Жоспар
|
|
беттер
|
|
Кіріспе
|
3
|
1
|
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негізі
|
5
|
1.1
|
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мәні мен мақсаты
|
5
|
1.2
|
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың әдістері
|
7
|
1.3
|
Кәсіпорынның қаржы коэффициенттері және оларды талдау міндеттері
|
10
|
2
|
Tas group компаниясының қаржылық есептілігі негізінде қаржылық жағдайын талдау
|
12
|
2.1
|
Tas group компаниясының қаржылық нәтижелерін талдау
|
12
|
2.2
|
Tas group компаниясының төлем қабілеттілігін талдау
|
13
|
2.3
|
Tas group компаниясының пайда мен залал туралы есебі
|
15
|
3
|
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен жоспарлауды дамыту мәселелері және жетілдіру жолдары
|
19
|
3.1
|
Tas group компаниясының қаржылық жағдайын нығайту шешу жолдары
|
19
|
Қортынды 21
Пайдаланылған әдебиеттер 22
|
Кіріспе
«Қаржылық есептің мақсаты бугалтерлік есепті» №30«Қаржылық есептілікті дайындап тапсыру» деген стандартында көрсетілгендей,бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз етуі болып табылады.Курстық жұмыстың өзектілігі Tas group компаниясының қаржылық жағдайын талдау барысында қаржылық қызметтегі кемшіліктерді жою және резервтерді табу кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның төлем қабілеттілігін жақсарту.
Қаржылық есептілік негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есептілікті қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды қамтымайды. Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана субъектінің қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпараттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі ретінде сенуі тиіс.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да, бөліміне де әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.
1.Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негізі
1.1Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мәні мен мақсаты
Кәсіпорынның қаржылық есептілігін талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады. Баланс – есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әртүрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.[1.78б.]
Кәсіпорынның қаржы ресурстары бұл оның басқару иелігіндегі ақшалай табыстар мен түсімдер.Қаржы ресурстар шаруашылық қызметін тұрақты өндірісті жаңартуды жүзеге асыру үшін қажет болат.Қаржы – бұл тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасында ақшалай қатынастар кәсіпорынның өнімдік қатынастары айналымы арқылы көрінеді.Кәсіпорын қаржысы - өндіріс процессін және оның нәтижесін жүзеге асыруын болып табылатын ақша ағымының жүйесі.Кәсіпорын басқару объектісінің жүйесі ретінде. Қаржы жүйесі екі ішкі жүйеде көрінеді: негізгі (мемлекет қаржысы, кәсіпорын қаржысы,тұрғындар қаржысы);қамтамасыз етуші (банктер,биржа). Мемлекеттік қаржы бұл жалпы қоғамдық және әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдармен басқарылатын ақша құрамын жиынтылығы.Тұрғындар қаржысы – жеке ақша құралдары.[2.136б.]
Шаруашылық субъектілерінің қаржысын кәсіпорын қаржысы, ақпараттың, және кәсіптік формадағы қаржысы, коммерциялық несиелеу,сақтандыру қаржысы жатады.Кезектік шаруашылық субъектісінің қаржысы мемлекетпен және басқа шаруашылық экономикалық құрылымымен ақшалай қатынаста болады.Мемлекет кәсіпкерлік қызмет тәртібі орнатады.Кәсіпорынның қаржы құрамында ақша қатынастарының келесідей топтарын бөлуге болады: кәсіпорында ақша құралдарын қалыптастырумен, пайдаланумен басты (жарғылық капитал, резервтік қор);кәсіпорын тұтынушылары мен жеткізушілер арасындағы, кәсіпорынныңөзініңжұмысшылары арасындағы(еңбек ақы,дивидент). Көбінесе,қаржыны дұрыс ұйымдастырудан кәсіпорынның тиімді жұмысы басты болады.Кәсіпорыннның қаржылық жұмысы негізгі принцептерге сүйенеді:
1)Кәсіпорын қаржылық тәуелсіздікке ие. Ол өз өнімін сатуға, және табыс қолданылуға басты барлық проблемаларды өзі дұрыс шешеді.
2)Кісіпорын жеткізушілер,тұтынушылар, мемлекет және банк алдындағы өнімділік және қаржылық қызмет нәтижесінен экономикалық жауапкершілікте болады.Нарық жағдайында кәсіпорын өзінің міндеттемелеріне жеке, яғни меншікті мүлкімен жауап береді. Кәсіпорынды қаржы (ресурстары) ресурстар жұмысын қаржы бөлімі жүзеге асырады. Кәсіпорынның қаржылық қызметі келесідей міндеттер орындайды:
кәсіпорынды қаржы ресурстармен қамтамасыз ету; қаржы нарығында меншік көздері мен қаржы ресурстары жоғарландыру жолын іздеу;
кәсіпорын сыртқы ортасы алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау;
қаржы ресурстыр тиімді, дұрыс пайдалану бақылау.
Кәсіпорыннның қаржы ресурстары оның құрайтын көздерден қалыптасады: меншікті және қарыз ақша құралдары.[3.416б.]
Кәсіпорынның қаржы ресурстарының тұрақты көздері болып, кәсіпорында басқарылатын несиелік қарыз табылады. Бұл бәрінен бұрын еңбек ақы болса, бюджетей тыс қорлар болса қарыздар.
Пайда және аморттық аударымдар кісіпорынның қаржы ресурстарының қалыптастыру көздерінің негізглері болып табылады. Сонымен қатар жоғарғылық қорды кісіпорынның меншікті құралдарының бірі болып табылады. Жоғарғылық қорларды нақты қалыптастырутәсілі оның ұйымдық – құқықтық формасына тәуелді. Ол заңды құжаттармен реттеледі. Жоғарғылық капитал – бұл кәсіпорынның субъектілерін салған құралдары кісіпорынды құру кезінде жоғарғылық капитал өндіріс құрамдарын қамтамасыз етуге бағытталады.[5.122б.]
Кезек кәсіпорын тұрақты түрде өзінің жаңартылуын талап етеді, ал ол үшін инвестиция керек.
Алдымен, кәсіпорынға инвестиция не үшін қажет екенін анықтау қажет инвестиция екі бөліктен тұрады:
Тура, яғни ақшаға жаңа – жабдықтар сатып алынады, ғимарат салынады, шикі зат сатып алынады.
1) Бұл ақшаларды қолдану тәсілі бұл инвестицияның маңызды элементі болып табылады құралдар қайда бағытталады және қалай қолданылады. Шетелдік және отандық инвесторларды бірінші орында жоба, бизнес – жоспар, техника – экономикалық жабдығы қызықтырады.
2) Активтерді бағалау. Осы бағалау қайдан және нені алу керек екендігі туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың әдістері
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынмен қолданылатын қаржылық талдаудың негізгі әдістері: көлденең талдау, тігінен талдау, трендалықталдау,Активтер бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.Пассив бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы міндеттемесі.Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорын ресурстарның шығынына(сыртқакетуіне)әкеліпсоқтырады.Капитал бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік қаражаты.Баланс бухгалтерлік есептің «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» стандартымен анықталады. Ол активтердің, меншікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтайды, сондай-ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады. Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауға және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдаудға қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді. Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:
қысқа мерзімді активтер;
ұзақ мерзімді активтер;
қысқа мерзімді акитивтер;
ұзақ мерзімді актив;
меншікті капитал.
1-кесте Tas group компаниясының активтер құрамы, 2023 ж.
Көрсеткіштер
|
31.12.2022
|
Үлес салмағы, %
|
31.12.2023
|
Үлес салмағы, %
|
Ұзақ мерзімді активтер
|
Негізгі құралдар
|
307 949
|
0,67
|
104 815
|
0,25
|
Материалдық материалдық емес активтер
|
167 177
|
0,36
|
192 289
|
0,46
|
Пайдалану құқығы бар активтер
|
157 946
|
0,34
|
157 946
|
0,38
|
Ұзақ мерзімді несиелер
|
24841847
|
54,26
|
18689 647
|
44,98
|
Шектеулі қаражат
|
26000
|
0,056
|
25 997
|
0,062
|
Кейінге қалдырылған салық активтері
|
27 184
|
0,59
|
27 18
|
0,065
|
Барлығы
|
25 377104
|
55,42
|
19 197878
|
46,20
|
Баланс
|
45 782830
|
100
|
41 549791
|
100
|
*1- кесте автор Tas group компаниясының қаржылық есептілік негізінде құрастырды
|
Tas group жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің айналым активтері 2022 жылдың 20 млн.тг. құрады. Дебиторлық қарыз 0,12 % , резервтер пайызы 0,05 %,берілген аванстар 0,41%, ақща қаражаты 0,99% құрады.Ал 2022 ж. бойынша дебиторлық қарыз 0,18% құраған,ақша қаражаты 1,25 % ,берілген аванстар 0,14 % құрады.Барлығы 2022 бойынша 44,57% ал 1 кв.бойынша 94,47% өскен.
Баланстың актив бөлімінің құрлымына сай ерекшелік – бұл яғни баланс бөлімдері мен баптрының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы – яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына принцип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен баптары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) болып табылады, олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша қаражаттары.[6.200 б.]
Көлденең талдау – есептіліктің әр позициясын алдыңғы кезеңмен салыстыру. Ол алдыңғы кезеңмен салыстыру бойынша бухгалтерлік есептілікиің әртүрлі баптарының абсолютті және қатысты ауытқуын анықтауға мүмкіндік береді.
Тігінен (құрылымдық) талдау – жалпы, нәтижеге әр позицияның әсерін айқындаумен соңғы көрсеткішке меншікті үлесін айқындауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ мерзімді және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлігінің жалпы құнындағы меншікті үлесі, яғни баланстың валютасында. Тік және көлденең талдааулар бірін-бірі толықтырп отырады. Сондықтан, тәжірибеде есепті бухгалтерлік нысанның құрылымын сияқты оның бөлек көрсеткіштерінің динамикасын сипаттайтын аналитикалық кестені құруға мүмкіндік береді. Трендалық талдау бірнеше жыл ішінде барлық көрсеткіштер жүз пайыз деп есептелетін базистікжыл деңгейіненкөрсеткіштердің қатысты ауытқуларының есебіне негізделеді.Басқаша айтқанда,трендалық талдау есептіліктің әр позициясын алдыңғы кезең топтарымен және трендті анықтау, яғни кездейсоқ жерден және бөлек кезеңдердің жеке ерекшеліктерінен тазарған динамикасының негізгі тенденциясынанықтауды білдіреді.Тренд көмегімен көрсеткіштердің болашақта мүмкін мәндері қалыптасады, сәйкесінше болашақты, болжамды талдау жүргізіледі.Нарықтық экономика жағдайында қаржылық талдаудың ең кең тараған әдісі әртүрлі қаржылық коэффициенттерді қолдану табылады. Қаржылық коэффициенттер талдау әдісінің мәні базистік көлеммен және де есепті кезеңде және бірнеше жылдар ішінде олардың динамикасын зерттеу жатыр. Базистік көлем ретінде қаржылық жағдай көзқарасы жағынан өткен жағымды кезеңге жататын уақыт тобы бойынша берілгенкәсіпорын көрсеткіштерініңорташаланған мәндері қолданылады. Кәсіпорының қаржылық жағдайын және оның өзгеру тенденциясын дәл және толық сипаттау үшін қаржылық коэффициенттердің салыстырмалы түрде аз саны жеткілікті. Бұл көрсеткіштердің әрқайсысы кәсіпорынның қаржылық жағдайының мәнді жақтарын көрсеткені ғана маңызды. Ең кең тарағандар болып өтіміділік, қаржылықтұрақтылық,табыстылықжәнеіскерлікбелсенділік көрсеткіштері табылады.[7.165б.]
Салыстырмалы талдау– кәсіпорынның бөлімшелерінің және көрсеткіштері бойынша есептің жалпы көрсеткіштерін шаруашылық ішілік талдау және ортасалық және орташа жалпы экономикалық мәліметті бәсекелестердің көрсеткіштеріне қатысты берілген кәсіпорынның көрсеткіштерін шаруашылықаралық талдау. Бұл әдісте өтіп жатқанға бағаны ұқсас мәндер және құбылыстар арқылы береді. Ол процесті бөлшеуге және сәйкес қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Бұл әдісті қлоданудағы қажетті шарт көрсеткіштердің сәйкестендіруін сақтау.Егер бірнеше жылдар ішінде өткізілген өнімді ағымдық бағамен сәйкестендіру және қажетті түзетулерсіз құрылған 3-5 немесе одан да көп жылдардағы шығындар деңгейін сипаттайтын динамикалық қатарды құру экономикалық қате болады. Сәйкестендіруді сақтау ұқсас бағамен айналымды қайта есептеу, баға индексі, тариф, стаакілерді қолданумен өндірісті шығындар тобын есептеуді, экономикалық мәні бойынша көрсеткіштердің біртектігі, оларды есептеу әдістемесінің бірлігі және әлеуметтік, этнографиялық, табиға факторлар тобын ескеруді талап етеді.[8.140б.]
Факторлық талдау– зерттеудің стохастикалық әдістері көлемімен бөлек факторлардың нәтижелі көрсеткішке әсерін талдау. Факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол - кері (синтез) болуы мүмкін.
Жоғарыда аталған әдістермен қатар кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметін талдауда экономикалық талдау, экономикалық және математикалық статистиканың дәстүрлі тәсілдері және экономика- математикалық әдістері қолданылады.
Сыртқы қаржылық талдау– капиталды инвестициялау тәуекелінің дәрежесін және оның табыстылық деңгейін болжамдау мақсатында кәсіпорының қаржылық жағдайын зерттеу процесі.Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қоолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдайға терең, жан – жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай – ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.[9.127б.]
1.3. Кәсіпорынның қаржы коэффициенттері және оларды талдау міндеттері
Кәсіпорынның бірденбір басты міндеті – оның қаржы жағдайының бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коэффициенттерін анықтайды.
Негізгі қаржы коэффициенттері төмендегідей үш топқа бөлуге болады:
өтімділік(төлем қабілеттілігі);
пайдалылық (табыстылық);
активтерді басқару тиімділігі.
Пайыздағы өтеу коэффициенті
EBIT- пайыздар мен салықтарға дейінгі пайда
Пайыздағы өтеу коэффициенті (2021) -0.53%<2%
Жауабы: Пайыздық өтеу коэффициенті кем дегенде 2%-ды құрау қажет, ал Tas group компаниясының пайыздық өтеу коэффициенті -0.53%-ды құрайды. Ол өнеркісіптің қаржылық жағдайы тұрақсыз екендігін көрсетеді.
Пайыздық өтеу коэффициенті (2022
Достарыңызбен бөлісу: |