Мазмұны: Маркетингтік ақпараттың мәні және құрамдастары. Маркетингтік ақпараттың қалыптасу мақсаттары. Маркетингтік ақпараттардың ерекшеліктері. Маркетингтік ақпараттардың қалыптасу қағидалары.
Маркетингтік ақпараттардың жіктелуі. Ақпарат көздері және олардың сипаттамалары.
Маркетингтік ақпарат көздері. Екінші және бірінші реттік ақпараттар.
«Ақпарат» түсінігі латын тілінен аударғанда мағлумат беру дегенді білдіреді., заңды немесе жеке тұлғалар, белгілі бір құбылыс немесе процесс туралы мәлімет алу құралы, қарым-қатнас формасы.
Кәсіпорындарда ақпараттарды талдау, жинау және өңдеу тиімді маркетингтік шешім қабылдау үшін нарықтық процестерді бағалауды немесе талдауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Маркетингтік ақпараттардық қалыптасуы келесі мақсаттарға сәйкес болады:
-
тікелей- кәсіпорынның маркетингтік қызметін талдау және болжау үшін пайдалы түрде жиналған ақпараттарды ұсыну, жүйелендіру және құрлымдау;
-
аралық-уақытылы маркетингтік шешімдерді қабылдау мен интуитивті қортындыларды генерациялау үшін кәсіпорын жетекшісі жағынан жиналған мәліметтерді қарау, бағалау және топтастыру;
-
соңғы-жетекшілік деңгейде басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін нарықтағы кәсіпорынның ұстанымын бағалау, нарықтың даму заңдылықтары мен тенденцияларын , кәсіпорынның әрекет ететін маркетингтік органдарына құбылыстар мен нарықтық процестердің ықпалын анықтау.
Маркетиингтік ақпараттардың ерекшеліктері:
-
ақпараттарды жинау процедурасы мен ақпараттарды жүйелендіруді талап ететінқажетті мәліметтердің өте үлкен көлемінің болуы;
-
белгілі бір уақыт интервалында динамикалық өзгермелі ақпараттарды алу циклы көп рет қайталанады. Осыған байланысты ақпаратты күнделікті жинау және өңдеу маркетинтік ақпараттық жүйені құруды талап етеді.
-
Ақпарттарды жинау процесі мәліметтерді алу көзінің алуан түрлі болуына байланысты қиын болады.
-
Сапалы зерттеу негізінде алынған құрлымды ақпарттардың әлсіз үлесі артады, бұл мәліметтерді жинау және талдау процесінде белілі бір қиындықтар туғызады.
Маркетингтік ақпараттар қағидалары:
-
өзектілік.
-
сенімділік.
-
релеванттылық
-
толық болуы
-
салыстырмалылық
-
қабылдау үшін қол жеткілікті болуы.
-
үнемділік
-
ақпараттарды пайдалану қолайлылығы.
6.Тақырып: Маркетингтік зерттеудегі ақпарат.
Мазмұны: Маркетингтік ақпараттық жүйе. Маркетингтік ақпатраттық жүйенің қалыптасу тұжырымдамасы. Маркетингтік ақпараттық жүйелердің жіктелуі. Маркетингтік ақпараттық жүйені жобалау және оны құру алгоритмі. Ф.Котлердің ұсынған маркетингтік ақпараттық жүйесі және оның құрамдастары. Шешім қабылдауды қолдау жүйесі және оның бөлімшелері. Маркетингтік ақпарат жүйесінің салыстырмалы сипаттамасы және шешім қабылдауды қолдау жүйесі. Маркетингік ақпарттық жүйе-тиімді маркетингік шешім қабылдау үшін қолданылатын дұрыс сенімді ақпарттарды жоспарлы және күнделікті жинау, өңдеу, талдау, бағалау және бөлу үшін арналған әдістер мен процедуралардың жиынтығы.
Маркетингтік ақпарат жүйесінің қызмет ету тұжырымдамасы, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін берілген қасиеттерімен ақпарттардан тұратын өзінің тәжірбие жүзінде жүзеге асуын 70 жылдардың басында алды, оның негізгі компоненттері кестеде көрсетілген. МАЖ жіктелуі:
-
қойылған мақсаттардың масштабына байланысты:
-
толық - маркетингтің барлық аласын қамтиды;
-
бөлшектелген – маркетингтік зерттеулердің жеке салаларын қамтиды.
-
шешілетін міндеттердің сипатына байланысты:
-
құжатталған - әртүрлі көздерден екінші реттік ақпараттарды жинайды;
-
қосымша – белгілі бір уақыт аралығында қолданушыға анықтама бере отырып, тапсырылған көрсеткіштерді тексеру және анықтама дайындауға бағытталған;
МАЖ жобалау әртүрлі варианттарда жүзеге асырылуы мүмкін. Вариантты таңдау шаруашылық субъектінің қызметі мен тәжірбиесіне, оның қаржылық, еңбек және уақытша ресурстарына, әрекет етуші маркетингтік ортасының күрделілігі мен динамикасына байланысты болады.
МАЖ жобалау кезінде келесі шарттарды ескеру керек:
-
құру мақсаты-қол жеткізу керек нәтежие; стратегиялық және тактикалық басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ақпарттардың құрамы мен сипаты;
-
ақпараттарды жинау және өңдеу кезінде қолданылатын процестердің мазмұны мен ерекшелігі;
-
жоспарлаудың мүмкін болар проблемалары-ақпаратқа деген қажеттілікті және оны алу мүмкіндігін алдын ала ұсыну керек;
-
ұйымдастырушылық мәселелер- кім, қашан, кім үшін, нені, қандай көлемде және ақпараттық ағымға қалай қатысу керектігін анықтау керек.
Маркетингтік ақпарат жүйесінің дәстүрлі моделі болып жүзеге асатын міндеттер мен ақпарат көздерінің түрлері бойынша ақпараттарды жинаудың құрлымдық процесін топшалайтын Филипп Котлердің моделі болып табылады.
МАЖ Ф.Котлер моделі 4 шағын жүйеден тұрады:
1 Ішкі есеп берудің шағын жүйесі – шаруашылық субъектінің ішкі ортасында болып жатырған жағдайлар туралы дұрыс, ағымдағы ақпараттарды уақытында, жоспарлы, күнделікті жинауға арналған процедуралар мен әдістер жиынтығы.
Ішкі есеп берудің шағын жүйесі ақпаратпен қамту негізінде шаруашылық субъектінің өнімді ұсынуын реттеуге мүмкіндік береді. Ішкі есеп беру шағын жүйесіне шаруашылық субъектінің мынадай көрсеткіштерін жатқызуға болады: ағымдағы өтім, шығындар соммасы, материалды запастар көлемі, ақша қаражатының қозғалысы, кредиторлық және дебитролық бережақ туралы мәліметтер және т.б.
2.Сыртқы ағымдағы маркетингтік ақпараттарды жинаудың шағын жүйесі- шаруашылық субъектінің сыртқы ортасында болып жатырған жағдайлар туралы дұрыс, ағымдағы ақпараттарды уақытында, жоспарлы, күнделікті жинауға арналған процедуралар мен әдістер жиынтығы. Бұл шағын жүйе « маркетингтік бақылау немесе «маркетингтік барлау» синоним-атауына ие.
Сыртқы қоршаған орта туралы ағымдағы ақпараттарды жинау үшін шаруашылық субъектілер ресми және бейресми процедураларды пайдаланады. Сыртқы ақпараттар маркетинг жоспарын жасау және түзету үшін қолднады.
-
маркетингтік зерттеулер шағын жүйесі-шаруашылық субъектінің маркетингтік проблемаларын шешу үшін бірнші реттік ақпараттарды күнделікті жоспарлы жинауға арналаған әрекет етуші процедуралар мен әдістер жиынтығы.
Шаруашылық субъектілер маркетингтік зерттеулерді бірінші реттік ақпараттарды жинаудың негізгі әдістері-сұрау, бақылау және экспериментті пайдалана отырып әртүрлі бағыттар бойынша жеке маркетинг бөлімі немесе тәуелсіз зерттеу ұйымдарын тарта отырып жүргізеді.
-
Маркетингтік ақпараттарды талдаудың шағын жүйесі- тиімді маркетингтік шешімдер қабылдау мен маркетингтік проблемаларды шешу үшін ақпараттарды қолдану мақсатында, оларды өңдеу, талдау, бағалауға арналған күнделікті әрекет етуші процедуралар мен әдістер жиынтығы.
7.Тақырып: Маркетингтік зерттеулерді жоспарлау.
Мазмұны: Маркетингтік зерттеулер жоспарларының жіктелуімен танысу. Маркетингтік зерттеулер типтеріне байланысты зерттеушілік дизайндар сипаттамасын анықтау
Маркетингтік зертту жоспары-маркетингтік зерттеу проблемаларын шешу немесе құрлымдау және қажетті ақпараттарды жинауға бағытталған зерттеу тұжырымдамасын жүзеге асырудың әдістері көрсетілген негізгі құжат. Оны жасау келесі бағыттар бойынша орындауға жауаптылар мен жұмысты орындаудың графигі, әдістері мен зерттеу техникасы, процедуралы шараларды тіркеуді қарастырады:
-
зерттеу тұжырымдамасын анықтау;
-
маркетингтік зерттеу типін таңдау-іздену, дескрептивті немесе каузалды (себепті-салдарды);
-
өлшеу және шкалалау процедурасын анқытау;
-
анкета жасау немесе сұрау арқылы ақпарат жинау;
-
іріктеме және оның көлемін анықтау;
-
далалық жұмыс пен мәліметтерді талдау жұмыстарының жоспарын жасау;
Достарыңызбен бөлісу: |