- 1. СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған әрбір бірлік жиынтығы тексеруден өткеріліп, түзетулер енгізілгеннен кейін, ғылыми жүйеде қорытынды жасау үшін сол алынған мәліметтерді өздеріне тән белгілеріне қарай бір жүйеге келтіру керек. - Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған әрбір бірлік жиынтығы тексеруден өткеріліп, түзетулер енгізілгеннен кейін, ғылыми жүйеде қорытынды жасау үшін сол алынған мәліметтерді өздеріне тән белгілеріне қарай бір жүйеге келтіру керек.
- Статистикалық мәліметтерді жинақтау —
- статистикалық зерттеудің екінші сатысы болып есептеледі және ол қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгерісін зерттеуде шешуші рөл атқарады. Оның негізгі мақсаты - статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған мәліметтердің қорытынды көрсеткіштерін есептеу.
- Бастапқы алынған мәліметтерді жинақтауды дұрыс ұйымдастыру аса күрделі және жауапты жұмыс болып саналады. Себебі қаншама бай, толық және қызықты материалдар жиналғанымен, жинақтау жұмыстары дұрыс ұйымдастырылмаса, ғылыми жүйеде өңделмесе, онда ол өзінің мағынасын жоғалтады. Іс жүзінде құнсызданады және одан нәтижелі талдау қорытындылары жасаланбайды.
- Сондықтан, статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған мәліметтерді дүрыс жинақтап өңдеудің әлеуметтік-экономикалық маңызы өте жоғары. Сол үшін алдын-ала мәліметтерді жинақтаудың жоспары жасалады. Онда, негізінен, жинақтау кезінде кімдердің қандай жұмыс атқаратындығы және оны қашан, қай уақытта орындау қажеттігі толық қарастырылады.
- Сонымен бірге жиналған мәліметтерді өңдеу тәсілдері анықталып, кестелердің үлгілері жасалынады. Осыған орай, жиналған мәліметтер өзінің белгілеріне қарай топ-топқа, жік-жікке бөлінеді. Сондай-ақ онда қандай көрсеткіштердің көрсетілетіндігі, қалай есептелінетіндігі әрбір топ бойынша алдын-ала жоспарланады.
Достарыңызбен бөлісу: |