Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2013 жылғы __ __________ № ___
қаулысымен бекiтiлген
«Кепiлдiк мiндеттеменi (түпкi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы «Кепiлдiк мiндеттеменi (түпкi пайдаланушының сертификатын) беру» (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет).
2. «Кепiлдiк мiндеттеменi (түпкi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi – стандарт) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен әзірленген.
3. Мемлекеттiк қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Өнеркәсiп комитетi (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) немесе баламалы негiзде мекенжайлары осы стандартқа 3-қосымшада көрсетiлген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталықтар) арқылы не «электронды үкiметтiң» www.egov.kz немесе www.elicense.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрi - Портал) көрсетедi.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын әзірлеу тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызмет алушының көрсетілетін қызмет көрсетушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алғанға дейін порталға сұраныс бергеннен бастап – 10 (он) жұмыс күн.
Орталықта қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi аяқталуға бiр күн қалғанда мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн Орталыққа бередi.
Қызмет алушының қызмет көрсетушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін шекті күтілетін уақыт мерзімі – 20 минуттан кем емес.
Қызмет алушыға максималды қызмет көрсету уақыты – 20 минуттан кем емес.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электронды (толығымен автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі өнiмдi кепiлдiк мiндеттеменi (түпкi пайдаланушының сертификатын) беру болып табылады немесе қағаз түрінде немесе электронды құжат нысанында Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап беру.
7. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
8. Қызмет көрсетушінің жұмыс кестесі:
көрсетілетін қызметті беруші - демалыс және мереке күндерін қоспағанда күнделікті 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүргізіледі.
Орталықтарда - жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейiн үзiлiссiз, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi мен сенбiнi қоса алғанда күн сайын. Қабылдау электронды кезек тәртiбiнде, алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
Порталда – тәулiк бойы.
9. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті беруші немесе Орталыққа:
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш (Орталыққа берiлгенде сканерленедi және Орталық қызметкерiнiң электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрi – ЭЦҚ) куәландырылған құжаттың электронды көшiрмесi нысанында жiберiледi);
2) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес импорттаушының (түпкi пайдаланушының) кепiлдiк мiндеттемесi;
3) сәйкестендiру үшiн түпнұсқаны бере отырып, экспорттаушымен жасалған тиiстi мәмiленi растайтын құжат көшiрмесi;
4) сәйкестендiру үшiн түпнұсқаны бере отырып, өтiнiм берушi ретiнде делдал шығатын болса импорттаушы мен түпкi пайдаланушы арасындағы шарт (келiсiмшарт) көшiрмесi.
Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) алғаннан кейін келісімшартқа өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген жағдайда, импорттаушы 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органды бұл туралы жазбаша хабардар етеді. Кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) келісім-шартқа енгізілген өнімнің мөлшері мен номенклатурасына тәуелсіз бір мәмілеге беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді Орталықтар арқылы алған жағдайда қызмет алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, тұрғындарға қызмет көрсету орталығы ұсынған нысан бойынша пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсету стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, Орталығының қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат нысанындағы осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес деректерi бар өтiнiш;
2) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат нысанындағы осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес импорттаушының (түпкi пайдаланушының) кепiлдiк мiндеттемесi;
3) экспорттаушымен жасалған тиiстi мәмiленi растайтын құжат, ол құжаттың электронды көшiрмесi түрiнде электронды өтiнiшке тiркеледi;
4) егер өтiнiм берушi ретiнде делдал шығатын болса, құжаттың электронды көшiрмесi түрiнде импорттаушы мен түпкi пайдаланушы арасындағы шарт (келiсiмшарт).
Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) алғаннан кейін келісімшартқа өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген жағдайда, импорттаушы 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органды бұл туралы жазбаша хабардар етеді. Кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) келісім-шартқа енгізілген өнімнің мөлшері мен номенклатурасына тәуелсіз бір мәмілеге беріледі.
Куәландырылып ұсынылған құжаттардың растығы үшін жауапкершілікті оларды ұсынып отырған көрсетілетін қызметті алушыға жүктеледі.
Мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжаттардың мәлiметтерiн, сондай-ақ өзге де мәлiметтердi көрсетілетін қызметті беруші Портал арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден немесе уәкiлеттi тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжаттар нысанында Орталықтың ақпараттық жүйесi арқылы алады.
Қызмет алушының барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде:
1) қағаз түріндегі сұранысты қабылдауды растау құжат көшірмесінде күні мен құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген қызмет көрсетушінің кеңсесіндегі тіркеуден өтуі туралы бұрыштама растау болып табылады
2) қажетті құжаттарды қабылдау туралы Орталыққа сұраныс жолданған жағдайда - құжатты қабылдау нөмірі және күні; сұратылған мемлекеттік қызмет түрі; қоса беріліген құжаттардың саны мен атауы; мемлекеттік қызметті алу күні (уақыты) және құжаттардың берілген орыны; құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның аты-жөні; мемлекеттік қызметті алушының аты-жөні (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін) байланыс телефондары;
3) Портал арқылы сұраныс беру кезінде Порталдағы жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қызмет алушымен мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып сұранысты қабылдау туралы есеп-ескерту жолданады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
импорттаушы өтiнiште және импорттаушының (түпкi пайдаланушының) кепiлдiк мiндеттемесiнде дұрыс емес және (немесе) толық емес ақпарат ұсынса;
ҚР «Ақпараттандыру туралы» Заңының 36 және 40 баптарымен қарастырылған негіздемелердің болуы:
сұратылған электрондық ақпараттық ресурсқа қатысты қол жетiмдiлiкке шектеулер болғанда және сауал жiберген тұлғаның сұратылған электрондық ақпараттық ресурсқа қол жеткiзу құқығы болмаса;
сұратылған электрондық ақпараттық ресурс болмаса және кiмнiң иелiгiнде екенi оған белгiсiз болса;
сауалдың мәнiн нақтылау кезiнде сұрау салушы тұлғаның нақты қандай электрондық ақпараттық ресурсты беру туралы өтiнiм жасағанын анықтау мүмкiн болмағанда;
электрондық ақпараттық ресурсты сұратушы тұлға сауалды орындау шығыстарын төлемесе, егер шығыстарды төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделсе ;
электронды ақпараттық ресурстарға рұқсат алуға берілген сұраныста келесі мәліметтер көрсетілмеген:
ақпаратты сұратқан тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты;
заңды тұлға атынан сауалмен жүгiнген кезде - заңды тұлғаның толық атауы, сауалмен жүгiнген тұлғаның лауазымы, тегi, аты және әкесiнiң аты;
сауалмен жүгiнген адамның байланыс деректерi (почталық мекенжайы немесе электрондық почта мекенжайы, не телефонның немесе телефакстiң нөмiрi), олар арқылы ақпараттық жүйенiң меншiк иесi немесе оны иеленушiсi электрондық ақпараттық ресурстарды беруi немесе ақпаратты сұратқан тұлғамен байланысуы мүмкiн;
сұратылған электрондық ақпараттық ресурстың мазмұны, құжаттың атауы мен мазмұны немесе оған белгiлi құжаттың деректемелерi;
сауалды орындау үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер;
сауалды орындаудың тiлекке сай тәсiлi көрсетiледi. способ исполнения запроса.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізді жауапты көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушiден немесе электронды құжат түрінде Порталдағы «жеке кабинетінде» алады.
3. Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, сондай-ақ көрсетілетін қызмет берушілердің және (немесе) олардың лауазымдық тұлғаларының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілген қызметтер нәтижесіне келіспейтін жағдайда немесе қате қызмет көрсетілген болса, шағым қағаз түрінде Астана қ., «Транспорт Тауэр» ғимараты, Қабанбай батыр даңғылы, 47, № 2117 кабинет, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік), байланыс телефоны: 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 немесе Астана қ., «Транспорт Тауэр» ғимараты, Қабанбай батыр даңғылы, 47, интернет-ресурс www@mtk.gov.kz немесе Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметін үйлестіру комитетіне (бұдан әрі - Министрлік) беріледі немесе көрсетілетін қызмет алушы заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша сотқа шағымдануға құқылы.
Қабылданған шағым Министрліктің кеңсесінде тіркеледі. Шағымды қабылдауды растау ретінде шағым берген көрсетілетін қызмет алушыға шағымды қабылдау күні, уақыты, жауапты лауазымды тұлғаның аты-жөнін беру, шағымға алынатын жауап мерзімі мен орыны, шағымда қарастыру туралы ақпаратты алуға болатын тұлғаны байланыс телфондарын беру болып табылады.
Портал арқылы көрсетілетін қызмет алушының сұранысын қабылдауды растау ретінде оның жеткізілуі және тіркелуі туралы ескерту болып табылады.
Бұл ретте көрсетілетін қызмет алушыға сұраныстың орындалуы, қарастырылуы және бас тартылу туралы жаңартылған ақпарат қол жетімді болады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін, ерекшеліктерін ескергендегі өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
13. Әлеуметтік қорғалмаған халық санатына жатқызылатын, қызмет берушіге жеке бару мүмкіндігінің болмауын ескере отырып, қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету сенімхат арқылы немесе пошта қызметімен іске асырылады: 010000, Астана қаласы, «Транспорт Тауэр» ғимараты, Қабанбай батыр даңғылы, 47.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайы интернет –ресурстарда көрсетілген: www.comprom.kz, www@mint.gov.kz.
15. Көрсетілетін қызмет алушы электронды цифрлік қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік қызметті Портал арқылы электронды түрде алуға құқылы.
16. Порталда көрсетілетін қызмет алушы жойылған рұқсат режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы Бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: (1414) немесе 8 (7172) 24-05-84, 24-07-45.
18. Көрсетілетін қызмет алушылар үшін мемлекеттік қызмет алу тәртібі туралы қысқаша ақпарат аталған стандартқа 5 қосымшада белгіленген. Мемлекеттік қызметті алу схемасы аталған стандартқа 6 қосымшада белгіленген.
«Кепiлдiк мiндеттеменi (түпкi пайдаланушының
сертификатын) беру» мемлекеттiк
қызмет стандартына
1-қосымша
______________________________________________
(уәкiлеттi органның толық атауы)
______________________________________________
(мемлекеттiк қызметтi алушының толық атауы)
Мекенжайы: ___________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше,
үйдiң №, телефон)
Өтiнiш берушiнiң деректемелерi _______________
(ЗТ/ДТ мемлекеттiк тiркеу
туралы куәлiк №, БСН, ЖСН)
Кепiлдiк мiндеттеменi (түпкi пайдаланушының сертификатын) алуға
ӨТIНIШ
«Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан
Республикасының Заңына және «Импорттаушылардың (түпкi
пайдаланушылардың) кепiлдiк мiндеттемелерiн ресiмдеу және олардың
орындалуын тексеру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2008 жылғы 12 наурыздағы № 244 қаулысына сәйкес кепiлдiк
мiндеттеменi (түпкi пайдаланушының сертификатын) берудi сұраймыз.
Басшы ______________ __________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты)
«Кепiлдiк мiндеттеменi (түпкi пайдаланушының
сертификатын) беру» мемлекеттiк
қызмет стандартына
2-қосымша
Импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік
міндеттемесі
СЕРТИФИКАТ №
|
1. Импорттаушы (заңды және нақты мекенжайы, телефоны) _
|_|
|
2. Импорттаушы ел
|
3. Экспорттаушы (заңды және нақты мекенжайы, телефоны) _
|_|
|
4. Экспорттаушы ел
|
5. Түпкі пайдаланушы (мекенжайы, телефоны және қызмет саласы)
|
6. Алынған лицензиялар туралы ақпарат
|
7. Өнімді орналастыру және (немесе) пайдалану орны
|
8. Өнімді түпкі пайдалану
|
9. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы
|
10. Тауардың КО СЭҚ ТН бойынша коды
|
11. Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды
|
12. Сертификатты сұрату үшін негіздеме (келісімшарт немесе шарт, № мен қол қойылған күні)
|
13. Өлшем бірлігі
|
14. Саны
|
15. Импорттаушы (түпкі пайдаланушы) 9-тармақта көрсетілген өнімді Қазақстан Республикасына импорттауға міндеттенеді. Импорттаушы (түпкі пайдаланушы) 9-тармақта көрсетілген өнімді 8-тармақта көрсетілген мақсатта пайдалануға, оны Қазақстан Республикасының аумағындағы шаруашылық қызметтің басқа субъектісіне бермеуге және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатынсыз кері экспорттамауға міндеттенеді.
|
16. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы
Т.А.Ә. Лауазымы
Қолы, М.О.
Күні
|
17. Импорттаушы
Т.А.Ә. Лауазымы
Қолы, М.О.
Күні
|
18. Түпкі пайдаланушы
Т.А.Ә. Лауазымы
Қолы, М.О.
Күні
|
Сыртқы жағы
Импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесіне
қосымша
Р/с
№
|
Өнімнің атауы мен толық сипаттамасы
|
Тауардың КО СЭҚ ТН бойынша коды
|
Тауардың бақылау тізімдері бойынша коды
|
Саны
|
Өлшем бірлігі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1.
|
|
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
|
|
3.
|
|
|
|
|
|
4.
|
|
|
|
|
|
5.
|
|
|
|
|
|
Барлығы парақ
Парақ №
|
Импорттаушы
Т.А.Ә.
Лауазымы
Қолы, М.О.
Күні
|
Түпкі пайдаланушы
Т.А.Ә.
Лауазымы
Қолы, М.О.
Күні
|
Достарыңызбен бөлісу: |