Журналистика-ақпарат даярлау өнері
Журналистика-әлеумет,саясат пен қоғамның ажырамас бөлігі. Халыққа шынайы ақпарат жеткізуші институт. Ол көкейтесті мәселелер мен ақпарат бізге жеткенше әртурлі қиындықтар орын алуы мүмкін.Оларды залалсыздандыра білу, әрбір журналистің кәсіби шеберлілігі болып табылады. Бізге,яғни қарапайым халыққа ақпарат жеткізу жолында қандай қиындықтар туындауы мүмкін? Журналистикада ақпарат даярлау өнер ме,міндет пе?
Біріншіден,, журналист-халықты фактіленген ақпараттармен сусындаушы. Ол нақты шындық дәлелденіп, өзі көзбен көріп білмейінше ешқашан жалған немесе дәлелсіз нәрсе шығаруға құқығы жоқ.Шындық жолында күрес қиындықсыз, еңбектенусіз жеңіске әкелмейді. Журналистикада мақала тақырыбының өзі үлкен дауға айналып кетуі мүмкін. Сондықтан, әр мақалада, репортажда немесе тағы сол сияқты публицистикалық шығармаларды жазғанда “жету рет өлшеп бір рет кес” демекші, әрбір журналист сөз саптауға және пікірдің объективті берілуіне аса үлкен мән беруі керек. Ешқашан өз құзіреттілігін пайдаланып шектен шығып кетуге болмайды.
Екіншіден,, журналистика қоғам айнасы деп нақты айта аламыз. Журналист халық жақтаушысы дегенмен, ең алдымен ақиқат жаршысы екенін ұмытпаған жөн. Қоғамда қандай мәселе туындап,журналистте дәлелді айғақтар болса, мәселені шешу үшін, халыққа жеткізу үшін міндетті турде оны жариялап, бетін ашады. Ең бастысы-халық немесе үкімет арасында қандай мәселе,кикілжің болса да жасырмайды. Менің ойымша, бұл жерде асқан іскерлік пен батылдық қажет. Ақпаратты жеткізіп қана қоймай,мәселені сөзбен оңтайлы шешуге ат салысудың өзі керемет өнер деп санаймын.
Үшіншіден, ақпарат даярлауда үлкен күш пен шыдамдылық керек. Журналист болу әркімнің қолынан келе беретін дүние емес. Нағыз журналист: “Ол ақпаратты қайдан аламын? Бұл ақпараттың маңыздылығы бар ма? Осы жұмысыммен қалай көмегімді тигізе аламын?”-деген сияқты сұрақтарға жауап таба білу керек. Журналистика бір-екі мақала жазып, танымал болып кету емес екенін түсінген боларсыздар.
Қорытындылай келе, журналистика-халық пен үкіметті байланыстырушы фактор, қоғам айнасы, елдің тынысы мен ұлттың көзі деп айтқым келеді.Ақпаратты шынайы дұрыс жеткізе отырып, қоғамның құбылыстарын көрсете білу оңай емес. Ол еңбек пен батылдықты, шыдамдылық пен көп күшті талап етеді.Сондықтан, журналистикада ақпаратты даярлау міндет емес, бағалануы тиіс өнер деп білемін
Достарыңызбен бөлісу: |