14 тақырып
ПС. Маман моделі
«Кәсіби бағдарлану», «кәсіби жарамдылық», «кәсіби құзыреттілік» түсініктері
Кәсіби бағдарлау - кәсіби ақпарат, кәсіби диагностика, кәсіби кеңес, кәсібі іріктеу, кәсіби бейімделу арқылы жүзеге асырылатын және жеке тұлға мен еңбек нарығының қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескеретін, жастарды еркін, сапалы және өздігінен мамандықты таңдауға дайындайтын ғылыми-практикалық жүйе
Кәсіби жарамдылығының деңгейі өте даулы фактор болып саналады, алайда ол ғана қызметкердің әлеуметтік жағдайын ашып көрсете алады. Кәсіби жарамдылық деңгейін екі көрсеткіш сипаттайды:
- білім деңгейі;
- білімділік деңгейі.
Кәсіби құзыреттілікке- тұлға маманның интегративті сапалар, білім, шеберліктер және дағдылар жүйесін, типтік міндеттерді шешу амалдарын талдау жатады. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру тұлғаның әртүрлі қасиеттерінен, оның негізгі қайнар көзі оқу және субъективті тәжірибесі болып табылады. Кәсіби құзыреттілік үнемі ұмтылысты жетілдіруді сипаттайды.
Медициналық қызметкер тұлғасына қойылатын психологиялық талаптар
ОБӨЖ.Карьералық өсу психологиясы
Психологиядағы карьера және табыс түсінігі
«Кәсіби бейімделу» және «кәсіби даму» түсініктері
Кәсіби бейімделу дегеніміз – кәсіпорын ұжымының және маманның өзара бейімделуі, нәтижесінде жұмысшының: ол үшін жаңа әлеуметтік – кәсіби және ұйымдасқан экономикалық жағдайда өмір сүруге үйренуге; белгілі бір класс міндеттерін шешуге қабілетті маман ретінде кәсіпорын құрылымында өз орынын табуға; кәсіби мәдениетті меңгеруге және оның келуіне дейін қалыптасқан тұлға аралық байланыстар және қатынастар жүйесіне енеді.
Бейімделудің біріншілік және екіншілік деген түрлері бар:
біріншілік –бұл кәсіби іс-әрекетте тәжірибесі жоқ (ЖОО түлектері) жас мамандардын бейімделуі
екіншілік – кәсіби іс-әрекетте тәжірибесі бар (жұмысты мәжбүрлі ауыстыру жағдайында) мамандардың бейімделуі.
Кәсіби даму - еңбек әлемінде, соның ішінде жекеленген кәсіби ролдердің, кәсіби мотивацияның, кәсіби білімдер мен дағдылардың әртүрлі аспектілерін игеруге бағытталған адамның онтегенезде болып жатқан әлеуметтену үрдісі. Кәсіби дамудың негізгі қозғаушы күші әлеуметтік топтар мен институттарға идентификациялану негізінде әлеуметтік контекстке интеграциялануға тұлғаның талпынысы болып табылады.
1 тапсырма Студенттер өздерінің өмір жоспарын құрастыруға арналған жұмыс (6 деңгей).
«Өмір жоспары» өз өмірініздегі басты нәрселерді толтырыңыз:
Достарыңызбен бөлісу: |