Сертификаттау қатысушылары:
ұлттық сертификаттаушы орган, сертификаттау
жұмыстарын жүргізетін мемлекеттік басқару органдары, орталық сертификаттау
жүйелерінің органдары және т.б.
Міндетті сертификатталатын тауарлар номенклатурасын ұлттық сертификаттаушы
орган және басқа да мемлекеттік басқару органдары өз құзыреті шегінде анықтайды. Олар
сертификаттау ережелері мен процедураларын бекітеді.
Сертификаттаушы орган дегеніміз бекітілген
талаптарға сай өнімнің
сертификациясын жүргізетін орган. Ол өнімді сертификаттайды, сәйкестік белгісін
қолдануға сертификаттар,
лицензиялар береді, сертификатталған өнімнің инспекциялық
бақылауын жүргізеді.
Жеке өнімді сынақтан өткізіп, сертификаттау мақсаттарына сынау хаттамаларын
беретін орталық
сынау зертханасы деп аталады.
Сертификаттау жүргізу үшін өнімнің өндірушілері өтініш береді, өнімді және
сертификаттауға қажетті нормативтік құжаттаманы ұсынады,
сәйкестік белгісімен
сертификатталған өнімді таңбалайды, жолдамалы құжаттарында сертификаттау жөнінде
мәліметтерді белгілейді. Егер өнім нормативтік құжаттардың талаптарына жауап бермесе,
онда өндірушілер оны өткізуді уақытша немесе мүлдем тоқтатуға міндетті.
Сертификаттау нәтижелері бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына
сәйкестігі
расталған өнімге сәйкестік сертификаты беріледі. Мұндай өнім
сәйкестік
белгісімен таңбаланады. Сәйкестік белгісін тұтынушыға өткізілетін өнімге (ыдысқа,
орамаға), жолдамалы техникалық құжаттарына түсіреді. Сертификат әсерінің бүкіл
кезеңінде шығарылған әрбір бұйымға, бұйымдар партиясына
және өнімнің тұтас
шығарылымына берілетін сертификаттар ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: