ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті
|
3 деңгейлі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК
042-14.2.07.1.20.37/03-2012
|
«Кәсіпорындардағы ақпараттық жүйелер»
пәнінің оқу- әдістемелік кешені
|
03.09.2012 ж.
№1 басылым
|
«Кәсіпорындардағы ақпараттық жүйелер»
пәнінен оқу-әдістемелік кешен
5В060200 – «Информатика» мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2012.
мазмұны
1. Дәрістер
2. Зертханалық сабақтар
3. Студенттің өздік жұмысы
-
ДӘРІСТЕР
Дәріс сабағының құрылымы:
Дәріс №1.
Дәріс тақырыбы: Деректер базасы. Деректер базасының архитектурасы
1. Деректер базасы.
2. Архитектурасының түрлері.
Деректерді интеграциялау концепциясына негізделген қазіргі ақпараттық жүйелер үлкен көлемді және құрылымы жағынан күрделі болып келеді. Олар көптеген пайдаланушылардың әртүрлі деңгейдегі талаптарын қанағаттандыруы тиіс. Кеңінен түсіндірер болсақ, деректер базасы дегеніміз – шынайы өмірдегі белгілі бір сала бойынша бар объектілер жайлы мағұлматтар жиынтығы. Шынайы өмірдің бір бөлігін пәндік аймақ деп айтуға болады. Бұл бөлік басқарудағы ұйымдастыру мәселелерін зерттеу үшін және соңында оның жұмыстарын автоматтандыру үшін қажет. Мысалы, кәсіпорын, жоғарғы оқу орындары және т.б. Деректер базасын құрғанда пайдаланушы әртүрлі белгілері бойынша реттеп, одан көптеген басқа да белгілердің жинақталуы бойынша таңдау жүргізе алады. Мұндай жұмысты деректер құрылымы тәртіптелген жағдайда ғана жүргізуге болады.
Қажетті деректер базасын жылдам жасауға рұқсат ететін әртүрлі программалар жиыны бар: Microsoft Access, Microsoft FoxPro, Paradox, dBase, InterBase, Oracle. Олардың ішінде Paradox пен dBase-да деректер базасы папкалар сияқты, ал әрбір кесте жеке файл сияқты анықталады, ал Access, InterBase және SQL-серверлерінің көпшілігі деректер базасынан тұратын бір үлкен файлды қолданады.
Деректер базасы – белгілі бір пәндік аумаққа жататын құрылымдық түрі бар деректердің атауы бар жинақ.
Деректер базасы үшін ақпаратты өңдеу және рұқсат алу тәсілдері бойынша, сонымен қатар деректер базасының орналасқан орны бойынша қосымшалар архитектурасы бірнеше түрлерге бөлінеді.
-
Жергілікті архитектура – программа және деректер базасы бір компьютерде орналасқан.
-
Файл-серверлік архитектура – деректер базасы сервер деп аталатын желідегі негізгі (орталық) болып бөлінген компьютерде орналасады. Ал клиенттік программалар орнатылған дербес компьютерлер оған жергілікті желі бойынша қосылған. Бұл архитектура бірнеше пайдаланушыларға бір деректер базасымен бір уақытта жұмыс істеу мүмкіндігін береді.
-
Клиент-серверлік архитектура – деректер базасы серверде сақталады және мұнда пайдаланушылар сұраныстарын өңдейтін деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) жұмыс істейді. Бұл архитектурада пайдаланушылар деректер базасымен қойылған тапсырмаларды орындайтын және алынған нәтижені қайтаратын ДББЖ арқылы жұмыс істейді. Табылған деректер клиентке желі бойынша серверден клиентке қарай жіберіледі. Клиент – сервер архитектурасының ерекшелігі SQL – құрылымдық сұраныстар тілін пайдалану болып табылады. Бұл архитектура бірнеше пайдаланушыларға бір уақытта бір деректер базасымен жұмыс істеуге рұқсат етеді.
-
Таратылған архитектура – деректер базасы бірнеше серверлерде сақталады және олардың әрбіреуінде ДББЖ көшірмелері болады. Сонымен деректер базасы және клиенттік қосымшаларға ұқсас архитектурада қосымшалар серверлері және компоненттер қолданылады. Қосымшалар серверлері пайдаланушылар сұраныстарын өңдеуге және желідегі компьютерлер арасындағы жүктемені біркелкі бөлуге рұқсат етеді. Компоненттер – бұл бөлінген серверде күрделі есептеулерді орындау үшін қолданылатын программалар.
-
Интернет-архитектура – деректер базасы және ДББЖ бір компьютерде орналасады, ал оларға рұқсат алу желілік протокол стандарты бойынша броузерлер арқылы жүзеге асады.
«Файл-сервер» және «Клиент сервер» архитектураларының сұлбасы төменде көрсетілген.
1.1-сурет. «Файл-сервер» 1.2-сурет. «Клиент-сервер»
архитектурасы архитектурасы
Дәріс №2.
Дәріс тақырыбы: Деректерді ұсынудың модельдері
-
Иерархиялық деректерді моделдеу
-
Желілік деректерді моделдеу
-
Реляциялық деректерді моделдеу
70-80 жылдардың соңында деректер базасын басқару жүйесінің дамуы негізінде деректерді ұсынудың әртүрлі модельдері пайда болды. Әрбір модельдің өзінің ерекшеліктері мен жетіспеушіліктері болды.
Деректер моделі деп берілген талаптарға сәйкес мәліметтерді интерпретациялауды жүзеге асыратын құралдарды айтамыз. Сонымен қатар, мәліметтер моделі мәліметтердің мағлұматтық мазмұнын көру мүмкіндігін беретін абстрактілі ұғым болып табылады.
Мәліметтер моделі екі класқа бөлінеді:
-
Мықты типтендірілген моделі, мұнда барлық мәліметтер қандай да бір категорияға қатысты болады.
-
Әлсіз типтендірілген моделі, категорияға қатысты ешқандай болжамдармен байланысты емес.
Деректер моделі деректердің құрылымдарының жиынтығының деректер бүтіндігін шектеу және деректермен операциялар жасау әрекеттерін орындайды.
Жалпы айтқанда, деректер моделі - деректер құрылымы жиынтығы мен оларды өңдеу операциялары. Деректер базасын басқару жүйелері иерархиялық, желілік және реляциялық модельдеуге немесе осы модельдердің белгілі бір жиынындағы комбинациясына негізделген.
Деректер моделінің үш негізгі типін қарастырайық: иерархиялық, желілік, реляциялық.
Иерархиялық деректерді моделдеу
Иерархиялық құрылым бір-бірімен белгілі бір ережелер бойынша байланысқан элменеттер жиынтығын береді. Иерархиялық байланыстағы объектілер бағытталған граф (төңкерілген ағаш) құрады. Оның түрі суретте бейнеленген. Иерархиялық құрылымның негізгі ұғымдарына мыналар жатады: деңгей, элемент (түйін), байланыс. Түйін дегеніміз белгілі бір объектіні сипаттайтын деректер атрибуттарының жиынтығы. Сұлбада иерархиялық ағаштың түйіндері граф төбелері ретінде бейнеленген. Төменгі деңгейдегі әр түйін, жоғары деңгейдегі әр түйінмен ғана байланысқан. Иерархиялық ағаштың ешқандай төбеге бағынбаған, ең жоғарғы деңгейде орналасқан бір түйіні бар (ағаш түбірі). Бағыныңқы түйіндер екінші, үшінші т.б. деңгейлерде орналасады. Деректер базасындағы ағаштар саны түбір жазбалары санымен анықталады. Деректер базасы әрбір жазбаға түбір жазбадан тек бір жол болады (иерархиялық). Мысалы: 2.6.1-суретінде көрсетілгендей С4 жазбасы үшін өтетін жол А және В3 жазбалары арқылы өтеді.
1-сурет.Иерархиялық құрылымды деректер базасының графикалық бейнеленуі
Желілік деректерді моделдеу
Желілік құрылымда алдыңғы аталған негізгі ұғымдардағы (деңгей, түйін, байланыс) әр элемент кез-келген басқа элементпен байланыста бола алады. Иерархиялық модельдің жақсартылған түрі болып табылатын желілік модель көп қолданушылық режимде құрылатын модель. Деректерді желілік ұсыну элементарлы мәліметтер және олардың арасындағы қатынастар бағытталған желі түрінде көрсетіледі (төбелері – мәліметтер, доғалар - қатынастар). Мысалы, деректер базасында тапсырыстарды сақтауға арналған бір тапсырыс әртүрлі үш байланысқа қатынаса алады.
2-сурет. Желілік құрылымды деректер базасының бейнеленуі
Реляциялық деректерді моделдеу
Иерархиялық және желілік модельдердің жетіспеушіліктері деректердің реляциялық моделінің пайда болуына әкелді. Реляциялық модель әрекеті деректер базасының құрылымын оңайлатты. Мұндағы барлық мәліметтер жолдар мен бағандардан құралған қарапайым кесте түрінде көрсетілген.
Реляциялық деген ұғым (ағыл.relation - қатынас) деректер базасы жүйелерінің маманы белгілі американдық ғалым Е.Коддонның есімімен байланысты.
Бұл модельдер деректер құрылымының қарапайымдылығымен, пайдаланушыға ыңғайлы кесте түрінде сипаттайды және бұл модельде қатынастардың және деректерді өңдеуде реляциялық есептеулердің формальды алгебралық аппаратын қолдану мүмкіндігі бар.
Реляциялық модель деректерді екі өлшемді кесте түрінде ұйымдастыруға бағытталған. Әр реляциялық кесте екі өлшемді массив түрінде беріледі де, мына қасиеттерге ие болады:
-
кестенің әр элементі деректердің бір элементі;
-
кестедегі бағандардың барлығы біркелкі, яғни бағандағы барлық элементтер бір типке (сандық, таңбалық т.б.) және бәрінің ұзындығы бірдей;
-
әр бағанның өзіне тән аты бар;
-
кестеде бірдей жолдар жоқ;
-
кестеде жолдар мен бағандардың орналасу тәртібі әркелкі.
Қатынастар кесте түрінде беріледі. Кестедегі жолдар мен кортеж немесе жазба деп, ал бағандар қатынастар атрибуты немесе домен, өрістер деп аталады. Бір мәні жазбаны анықтайтын өрісті – қарапайым кілт (кілттік өріс) деп атайды. Егер жазбалар бірнеше өрістермен анықталса, онда мұндай кестенің құрамды кілті бар деп есептеледі. Екі реляциялық кестені ұйымдастыру үшін бірінші кестенің кілтін екінші кестенің кілтінің құрамына енгізу керек (кілттер бір-бірін қайталуы мүмкін). Басқа жағдайда бірінші кестенің құрылымына сыртқы кілтті енгізу қажет. Сыртқы кілт екінші кестенің кілті болады.
Дәріс №3.
Дәріс тақырыбы: Ақпараттық жүйелер және оның негізгі ұғымдары
-
Жалпы ақпараттық жүйенің функциялары:
-
Ақпараттық жүйенің түрлері
Есептеу техникасы көптеген салалардың ішінен әсіресе, екі салада кең қолданылады. Бірінші сала - өте ұзақ немесе қолмен есептеуге келмейтін сандық есептеулердің орындалуы. Екінші сала – бұл ақпаратты өңдеуге арналған ақпараттық жүйе болып табылады.
Ақпараттық жүйе (АЖ) – ақпараттарды сақтауға, өңдеуге және көрсетуге қолданылатын, бір – бірімен байланысқан құралдардың, әдістер мен персоналдардың жиыны.
Мұндай жүйелер көлемі үлкен ақпараттармен жұмыс істейді және бұл ақпараттың құрылымы күрделі болып келеді.
Ақпараттық жүйенің классикалық мысалы ретінде банк жүйесін, авиация және теміржол билетін, қонақ үйде орынды алдын – ала сатып алу және т.с.с. автоматтандырылған жүйелерді қарастыруға болады.
Ақпараттық жүйе (АЖ) – ақпараттарды сақтауға, өңдеуге және көрсетуге қолданылатын, бір-бірімен байланысқан құралдардың, әдістер мен персоналдардың жиыны. Мұндай жүйелер көлемі үлкен ақпараттармен жұмыс істейді және бұл ақпараттың құрылымы күрделі болып келеді.
Жалпы ақпараттық жүйенің функциялары:
-
ақпаратты сақтау,
-
ақпаратты енгізу және өзгерту;
-
ақпаратты көру және іздеу;
-
берілген критерий бойынша ақпаратты іріктеу;
-
кез – келген формада есеп құжатын алу;
-
ақпараттың дұрыстығын қадағалау.
АЖ – ні екі класқа бөлуге болады.
-
Ақпаратты іздеу жүйесі – берілген іздеу критериі бойынша жалпы жиыннан мәліметтерді іздеуге бағытталған. Қолданушыға мәліметтердің өңдеу технологиясы емес, тек алынатын ақпарат ғана керек. Мысалы, қаладағы анықтау қызметіне телефон шалғанда, қолданушыға нақты ақпарат ғана керек.
-
Мәліметтерді өңдеу жүйесі – мәліметтерді өңдеуге бағытталған. Бұл жүйеде өңдеуден шығатын ақпарат болмауы немесе жүйе өңделген ақпараттың нәтижесін ғана беруі мүмкін. Мұндай жүйенің мысалы ретінде барлық региондардан мәліметтер жинайтын метереология қызметінің ақпарат жүйесін алуға болады. Қолданушыға бастапқы мәліметтер емес, олардың нәтижесі, яғни ауа – райы болжамы керек.
Ақпараттық жүйенің түрлері
Ақпараттық жүйелер келесі түрлерге бөлінеді: фактографиялық, құжаттық, құжаттық – фактографиялық.
-
Фактографиялық жүйеде нақты өмірдегі объект жайлы мәліметтердің (атрибуттардың) дәл мәндері тіркеледі. Бұл жүйенің негізгі идеясы – объект жайлы барлық деректер (адамдардың аты – жөндері және заттардың атаулары, сандар, мерзім КК.АА.ЖЖЖЖ түрінде) беріледі. Фактографиялық АЖ – дегі ақпараттар қатаң құрылыммен беріледі, өйткені бұл компьютерге мәліметтерді бір – бірінен айыруға мүмкіндік туғызады. Сондықтан фактографиялық жүйе қойылған сұрақтарға бірмәнді жауап береді.
-
Құжаттық ақпараттық жүйесінде қандай да бір формалданған іздеу аппараты бар құжаттық жүйе мәтіндік құжаттар (статьялар, кітаптар, рефераттар, заң мәтіндері және т.б.) мен графикалық объектілерден құралады, бірақ қойылған сұрақтарға бірмәнді жауап бермейді. Жүйенің мақсаты – қолданушының сұранысына жауап ретінде сұраныстағы шартты қанағаттандыратын құжаттардың тізімін беру болып табылады. Мысалы, «синергетика» сөзі бар барлық статьялардың тізімін беру.
-
Құжат – фактографиялық жүйеде аралас жүйенің мәліметтері бөлек мәліметтерден, сонымен қатар, бүтін құжаттардан тұрады.
Сонымен, ақпараттық жүйенің мақсаты нақты өмірдегі объектілердің өзара байланысын ескере отырып, объектілер жайлы деректерді өңдеу болып табылады. Мәліметтер қоры теориясында мәліметтерді атрибуттар, ал объектілерді маңыздылықтар деп атайды. Объект, атрибут және байланыс – АЖ – нің іргелі түсініктері болып табылады.
-
Объект (маңыздылық) – бұл нақты өмірде бар және бір – бірінен айыруға болатын «нәрсе», яғни аталуы және өзіне ұқсастардан айыратын тәсілдерден тұратын «нәрсені» объект деп атауымызға болады. Мысалы, әрбір мектеп бұл объект. Объект ретінде сондай – ақ адам, мектептегі сынып, фирма, химиялық қосындылар және т.с.с. бола алады. Нақты өмірді бейнелейтін абстрактілі түсініктер де объект бола алады. Мысалы, оқиға, өнер шығармасы, театр қойылымы, кітаптар, кинофильмдер және т.с.с.
-
Атрибут (мәліметтер) – бұл объектіні сипаттайтын анықталған көрсеткіш және бұл объектнің нақты экземпляры үшін санды, мәтінді немесе басқа мәндерді қабылдайды. Мысалы, фирма шығаратын өнім объект болсын. Бұл өнімнің мәліметі ретінде оның аталуы, түсі, салмағы және т.с.с. бола алады.
Объект жайлы ақпарат құрылымды болуы тиісті, өйткені компьютерде құрылымды ақпаратты өңдеу оңай. Құрылымды ақпарат – бұл мәліметтердің көрініс тәсілдеріне қандайда бір келісімді енгізу болып табылады. Мысалы, мәтіндік файлдар компьютердің ұтымды өңдеуіне жарамсыз болып келетін «құрылымсыз» немесе «әлсіз құрылымды» ақпараттардан тұрады.
Дәріс №4.
Тақырыбы: Delphi ортасындағы деректер базасы
-
Жергілікті деректер базасы
-
Қашықтағы деректер базасы
Дельфидің құрамына әртүрлі жүйелердегі деректер файлдарымен жұмыс істеу программаларын құруға мүмкіндік беретін компоненттер кіреді. dBase-бастап Informix, Oracle-ге дейін. Сонымен қатар әртүрлі форматтағы деректер базасының файлдарын құру мүмкіндігін беретін, Borland Database Desktop утилитасын ұсынады.
Деректер базасының класификациясы. Деректер пайдаланылатын программаның орналасуына байланысты, сонымен қатар деректердің бірнеше пайдланушылар арасында бөліну әдістеріне қарай жергілікті және қашықтағы деректер базасы болып бөлінеді.
Жергілікті деректер базасының (деректер файлдары) деректері бір құрылғыда болады, яғни компьютер дискісінде немесе желілік дискіде.
Бірнеше пайданушылар арасында деректерді таратуды (деректерге жетуді) қамтамасыз ету үшін, яғни бір немесе бірнеше компьютерлерде жұмыс істеп тұрған программа, жергілікті деректер базасында файлдарды блокировкалау деп аталатын әдісті қолданады.
Бұл әдістің негізі мынада, әзір деректерді бір пайдаланушы пайдаланып жатқанда, басқа пайданушы бұл деректерді пайдалана алмайды, яғни ол үшін деректер жабық.
Қашықтағы деректер базасының деректері файлдары қашықтағы компьютерде орналасады. Қашықтағы деректер базасымен жұмыс істеу программасы екі бөліктен тұрады: клиенттік және серверлік. Пайдаланушы компьютерінде жұмыс істеп тұрған программаның клиенттік бөлігі, программаның серверлік бөлігімен өзара қарым қатынасты ұйымдастырады, қашықтағы компьютерге жіберілетін сұраныстар көмегімен деректерге жетуді қамтамасыз етеді.
Қашықтағы компьютерде орналасқан программаның серверлік бөлігі, сұраныстарды қабылдайды, оларды орындайды және деректерді клиенттік программаларға жібереді. Сұраныс бұл SQL (Құрылымды сұрыныстар тілі-Язык структурированных запросов) тіліндегі командалар. Қашықтағы серверде жұмыс істеп тұрған программа, бірнеше пайдаланушыға бір уақытта ақпаратқа жетуді қамтамасыз етеді. Файлдарды блокировкалау механизмінің орнына, транзакция механизмін пайдаланады.
Транзакция – тасымалданар алдында, деректерге міндетті түрде орындалуы керек, қандай да бір әрекеттер тізбегі. Кез келген әрекет орныдалу барысында қате табылса барлық әрекеттер тізбегі қайта қайталанады.Сонымен транзакция механизмі аппараттарды сбойыдан қорғауды қамтамасыз етеді. Деректерге көппайдаланушылық жетуді қамтамасыз етеді.
Дәріс №5.
Дәріс тақырыбы: Delphi ортасында деректер базасын құру және басқару
-
Деректер базасының қосымшасын пайдалану механизмі
-
Деректер базасының кестесін компонентпен байланыстыру.
-
Мәліметтерді көрсету
Delphi ортасында әртүрлі деректер базасын құруға болады. Деректер базасы құрылымының қиындығына қарамастан, мәліметтермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін негізгі механизм бар. Ол компоненттер триадасынан тұрады. Бұл компоненттер мыналар:
-
Мәліметтерді енгізу компоненттері (Ttable, TQuery)
-
DataSource компоненті
Мәліметтерді енгізу компоненттері DataAccess бетінде орналасқан. Ал мәліметтерді көрсету компоненттері DataControls бетінде орналасқан.
Қарапайым Деректер базасын құрудың күрделі Деректер базасын құрудан өзгешелігі шамалы. Формаға бірнеше компонентті қойып, олардың қажетті қасиеттерін өзгертсек, жұмыс істеп тұрған деректер базасын аламыз.
Мәліметтерді енгізу компоненттері мен көрсету компоненттерінің арасындағы байланысты қамтамасыз ететін DataSourse компоненті. Бұл компоненттердің деректер базасындағы өзара байланысын қарастырсақ:
Қосымша мен деректер базасының арасындағы байланысты қамтамасыз ететін BDE болып табылады. Процессорда сұраныстарды деректер базасына жіберетін драйвер орнатылған, сонымен қатар BDE –де деректер базасының псевдонимі тіркелген болуы керек. Ол деректер базасының файлдары қай жерде орналасқандығын және пайдаланатын драйвердің типін анықтайды.
Деректер базасының қосымшасын пайдалану механизмі
Қосымша Ttable – мен байланысатын компоненттер мәліметтермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін компоненттер болып табылады. Олар мәліметтерді инкапсуляциялайды және әртүрлі операцияларды орындау үшін BDE функцияларына жүгінеді. Мұндай компоненттердің санына шектеу қойылмайды.
TdataSource компонентінің тағы бір функциясы болып мәліметтерді енгізу және көрсету компоненттерінің жұмысын синхронациялау болып табылады. Мысалы, егер енгізу компоненттері «тек оқу үшін» (только для чтения) режимінде жұмыс істесе TdataSource мәліметтерді көрсету компоненттеріне мәліметтерді өзгертуге тиым салады. Бір ғана dataSource компонентімен бірнеше көрсету компоненттері байланыста болуы мүмкін. Бұл компоненттер мәліметтерді көрсету процесін басқарады.
Енгізілген мәліметтерді ашқан кезде деректер базасының қажетті кестесінің жолдарын енгізілген мәліметтерге жібереді. Меңзер бірінші жолға орналасады.
Пайдаланушы мәліметтерді көрсету компоненттері көмегімен мәліметтерді көру және өзгерту мүмкіндігіне ие болады. Өзгертулер алдымен TdataSource компонентіне, содан кейін деректер базасына жіберіледі.
Деректер базасы қосымшаның жалпы жұмысын қарастырғаннан кейін қосымша құруды кезеңдерге бөліп қарастырайық.
Мәліметтермен жұмыс істеу компоненттері деректер базасының негізі болып табылады. Жұмыс барысында бұл компоненттермен тығыз байланыста болады. Мәліметтермен жұмыс істеу компоненттері визуалды емес, яғни программаның жұмыс істеу барысында олар көрінбейді.
Деректер базасында пайдаланушымен байланыс жасау үшін форма пайдаланылады.
Жаңа форма құрып алған соң мәліметтерді көрсету компоненттерін формаға тасып мынадай әрекеттер жасау керек:
Деректер базасын компонентпен байланыстыру. Ол үшін объектілер инспекторындағы Database қасиетін пайдаланамыз. Бұл жерде BDE – де тіркелген деректер базасының псевдонимін көрсету керек. Псевдонимді ашылатын тізімнен таңдап алуға болады.
Деректер базасының кестесін компонентпен байланыстыру. Ол үшін объектілер инспекторы терезесіндегі TableName қасиеті пайдаланылады. Бірінші кезеңді орындағаннан кейін берілген деректер базасының барлық кестелері тізімде көрінуі керек. Бұл тізімнің құрамы TableType қасиеті арқылы анықталады. Егер мәні ttDefault болса, онда таңдап алынған кестенің барлық файлдары кеңейтулерімен көрсетіледі. Кестені таңдап алған соң ол компонентпен байланысады.
Компоненттің атын өзгерту. Бұл міндетті емес, бірақ компоненттерге ойластырылған ат берген дұрыс. Көбінесе компоненттің аты онымен байланысқан кестенің аты мен Table сөзінің комбинациясынан тұрады.
Деректер базасы мен компонент арасындағы байланысты активтендіру. Ол үшін Active қасиеті пайдаланылады. Егер объектілер инспекторында True мәнін меншіктесек, байланыс активтенеді.
TdataSource компонентін баптау
Формаға TdataSource компонентін қойып, оны баптау керек. Баптау үшін мынадай әрекеттер орындау керек:
1. Мәліметтермен жұмыс істеу компоненттерін TdataSource –пен байланыстыру. Ол үшін DataSet қасиеті пайдаланылады. Бұл тізімде пайдалануға болатын компоненттердің тізімі көрсетіледі.
2. Компоненттің атын өзгерту. Бұл міндетті емес.
Мәліметтерді көрсету
Деректер базасы қосымшасын құруда мәліметтерді көрсету компоненттерінің көмегімен пайдаланушылық интерфейс жасау керек. Бұл компоненттер мәліметтерді көруге және өзгертуге арналған. Олар міндетті түрде TdataSource компонентімен байланысқан болуы керек.
Деректер базасының қосымшасында TDBGrid компонентінің мәні зор. Ол мәліметтерді кесте түрінде көрсетеді.
Мәліметтерді көрсету үшін мынадай әрекеттерді орындау керек:
-
Мәліметтерді көрсету компонентін TdataSource компонентімен байланыстыру. Ол үшін dataSource қасиеті пайдаланылады. Бұл жерде қажетті TdataSource компонентінің атын көрсету керек.
-
Мәліметтер өрісін (поле) көрсету. Ол үшін DateField қасиеті пайдаланылады.
Мәліметтерді көрсету компоненттерінің ішінде TDBNavigator компоненті ерекше орын алады. Ол кесте жолдарында орын ауыстыруға арналған. Ол әдетте TDBGrid компонентімен бірге жүреді.
Дәріс №6.
Дәріс тақырыбы: ДҚ жұмыс жасау үшін қолданылатын компаненттер
-
Delphi ортасының беттері
-
Интернетпен жұмыс істеуге арналған компоненттер.
Енді мәліметтер қорымен жұмыс барысында қажет болатын Delphi ортасының беттеріне тоқтала кетейік.
Delphi-де ДҚ кестелерінің форматы болмайды , бірақ көптеген ДҚБЖ-мен қатынас жасайды, жергілікті -dBase Paradox, өнеркәсіптік - SyBase InterBase ДҚ-мен жұмыс істеуге арналған Delphi құралдарына жатады :
Delphi ДҚ операцияларына арналған құралдарға келесілер жатады :
-
BDE ( Borland DataBase Engine ) – мәліметтер базасының кітапхана қорын құрайтын процессоры.
-
BDE Administrator – күйге келтіруге арналған утилит .
-
DataBaseDesktop – SQL және QBE шақыруларының кестесін құру, түзеуге арналған программа.
-
SQL Explorer – ДҚ жол бастаушысы , БД параметрлері жөндеуге рұқсат етеді .
-
Monitor – SQL сұраныстарының орындалуын қадағалайтын программа .
-
SQL Links – ДҚБЖ жойылған программалар драйвері мыс; MSSQL Server Oracle ;
-
Local InterBase Server - Borland InterBase-дағы жергілікті SQL – серверінің версиясы.
-
InterBase Server Server for Windows 95– Borland InterBase –дағы SQL -серверінің төртеуін бір уақытта қосуға есептелген көп қолданушы версиясы.
ДҚ жұмыс жасау үшін қолданылатын компаненттер, DataAccess, DataControls, Midas, Qreport және DesisionCube беттерінде болады. DataAccess бетінде визуалды емес компонент орналасқан, олардың көмегімен мәліметке қатынасты ұйымдастыруға болады:
-
DataSourse – мәліметтер көзі ;
-
Table – ДҚ кестесіне негізделген мәліметтер жиыны ;
-
Query – SQL сұрауына негізделген мәліметтер жиыны ;
-
StoredProc – серверде сақталған процедураға негізі мәліметтер жиыны;
-
DataBase - ДҚ мен байланысуы;
Session – БД да ағымдағы жұмыстар сеансы .
DataControls бетінде келесі визуалды компоненттер орналасқан;
-
DBGrid – тор ( кесте )
-
DBNavigator – навигациялы интерфейс
-
DBText - жазу
-
DBEdit – бір жолдық редактор
-
DBImage – графикалық бейне
-
DBListBox – қарапайым тізім
-
DBComboBox – қиыстырылған тізім
-
DBCheckBox – тәуелдісіз ауыстырып- қосқыш
QReport бетінде келесі визуалды компоненттері орналасады
QuckRep - есептеу
- QRSubDetail – байланысқан кестелерге арналған есепберу жолағы
-
QRBand – есепберу жолағы
-
QRGroup - топ
QRLabel - жазу
ADO беті. Бұл беттің компоненттерінің функциялары BDE беті компоненттерінің функцияларына өте ұқсас, айырмашылығы ADO технологиясын қолдайтындықтарында. Барлық компоненттері 5-нұсқада енгізілген.
InterBase беті. Мәліметтер қорының сервері InterBase- ді осы беттің компоненттері қолдайды. Мұнда IBExpress технологиясы пайдаланады.
Decision Cube беті. Көп өлшемді мәліметтерді саралау нәтижесінде шешімдер қабылдауға арналған компоненттер орналастырылған.
Qreport беті. Мәліметтер қорында сақталған мәліметтер бойынша есептер құруға мүмкіндік беретін отызға жуық компоненттер орналасқан.
Интернетпен жұмыс істеуге арналған компоненттер.
Internet беті. Бұл беттің компоненттері дүниежүзілік компьютерлік жүйемен жұмыс істеуге мүмкіндік жасайды. Бұл жүйе бір-бірінен алыс орналасқан екі компьютердің байланысын қамтамасыз етеді. Компьютерлердің бірі ақпаратты алады (клиент), ал екіншісі ақпаратты таратады. Екі компьютер де TCP/IP (Transport ControlProtocol/Internet Protocol) хаттамасын асүйену керек. World Wide Web (WWW) интернетінің бір бөлігі болып табылады. Ол компьютерлер арасындағы байланысты HTML – беттердің көмегімен жүзеге асырылады.
FastNet беті. Бұл беттің компоненттері программистке хаттамалардың негізінде әртүрлі ақпараттармен алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 2-4 нұсқаларда бұл компоненттер интернет бетінде орналасқан. Платформа аралық программалар үшін Indy бетінің компоненттерін пайдаланған дұрыс.
WebServise беті. Бұл беттің компоненттері Web – қызметі құратын SOAP(Simple Object Access Protocol) технологиясын қолдайды. Web – қызмет дегеніміз клиенттің талаптарын жауап ретінде Web – сервері іске қосатын программа.
WebSnap беті. Бұл беттің компоненттері Web Server технологиясын ары қарай дамытуға арналған.
Indy Clients, Indy Servers, Indy Misc беттері
Бұл беттерде орналасқан платформа аралық программаларда қолданылады.
Дәріс №7.
Достарыңызбен бөлісу: |