Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Кәсіби шығармашылық факультеті
Дене тәрбиесінің теориясы және әдістемесі кафедрасы
ОСӨЖ №13
Тақырыбы: Вегетативті жүйке жүйесінің бөлімдері, жұмысы. Үлкен ми және жұлын топографиясы
Ақтөбе 2021 жыл
Вегетативтік немесе автономдық жүйке жүйесі (вегетативная, или автономная нервная система); (systema nervosum autonomicum; грек, systema — жүйе, бөліктерден құралған бүтін; лат. nervus — жүйке; грек, autos — өзім, өздігінен; nomos — заң) — барлық ішкі мүшелер жүйелері мүшелерінің (асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелер жүйелері), тамырлар мүшелері жүйелерінің (қанайналым, лимфаайналым, қан жасау мүшелер жүйелері), сыртқы және ішкі секреция бездерінің, бірыңғай салалы ет ұлпасының қызметтерін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі. Вегетативтық жүйке жүиесі де, жүйке жүйесінің басқа бөлімдері сияқты нейроциттерден және жүйкелік глиядан (нейроглиядан) құралған. Вегетативтік жүйке жүйесі - организмдегі орналасу орындары мен атқаратын қызметтеріне байланысты симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерге бөлінеді.Олар өз кезегінде жүйке орталықтарынан және шеткі бөлімдерден құралады. Вегетативтік жүйке жүйесінің жүйке орталықтары жұлын мен мида орналасқан: қыртыстық, қыртысасты және өзіндік жүйке орталықтарына бөлінеді.
Вегетативтік жүйке жүйесінің шеткі бөлімін: преганглионды (ганглионалды) миелинді (үлпекті) жүйке талшықтары, экстрамуральды (қабырғадан тыс) және интрамуральды (қабырғалық) жүйке ганглиондары (түйіндері), постганглионды (ганглионсоңы) миелинсіз (үлпексіз) жүйке талшықтары қүрайды. Вегетативтік жүйке жүйесінің, жүйке жүйесінің сомалық бөлімінен морфологиялық ерекшелігі - оның шеткі бөлімі орталық жүйке жүйесімен екі нейроцит (өзіндік орталық нейроциттері және шеткі жүйке ганглиондарының нейроциттері) арқылы байланысады. Жүйке ганглиондары нейроциттерінің аксондарының эффекторлы ұштары орындаушы мүшелерде аяқталып, оларды жүйкелендіреді (парасимпатикалық жүйке жүйесінің ұштары ішкі мүшелер қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды және бездерді, ал симпатикалық жүйке жүйесінің ұштары — қан және лимфа тамырлары қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды жүйкелендіреді). Өсімді (вегетативті) жүйке жүйесінің жұмысы адамның еркіне бағынбайды. Сондықтан оны ерте кезде автономды (грекше - өз алдына заң) жүйке жүйесі деп те атаған. «Вегетативті» деген сөз латынша - өсу, қаулап өсу дегенді білдіреді. Ол ағзаның өсуіне қоректенуіне қатысты, жүйке жүйесінің белсенді қозуына қатысты және жыныссыз көбеюді сипаттайды.Сондықтан қазақша «өсімді» деген термин қалыптасқан. Өсімді жүйке жүйесі ішкі мүшелердің қызметінің бірімен-бірінің үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Ағзадағы зат алмасуды, ішкі ортаның тұрақтылығын реттеп отырады. Ағзадағы түрлі бездердің, қантамырларының және лимфа тамырларының қызметтері де өсімді жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Сонымен бірге өсімді жүйке жүйесі қаңқа бұлшықеттерінің қызметін реттеуге де қатысады. Өсімді жүйке жүйесінде рефлекстік доға үш нейрондық (сезгіш, байланыстырғыш, қозғалтқыш) байланыстан тұрады. Өсімді жүйке жүйесінде қозу баяу жүреді, өйткені оның жүйке талшықтарында майлы қабығы болмайды. Өсімді жүйке жүйесінің қызметін ми қыртысының маңдай бөлігі реттеп отырады. Өсімді жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық деп 2 бөлікке бөлінеді. Симпатикалық (грекше - сезгіш, қабылдағыш), парасимпатикалық (грекше - жанында, қасында).
Өсімді жүйке жүйесі де орталық және шеткі бөлімдерге бөлінеді. Орталық бөлімдері ми мен жұлында болады. Шеткі бөлімдері ми мен жұлыннан тыс жерлердегі жүйке бағанасында, жүйке түйіндерінде, өрімдерінде орналасады.
Өсімді жүйке жүйесі: а) парасимпатикалық бөлігі; ә) симпатикалық бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |