Кенжебаева Т. Ж. ТӘуелсіздік кезеңдегі қазақ Әдебиеттану ғылымының даму бағыттары


ТҮЙІН Диссертация жұмысының тақырыбы



бет14/14
Дата10.05.2023
өлшемі150.08 Kb.
#473463
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
кенжебаева тогжан

ТҮЙІН


Диссертация жұмысының тақырыбы: Тәуелсіздік кезеңдегі қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағыттары
Диплом жұмысының көлемі: 70
Зерттеудің мақсаты: Қазақ әдебиетінің азаттық, тәуелсіздік тағылымдарының тамыры тереңде екендігіне басты назар аударып және еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы он бес жылда аталған тақырыптың жаңа мазмұнға ие болғандығы белгілі. Жұмыста осы құбылысты әр қырынан ашу көзделген. Жұмыстың басты мақсаты – тәуелсіздік тұсындағы әдебиеттану ғылымының негізгі бағыт-бағдарын айқындау. Қоғамның әр саласы бір-бірімен өте тығыз байланыста өмір сүреді. Олай болса, еліміздің ұлттық тәуелсіздігі әдебиеттануға әсер етпей қоймайтыны белгілі. Әсер етсе, ол қандай сипатта көрініс тапты, еліміздің тәуелсіздік алған соңғы он бес жыл төңірегінде қазақ әдебиеттану ғылымының негізгі ұстанымы қандай болды, негізгі өкілдері кімдер, ғылымның әдіснамалық негізі мен мәдени мұраға деген көзқарас қандай деген мәселелерді анықтау мақсатында мына міндеттерді орындаудың қажеттілігі туды
Зерттеудің нысаны: Қазақ әдебиеттану ғылымының тәуелсіздік алған күннен бастап бүгінге дейін, яғни 1991-2006 жылдар аралығында жарық көрген зерттеу еңбектері мен монографиялар қарастырылды.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы: Тақырыпты негіздеп, соған сай мәліметкөздерді белгілеп, материал жинауда зерттеудің салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылды. Соңғы он бес жыл шамасында жарық көрген еңбектердің библиографиясы жасалды.
Аталған мәселелердің шешімін іздеуде белгілі әдеби зерттеушілерінің (С.Қирабаев, Т.Кәкішев, Р.Нұрғали, Ж.Дәдебаев, Қ.Ергөбек, Б.Майтанов, Қ.Әбдезұлы, Р.Тұрысбек, Ж.Смағұлов т.б.) негізгі ғылыми еңбектері басшылыққа алынды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет