Кәсіби практиканы өткізуге арналғАН


Кәсіпорынның міндеті мен құқықтары



бет2/4
Дата17.05.2023
өлшемі34.74 Kb.
#473826
1   2   3   4
Договор 2022 каз

2.2. Кәсіпорынның міндеті мен құқықтары
1) Білім алушыларға жұмыс орнында қауіпсіз жұмыс жағдайын (қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалықты өткізу арқылы) қамтамасыз ету және қажетті жағдайда білім алушының еңбектің қауіпсіз әдістеріне оқытуын жүргізу; 

  1. Тиісті қызметтің бос орны бар болғаны кезде иеленген мамандыққа сәйкес жұмысқа қабылдау үшін білім беру гранты негізінде оқыған түлектің кандидатурасын қарастыру; 

  2. Университетке академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуі үшін жұмыс орындарын ұсыну; 

  3. Осы шарттың ережелеріне сәйкес тиісті мамандықтардың кәсіптік практикаға жіберу бойынша білім алушыларды қабылдау

  4. Практиканың бағдарламасында қарастырылмаған және білім алушылардың мамандығына қатысы жоқ лауазымдарда білім алушыларды пайдалануға жол бермеу; 

  5. Бөлімшелерде (бөлімдерде, цехтерде, зертханаларда және сол сияқты) білім алушылардың кәсіптік практикасына жетекшілік ету үшін білікті мамандарды белгілеуін қамтамасыз ету;

  6. Білім алушылардың еңбек тәртібін және кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны бойынша барлық оқиғалар туралы білім беру ұйымына хабардар ету; 

  7. Білім алушылардың кәсіптік практиканың бағдарламасын толық игеру және оның жеке тапсырмаларды орындауы үшін қажетті болатын зертханаларды, кабинеттерді, шеберханаларды, кітапхананы, сызбаларды, техникалық және басқа құжаттарды пайдалану арқылы білім алушылардың кәсіптік практиканың бағдарламасын орындау мақсатында жұмыс орындарда қажетті жағдай жасау; 

  8. Кәсіптік практика аяқталған соң білім алушылардың жұмысы туралы мінездеме беру және практикадан өту сапасын бағалау.



2.3. Кәсіпорын құқылы:

  1. Жаңа технологияларға және өндірістік процестің өзгерген жағдайларына сәйкес кәсіптік практиканың білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысу

  2. Кәсіпорынның қажеттеліктеріне сәйкес курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптарын ұсыну; 

  3. Білім алушылардың қорытынды аттестаттауына қатысу; 

  4. Білім алушылардың ағымдағы үлгерімі туралы ақпарат сұрастыру

  5. Университеттен жұмыс берушілердің болжамдарына сәйкес білім алушылардың сапалы оқытуын талап етуге құқылы.

2.4. Өз тарапынан Университет білім алушылармен нұсқаулық жүргізуге міндетті:



  1. Кәсіптік практика базасында кәсіпорынның қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын еңбек тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін, қауіпсіздік техника ережелерін және өндірістік тәртіптемесін сақтау

  2. Кәсіпорынның жабдықтарына, аспаптарына, құжаттарына және басқа мүлкіне ұқыпты қарау

  3. Практика бағдарламасының талаптарын қатаң сақтау және орындау; 

  4. Практикадан өту үшін белгіленген уақытта кәсіпорынның қарамағына келу; 

  5. Практикадан өту барысында және аяқтаған соң кәсіпорын туралы құпия ақпаратты жария етпеу. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет