КӘСІПОРЫН ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ
1. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы дегеніміз кәсіпорынның өндірістік
бөлімшелерінің
құрамы мен көлемдерін, олардың өзара байланыстарының түрлерін,
қуаттары мен жұмысшылар саны бойынша ара қатынасын қамтитын өндірістік процестің
ұйымдастыру түрі.
Өндірістік
жүйелердің
өндірістік
құрылымы
дегеніміз
оған
енген
кәсіпорындардың құрамы, көлемдері,
ара қатынасы, өзара байланыстары мен орналасуы.
Кәсіпорындардың өзара өндірістік байланыстарының түрі олардың өндірістік
жүйеге интеграциялау түріне байланысты: 1.
Тік интеграция кезінде кәсіпорындар бір
бірімен біртұтас өндіріс процесімен байланысқан. 2.
Көлдеңен интеграцияда әр кәсіпорын
белгілі өнім номенклатурасын өндіруге мамандандырылған.
Өндірістік құрылым кәсіпорындардың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігіне елеулі
әсер етеді, өйткені өндірістің ырғақтылығы
мен өнім шығарылымының бір
қалыптылығына әсер етеді, өндіріс шығындарын анықтайды, нәтижеде кәсіпорынның таза
табыс деңгейіне де ықпал етеді.
Өндірістік құрылымның екі түрі ажыратылады:
1.
Кешендік ӨҚ (көп сатылы) – мұнда кәсіпорында өндіріс процесінің
барлық сатылары бар:
дайындау, өндеу және шығару сатылары.
2.
Мамандандырылған ӨҚ (бір, – екі сатылы) кезінде бір немесе екі саты
жоқ, олар бойынша өндіріс процесі басқа
кәсіпорындардан бірлескен
жеткізілімдер түрінде қамтамасыз етіледі.
Өндірістік құрылымның алғашқы элементі болып
жұмыс орны табылады. Ол бір
немесе бірнеше жұмысшылардың қызметімен, негізгі
жабдықтау мен қосалқы
құрылғыларымен, еңбек заттарымен қамтылған цехтің өндірістік ауданының бөлігі.
Жұмыс орнында өндіріс процесінің белгілі бөлігі орындалады.
Жұмыс орындары келесі түрлерге бөлінеді:
мамандандырылған, яғни жұмыс
орнында 3–5 детале–операциялар
бекітіледі, және
әмбебап – мұнда детале–операциялар
мүлдем бекітілмеген немесе олардың саны аса көп (20 астам).