Импорттаушылардың (түпкi пайдаланушылардың) кепiлдiк мiндеттемелерiн ресiмдеу және олардың орындалуын тексеру ережесiн бекiту туралы



Дата25.02.2016
өлшемі119.88 Kb.
#25060
Импорттаушылардың (түпкi пайдаланушылардың) кепiлдiк мiндеттемелерiн ресiмдеу және олардың орындалуын тексеру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 12 наурыздағы N 244 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 14, 129-құжат; "Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 21 мамыр N 146-147


      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан РеспубликасыныңҮкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Импорттаушылардың (түпкi пайдаланушылардың) кепiлдiк мiндеттемелерiн ресiмдеу және олардың орындалуын тексеру ережесi бекiтiлсiн.

      2. "Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауды жүзеге асырудың тәртiбi мен Қазақстан Республикасына әкелiнетiн экспорттық бақылауға жататын өнiмдi пайдалану жөнiндегi мiндеттемелердi ресiмдеу және олардың атқарылуын бақылаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1919 қаулысының 1-тармағы 2) тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 55-56, 546-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң      
2008 жылғы 12 наурыздағы
N 244 қаулысымен  
бекiтiлген     

Импорттаушылардың (түпкi пайдаланушылардың) кепiлдiк мiндеттемелерiн ресiмдеу және олардың орындалуын тексеру ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Импорттаушылардың (түпкi пайдаланушылардың) кепiлдiк мiндеттемелерiн ресiмдеу және олардың орындалуын тексеру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi.

      2. Кепiлдiк мiндеттеменi (түпкi пайдаланушының сертификатын) берудi экспорттық бақылау саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.

2. Импорттаушылардың (түпкi пайдаланушылардың) кепiлдiк мiндеттемелерiн ресiмдеу және олардың орындалуын тексеру тәртiбi

      3. Кепiлдiк мiндеттеме (түпкi пайдаланушының сертификаты) импорттаушыға, егер экспорттаушы елдiң заңнамасымен осындай құжаттыңұсынылуы көзделген жағдайда берiледi.

      4. Кепiлдiк мiндеттеменi (түпкi пайдаланушының сертификатын) алу үшiн импорттаушы мынадай құжаттарды:
      1) өтiнiштi;
      2) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес импорттаушының (түпкi пайдаланушының) кепiлдiк мiндеттемесiн;
      3) сәйкестендiру үшiн түпнұсқаны бере отырып, экспорттаушымен тиiстi мәмiленi растайтын құжаттың көшiрмесiн;
      4) егер өтiнiш берушi ретiнде делдал болса, сәйкестендiру үшiн түпнұсқаны бере отырып, импорттаушы мен түпкi пайдаланушы арасындағы шарттың (келiсiмшарттың) көшiрмесiн тапсырады;
      Кепiлдiк мiндеттеменi (түпкi пайдаланушының сертификатын) алғаннан кейiн келiсiмшартқа өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзiлген жағдайда, импорттаушы 5 жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органды бұл туралы жазбаша хабардар етедi.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 19.04.2013 № 379қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi).

      5. Кепiлдiк мiндеттеме (түпкi пайдаланушының сертификаты) келiсiм-шартқа енгiзiлген өнiмнiң мөлшерi мен номенклатурасына тәуелсiз бiр мәмiлеге берiледi.

      6. Кепiлдiк мiндеттеме (түпкi пайдаланушының сертификаты) осы Ереженiң 4-тармағында көрсетiлген мәлiметтер мен құжаттар уәкiлеттi органға түскен күнiнен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей берiледi.
      Уәкiлеттi орган осы Ережеде белгiленген мерзiм iшiнде кепiлдiк мiндеттеменi (түпкi пайдаланушының сертификатын) бередi не кепiлдiк мiндеттеменi (түпкi пайдаланушының сертификатын) беруден бас тарту себептерi туралы дәлелдi жауап бередi.
      Егер уәкiлеттi орган осы Ережеде белгiленген мерзiмде импорттаушыға кепiлдiк мiндеттеменi (түпкi пайдаланушыныңсертификатын) бермеген не кепiлдiк мiндеттеменi (түпкi пайдаланушының сертификатын) беруден дәлелдi бас тартуды ұсынбаған жағдайда, онда оларды беру мерзiмi өткен күнiнен бастап кепiлдiк мiндеттеме (түпкi пайдаланушының сертификаты) берiлдi деп есептеледi.
      Уәкiлеттi орган кепiлдiк мiндеттеменi (түпкi пайдаланушының сертификатын) беру мерзiмi өткен сәттен бастап 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей импорттаушыға тиiстi кепiлдiк мiндеттеменi (түпкi пайдаланушының сертификатын) бередi.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 19.04.2013 № 379қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi).

      7. Уәкiлеттi орган кепiлдiк мiндеттеменi (түпкi пайдаланушының сертификатын) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес экспорттаушы елдiң уәкiлеттi органына ұсынуы үшiн қағаз, электрондық тасығыштарда бередi. Берiлген кепiлдiк мiндеттеме (түпкi пайдаланушының сертификаты) туралы ақпарат мемлекеттiк ақпараттық ресурстарда ресiмделедi.


      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 19.04.2013 № 379қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi).

      7-1. Кепiлдiк мiндеттеменi (түпкi пайдаланушының сертификатын) беруден мынадай жағдайларда, егер:


      1) импорттаушы өтiнiште және импорттаушының (түпкi пайдаланушының) кепiлдiк мiндеттемесiнде дұрыс емес және (немесе) толық емес ақпаратты көрсетсе;
      2) «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабымен көзделген негiздер болса бас тартылады.
      Ескерту. Ереже 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 19.04.2013 № 379қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi).

      8. Кеден органы жүк iс жүзiнде жеткiзiлген күннен бастап 10 күн iшiнде жеткiзудi растау сертификатын уәкiлеттi органға жолдайды.

      9. Импорттаушы (түпкi пайдаланушы) өзiнiң кепiлдiк мiндеттемелерiн орындамағаны және/немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

3. Өнiмнiң түпкiлiктi пайдаланылуын тексерудi ұйымдастыру тәртiбi

      10. Тиеп жiберу алдындағы кезеңде және (немесе) өнiмнiң түпкiлiктi пайдаланылуын тексерулердi Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттiк органдарымен бiрлесiп, мына негiздер бойынша өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады және тағайындайды:


      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сыртқы экономикалыққызметке қатысушылардың (мәлiмдеушiлердiң) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасының талаптарын бұзуы туралы куәландыратын мәлiметтердi алу;
      2) сыртқы экономикалыққызметке қатысушылардың (мәлiмдеушiлердiң) жаппай қырып-жою қаруын, жеткiзу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканыңөзге де түрлерiн таратпау жөнiндегi Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтамауы.

      11. Тексерулер уәкiлеттi орган берген тексерудi тағайындау туралы актiнiң негiзiнде жүргiзiледi.


      Тексерудi тағайындау туралы акт уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен тексеру актiлерiн тiркейтiн арнайы журналда тiркелуге тиiс.
      Тексерудi тағайындау туралы акт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалыққызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органда (бұдан әрi - құқықтық статистика жөнiндегi орган) мiндеттi түрде тiркеледi.

      12. Тексерудi жүргiзудiң басталуы тексерушi лауазымды адамның (адамдардың) қызметтiк куәлiгiн мiндеттi түрде көрсете отырып, тексерiлетiн сыртқы экономикалыққызметке қатысушыға (мәлiмдеушiге) тексерудiң тағайындалуы туралы актiнi тапсырған кезден бастап есептеледi.


      Тексерудi тиеп жiберу алдындағы кезеңде және (немесе) өнiмнiң түпкiлiктi пайдаланылуын тексерудi тағайындау туралы актiде көрсетiлген лауазымды адам (адамдар) ғана жүргiзедi.
      Тиеу алдындағы кезеңде және (немесе) өнiмнiң түпкiлiктi пайдаланылуын тексерудi тағайындау туралы бiр актiнiң негiзiнде бiр ғана тексеру жүргiзiлуi мүмкiн.

      13. Тексерудi жүргiзу мерзiмi отыз күнтiзбелiк күннен аспауға тиiс, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болған кездегi ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексеру көлемiнiң едәуiр болуына байланысты уәкiлеттi органның басшысы (не оны алмастыратын адам) тексеру жүргiзу мерзiмiн ұзартуы мүмкiн, бiрақ ол отыз күнтiзбелiк күннен аспауға тиiс.


      Тексеру мерзiмiн ұзартқан жағдайда уәкiлеттi орган құқықтық статистика жөнiндегi органда тiркей отырып, мiндеттi түрде тексерудiңұзартылғаны туралы қосымша актiнi ресiмдейдi, онда тексерудiң тағайындалғаны туралы алдыңғы актiнiң тiркелген нөмiрi мен күнi және оныңұзартылу себебi көрсетiледi.

      14. Тексерудi тағайындау туралы акт сыртқы экономикалыққызметтiң бiр қатысушысына (мәлiмдеушiге) ресiмделедi.

      15. Тексеру аяқталғаннан кейiн оны жүзеге асырған уәкiлеттi органның лауазымды адамы Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасының сақталуы мәнiне тексеру нәтижелерi туралы екi данада акт жасайды.

      16. Сыртқы экономикалыққызметтiң тексерiлетiн қатысушысына (мәлiмдеушiге) тексеру нәтижелерi туралы актiнiң тапсырылған күнi тексеру мерзiмiнiң аяқталуы болып есептеледi.


      Тексеру нәтижелерi туралы акт тексерудi тағайындау туралы актiде көрсетiлген тексерудiң аяқталу мерзiмiнен кешiктiрмей тапсырылады.

Импорттаушылардың      


(түпкi пайдаланушылардың)  
кепiлдiк мiндеттемелерiн   
ресiмдеу және олардың орындалуын
тексеру ережесiне      
1-қосымша          

      Импорттаушының (түпкi пайдаланушының) кепiлдiк


мiндеттемесi

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 19.04.2013 № 379қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi).



СЕРТИФИКАТ №




1. Импорттаушы (заңды және нақты мекенжайы, телефоны) _
                    |_|

2. Импорттаушы ел

3. Экспорттаушы (заңды және нақты мекенжайы, телефоны) _
                    |_|

4. Экспорттаушы ел

5. Түпкi пайдаланушы (мекенжайы, телефоны және қызмет саласы)

6. Алынған лицензиялар туралы ақпарат

7. Өнiмдi орналастыру және (немесе) пайдалану орны

8. Өнiмдi түпкi пайдалану

9. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы

10. Тауардың КО СЭҚ ТН бойынша коды

11. Тауардың бақылау тiзiмдерi бойынша коды

12. Сертификатты сұрату үшiн негiздеме (келiсiмшарт немесе шарт, № мен қол қойылған күнi)

13. Өлшем бiрлiгi

14. Саны




15. Импорттаушы (түпкi пайдаланушы) 9-тармақта көрсетiлген өнiмдi Қазақстан Республикасына импорттауға мiндеттенедi. Импорттаушы (түпкi пайдаланушы) 9-тармақта көрсетiлген өнiмдi 8-тармақта көрсетiлген мақсатта пайдалануға, оны Қазақстан Республикасының аумағындағы шаруашылыққызметтiң басқа субъектiсiне бермеуге және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органының рұқсатынсыз керi экспорттамауға мiндеттенедi.

16. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы
Т.А.Ә.                           Лауазымы
Қолы,                            М.О.
Күнi

17. Импорттаушы
Т.А.Ә.            Лауазымы
Қолы,             М.О.
Күнi

18. Түпкi пайдаланушы
Т.А.Ә.              Лауазымы
Қолы,               М.О.
Күнi

Сыртқы жағы

Импорттаушының (түпкi пайдаланушының) кепiлдiк мiндеттемесiне
қосымша

Р/с


Өнiмнiң атауы мен толық сипаттамасы

Тауардың КО СЭҚ ТН бойынша коды

Тауардың бақылау тiзiмдерi бойынша коды

Саны

Өлшем бiрлiгi

1

2

3

4

5

6

1.
















2.
















3.
















4.
















5.
















Барлығы парақ

Парақ №


Импорттаушы
Т.А.Ә.
Лауазымы
Қолы,  М.О.
Күнi

Түпкi пайдаланушы
Т.А.Ә.
Лауазымы
Қолы,  М.О.
Күнi

Импорттаушылардың      
(түпкi пайдаланушылардың)  
кепiлдiк мiндеттемелерiн   
ресiмдеу және олардың орындалуын
тексеру ережесiне      
2-қосымша          

Кепiлдiк мiндеттеме (түпкi пайдаланушының сертификаты)

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 19.04.2013 № 379қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi).



СЕРТИФИКАТ №

1. Импорттаушы (заңды және нақты мекенжайы, телефоны)

2. Импорттаушы ел

3. Экспорттаушы (заңды және нақты мекенжайы, телефоны)

4. Экспорттаушы ел

5. Түпкi пайдаланушы (мекенжайы, телефоны және қызмет саласы)




6. Тауардың атауы мен толық сипаттамасы

7. Тауардың КО СЭҚ ТН бойынша коды

8. Тауардың бақылау тiзiмдерi бойынша коды

9. Сертификатты сұрату үшiн негiздеме (келiсiмшарт немесе шарт, № мен қол қойылған күнi)

10. Өлшем бiрлiгi

11. Саны

12. Осымен 6-тармақта көрсетiлген өнiм тек елдiң мұқтажы үшiн ғана пайдаланылатыны және экспорттаушы елдiң уәкiлеттi мемлекеттiк органының рұқсатынсыз керi экспортталмайтыны расталады. Осы құжат оған қол қойылған күнiнен бастап алты ай iшiнде экспорттаушы елдiң уәкiлеттi мемлекеттiк органына ұсынылуы тиiс.

13. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы
Т.А.Ә.
Лауазымы                    Қолы,                    М.О.
Күнi

Сыртқы жағы

Кепiлдiк мiндеттемеге (түпкi пайдаланушының сертификатына)
қосымша

Р/с


Өнiмнiң атауы мен толықсипаттамасы

Тауардың КО СЭҚ ТН бойынша коды

Тауардың бақылау тiзiмдерi бойынша коды

Саны

Өлшем бiрлiгi

1

2

3

4

5

6

1.
















2.
















3.
















4.
















5.
















Барлық парақ

Парақ №


Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы
Т.А.Ә.                       Лауазымы
Қолы,                        М.О.
Күнi


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет