Кэролайн Уилсон, Алтон



бет65/136
Дата04.05.2024
өлшемі4.82 Mb.
#500530
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   136
Султанбаева ЮНЕСКО 23,11,18 (1)

5-модуль
ПРЕАМБУЛА


Тауар немесе қызмет көрсетуді жарнамалау үшін жарнама баспа және электронды ме- дианы ақылы шарттар (уақыт пен басылым орны) негізінде қолданады. Жарнаманың екі негізгі түрі бар: коммерциялық жарнама және кей кезде әлеуметтік маркетинг деп атай- тын әлеуметтік жарнама. Коммерциялық жарнама белгілі бір тұлғаны, тауарды, қызмет көрсетуді немесе компанияны (мысалы, жарнамалық роликтер және киім, сусын, фильм шығаратын компания туралы хабарлама баспа роликтері) ілгері дамытуды (продви- жение) көздейді, ал әлеуметтік жарнама барлық адамдарға пайда тигізетін (мысалы, денсаулық және қауіпсіздік техникасы, сауаттылықты арттыру туралы ақпарат) ақпарат пен қызмет көрсетуді ілгері дамытуды (продвижение) көздейді. Жарнаманың екі түрі де дәстүрлі және жаңа медианың негізгі табыс көзі болып табылады. Медиа және өзге де ақпарат тасымалдаушылар жарнамадан алатын кірістері шығындарды төлеу мен контентті дамытуға (мысалы, телевизиялық бағдарламалар, веб-сайт материалдары, мерзімді басылымдардағы мақалалар, радиобағдарламалар) жұмсалады. Бұл кірістерсіз көптеген жекеменшік медиакомпаниялар өмір сүре алмас еді.


Медиа үшін жарнама берушілер мен демеушілерге тартымды көрінетін мүмкіндіктерді ұсыну арқылы жарнаманың табысты болғаны маңызды. Сондықтан медиа тұрғындардың арасында сұранысқа ие және көптеген адам топтарының қызығушылығын тудыратын контент жасайды. Бұл топтар жас немесе ұлттық сипаттар, гендерлік ерекшеліктер, саяси көзқарастарға, т.б. байланысты топтарға бірігеді.

Жарнама әлемнің әр бұрышында бар. Жарнаманы компания, ұйым, азаматтар және басшылық тауарлар мен қызмет көрсетулер, ақпарат, көзқарас және құндылықтарды жеткізу үшін қолданады. Жарнама арқылы берілетін ақпарат немесе хабарламалардың шешім қабылдатын тұрғындарға маңызы зор. Оқытушылар біздің қоғамдардағы жарнаманың үлкен ролін ескере отырып, әсерлі жарнама шығару үшін не керек екенін


109


110
түсінулері керек; олар жарнамалық хабарландыруларға ақпарат көзі ретінде баға берулері тиіс. Сонымен қатар, оқытушылар азаматтарға, жарнама берушілерге және билік өкілдеріне кері байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін механизмдер тура- лы білулері керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет