Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрығы
2015 жылғы 19 мамыр №463 Астана қаласы
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тартудың тәртібі, нысандары және түрлері туралы ережені бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тартудың тәртібі, нысандары және түрлері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3326 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту ережесін, олардың нысандары мен түрлерiн бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту ережесі, олардың нысандары мен түрлерi туралы;»;
бұйрықтың 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы азаматтар үшін куәлік үлгісі және эмблема символикасы.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, Көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары:»;
бұйрықтың 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тартудың тәртібі, нысандары және түрлері туралы ережеде:
бұйрықтың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.»;
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тартудың тәртібі, нысандары және түрлері туралы ереже осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
«полициянын коғамдық көмекшісі» омырау белгісі эталонының сипаттамасы және полицияның қоғамдық көмекшісі куәлігінің үлгісі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықты Қазақтан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы полиция генерал-лейтенанты М.ДЕМЕУОВ.
Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы №463 бұйрығына 1-қосымша
Ішкі істер министрінің
2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 бұйрығына 1-қосымша
Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тарту ережесі, олардың нысандары мен түрлері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тарту ережесі, олардың нысандары мен түрлері (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тартудың тәртібін, нысандары мен түрлерін анықтайды.
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың және қоғамдық құрылымдардың қатысуына байланысты туындайтын қатынастарды құқықтық реттеу Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне негізделеді және оны "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (әрі қарай - Заң) және өзге де нормативтік құқықтық актілері жүзеге асырады.
3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың ішкі істер органдарына ерікті түрде жәрдемдесуі арқылы жүзеге асырылады.
4. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар өз қызметін заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу мен сақтау принциптері негізінде жүзеге асырады.
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардыңқатысу нысандары мен түрлері
5. Азаматтар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге өзінің қатысу құқығын мынадай нысандарда іске асырады:
1) жеке;
2) ұжымдық нысандарда іске асыра алады.
6. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың жеке қатысуы олардың ішкі істер органдарына:
1) дайындалып жатқаны, жасалып жатқаны немесе жасалған құқық бұзушылықтардың өздеріне мәлім болған фактілері туралы, оларға ықпал еткен себептер мен жағдайлар туралы хабарлауда;
2) учаскелік полиция инспекторларының және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшелердің профилактикалық есебіне алынуы тиіс адамдарды анықтауға, олармен ішкі істер органының аталған қызметтері қызметкерлерінің тікелей қатысуымен жеке профилактикалық жұмысты жүргізуге;
3) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қараусыз және қадағалаусыз қалуын ескертуге;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын (бұдан әрі – Жол жүрісі қағидалары) насихаттауға;
5) құқықтық білімдерді насихаттауға;
6) құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді, сондай-ақ құрамында есірткісі бар жабайы өсімдіктерді заңсыз өсіру мен жинау фактілерін анықтауға;
7) спирттік ішімдіктерді ішуге, есірткі құралдарын және психотроптық заттарды пайдалануға, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды, сондай-ақ осындай мақсаттарға арналған жарамды ықтимал үй-жайларды анықтауға жәрдемдесу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар өзара келісуі бойынша және аумақтық ішкі істер органын хабардар ете отырып, тұрақты мекен-жайы, жұмыс және оқу орны немесе өзінің меншігі орналасқан жерде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін ұжымдаса отырып қатысуы мүмкін. Мұндай қоғамдық құрылымдардың атауын азаматтар өз еркімен анықтайды.
8. Ереженің 6-тармағында көрсетілген көмек көрсету түрлерімен қатар, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ұжымдаса отырып қатысатын азаматтар:
1) көшелерде, алаңдарда, вокзалдарда, көлік магистральдарында және басқа да қоғамдық орындарда, сондай-ақ әртүрлі спорттық, мәдени-бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларын өткізген кезде тікелей ішкі істер органдары қызметкерлерінің басшылығымен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге;
2) қайғылы оқиғалардан, жол-көлік оқиғаларынан және құқық бұзушылықтардан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсіз күйде жатқан адамдарға шұғыл көмек көрсетуге;
3) дүлей зілзала және басқа да төтенше оқиғалар кезінде адамдарды, мүлікті құтқаруға және қоғамдық тәртіпті сақтауға;
4) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға;
5) мал жайылымдары мен басқа да мал жаятын және тұратын орындарды күзетуге;
6) астық өнімдерін және басқа ауылшаруашылық дақылдарын ұрлаудың алдын алуға және жолын кесуге;
7) жатақханалар мен оқу-өндірістік шеберханаларды қоса алғанда оқу орындарының аумақтарында қоғамдық тәртіпті сақтауға;
8) көп қабатты үйлердің кіреберістерін және оған іргелес аумақтар күзетуге - консьерждер институтына қатысады.
9. Ереженің 6 және 8-тармақтарында көрсетілген іс-шаралардың алдында, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтармен учаскелік полиция пункттерінің базасында әкімшілік полиция қызметкерлері жүзеге асыратын құқықтық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, оған:
1) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
2) криминогендік жағдайдың жай-күйі және іздестірудегі адамдар туралы хабарлау;
3) есепте тұрған адамдармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізудің тәртібі мен ережелері туралы нұсқама;
4) қажетті қорғану құқығын түсіндіру, құқыққа қарсы қол сұғушылықтардың жолын кесу, құқық бұзушыны ұстау және оны ішкі істер органдарына жеткізу үшін қажетті шаралардың тәртібі мен шегі, сондай-ақ қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік заңнаманың өзге де нормалары;
5) төтенше оқиғалардың, қайғылы оқиғалардың салдарынан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсіз күйде жатқан азаматтарға көмек көрсетудің тәртібі мен ережесі туралы нұсқама;
6) жол қозғалысы ережесін бұзу мен құқық бұзушылықтардың алдын алу кіреді.
10. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтармен құқықтық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыруды және жүргізуді бақылау ауданның, қаланың, облыстың, ішкі істер органдарының профилактикалық қызметке жетекшілік ететін басшыларына жүктеледі.
11. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы ішкі істер органдары мен азаматтардың қызметін үйлестіруді жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік профилактика кеңестерінің және қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, қылмыстардың алдын алуға және ашуға ықпал еткен азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссиялардың отырысында өзара іс-қимыл жасасу нәтижелерін қарауға ұсыну жолымен жүзеге асырады.
12. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға олардың құқық қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттерін түсіндіру азаматтар осы мәселе бойынша көмек көрсетуге ниет білдірген әкімшілік полиция бөлімшесіне жүктеледі.
3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды
тіркеу тәртібі
13. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуға ниет білдірген азамат ішкі істер органына еркін нысанда өтініш береді, оған Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің не паспортының көшірмесін, өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы келісімшарт болған жағдайда оның көшірмесін қоса береді. Азаматтың өтінішінде ол қатысуға ниет білдірген қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласы және тиісті әкімшілік полиция бөлімшесінің атауы көрсетіледі.
14. Ішкі істер органы өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде азаматты наркологиялық, психоневрологиялық және өзге де есепке алу бойынша тексереді, одан кейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына тиісті қолдаухат беріп, оған ұсынылған құжаттардың көшірмелерін қоса тіркейді, не қабылданған шешімнің себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге жазбаша түрде бас тартады.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмек көрсетуге ниет білдірген азаматтың өтінішін өндірісіне қабылдаған ішкі істер органының басшысы және әкімшілік полиция бөлімшесі тексеру іс-шараларын уақтылы жүргізуді және жинақталған материалдарды жергілікті атқарушы органға жіберуді қамтамасыз етеді.
15. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы келіп түскен қолдаухатты жеті жұмыс күні ішінде қарайды, азаматты тіркеуді жүргізеді және оны қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың есебіне алады, бұл туралы ішкі істер органын жазбаша түрде хабардар етеді.
16. Азаматтың тіркелгені туралы ақпаратты алғаннан кейін әкімшілік полиция бөлімшесі оған есепке алу ісін ашады, ол Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың есепке алу істерін тіркеу журналында есепке алынады. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар ұжымына бір бақылау ісі ашылады, ол Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық өзінше қызмет көрсету бірлестіктерін қадағалау істерін тіркеу журналында есепке алынады.
Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерді жалпы есепке алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы олардың қызметін үйлестіруді әкімшілік полиция бөлімшелері жүзеге асырады.
17. Одан әрі жергілікті билік органдарында тіркелген, қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтар тоқсанына кемінде бір рет наркологиялық, психоневрологиялық және өзге де есептер бойынша тексеріледі.
18. Кәмелетке толмаған азаматтардың және өздеріне қатысты қылмыстық іс қозғалған не Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-бабының тәртібінде соттылығы өтелмеген немесе алынбаған, сондай-ақ наркологиялық, психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын не сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуына жол берілмейді.
19. Өтінішті қабылдамай тастау бас тартуға негіз болған себептер жойылған жағдайда өтініш берушінің қайта өтініш жасауына кедергі болмайды.
20. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтың қатысуын тоқтатуға негіз болатын жағдайлар мыналар:
1) азаматтың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге одан әрі қатысуға ниетінің жоқтығы туралы өтініші;
2) қылмыстық жауапқа тартылуы;
3) бірнеше рет (бір жыл ішінде екі және одан да көп рет) қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;
4) қаланың (ауданның) немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуі;
5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуын болдырмайтын мән-жайлардың туындауы (психикасының бұзылуы, маскүнемдікпен, нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыру не айналасындағы адамдар үшін қауіп төндіретін ауру не өлім).
21. Ереженің 20-тармағында аталған мән-жайлар туындаған кезде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы тиісті ішкі істер органының ұсынымы бойынша бұл азаматты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар есебінен шығарады. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтың қатысуын тоқтату туралы материалдарды дайындауды ол есепте тұрған әкімшілік полиция бөлімшесі қамтамасыз етеді.
4. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатыназаматтардың рәмізі және ерекше белгілері
22. Жергілікті атқарушы органға тіркегеннен кейін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматқа ішкі істер органының басшылығы белгіленген үлгідегі куәлік және «ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КӨМЕКШІСІ» ерекше омырау белгісін береді. Куәлікке аумақтық ішкі істер органының бастығы қол қояды.
23. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды есепке алуды, тіркеуді және куәліктер мен омырау белгілерін беруді Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалалық, аудандық ішкі істер органының әкімшілік полиция бөлімшелері жүзеге асырады.
24. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтар өздерімен бірге куәлігі мен ерекше омырау белгісін алып жүруге және азаматтар талап еткенде көрсетуге міндетті.
25. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматқа осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі кезекшілік кезеңінде учаскелік полиция пунктінде ішкі істер органдарының қызметкері жеңге тағатын белгіні береді.
5. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатыназаматтарды көтермелеу шаралары
26. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды есепке алу істерін жүргізетін әкімшілік полиция бөлімшелері ай сайын жұмыс қорытындысын шығарады, талдау анықтамасын ресімдеп, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген көтермелеу шараларын қолдану мақсатқа сай екендігі туралы дәлелденген ұсынысты ішкі істер органдарының басшылығына ұсынады.
27. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу шаралары:
1) алғыс жариялау;
2) грамотамен марапаттау;
3) ақшалай сыйлықақы беру;
28. Қорытындыланған талдау анықтамалары әкімшілік полиция бөлімшелерінің өкілдері мен көтермелеуге ұсынылған азаматтар шақырыла отырып, қалалық, аудандық ішкі істер органы басшылығының кеңесінде қаралады. Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органға қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыстардың алдын алуда, жолын кесуде және ашуда, қылмыстарды жасаған адамдарды іздестіру мен ұстауда белсенді түрде көмек көрсеткені жөнінде ұсынымхат әзірлеу туралы шешім шығарылады.
Ұсынымхатта азаматты көтермелеуге ұсынудың негізі көрсетіледі. Оған ішкі істер органының бастығы куәландырған қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтардың жұмыс нәтижелерін есепке алу табелі қоса беріледі (4-қосымша).
Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тарту ережесі, олардың нысандары мен түрлеріне 1-қосымша
Нысан
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын
азаматтардың есепке алу істерін тіркеу журналы
№_____
__________________________________________
(ішкі істер органының атауы)
20__ ж. "___" __________ басталды
20__ ж. "___" __________ аяқталды
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың есепке
алу істерін тіркеу журналының ішкі мазмұны
Бірінші бөлім
р/с №
|
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда),
туған жылы
|
Мекенжайы, үй
телефоны
|
Жұмыс
орны,
теле-
фоны
|
Білімі
|
Есепке
алу ісін
ашу негізі
(әкімдікте ауданның, қаланың) тіркелген
нөмірі,
күні)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
|
|
|
|
|
Екінші бөлім
Куәліктің
және
омырау
белгі-
сінің
нөмірі
|
Куәлікті
және омырау
белгісін
алғаны ту-
ралы қолы
және күні
|
Шығару
негізі
және
күні
|
Куәлікті
және
омырау
белгісін
тапсыру
туралы
белгі
|
Есепке алу ісін
жүргізетін
бөлімше
және
қызметкер
|
Ескертпе
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
|
|
|
|
|
|
Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тарту ережесі, олардың нысандары мен түрлеріне 2-қосымша
Нысан
Қоғамдық өзінше қызмет көрсету бірлестіктерін
қадағалау істерін тіркеу журналы
№ _____
__________________________________________
(ішкі істер органының атауы)
20__ ж. "___" __________ басталды
20__ ж. "___" __________ аяқталды
Қоғамдық өзінше қызмет көрсету бірлестіктерін тіркеу журналының
ішкі мазмұны
Бірінші бөлім
р/с
№
|
Қоғамдық өзінше
қызмет көрсету
бірлестігінің
атауы
|
Мекенжайы,
телефоны
|
Басшының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), үй және қызметтік телефондары, мекенжайымен тұрғылықты жері
|
Әкімдікте
тіркелген
нөмірі,күні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
|
|
|
|
Екінші бөлім
Мүшелердің
саны
|
Қызмет түрі
|
Жою негізі
және күні
|
Есепке алу ісін жүргізетін бөлімше және қызметкер
|
ескертпе
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
|
|
|
|
Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тарту ережесі, олардың нысандары мен түрлеріне 3-қосымша
Нысан
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан
азаматтарға куәліктер мен омырау белгілерін беру
және есепке алу журналы
№ _____
__________________________________________
(ішкі істер органының атауы)
20__ ж. "___" __________ басталды
20__ ж. "___" __________ аяқталды
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға куәліктер
мен омырау белгілерін беру және есепке алу журналының ішкі мазмұны.
Бірінші бөлім
№
р/с
|
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда),
туған жылы,
іс есебінің
|
мекенжайы,
үйтелефоны
|
Жұмысорны,телефоны
|
Омыраубелгісініңнөмірі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
|
|
|
|
Екінші бөлім
Омыраубелгісініңберілген
күні
|
Омыраубелгісіналғанытуралықолы
|
Омыраубелгісінтапсырғанкүні
|
Омыраубелгісінтапсырғанытуралықолы
|
6
|
7
|
8
|
9
|
|
|
|
|
Үшінші бөлім
№
р/с
|
Қоғамдық
көмекші
куәлі-
гінің
нөмірі
|
Куәліктіңберілген
күні
|
Куәліктіалғаны
туралы
қолы
|
Куәліктітапсырған
күні
|
Куәліктітапсырғаны
туралы қолы
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
|
|
|
|
|
|
Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тарту ережесі, олардың нысандары мен түрлеріне 4-қосымша
Нысан
Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтардың
жұмыс нәтижелерін есепке алу табелі
20 __ жылғы _________ айындағы
1-бөлім
№ р/с
|
Тегі, аты,
әкесінің
аты
|
Қоғамдық
тәртіпті
қамта-
масыз
етуге
қатысқан
күндер
саны
|
Қоғамдық
тәртіпті
қамта-
масыз
етуге
қатысу
түрлері
|
Жұмыс нәтижелері
|
Құқық
бұзу-
шы-
ларды
ұстау
|
Қыл-
мысты
ашу
|
|
|
|
|
|
|
2-бөлім
Жұмыс нәтижелері
|
Марапатталғаны
|
Ескертпе
|
Іздеуде жүрген қылмыскерлердің ұсталғаны
|
Қылмыс пен құқық бұзушылық бойынша түскен хабарламалар саны
|
Ақшалай марапатталғаны
|
Басқа да түрлерімен марапатталғаны
|
|
|
|
|
|
Бастық___________________________________
ҚАІІБ(б)-нің атауы
________________________________________
ІІО-ның атауы, шені
_________________________________________
қолы, аты-жөні
«_____»______________20__ жыл.
Ішкі істер министрінің 2015 жылғы
№19 мамырдағы бұйрығына 2-қосымша
Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы
№ 641 бұйрығына 2-қосымша
Полицияның қоғамдық көмекшісінің омырау белгісі
эталонының және куәліктің үлгісінің сипаттамасы
1. "ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КӨМЕКШІСІНІҢ" куәлігі
Ескертпе: қоғамдық көмекші куәлігінің (бұда әрі – Куәлік) ашылғандағы жалпы ұзындығы 21 сантиметр (бұдан әрі – см) және ені 7 см болады.
Куәліктің мұқабасы көк түсті винилтеріден дайындалады.
Куәліктің ішкі сол жақ бетінде ортасы көлдеңенінен бірінің астына бірі жазылған әріптердің биіктігі 6 мм «ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КӨМЕКШІСІ» деген сөздер орналасады.
Куәліктің ішкі бөлігі көлемі жағынан екі бірдей қосымша беттен тұрады, әрқайсысының биіктігі 6,3 сантиметр, ұзындығы 9,5 сантиметр. Қосымша типографиялық тәсілмен дайындалады. Қосымша беттің негізі ашық көгілдір түсті.
Куәліктің сол бөлігіне жапсырылған қосымша беттің сол жағында:
қосымша беттің жоғарғы бөлігінің ортасында - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, қалалық, аудандық, ішкі істер органдарының, мемлекеттік тілдегі атауы, әріптердің биіктігі 3 мм құрайды;
жазудың астында қосымша беттің бір шетінен келесі шетіне дейін шектеу сызығы орналасады;
сол жақ қосымша беттің сол жағында қосымша беттің сол жақ шетінен тереңдігі 3,5 см типографиялық тәсілмен жасалған полицияның қоғамдық көмекшісінің эмблемасы орналасады;
эмблеманың астында – «Кеуде белгісінің № ____» деген жазу;
эмблеманың жоғарғы оң жағында қосымша беттің ортасына жақын
«№ __________ КУӘЛІК» деген жазу орналасады;
төменгі жағында қоғамдық көмекшінің тегі, аты және әкесінің атын жазу (ол болған жағдайда) үшін екі жол орналасады, соңғы жолдың астына «полицияның қоғамдық көмекшісі/общественный помощник полиции» деген жазу орналасады;
төменде жоғарғы және төменгі жағында «Дейін жарамды» және «Действительно до» деген жазулар бар;
қосымша беттің төменгі бөлігіне жақын ортасында алшақтықпен «ҚАІІБ бастығы/ Начальник ГОРОВД» деген жолдар болады;
жолдың оң жақ бөлігінің астында арасы 5 мм алшақтықпен «(қолы) (тегі)» деген сөздер орналасады.
Куәліктің оң бөлігіне жапсырылатын қосымша бетте:
қосымша беттің жоғарғы бөлігінің ортасына - облыстың Астана және Алматы қалаларының қалалық, аудандық, ішкі істер органдарының атауы орыс тілінде, әріптердің биіктігі 3 мм;
қосымша беттің бір шетінен келесі шетіне дейінгі жазудың астында - шектеу сызығы;
қосымша беттің оң жағында - ортасында «фото 3 х 4» деген жазу орналасқан өлшемі белгіленген рамкалы 3 х 4 фотосуретке орын;
фотосуретке арналған рамканың оң жағында жоғарғы оң шетінің деңгейінде, қосымша беттің ортасына жақын «КУӘЛІК № ________» деген жазу орналасады;
полицияның қоғамдық көмекшісінің тегін, атын және әкесінің атын жазу үшін төменде екі жол орналасады, соңғы тармақтың астына «полицияның қоғамдық көмекшісі - общественный помощник полиции» деген жазу жазылады;
фотосуретке арналған рамканың төменгі оң жағының шеті деңгейінен төмен «М.О.» деген жазу орналасады;
жазу астында «Қоғамдық өзінше қызмет көрсету бірлестігі /Объединение общественной самодеятельности» деген жазу жазылған жол болады;
қосымша беттің төменгі бөлігіндегі сол жақ шетінде "бастық - начальник" деген жазу орналасқан жол болады.
Жолдың астына «ҚАІІБ – ГОРОВД», «қолы, тегі» деген жазулар жазылады.
Куәліктің қосымша беті компьютермен терілген түзу жазылған қара түсті біркелкі шрифтермен лазерлік принтерді пайдалана отырып толтырылады. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, қосымша беттер қолмен, анық және түсінікті жазумен, қара түсті сиямен толтырылады.
Куәліктің қосымша бетіне облыстың, Астана және Алматы қалаларының қалалық, аудандық, ішкі істер органдарының бастығы қол қояды.
Қол қойылған соң фотосуреттік карточканың оң жақ төменгі бұрышына қалалық, аудандық ішкі істер органының елтаңбалы мөр бедері қойылады.
2. "ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КӨМЕКШІСІ" омырау белгісі
Ескертпе: "ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КӨМЕКШІСІ" омырау белгісі (бұдан әрі – Белгі) диаметрі 80 миллиметрлі (бұдан әрі – мм) сегіз жұлдызды дөңгелек пішінді.
Белгінің жиегінің ені 5 мм. сары түсті жолақпен, жолақтың ішкі жиегіі қызыл түспен көмкерілген.
Белгінің жоғарғы бөлігіндегі көгілдір түстің аясында мемлекеттік тілде жазылған "ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КӨМЕКШІСІ" деген жазу орналасады.
Әрбір сөз көлденеңі жеке орналасады, ал биіктігі бойынша тиісінше - 10 мм. Жазулардың арасындағы қашықтық 1 мм.
Төмендегі рамканың ұзындығы 30,8 мм., биіктігі 14 мм.
Бекітілген кестеге және бес таңбалы реттік нөмеріне сәйкес, облыстың коды латын әріптерімен жазылған рамкада аббревиатура орналасады. Аббревиатураның барлық бөлшектерінің әріптері биіктігі 7 мм. қызыл түсте орындалған. Рамканың түсі ашық сары.
Белгі көк, алтын және қызыл түсті органикалық бояғыштармен боялған және анодталған алюминий қорытпасынан дайындалған.
Белгінің келесі бетінде киімге бекіту үшін, тағатын екі тиекті түйреуіш болады.
Сыртқы түріне қойылатын талаптар.
Заттың үстіңгі бетінде эмальданбайтын бетінде эмаль жарықтары, қаяулар, қабыршақтар, жапырылулар, сызаттар, пішінінің өзгерулерге, дақтар, іздер болмау керек.
Үсті лакпен боялған тегіс, жылтыр, сынбаған болу керек, оның жиегіне және тасасына сызат, саңылау, қосу, шор болмау керек.
Заттың артқы (көрінбейтін) бетінде байқалмайтын уақ тесіктерге, жапырылуларға, қара дақтарға, жолақтарға және түсін өзгертулерге жол беріледі.
Анодталған қабатының сапасы 9.301-86 МСТ-ға сәйкес келуі керек.
Үстіңгі боялған анодталған қабатының түсі - алтын түстен қоңыр сарыға дейін болады.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 19 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11392 болып енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |