Практикалық жұмыс № 9
Деректер қорын басқару жүйесін құру
1) «Жетісу университетінің студенттері» тақырыбы бойынша мәліметтер қорын құру
2) Кестелер құру
3) Сұрауларды құру
.
Мақсаты: деректер қорын жасау
Міндеттер:
Өрістердің атаулары;
Әр өріске қатысты өз деректер типін таңдау;
Әр өріс үшін сипаттамасын толтыру;
Кілттік өрісті жасау;
Кестені екі жазу мен толтыру.
Жұмыс барысы:
Microsoft Access бағдарламасын ашыңыздар (мысал бағдарламаның 2016 нұсқасы арқылы көрсетіледі) біріншіден, сізге келесі терезе ашылады, ашылған терезеден «Пустая база данных рабочего стола» командасын таңдаңыз (қызыл түс пен ерекшеленген)
Ашылған терезеден сіздер назарларыңызды екі нәрсеге аударуларыңыз қажет.
Деректер қорының атын Movies деп өзгертіңіз.
Деректер қоры сақталу жолын көрсетіңіздер, жылдам қатынас жасау үшін Жұмыс үстелін таңдаңыздар. «Создать» командасын таңдағаннан кейін, сіздердің алдарыңызда жаңа кесте ашылады.
Бағдарламаның интерфейсі түсінікті және MS Office жабдықтамасының басқа бағдарламалары мен сәйкес келеді. Сол жағында деректер қорының объектілері көрсетілген, біздің жағдайда объектілер тізімінен тек бір кесте ғана Кесте 1. Негізгі бөлігін жұмыс алаңы алады, яғни біз кестені жасайтын және редактірлеу орыны.
MS Access бағдарламасында кесте мен жұмыс жасауға екі режим бар.
Кесте режимі
Конструктор
Бұны сіз саймандар тақтасынан Режим батырмасын бассаңыз қөре аласыз (төмендегі сурет).
Конструктор арқылы біз кестені жасаймыз, өрістерге аттарын береміз, әр өріске типтерін белгілеп кесте режимінде кестені толтырамыз және іріктейміз ж.т.б. Әзірше, біздің кесте ашық болғандықтан қажетті өрістер мен толтырайық. Біздің кесте дайын, келесі түрі болуы қажет:
Сіз байқағандай, біздің кесте 4 өрістен тұрады. Алайда, MS Access бағдарламасында жаңа деректер қорын жасағанда бір өрісі бар кесте бар екенін байқаймыз және ол кесте режимінде ашылады. Сіз бұны төмендегі суреттен көре аласыз.
Жаңа өрістерді қосу үшін сізге контруктор режиміне көшу қажет. Бірінші рет өткен жағдайда бағдарлама сізге кестенің атын ауыстыруға мүмкіндік береді соны қолданып кестенің атын tblFilms ауыстырыңыздар. (Кестенің атын ДҚ атымен шатастырмаңыздар, біздің деректер қорымыз Movies сақталған ал кесте tblFilms атымен сақталған). Егер сіз басынан кестенің аттын өзгертпесеңіз еш қорқатын жағдай жоқ, сіз кез келген уақытта кестені жауып, объектілер тізімінен тінтуірдің оң жақ батырмасын басып кестенің атын өзгерте аласыз.
Сонымен, конструктор режиміне көшіп астындағы нұсқаулықта көрсетілгендей толтырамыз.
Ерекшелінген төртбұрыштағы бір цифрын қараса, сіз өрістер аттарын толтыра аласыз. Екі деген саны- сізге деректердің типтерін таңдауға мүмкіндігін береді. Және үшінші төртбұрышта ерекшелінген болып келетін ақпарат өрістердің сипаттамасын көрсетеді, бұл ақпараттың сондай тым қажеті жоқ, бірақ оны жазған жөн, себебі, бір ай өткен соң сіздің есіңізде бұл қандай өрістер екені болмауы мүмкін, ал егер сипаттамасын сіз оқысаңыздар жылдам естеріңіздерге бұл ақпарат түседі. Астындағы кестеде уақытты үнемдеу үшін ағылшын тілінде қажетті мәтін берілген сіз оның кесіндісін алып қолдана аласыздар.
Орістер атаулары
|
Сипаттамасы
|
id
|
The primary key of the table.
|
FilmTitle
|
The name of the movie.
|
FilmYear
|
The year the movie was released.
|
FilmCountry
|
The country where the movie was made.
|
Біз білеміз, id өрісі кілттік өріс болып келетінін, себебі, оның өлшемдері қайталанбайды. Қанекей, біз оны кілттікке өзгертейік. Ол үшін конструктор режимінде id өрісін ерекшелеңіз және саймандар тақтасынан кілттің суретін басыңыз, бұл әрекеттен кейін сіздің өрісіңіз кілттік болып өзгереді.
Тағы екінші тәсіл бар: қажетті өрісті таңдап тінтуірдің оң жақ батырмасын басыңыз да ашылған контекстік мәзірінен кілттік өрісті таңдаңыз.
Өрістегі орналасқан кілттің суреті сізге бұл өріс кілттік болғанына көзіңізді жеткізеді.
Осы әрекеттерді қайталап, кілтті өріс жолынан алып тастауға болады, бұл жағдайда бұл өріс жай өріс болып қалады да және бар деректер бұл өрістерде қайталанулары мүмкін болады.
2
1
Тапсырмалар:
Осы мысал негізінде «Жетісу университетінің студенттері» тақырыбы бойынша мәліметтер қорын құру
Достарыңызбен бөлісу: |