «Байғұс мамам» деп өз ісіне қатты күйзеледі. «Әкем тірі болса, мен бұдан гөрі басқарақ болар едім», - деп қиялға беріледі, әжесіне еркелейді. Әкесінің көзін көрген Сейтбек карттың әңгімесі де Қожаға ой салады. Ол ісіне есеп бере біледі. Ол өзіне-өзі жиналыс жасап, түзелуге уәде береді. Сондықтан мен ойлаймын, Қожа болашақта жақсы азамат болады.

  1. Мүнира апай осы көп жылдық ұстаз еткен жылдарыңызға кездейсоқ шешімін таба алмай қиналған сәттеріңіз юолды ма? Бала жүрегіне жол табу үшін қандай әрекеттерге бардыңыз?

Тәжірбиелі ұстаз Мүнира Тақайқызы: Менің көп жылдық ұстаздық еңбекжолымда Қожа секілді балалар кездесті. Бір оқу жылында сыныбыма «қиын оқушы» деген мінездеме жазылған Мұхтар есімді оқушы келді. Отбасы жағдайының кикілжіңі бала жүрегіне жара салған. Міне, маған осы оқушымен көп жұмыс жасауға тура келді. Бала анасымен тіл табыса алмайды екен. Жалпы ер балалар әкеге жақын болады ғой. Мен балаға жанұядағы ана рөлінің де маңызын көрсету үшін де жұмыс істедім. Осы бағытта, ата-ана және балаларының қатысуымен «Шаңырақ сыны» атты сайыс өткіздік. Бала жүрегіне ой салды ғой деп ойлаймын. Анасымен және баламен жиі әңгімелестім. Кейіннен осы оқушым жақсы жағына бағытталды, қазір үйлі-баранды, еңбек етеді.

«Менің атым Қожа» көркем фильмінен үзінді көріністі тамашалайық.

«Бердібек атаға арнау» өлеңін тыңдайық.

Кім білмейді «Менің атым Қожаны»,

Аңғал, тентек, зейінді сол баланы.

Сан мәрте рет оқып шықтық қайтадан,

Соқпақбаев салған жолды саралы.

Балалықтың Қожа деген үлгісі,

Әр нәрсені келіп тұрар білгісі.

Таза көңіл, пейілімен баурады,

Ұнатты оны үлкені де, кішісі.

Біз де қазір сол Қожадай баламыз,

Кейде сондай тентек болып қаламыз.

Білімді боп, өнерлі боп жүрейік,

Ақ пейілді, ашық болсын санамыз.

Балалыққа саяхаттап барамыз,

Көркем әдебиетке толы кітапханамыз.

Естелігін мәңгілікке қалдырған,

Соқпақбаев дара тұлға атамыз.

Қорытынды: Артында өшпес мұралар қалдырған аса биік дарын, қазақ балалар әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаев көзі тірісіндегідей ұстаздығынан жазбай, рухани тірлігін жалғастыра беретіні хақ.

Бұл шығарманың басты мақсаты – жақсылыққа тәрбиелеу. Қожаға еліктеген бала қаншама бала әдебиетке жақын болып, кітап та жазғандары бар. Сондықтан оның шығармаларын іздеп оқитындар қатары алдағы күндері де көбейе түсетіндігі күмәнсіз

Көзі тірісінде классикалық шығармаларымен бірде-бір сыйлыққа ие бола алмаса да, қалың оқушыларының назарынан ешуақытта тыс қалған емес. Жазушы өмірінің бақыты да, ғұмырының ұзақтығы осы болса керек, әсіресе Б.Соқпақбаев тәрізді әдебиетті арым деп білген жазушының ғұмыры халқымен бірге жасайды.

Оқушылар, біз бүгін сендермен бірге балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев атамыздың өмірі мен шығармашылығымен таныстық. Бердібек Соқпақбаевтың балаларға арнап жазған шығармалары көп. Жазушы шығармашылығы жөнінде белгілі ақын-жазушылардың пікірлерінен үзінділер келтірейік. Қ.Баянбаев: «...Қаламгердің анық өсіп, шеберліктің белгілі бір биігіне шыққанын көрсеткен туындысы – Менің атым Қожа» повесі... Қожа бейнесі – қазақ балалар әдебиетіне қосылған қомақты олжа. Оның енсесі барған сайын биіктеп, Марк Твеннің Том Сойерімен, Аркадий Гайдардың Тимурымен, қазақ фольклорының Тазша баласымен тайталаспай-ақ, тіпті соларға жете қабыл жүргенінің өзі әдебиетіміз үшін аз бедел ме?!»



Жазушы С.Шаймерденов: «...Бердібек өз көзімен көрген нәрсені ғана жазатын, қағазды бекерден-бекер шимайламайтын еді ғой.» Нақтылы жазу, ұтымды жазу Бердібектің үлгісі деп тартынбай-ақ айтуға әбден болады.

Жазушы Т.Ахтанов: «... Бердібек не нәрсені жазуды, оны қалай жазуды еркін игеріп, меңгерген суреткер жазушы». Баршаңызды рухани азығымыз – көркем әдебиетті көп оқуға шақырамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет