«Шемонаиха ауданының 2013 жылғы
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2014 жылға арналған міндеттер туралы»
Анықтама
Жалпы аудан экономикасының дамуын тұтас сипаттайтын шығарылған аймақтық өнімнің жалпы көлемі 2013 жылы 63,3 млрд.теңге көлемінде күтіледі.
-
Өнеркәсіп
Аудан өнеркәсібі 4 ірі және 9 орта кәсіпорындармен сипатталады, сонымен қатар 15 жеке кәсіпкерлер өндірістік өнім шығарумен айналысады.
Қолданыстағы бағада шығарылған өндірістік өнім көлемі 26,7 млрд. теңгені құрады, яғни өткен жылғы деңгейге қарағанда 96,7 пайыз. Табиғи көлем индексі 75,9 пайызды құрады. Жоспарланған тапсырма 9,1 млн.теңгеге орындалған жоқ (35,8 млрд.теңге).
Аудандағы өнеркәсіптің негізгі үлесін тау-кен өнеркәсібінің саласы құрайды (58,4 пайыз), өткен кезеңде 15,6 млрд.теңге сомаға өнімдер өндірілген, 2012 жылдың сәйкес кезеңінде 79,2 пайызды құраған. Табиғи көлем индексі 69,9 пайызды құрады. 2013 жыл қорытындысы бойынша Артемьевский өнеркәсіп алаңында кен өндіру – 1329 мың тонна немесе 2012 жыл деңгейіне қарағанда 86,3% құрайды.
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС құрамына енетін Усть-Таловка өнеркәсіп алаңындағы өндіріс көлемдерінің төмендеуі Артемьевский кенішіндегі өтпелі жұмыстардың артта қалуы, түсті металдардың әлемдік нарықтағы бағаларының коньюнктурасы және Николаевский кеніші жұмысының уақытша тоқтатылуы, Николаевский кен байыту фабрикасында жүргізіліп жатқан қайта құруға байланысты. Жүргізілген қайта құру металдарды қазуға, полиметалл қазбаларын өңдеуге өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Тау-кен саласында азайған өндіріс көлемінің орнын толтыру өңдеу өнеркәсібінде шоғырланған.
Өңдеу өнеркәсібі жалпы көлемнің 38,4 пайызын құрайды. Салада 10,2 млрд теңге сомаға өнеркәсіп өнімдері өндірілген, ол 2012 жылға қарағанда 137,8% пайызды құрады. Салалар бойынша ТКИ – 104,3%. Сонымен қатар, жалпы өндіріс көлемі өскенімен, сүт және ет өнімдерін өндіру саласында көлем азайған, ол азық- түлік өнімдерін өндіру ТКИ 99,1% азайуына әкелді.
Негізгі проблемалар:
Жоғары бәсекелестік орта
Ескірген технологиялық құрал-жабдықтар
Әлсіз менеджмент және маркетинг
Өнеркәсіп өндірісінің бірқатар көрсеткіштерінің төмендеуінен АДБ мақсатты индикаторларына қол жеткізілген жоқ:
Өнеркәсіптің ТКИ – жоспар 105,7%, факт- 75,9%
Азық-түлік өнімдерін өндіру ТКИ – жоспар – 102,2%, факт- 99,1%
2014 жылға арналған міндеттер:
1. Исток 1 ЖШС мүмкіндігінше қуат жүктемесін арттыру
2. ШҰҚК ЖШС жаңа өндіріс циклін қосу
3. НКБФ жаңа өндіріс циклін қосу
4. Ремдор ЖШС жұмысты бастау
5.Востосельхозпродукт ЖШС және Триумф Агро АТК жобалық қуаттылығына шығу
-
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 16,0 млрд.теңгені құрады, Табиғи көлем индексі – 102,7 пайыз. Жоспарланған тапсырма 2,62 млн.теңгеге орындалмаған (18,67 млрд.теңге).
Өсімдік шаруашылығы – 9,5млрд. теңге, ТКИ – 103,3%.
Дәнді және дәнді бұршақтылар - 78,5 мың гектар, 2012 жыл деңгейіне 93,6%, егіс алаңының жалпы көлемінде -57,7%. Күнбағыс - 40,5 мың гектар немесе барлық егіс алаңынан 29%, 2012 жыл деңгейінде- 112,3%.
Ылғалды сақтау технологиясы бойынша егіс 37,7 мың га немесе дәнді және бұршақты дақылдар алаңының 48%, 2012 жылмен салыстырғанда 1,9 мың га өсті.
Аталған технология бойынша орташа облыстық көрсеткіш дәнді және бұршақты дақылдардың алаңының 66,3%.
2014 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алаңын 138,7 мың гектарға (102,0%) дейін жеткізу жоспарланған.
Дәнді және дәнді бұршақтылар 81,98 мың гектар (101,8%).
Күнбағысты 36,8 мың гектарға (90,9%) егу жоспарланған.
Жем дақылдарының алаңын 16,5 мың гектарға жеткізу жоспарланған.
Дәнді дақылдардың түзеуден кейінгі жалпы жиынының салмағы 112014 тонна, өнімділік – 14,3 ц/га (2012 жыл–13,2).
Күнбағыстың түзеуден кейінгі жалпы жиынының салмағы 47271 тонна, өнімділік – 11,6 ц/га (2012 жыл-13,0).
Өсімдік шаруашылығын дамытуға 310,6 млн.теңге көлемінде келесілердің құнын арзандатуға субсидия алынды (2012 жыл – 210,8 млн.теңге):
-
жанар-жағар май материалдарының – 216,8 млн.теңге;
-
минералды тыңайтқыштарға 50% – 72,7 млн.теңге;
-
элиталы тұқымдарды және І,ІІ,ІІІ репродукциялы тұқымдардың құнын жартылай арзандату.
Мал шаруашылығының жалпы өнімі – 6,5 млрд.теңгені құрады, ТКИ – 101,8%.
Ет – 101,4% (6,6 мың тонна), сүт – 101,9% (40,0 мың тонна), жұмыртқа 102,8% (8,2 млн.дана) өндірілді.
Мал басы: ІҚМ -102,0 % (25,7 мың бас), оның ішінде сиыр-107% (10,35 мың бас), қой және ешкі-100,6 % (12,23 мың бас), жылқы – 94,9% (2,96 мың бас), шошқа –98,6% (20,4 мың бас),құстар – 100,3% (65,05 млн.бас).
«Мал шаруашылығы өнімін сапасын және өнімділігін көтеру мақсатында субсидиялау» бағдарламасы бойынша ауданның ауыл шаруашылығын қалыптастырушыларымен ағымдағы жылдың есепті кезеңінде жалпы сомасы 431,7 млн.теңге асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға субсидия алынды, оның ішінде: сиыр еті – 41,05 млн.теңге, сүт – 344,16 млн.теңге, жемді арзандату – 19,75 млн.теңге, селекциялы-асыл тұқымды жұмыс – 26,7 млн.теңге.
АӨК өнімі бойынша ауданның экспортты әлеуеті толық көлемде іске аспайды және тек өсімдік шаруашылығын қамтиды. 2013 жылы өсімдік шаруашылығын экспорттау 26,9 мың тоннаны құрады.
2014 жылға міндет:
Мемлекеттік бағдарламалар аясында кем дегенде 4 жоба іске асыру
Егістік жерлердің алаңын ұлғайту, өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыру: дәнді дақылдар және дәнді бұршақты дақылдардың түсімділігін 18 ц/га кем емес, күнбағыстың 17ц/га кем емес.
Ылғалды сақтау технологиясы бойынша егістікті арттыру – 52 мың га
ІҚМ басын 26 мың басқа көбейту, оның ішінде сиырларды 9,8 мыңға.
Орта және ұсақ ауыл шаруашылығын қалыптастырушыларда сапалы есеп жүргізуді қамтамасыз ету.
3. Шағын бизнес
Ауданда 225 шағын бизнес кәсіпорындары тіркелген, 2012 жылғы деңгейге 104,2% (216 бірлік).
Жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 147, (2012 жылғы деңгейге – 105,8 пайыз). Оның ішінде белсенділер саны – 140 бірлік ( 2012 жылғы деңгейге 107,7 пайыз). Жұмыс істейтін кәсіпорындар санының жалпы көлемінен белсенді жұмыс істейтіндері 95 пайыз.
Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы бойынша 8 жоба, 8 жоба- несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау, 18 жаңа жұмыс орны құрылды.
2014 жылға жоспар:
«Атамекен» кәсіпкерлер одағының аудандық филиалымен бірлескен жұмысты жандандыру
Ұлттық компаниялардың сатып алуларына кәсіпорындардың қатысу жұмысын үйлестіру
Әрекет ететін бағдарламалық құжаттардың құралдары туралы түсіндіру жұмыстарын жандандыру
Әлеуметтік дүкендердің қызмет етуінің сапалы деңгейін қамтамасыз ету, жәрмеңкелер өткізу.
4. Инвестициялар мен инфрақұрылымдық кешендер
Бағалауды есепке алғанда негізгі капиталдағы инвестициялар көлемі 16,2 млрд.теңгені құрады, өткен жылғы кезеңге қарағанда 174,6%. Негізгі капиталдағы инвестициялар көлемінің жалпы санынан нақты сектордағы инвестициялар көлемі 15,9 млрд.теңгені құрады (98,2%).
Құрылыc жұмыстарының көлемі – 4.4 млрд.теңге, 2012 жылғы ұқсас кезеңде 175,1%.
Тұрғын үйді қолданысқа енгізу есептік кезеңде жалпы ауданы 12760 шаршы метрді құрайды (өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 119,0%).
-
Бюджет
2014 жылдың 1 қаңтарына жеке табыс бойынша аудан бюджеті 101,3 пайызға орындалды, жоспар бойынша 1167,0 млн.теңге, нақты түскені 1182,1 млн. теңге, өткен жылғы деңгейге қарағанда 106,5 пайыз (1109,7 млн. теңге).
Аудан бюджеті бойынша бересілер – 0,4 млн.теңгені құрайды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2 млн.теңге төмен (2012 жылы – 0,6 млн.теңге).
Алгоритм аясында қосымша 29,8 млн.теңге түсті, жоспар бойынша тапсырма – 30,0 млн.теңге, ауытқу– 0,2 мың теңге.
Жеке табыс бойынша аудан бюджеті 1140,0 млн.теңге бекітілген болатын, жоғарылау жағына қарай нақтылау 1 рет 2013 жылдың шілде айында 1167,0 млн.теңгеге болды.2013 жылдың қорытындысы бойынша орындау – 1182,1 млн.теңге, бекітілген бюджетке +42,1 млн.теңге немесе +3,7%, нақтыланған бюджетке + 15,1 млн.теңге немесе 1,3%.
Жалпы аудан бойынша еңбекақы қоры 2013 жылдың қорытындысы бойынша 20,3% өсті және 6,7 млрд.теңгені құрады. Ауданның 10 кәсіпорындарында жыл бойы орташа еңбекақы орта есеппен 16,8% өскен.
Жер салығының базалық мөлшерлемесін (түзеу коэффициенті) өсіру 2012 жылғы мәслихаттың қабылданған шешіміне сәйкес қаралған. Түзеу коэффициенттерін барынша өсіру мәселесі 2014 жылдың 1 жартыжылдығында қаралатын болады.
2014 жылдың 1 қаңтарына бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік қаражаттарды игеру 99,9 пайыз, жоспар бойынша 3839,1 млн.теңге, игеру 3833,6 млн.теңгені құрады. Шоттағы 5,5 млн. теңге қалдықтар бос орындардың болуынан, уақытша еңбекке жарамсыз парағынан, демалыстар кестесінің өзгеруінен, іс сапарлардан, мемлекеттік сатып алулардың қорытындысынан, орындалған жұмыстар актілерінің болмауынан, коммуналдық қызметтерді пайдаланудың табиғи көлемінің өзгеруінен, сарып ауруына қарсы екпенің болмауынан (ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы алынады), Қазынашылық органдарына төлем шоттарын жай тапсыру есебінен болды.
2014 жылға арналған жоспар:
Бюджетке меншік қаражаттардың барынша түсуін қамтамасыз ету және бюджеттік қаражаттарды игеру.
6. Халықты жұмыспен қамту
Өткен жылға қарағанда 2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында орташа айлық еңбекақы төлемі 9 пайызға өсті және 86718 теңгені құрады. Аз қамтылған азаматтар саны 2013 жылы 12,3% немесе 103 адамға азайды және 737 адамды құрады (2013 жылдың 1 қаңтарына 840 адам).
2014 жылдың 1 қаңтарына ресми тіркелген жұмыссыздар саны 189 адам, ол 2012 жылғы деңгейден 12,0 пайызға төмен (215 адам). Талданып отырған кезеңде 346 жаңа жұмыс орындары құрылды, 2012 жылғы деңгейден 15,0 пайызға төмен (406 жұмыс орындары).Себебі: 2012 жылы «Уба» шипажайының жаңа корпусы қолданысқа енгізілді, сонда 72 жаңа жұмыс орны құрылған.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2012 жылғы деңгеймен салыстырғанда 27,2% (2013 жылы 233 адам, 2012 жылы – 320 адам), тұрғын үй көмегі – 19,4% (2013 жылы – 721 адам, 2012 жылы – 895 адам), балалар жәрдемақысы – 21% (2013 жылы – 178 адам, 2012 жылы – 225 адам) азайған.
7. Тірек ауылдар
Аудандағы тірек ауылдарды дамыту аясында 2013 жылы жалпы сомасы 716,06 млн. теңгеге 55 жобаны іске асырылды, оның ішінде меншік қаражат есебінен 398,55 млн.теңге, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 79,38 млн.теңге, борышқа алынған қаражат есебінен 85,0 млн.теңге, республикалық бюджет есебінен 127,73 млн.теңге, жергілікті бюджет есебінен 25,4 млн.теңге.
120 жұмыс орны құрылды.
Кешенді даму жоспарының іске асырылу қорытындысы:
2012-2013 жылдарда ауданның барлық тірек ауылдары бойынша ресми тіркелген жұмыссыздар саны 2 адамға немесе 11,1% артты.
Ауылдардағы ресми тіркелген жұмыссыздар саны өткен жылмен салыстырғанда артты, себебі «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының барлық бағыттарына қатысу үшін ресми тіркелген жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту органдарында есепке тұру қажет.
Барлық тірек ауылдардағы аз қамтылған адамдар саны 30 адамға немесе 26,5% азайған.
Тірек ауылдардағы жеке кәсіпкерлер саны 35 бірлік немесе 41,2% көбейген.
2012-2013 жылдардағы ірі қара мал бастарының саны 1,53 мың басқа немесе 26,3% көбейген ( 1.01.2012–5,83 мың бас, 1.01.2014–7,36 мың бас).
Тірек ауылдардағы ұсақ мал бастарының жалпы саны 0,29 мың басқа немесе 21% артқан (1.01.2012 ж.–1,4 мың бас, 1.01.2014 ж.–1,69 мың бас).
Құстардың саны 1,97 мың немесе 13% артқан (1.01.2012 ж.–15,2 мың бас, 1.01.2014 ж.–17,17 мың бас).
Тірек ауылдарды қолдау үшін қолданылатын шаралар ауданның 3 тірек ауылдарындағы халық санының 274 адамға артуына мүмкіндік берді.
2014 жылға жалпы сомасы 589,2 млн.теңгеге 41 жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде: республикалық бюджет есебінен «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының 3-бағыты бойынша – 48,0 млн.теңге, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының 1-бағыты бойынша – 24,8 млн.теңге, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының 2-бағыты бойынша – 16,0 млн.теңге, жергілікті бюджет есебінен – 250,4 млн.теңге, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша – 70,5 млн.теңге, меншік қаражат есебінен – 179,5 млн.теңге.
64 жұмыс орнын құру жоспарланған.
8. Инфляция
Азық-түлік тауарлары бағасының серпінін талдау үшін күнделікті баға мониторнигі жүргізіледі.Әлеуметтік маңызы бар өнімдер қатарына кіретін азық-түлік тауарларын сататын бөлшектеп сату тауар орындары мониторингпен қамтылған (барлығы 27 атау).
2013 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша 2012 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда аудан бойынша келесі тауарлардың бағасының өскені байқалады:
- ұн 1с.- 4% немесе 2 теңге;
- шай 1 с. – 12,5% немесе 17,5 теңге;
- сүт 1 л – 29% немесе 20 теңге;
- сиыр еті – 1,7% немесе 15 теңге;
- шошқа еті – 5,6% немесе 44 теңге;
- сары май – 1,7% немесе 16 теңге;
- өсімдік майы – 3% немесе 6 теңге;
- алма – 5,5% немесе 10 теңге;
- жұмыртқа – 7% немесе 10 теңге;
- вермишель – 3,3% немесе 3 теңге;
Бағалары төмендеген:
- нан 1 с. – 2,3% немесе 1 теңге;
- құс еті – 1,4% немесе 6 теңге;
- қант – 9,4% немесе 15 теңге;
- өсімдік майы – 2,2% немесе 5 теңге;
- картоп – 25% немесе 15 теңге;
- пияз – 9,8% немесе 6 теңге;
- орамжапырақ – 2% немесе 1 теңге;
- кілегей – 14,7% немесе 12,5 теңге.
Келесі тауарлардың бағасы өткен жыл деңгейінде қалды:
- тұз – 30 теңге;
- маргарин (250 гр.) – 200 теңге;
- сәбіз – 62 теңге;
- қызылша – 68 теңге;
- күріш (Ақмаржан) – 140 теңге.
9. Білім беру
Ауданда 5105 оқушыны қамтитын 25 жалпы білім беретін орта мектептері, 1603 баланы қамтитын 3 қосымша білім беру мекемелері жұмыс істейді, жалпы оқушылар санынан 31,4% құрайды, мектепке дейінгі 882 баламен қамтылған 3 балабақша, 5 «Мектеп-балабақша» кешені – 347 мектепке дейінгі балалар және 664 тәрбиеленушіні қамтыған 15 шағын-орталықтар, 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 91,9% құрайды (2012 жылы – 89,1%), 531 тәрбиеленушіні қамтыған 36 мектеп алды сыныптары немесе өткен жылғы деңгейге қарағанда 116,0% (2012 жылы – 458 бала). БМҰ 490 бала тізімде тұр. БМҰ 1 балаға кететін ағымдағы шығын – 53,3 мың теңге.
Бастауыш сынып оқушылары, аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы отбасыларының, ата-анасының қарауынан тыс қалған бастауыш сынып оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Оқу жылының басынынан бастап оқушылар балмен және сүтпен қамтылған.
10.Денсаулық сақтау
Ауданда 612 адам дүниеге келді 2012 жылдың сәйкес кезеңінде 600 адам (+12 адам), 765 адам қайтыс болды, өткен жылы 839 (+ 74 адам)
Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 жағдайға азайды және 35 жағдайды құрады, (2012 жыл– 44 жағдай).
Тиісті кезеңде ауданда ана өлімі тіркелген жоқ.
Нәресте өлімі – 10 жағдай, (2012 жыл–8 жағдай).
Ауданда көрсетілетін медициналық қызметтердің сапалылығы мен оған қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін:
- ауылдық елді мекендерге дәрігерлердің шығуы ұйымдастырылды. Жылдың басынан бастап 86 тексерулер өткізілді;
- науқастардың жеке топтарына жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда;
- медициналық бірлестікте аса қажет мамандықтар дәрігерлерімен қамтамасыз ету жалғасуда. 01.12.2014 жылы дәрігерлерге қажеттілік 5 бірлікті (рентгенолог, терапевт, жалпы тәжірибелі дәрігер, акушер-гинеколог, инфекционист), оның ішінде ауылдық елді мекенге 1 маманы. Дәрігерлер – отоларинголог және патологанат сертификаттар алды, а.ж. маусым айының басынан бастап жұмыс істейді, бала дәрігері (Камышинка а.), 8 медициналық қызметкерлер, бас дәрігер орынбасары және дәрігер аккредитацияның жаңартылған стандарттары бойынша 2 дәрігер офтальмолог және кардиология мамандықтары бойынша қайта даярлауға жіберілді. Денсаулық сақтау мекемелерін дәрігерлермен қамту – 85 % құрайды.
- 2013 жылы аудандағы барлық медициналық персоналдарға аккредитация жүргізілді.
2013 жылы денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін: жалпы сомасы 28,96 млн.теңгеге 6 каналды электрокардиограф, жаңа туылған сәбилердің өкпелерін тазалауға арналған жүйе, зертханалық центрифуга, қатыру камерасы, рентгендік диагностикалау кешені, бактерициттік сәуле, электрондық таразылар, биопсияға арналған қысқыштар, мобильді элктрокардиограф сатып алынды.
Келесі жұмыс түрлері жүргізілді: жылыту жүйелері ауыстырылды, шатыр жабыны ауыстырылды (Зевакино а.), босану, гинекология және балалар бөлімшелеріне, бөлімшелерге, ауылдық дәрігерлік амбуторияларға ағымдағы жөндеулер жүргізілді. Мәйітхана жылу трассасы, дезинфекциялық камера регистрі ауыстырылды, аудандық орталық ауруханасының қазандығы мен жылжытпаларына тексерулер жүргізілді, ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың бөлімдеріне, бөлімшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
11. Құқықтық тәртіпті сақтау
Аудан аумағында 10 мың адамға шаққандағы қылмыс деңгейі 137,1, 621 қылмыс тіркелген, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12,5% жоғары (2012 жылдың қаңтар- желтоқсанында -552). Қылмыстарды ашу өткен жыл деңгейінен 1,7 пайызға төмен: 2013 жыл 69,4, 2012 жыл – 71,1.
Экономика және бюджетті
жоспарлау бөлімінің басшысы А. Самойлова
Достарыңызбен бөлісу: |