ӨНІМ ӨНДІРІСІНІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Өнім өндірісін ұйымдастырудың басты принциптері мен көрсеткіштері
Өндірісті тиімді ұйымдастырудың
10 маңызды принциптеріне келесілер жатады:
мамандандыру, үйлесімділік, үздіксіздік, тікелейағушылық, қосарластық, ритмикалық,
автоматтандырушылық,
сенімділік, икемділік, үнемділік.
Мамандандыру бірлікті еңбек бөлінісінің процесі, ол шығарылатын өнімнің
номенклатурасының
және цехтарда, учаскелер мен жұмыс орындарында жұмыстардың
әртүрлілігінің шектеуімен сипатталады. Мамандандыру арқасында жоғары өнімді
жабдықтау түрлерін қолдануға, жұмыс орындарында шектеулі детале-операциялар санын
орындауға мүмкіндік туады. Мұның бәрі жұмыс орындарында технологиялық процестің
параметрлерін тұрақтандырады, оның
еңбек сиымдылығын азайтады, өнімнің сапасын
және еңбек өнімділігін арттырады.
Мамандандыру деңгейі бір типтік өнім түрлерін өндіру көлемдеріне тәуелді.
Жоғары мамндандыру деңгейі өнімнің бір түрін жаппай өндірісінде және жұмыс
орындарында сәйкес технологиялық процестердің толық
жұмыс істеуінің арқасында
жүзеге асырылады. Мамандандыру деңгейі төмендегенде шығарылатын бұйымдар
түрлерінің конструкцияларын
сәйкестендіру және
стандарттау шаралары жүргізіледі.
Сәйкестендіру дегеніміз жаңа бұйымдарда алдында игерілген бұйымдардың үдемелі
конструкцияларын пайдалану. Сәйкестендіру мен
стандарттау арқылы айрықша
бөлшектер мен тораптар атауларының санын қысқартуға және жалпы пайдалану
бөлшектерінің үлес саламағын жоғарлатуға болады. Нәтижеде жұмыс орындарында
орындалатын жұмыстардың әртүрлілігі қысқарады да,
мамандандыру деңгейі
жоғарылайды.
Жұмыс орынның мамандандыру деңгейі
жұмыс орынға операцияны бекіту
Достарыңызбен бөлісу: