Тақырыбы: Жалпы медициналық білім беруде ішкі аурулардың маңызы. Пропедевтикалық клиниканың мақсаты. Ауру тарихының схемасы. Науқасты сұрастыру және қарау.
Мақсаты: Студенттерді пропедевтикалық клиниканың мақсатымен, сұрастыру және жалпы қарау әдістерімен таныстыру.
Дәріс жоспары:
Кіріспе. Пропедевтика және ауру ұғымы.
Этиология ұғымы.
Аурудың патогенезі ұғымы.
Науқастың клиникалық зерттеудің әдістері.
Сұрастыру.
- Шағымдары
- Аурудың анамнезі (аnamnesis morbi)
- Өмірдің анамнезі (аnamnesis vitae)
4.2. Қарау.
Студенттер кездесетін бірінші клиникалық пән, ол пропедевтика (диагностиканың негіздері). Бұл пәннің мақсаты:
Науқастың клиникалық көрінісін зерттеу әдісін және үйлесімді бір жайлы етуді үйрету;
Ішкі мүшелер ауруларында кездесетін негізгі симптом және синдромдармен (араласпа симптомдар, себебі бір) таныстыру;
Біршама жиі кездесетін аурулардың диагностикалық негіздерімен таныстыру.
Пропедевтика термині Гректің «propaideuo» сөзінен шыққан болып, «дайындау», «орнату» деген мағынаны білдіреді. Пропедевтика – ішкі аурулардың диагностикалық негізі.
Ішкі аурулар – клиникалық медицинаның аймағында, ішкі мүшелер ауруларының этиологиясын, патогенезін, клиникалық көрінісін және оның диагностикалық, емдеу, алдын алу әдістерін зерттейді. Ішкі аурулар жинақтаушы сипатқа йе, ол қалыпты және патологиялық анотомияда, қалыпты және патологиялық физиологияда, биохимия және фармакологияда, сондай-ақ араласпа клиникалық пәндерде үйренген білімдерді науқастарға жүйелі түрде қолдану.
Ішкі аурулар пропедевтикасында аурудың симптомдары мен белгілерін және оларды анықтаудың әдісін оқытады; студент диагноз қою логикасын меңгеруі керек.
Диагностика – медициналық ғылымның бір бөлімі, тиісті емдеу және алдын алу шараларын тағайындау мақстаымен дәрігердің науқасты зерттеу барысы және ауруды тану, науқастың жағдайын бағалау.
Диагноз – аурудың және науқас жағдайын тану туруалы дәрігердің қысқаша қортындысы.
Ауруды тану үшін оның көрінісін білу, ағзадағы тек оның өзіне тән өзгерісін табу керек. Аурудың әртүрлі көріністерін анықтау және үйрену үшін ұқсамаған зерттеу әдістері қолданылады.
Диагностикалық зерттеу әдістері негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Негізгі зерттеу әдістері сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия және аускультация. Субъективті және объективті көріністерді анықтау.
Науқасты клиникалық зерттеудің әдістері.
Сұрастыру – науқастарды зерттеу әдетте сұрастырудан басталады. Науқаспен танысу оның анкеталық көрсеткіштерінен басталады: Аты-жөні, жасы, мамандығы жұмыс істейтін орны. Ұлты, кейбір аурулар белгілі бір ұлтта жиі кездеседі.
Сұрастыру төмендегі бөлімдерден құралады:
Шағым;
Осы аурудың тарихы – ауру анамнезі;
Өмір анамнезі.
ШАҒЫМ – науқастың өзіне байқалатын жайсыз сезімдер. Шағымды сұрастыру науқаспен әңгімелесуден басталу керек, науқасқа түсінікті тілмен сұрақ қоған әбзал.
Шағым жинағанда басты немесе негізігі және екінші орында тұратын немесе қосымша шағымдарды айыра білу керек. Шағымды сұрастырғанда оның егжей-тегжейін анықтау шарт, басталуы, оның пайда болуына, ауырласуына немесе жеңілдеуіне әсер ететін шарттар, сипаты тағы басқалар.
Шағымдардың арасында әдетте басты орында тұратындардың бірі ауырсыну сезімі, ол кезде төмендегі жағдайларды анықтау керек.
Орналасуы;
Сипаты;
Басталған уақыты және мүмкін болған себептері;
Күші;
Ұзақтығы;
Ауырсынуды күшейтетін немес басатын факторлар;
Иррадияциясы – ауырсынудың таралуы.
Шағымды бағалауда дәрігер оларды үнемі талдап, нақтылы ауруды болжауы керек.
ОСЫ АУРУДЫҢ АНАМНЕЗІ – anamnesis morbi.
Мақсаты:
Науқаспен қарым-қатынас жасау;
Диагностикага қажетті информация алу;
Аурудың ауырлық дәрежесін бағалау;
Басқа мүмкін болған информацияны табу (туысқандары, басқа дәрігерлер т.б.)
Науқастың жеке басын және аурудың дамуына болған реакциясын бағалау.
Ауру анамнезін сұрастырғанда төмендегі сұрақтарға нақты жауап алу керек: 1. аурудың қашан басталғаны; 2. қалай басталғаны; 3. оның қалай дамығандығы, 4. қандай тексерулер жасалғаны және оның нәтижесі; 5. қандай ем қолданғандығы және оның өнімі.
ӨМІР АНАМНЕЗІ – аnamnesis vitae.
Жалпы графиктік сипатқа йе:
туылған жері,
білімі,
бұрын және қазір өмір сүрген ортасының шарт-жағдайы,
материялдық жағдайы,
отбасылық жағдайы,
қызығушылығының артуы,
әдеттері,
дем алу жағдайы,
физикалық белсенділік жағдайы.
қосымша ауруларға және оның ағымына көңіл аудару керек;
зиянды әдеттері – темекі шегу, арақ ішу т.б., олардың мөлшері.
жалпы анамнез жыныс қызметін қамтиды.
тұқым қуалаушыдық.
ЖАЛПЫ ҚАРАУ (Status praesens, inspectio):
Жалпы қарау науқасты алғашқы объективті зерттеу әдісі болып табылады, оның өнімділігі жалпы факторларға, дәрігердің көрегендігіне, ұқыптылығына және тәжірибесіне байланысы. Жалпы қарауды жүргізу барысында науқасқа жайлы жағдай жасау керек.
Жалпы қарау келесі элементтерді өз ішіне алады:
Есі;
Науқастың күйі;
Денебітімі;
Бет әлпеті;
Дене температурасы;
Антропометрикалық көрсеткіштері.
Тәжірибеде осымен бір уақытта дененің әртүрлі бөліміндегі тері жамылғыларын қарап зерттеу керек, бірақ ауру тарихында ол түрлі бөлімдерге жазылады.
ЕСІ дәрігер тексергенде жалпы қарауда бірінші байқайтын элементі. Науқастың есінің келесі түрлері ажыратылады:
Есі анық,
Есі анық емес, науқас сұраққа кешігіп жауап береді, бірақ түсінеді, ал айналасын толық ажырата алмайды,
Ступор – мелшиу, сұраққа түсініп жауап бере алмайды;
Сопор – меңіреу, сыртқы түрткіге жауап қайтарады, бірақ реакциясы ауық-ауық, үйлесімсіз, науқас өзіне не болғанын түсіндіре алмайды;
Ессіз жағдай – кома (есін жоғалтады, бұлшық еттің босаңсуы жиі кездеседі).
Естің бұзылуы орталық жүйке жүйесінің әртүрлі патологиялық үрдістеріне тәуелді болуы мүмкін, оның ішінде ми қан айналысының бұзылысы бар.
Естің бұзылуы комалық жағдайды өз ішіне алады, ол гомеостаз жүйесінің көрнеткі бұзылуының себебінен пайда болады, оған ішкі мүшелердің ауыр зақымдалуы алып келеді.
Команың біршама жиі кездесетін түрлері – уремиялық, бауырлық, диабеттік, гипогликемиялық.
Қысқа уақыттық есінен тану да жиі кездеседі. Науқас бұл жағдайдан тез жайлы немесе өзін жақсы сезінетін жағдайға қайтады. Бұл ұстаманың жиі кездесеті себебі ми қан айналымының төмендеуі немесе қояншық.
Қарапайым естен танудың негізі рефлекторлы реакция, жүрек қызметінің баяулауы және сонымен бір уақытта қан тамырдың кеңеюі, әсіресе қаңқа бұлшық еттерінің. Соның нәтижесінде артериялық қан қысымы кенеттен түсіп кетеді. Мұнда сол жақ қарыншаның систолалық шығаруды төмендетуді жүзеге асыруды белсенділендіретін ресепторларының жағдайы маңызға йе болуы мүмкін.
Ортостатикалық естен тану жатқан орыннан тұрғанда, вазомотрлық рефлекстің әсерінде туындайды. Ол әртүрлі дәрілік заттарды қолдануда, мысалы, артериялық гипертензианы белсенді емдеуде жиі кездеседі.
Бастың қозғалуына байланысты туындайтын естен тану каротид синус рецепторының сезімталдығы жоғарылағанда немесе вертебробазилярлы қан айналысының бұзылысына қатысты, ол каротид синусын қысқа уақыт басқанда жүрек соғуының баяулауымен дәлелденеді, вертебробазилярлы жеткіліксіздік бас айналумен және диплопия (екеу көру) мен жиі бірге жүреді.
Жөтелгенде пайда болатын естен тану кейде созылмалы бронхиті бар толық науқастарда, темекі шегетіндерде және алкаголь пайдаланатындарда байқалады. Бұл кейде гипервентилацияны пайда қылып, шеткері қан тамырдың кеңеюі мен ми қан тамырының түйілуін келтіріп шығарады.
Вальсальв сынамасы (дыбыс саңлауын жабу) кардиология мен пульманологияда функционалдық сынама ретінде қолданады, жүректің шығару қызметін төмендетіп естен тануға алып келеді. Физикалық жүктеме кезіндегі естен тану ауыр жүрек аурулары бар науқатсратда сол қарыншаның шығару қызметінің қиындауынан туындайды.
Синкопальды ұстама жүрек ырғағының әртүрлі бұзылыстарында кездеседі, жүректің шығару қызыметі төмендеп мидың қан айналысы бұзылады, әсіресе қартаң адамдарда жиі кездеседі.
Эпилептикалық қояншық ауруы – қысқа уақыттық естен танудың және бір маңызды себебі, ол ми нейрондарының электірлік үрдістерінің бұзылуының нәтижесінде пайда болады. Бұл өзгеріс мидың шектеулі аймағында болады немесе жайылмалы сипат көрсетеді.
НАУҚАСТЫҢ КҮЙІ – БЕЛСЕНДІ, БӘСЕҢ, МӘЖБҮРЛЕНГЕН КҮЙ БОЛЫП БӨЛІНЕДІ.
Белсенді күй кезкелген жағдайда кездеседі.
Бәсең күй есін жоғалтқандарда немесе өте әлсіз және арықтаған адамдарда кезедседі.
Мәжбүрленген күй науқас өз жағдайын жақсарту үшін, мысалы ауырсынуды, ентігуді жеңілдету үшін белгілі бір күйде тұрады. Мәжбүрленген күй аурудың ауыр кезеңінде болады, бірақ кейде жағдайдың ауырлығы науқасты ұзақ уақыт осындай күйде тұруға мәжбүр етеді.
ДЕНЕ БІТІМІ жалпы қарау науқастың сыртқы түріне қарап оның сәйкесті жасын анықтауға мүмкіндік береді. Бұлай бағалау субъективті. Алайда науқастың өз жасынан үлкен көрінуі, көп жағдайда аурудың салдарынан болып, үлкен жастағы адамдарда жиі кездеседі.
Дене бітіміне қарап негізгі нәсілін анықтауға болады, алайда оған өмір сүру жолы, қоғамдық факторды қамтыған қоршаған ортасы әсер етеді. Әртүрлі мүмшелер мен жүйелердің морфологиялық және функционалдық қасиетінің түзілуі жүйке және эндокринді жүйенің реттеу әсерінде өтеді.
Осыған байланысты адамдардың мінезін жіктеуге болады:
Холерик – күшті ұстамсыздық;
Флегматик – күшті салмақты, ақырын;
Сангивник – күшті салмақты, тез;
Меланхолик - әлсіз.
Дене бітімінің үш типін ажыратуға болады:астеник, нормастеник, гиперстеник.
Астениктердің ұзын өлшемі көлденең өлшемінен үлкен, аяқ-қолы ұзын және жіңішке; астеніктер арық, бұлшық еттерінің дамуы салыстырмалы түде әлсіз. Олардың артериялық қан қысымы біршама төмендеу, зат алмасуы тез, ішектің сіңіру қызметі әлсіз, олар туберкулезбен, ойық жара ауруымен ауруға бейім келеді.
Гиперстениктердің көлденең өлшемі ұзын енінен үлкен, басы домалақ, беті жалпақ, мойны қысқа жуан, кеудесі кең, қысқа, қабырғасы дерліктей горизонтальді орналасқан. Мұндай типтегілердің артериялық қан қысымы жоғарылау, семіздікке бейім болады. Олар бүйрек және өт жолы тас ауруларымен, атресклерозбен сипатталатын, алмасудың бұзылуынан жиі зардап шегеді.
ДЕНЕ ТЕМПЕРАТУРАСЫ қолтық атсы шұңқырынан өлшенеді, қалыпты жағдайда 36 - 37ºС арасында ауытқиды. Температураның төмендеуі сирек кездеседі, арықтарда, жүрек қызметі жеткіліксіздігінде, кейбір улануларда.
37 – 38ºС субфебрильді, 38 - 39ºС орташа қызу, 39 – 41ºС жоғары қызу, 41ºС-тан жоғары гиперпиретикалық деп аталады.
Денен қызуының жоғарылауының себептері әртүрлі болып, жиі кезедесетіні инфекциялық үрдіс. Алайда бейинфекциялық қабыну үрдісіненде пайда болады, кейде себебі анықталмайды. Орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан да болады, оның ішінде таза функциональдық себепте бар, бірақ бұл кезде 38ºС-тан аспайды, ол терморегулияторлық деп аталады.
Температураны тік ішектен өлшеудің өзіндік маңызы бар. Оны кейде гинекологияда қолданады, әйелдердің етеккір айналымының екінші жартысында дене температурасы субфебрильді деңгейге көтеріледі.
КЛИНИКАЛЫҚ АНТРОПОМЕТРИЯ
Сыртқы морфологиялық көріністің сандық бағасы бойы мен дене салмағын өз ішіне алады.
Ересек адамдардың бойын өлшеп оның дене салмағымен қатынасын табудың маңызы бар. Сирек жағдайда бірнеше жылдан кейін бойының аласаруы аурумен байланысты – омыртқаның деформациясы – анкилозды спондилоартрит (Бехтерев ауруы).
Дене салмағын тәртіпті өлшеп тұрудың маңызы зор. Дене салмағының жоғарылауы жүрек, бүйрек, бауыр ауруларының салдарынан ағзада су жиналуының нәтижесі, сондай-ақ артық тамақтанудың, зат алмасудың және эндокринді жүйе қызметінің бұзылуының салдары.
Дене салмағының төмендеуі келесі жағдайларда кездеседі:
Тамақтанудың жетіспеушілігі;
Сіңірудің бұзылысы – диарея (іш өту);
Эндокринді – алмасудың бұзылысы (қантты диабет, тиреотоксикоз);
Ісіну қайтқан кезде;
Қатерлі ісік;
Жүрек жеткіліксіздігі;
Созылмалы жұқпалы аурулар (туберкулез, бронхоэктатикалық ауру, созылмалы қабыну үрдісі – дәнекер тіндердің жүйелі аурулары).
Дене салмағының бойға қатынасы жеткіліксіздікті немесе артып кеткенін айқындайды. Қарапайым формуласы:
Бойы(см) = 100+дене салмағы (кг)
Егер алынған нәтижесі бой көрсеткішінен үлкен болса, дене салмағы артып кеткені, кіші болса жетпегені. Дене салмағының артып кетуі жүректің ишемиялық ауруының қауіпті факторы.
Дене салмағының артуын анықтау үшін жалғасты оның коррекциясын жасау мақсатымен дене салмағы индексі (МВІ) – кетле индексін қолданады. Бұл көрсеткіш эпидемиологиялық зерттеу жүргізуге қолайлы, ол дене салмағы/бойдың квадраты (м2), қалыпты жағдайда 20-25 кг/ м2, семірудің алғашқы сатысында 25-30кг/ м2, егер 30-дан асып кетсе семіру болып есептеледі. Дене салмағының артып кетуі салмақты аурулардың қатерлі факторы.
Достарыңызбен бөлісу: |