Кеуде хирургиясы 240 тест сұрақ Педиатрия және балалар хирургиясы кафедрасы



бет1/3
Дата30.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#166910
  1   2   3


Кеуде хирургиясы 240 тест сұрақ
Педиатрия және балалар хирургиясы кафедрасы
~Пневмониясы бар балада жалпы кеуде қуысының рентгенограммасында сол өкпенің қараюыгоризонтальды деңгеймен, өкпенің коллабирленуі, аралықтың оңға ығысуы анықталады.

Өкпе деструкциясының қай түріне тән?

@ Пиоторакс

@ Эксудативті плеврит

@ Пиопневмоторакс

@ Пневмоторакс

@ Өкпе абсцессі

~Өкпе деструкциясы бар балада плевра қуысын дренаждағаннан кейін тыныс жетіспеушілік симптомы сақталуда. Бюлау бойынша дренажда ауа мен ірің бөлінеді, кезекті рентгенограммада өкпе коллабирленуі сақталған.

Өкпе жазылуына қосымша не істеу керек?

@ Оперативті ем-торакотомия, жыланкөзді тігу

@ Антибиотиктер қолдану

@ Екінші қабырға арлықта қосымша дренаждау

@ Екінші қабырға аралықта плевра қуысының пункциясы

@ Бронх окклюзиясын орындау

~8 жасар бала автотравмадан кейін келіп түсті. Рентгенде плевра қуысы тотальды қарайған, аралықтың жарақаттанған жаққа ығысуымен.

Сіздің ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

@ Гемопневмоторакс

@ Өкпе ателектазы

@ Плеврит

@ Өкпе абсцессі

@ Хилезді пиоторакс

~Нәрестеде туа салысымен мұрнымен аузынан көбікті шырышты бөліністер бөлінді.

Сіздің ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

@ Өңеш атрезиясы

@ Өкпе ісігі

@ Өңеш ахалазиясы

@ Өңеш халазиясы

@ Өңеш стенозы

~12 жасар балада диагностикалы емдік – диагностикалық плевра пункциясында көп мөлшерде мөлдір сұйықтық бөлінді.

Қай ауруды алып тастау керек?

@ Эхинококкоз

@ Хилезды плеврит

@ Лимфа жүйесінің жарақаты

@ Өкпе ісігі

@ Питоракс

~Қабылдау бөлімшесіне 7 күндік бала келіп түседі. Әлсіз. Терісі бозғылт, акроцианоз. Тынысы жиі, беткей. Жүрек тондары тұйық. Ішінің қатты кепкені және ауру сезімділігі көңіл аудартады. Тері асты вена торы кеңейген. Перистальтикасы естілмейді. Перкуторлы- бауыр тұйықтығы жоқ.

Хирургтың ЕҢ ықтимал амалы?

@ 2-3 сағат дайындықпен жедел операция

@ 1сағат аралығынад жедел операция

@ 5сағаттық ота аолдыңғы дайындықтан кейін жедел операция

@ Бір тәулік баланы реанимацияда консервативті ем жүргізу керек.

@ Күту амалы

~Перзентханадан салмағы 2600 гр болатын жаңа туған сәби жедел түрде жеткізілді. Бала өте мазасыз және аузынан көпіршікті бөлініс шығады, сонымен қатар цианоз ұстамалары да байқалады. Өңештің рентген суретінде өңештің жоғарғы сегменті тұйық бітеді, әрі асқазан мен ішектерде газдар анықталады.

Сіздің ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

@ Өңеш атрезиясы

@ 12-елі ішек атрезиясы

@ Ашы ішек атрезиясы

@ Тік ішек атрезиясы

@ Анус атрезиясы

~2 күндік жаңа туған нәресте. Жағдайы ауыр. Мұрын-ерін үшбұрышының көгеруі, ентігу, өт аралас құсық. Қарағанда кеуде клеткасының ассиметриясы, сол жақ кеуде клеткасының ісінуі. Тынысы әлсіреген ішек шулары естіледі, перкуторлы тынықталған. Іші түскен, ладья тәрізді.

Сіздің ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

@ Жалған көкеттік жарық

@ Өкпе секвестрациясы

@ Туа болған кеңірдекөңештік жыланкөз

@ Өңеш атрезиясы

@ Шынайы көкеттік жарық

~Айқын тыныс жетіспеушілігі кезіндегі балаға кілегейді сору үшін мұрын арқылы катетер өткізу мүмкін емес.

Сіздің ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

@ Хоан атрезиясы

@ Макроглоссия

@ Пьер-Робин синдромы

@ Өңеш атрезиясы

@ Кеңірдекөңештік жыланкөз

~Керілген пневмоторакс кезіндегі хирургтың ЕҢ ықтимал амалы?

@ Плевральды пункция, көрсеткіш бойынша дренаждау

@ Бронхография

@ Постуральды дренаж

@ Радикальды операция

@ Бронхоскопия

~Нәресте 2 күндік. Жағдайы ауыр.Мұрын-ерін үшбұрышының цианозы,ентігу,өтпен құсу. Қарағанда сол жақ кеуде ісінуіне байланысты кеуде клеткасының ассиметриясы байқалады.Тынысы әлсіреген ішек шулары естіледі,перкуторлы-тұйықталған. Іші түсіңкі,ладья тәрізді.

Қандай рентгенологиялық белгілері болады?

@ Диафрагма күмбезі анықталмайды, плевральды қуыста көптеген газды түйіршіктердің және

көкірекаралықтың қарсы жаққа ығысуы

@ Ішектің баяу газбен толуы

@ Асқазанда газды көпіршіктің болмауы

@ Іш қуысында екі деңгейлі сұйықтықтың болуы

@ Диафрагма күмбезі тегістелген және деформацияланған

~Нәресте. Жағдайы ауыр. Терісі бозғылт цианотикалық реңмен, еріні көгерген. Кенет ентігу, тыныс алуға қосымша бұлшықеттердің қатысуы. Кеуде клеткасы бөшке тәрізді. Кеуде клеткасы перкуссиясында тимпанит, аускультацияда тыныс естілмейді. Жүрек шектері сау жаққа қарай ығысқан.

Хирургтың ЕҢ ықтимал амалы?

@ Жарақаттанған аймақты алу

@ Трахеостомия

@ Бронхотомия

@ Пульмоноэктомия

@ Торакоцентез

~Науқас 10 жаста,жағдайы ауыр, ентігу, тахикардия,іріңді қақырық. Рентгенограммада кеуде клеткасында қабырғасы жіңішке сұйықтық анықталады.

Хирургтың ЕҢ ықтимал амалы?

@ Бронхоскопиялық дренаж

@ Радикальды ем

@ Пункциялық ем

@ Плевральды қуысты дренаждау

@ Абсцессті қуысты дренаждау

~6 айлық баланың ауырғанына 8 сағат уақыт болған. Баланың анасы баласының кенеттен мазасызданып, тамақ ішуден бас тартқанын айтты. Бұған дейін үлкен дәреті қалыпты болған. Ректалді тексеру кезінде «малина тәрізді желе» бөлінді анықталады.

Сіздің ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

@ Ішек инвагинациясы

@ Дизентерия

@ Копростаз

@ Геморрагиялық васкулит

@ Тік ішектің полипі

~2 жасар ұл баланың мазасыздануына, соңғы 5 сағат ішінде ішінің ауырсынуына шағымданып емханаға жеткізілген. Қарау кезінде баланың сол жақ ұма аймағында қозғалуы қиын, контуры анық жұмсақ мөлшері 6 х 4 см ауырсынумен жүретін түзіліс байқалады. Екі жұмыртқа да ұмада. Лоқсу, құсу болмаған.

Сіздің ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

@ Қысылған шап жарығы

@ Аталық без қыбығының және ұрық бауының су шемені

@ Шап лимфадениті

@ Крипторхизм

@ Аталық без эктопиясы

~Аталық без шеменінің ең айқын белгісі?

@ Диафоносокпия кезінде жарық өткізу

@ Шап аймағында ауырсыну

@ Ұма аймағында ауырсыну

@ Ұмада жұмсақ эластикалық түзілісттің болуы

@ Ұма терісінің гиперемиясы

~Төмендегі жағдайлардың қайсысында экскреторлық урография жасалмайды?

@ Анурия

@ Бүйрек шаншуы

@ Бүйректің жарақаты

@ Макрогематурия

@ Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

~Қабылдау бөліміне 2 айлық бала түсті. Шағымдары: іш қатуға, іш кебуіне, екі рет құсу. Өз еркімен дәреті туғаннан болмаған. Тазалау клизмасы жеңілдік әкелмейді.

Сіздің ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

@ Гиршпрунг ауруының жеделдеу формасы

@ Гиршпрунг ауруының жедел формасы

@ Гиршпрунг ауруының созылмалы формасы

@ Идиопатиялық мегаколон

@ Тік ішектің туа біткен стенозы - копростаз

~ Мойынның орталық кистасына тән симптом?

@ Жұтыну кезінде қозғалу

@ Іncisura jugularis үстіндегі шұңқыр

@ Жұтыну кезінде ауырсыну

@ Тығыз консистенсиялы

@ Периодты түрде жоғалу

~ Мойын жыланкөзіне жасалған операциядан кейінгі жиі асқыну?

@ Жыланкөз рецедиві

@ Тігістің ажырауы

@ Жұтынудың бұзылуы

@ Қан кету

@ Гиперсаливация

~Көкет жарығында көрсетілген қосымша зерттеу әдістерінің қайсысы ең тиімді?

@ Асқазан-ішек жолдарын контрасты затпен зерттеу

@ Кеуде клеткасын УДЗ

@ Асқазан және ащы ішекті эндоскопиялық зерттеу

@ Сыртқы тыныс алуды зерттеу

@ Кеуде клеткасының томографиясы

~Портальды жүйеден қанды әкетудің жаңа жолдарын пайда болдыру мақсатында жасалатын операцияларға жатады?

@ Теннер операциясы

@ Портокавальды анастомоз жасау

@ Оментопексиямен спленэктомия

@ Оментопексии

@ Органопексия

~Өңеш ахалазиясы мен рефлюкс – эзофагит кезінде операциялық араласу неден тұрады?

@ Ниссен бойынша фундопликация

@ Пилоромиотомия

@ Кардиомиотомия

@ Гастротомия

@ Гастроэнтеростомия

~Гиршпрунг ауруының созылмалы түрінде радикальды операция қай жаста жасалады?

@ 3 жаста

@ 1,5 жаста

@ 6 жаста

@ 10 жаста

@ Диагноз қойылғаннан кейін

~6 айлық бала текскру кезінде өкпе кистасы анықталды, тыныс тапшылығы жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық.

Хирург амалының ЕҢ тиімдісі қандай?

@ Күту амалы

@ Кистаны дренаждау

@ Оперативті ем

@ Кистаға пункция жасау

@ Консервативтік ем

~ Нәрестеде уретраның сыртқы тесігі ұманың түбіне ашылған. Жыныс мүшесі қисық. Жыныс мүшесінің бас қабы дамымаған.

Сіздің ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

@ Гипоспадия

@ Қуық экстрофиясы

@ Эписпадия

@ Уретраның атрезиясы

@ Уретраның гипоплазиясы

~ Бала ұйықтап жатқан кезінде кіші дәретін ықтиярсыз жіберіп қояды.

Сіздің ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

@ Энурез

@ Энкопрез

@ Баланит

@ Цистит


@ Пиурия

~ Бала бірінші және қалыпты өткен жүктіліктен салмағы 3600 г., болып туылды. 20 мин. соң екіншілік асфиксия ұстамасы пайда болды. Тері қабатының цианозы, минутына 100 рет ентікпе байқалады. Перкуссияда өкпеде оң жақта қорабты дыбыс, сол жақта тұйықталған. Аускультативті оң жақта тыныс естілмейді, сол жақта әлсіреген, сырыл жоқ. Жүрек тоны тұйық, алдыңғы сол жақты қолтық асты сызығы бойынша максимальды қатты естіледі, жиілігі минутына 200 –ге дейін, тахикардия. Іші жұмсақ, қалыпты формалы. Бауыры 1 см ұлғайған. Меконий шыққан.

Сіздің ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

@ Спонтанды кернеулі оң жақты пневмоторакс

@ Кернеулі пневмоторакс

@ Өкпенің секвестрациясы

@ Плевраның тоталды эмпиемасы

@ Өкпенің үлкен емес ауалы кисталары

~ Бала қалыпты жүктіліктен айы күні жетіп туылды. Салмағы 3100 гр. Апгар көрсеткіші 7 - 8 балл. Туылғаннан соң 6 сағаттан кейін мұрын ерін үшбұрыш цианозы, мазасыздану кезінде тері қабатының жалпы цианозы байқалады. Тыныс жиілігі минутына 80 рет. Кеуде клеткасы «бөшкең тәрізді. Перкуссияда сол жақта қорабтық дыбыс, оң жақта өкпелік естіледі. Аускультацияда сол жақта бірден төмендеген, әлсіреген, оң жақта пуэрильді. Жүрек тоны тұйықталған, жиілігі мин. 160 дейін. Оң жақ бұғана орта сызығы бойынша максимальды түрде қатты естіледі. Іші жұмсақ, қалыпты формалы бауыр 2 см ұлғайған.

Сіздің ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

@ Туа біткен бөліктік эмфизема

@ Өкпе ателектазы

@ Өкпенің туа біткен солитарлы кистасы

@ Өкпенің секвестрациясы

@ Өкпенің агенезиясы, аплазиясы

~ Нәрестеде туылғаннан соң 6 сағаттан кейін мұрын ерін үшбұрыш цианозы. Мазасыздану кезінде тері қабатының жалпы цианозы байқалады. Тыныс жиілігі минутына 80 рет. Кеуде клеткасы «бөшкең тәрізді. Перкуссияда сол жақта қорабтық дыбыс, оң жақта өкпелік. Аускультацияда сол жақта бірден төмендеген, әлсіреген, оң жақта пуэрильді. Жүрек тоны тұйықталған, жиілігі минутына 160 дейін. Оң жақ бұғана орта сызығы бойынша максимальды түрде қатты естіледі. Іші жұмсақ, қалыпты формалы бауыр 2 см ұлғайған.

Қандай зерттеу әдісін жүргізген ЕҢ тиімді?

@ Кеуде қуысының рентгенографиясы

@ Бронхоскопиясы

@ Бронхографиясы

@ Аортографиясы

@ Ангиопульмонографиясы

~ 1,5 айлық бала күнде құсады, салмақ қоспайды. Жиі пневманиямен ауырады. Құсығында қанмен кілігей бар. Емгенде мазасызданады. Ұйықтағанда жөтелу байқалады.

Сіздің ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

@ Диафрагманың өңеш саңылауының жарығы

@ Пилороспазм

@ Жоғарғы өткізбеушілігі

@ Гипоксиядан кейінгі энцефалопатия

@ Муковисцидоз

~ Бала бірінші және қалыпты өткен жүктіліктен салмағы 3600 г. болып туылды. 20 мин. соң екіншілік асфиксия ұстамасы пайда болды. Тері қабатының цианозы, минутына 100 рет ентікпе байқалады. Перкуссияда өкпеде оң жақта қорабты дыбыс, сол жақта тұйықталған. Аускультативті оң жақта тыныс естілмейді, сол жақта әлсіреген, сырыл жоқ. Жүрек тоны тұйық, алдыңғы сол жақты қолтық асты сызығы бойынша максимальды қатты естіледі, жиілігі минутына 200 –ге дейін, тахикардия. Іші жұмсақ, қалыпты формалы. Бауыры 1 см ұлғайған. Меконий шыққан. Спонтанды кернеулі оң жақты пневмоторакс диагнозы қойылды.

Хирургтың ЕҢ ықтимал іс - әрекеті қандай?

@ Тез арада плевралды пункция арқылы ауаны шығару

@ Торакопластика операциясы

@ Зақымдалған өкпе бөлігін бронхоскоп арқылы бронхты бітеу

@ Торакотомия жолмен плевра қуысын санациялау

@ Бронх тармақтарын бронхоскопиялық санациялау

~ Нәрестеде туылғаннан соң 6 сағаттан кейін мұрын ерін үшбұрыш цианозы, акроцианоз, мазасыздану кезінде тері қабатының жалпы цианозы байқалады. Тыныс жиілігі минутына 80 рет. Кеуде клеткасы «бөшкең тәрізді. Перкуссияда сол жақта қорабтық дыбыс, оң жақта өкпелік. Аускультацияда сол жақта бірден төмендеген, әлсіреген, оң жақта пуэрильді. Жүрек тоны тұйықталған, жиілігі минутына 160 дейін. Оң жақ бұғана орта сызығы бойынша максимальды түрде қатты естіледі. Іш жұмсақ, қалыпты формалы бауыр 2 см ұлғайған. «Тума лобарлы эмфиземаң диагнозы қойылдың.

Хирургтың ЕҢ ықтимал емдеу тәсілі қандай?

@ Зақымдалған бөлікті алып тастау

@ Плевральді пункция

@ Торакоцентез

@ Бронхоскопия

@ Консервативті ем

~ Өкпе деструкциясы бар баланың плевра қуысына дренаж жасағаннан кейін де тыныс жетіспеушілік симтомы сақталады. Дренаж арқылы ірің мен ауа шығады. Қорытынды рентгенограммада өкпенің коллабирленуін сақтаған.

Төмендегі көрсетілген қандай іс - шара ЕҢ тиімді болып табылады?

@ Бронхтың окклюзиясын жасау

@ Плевральды пункция жасау

@ Өкпені үрлеу

@ Қосымша дренажды жүргізу

@ Оперативтік ем – торакотамия, жылан көзді тігу

~ 3 жасар бала бронхтағы бөгде зат түсуімен бөлімшеге келіп түсті. Қай кезде бронхтардағы бөгде заттардың алынуының оперативті жолы көрсетілген:

@ бронхоскопиялық қысқыштармен алынбайтын бөгде заттар

@ темір бөгде зат

@ бронхоскопияны іске асыртатын маман болмаєан кезде

@ пластикалық бөгде зат

@ ағаш бөгде зат

~ 4 жасар бала жоғарғы тыныс алу жолдарындаєы бөгде затпен келіп түсті. Бұл науқасты қандай жағдайда тасымалдау ЕҢ ықтимал?

@ Тек қана отырғызып

@ Етпетінен

@ Жартылай бұрып

@ Арќасына жатқызып

@ Тренделенбург жаєдайында

~ Сол жақ бұғана асты тамырын катетеризациялаудан кейін науқастың жағдайы нашарлады. Тыныс алу жетіспеушілігі пайда болды. Перкуссияда сол жақта тимпанит.

ЕҢ ықтимал асқынуы қандай?

@ Пневмоторакс

@ Плевра қуысына қан кету

@ Пневмония

@ Гидроторакс

@ Пиоторакс

~ Нәресте. Балада мұрын-ауыз үшбұрышында цианоз, мазасыздану, ентігу. Кеуде клеткасының оң жағында ісінумен, қабырғааралықтың кеңеюі. Оң жақ өкпеде перкуторлы-тимпан.ит, аускультативті – тыныс әлсізденген – тыныстың болмауы. Өкпе рентгенограммада – сол жаққа көкірекаралықтың ығысуы, оң жақта өкпе суретінің болмауы және диафрагманың оң жағында куполасының төмендеуі. Сіздің амалыңыз?

@ Жедел операция, баланың жағдайы ауыр

@ Консервативті ем, оперативті емнің қажеті жоқ

@ Плевральды қуысқа пункция, нәрестеге емнің аяулы әдісі қолданылады

@ Торакоцентез, кішігірім оперативті араласу

@ Торакоскопия, кішігірім оперативті араласу

~ Салмағы 3000 гр жаңа туған балада 12 сағаттан соң прогрессивті цианоз және құсу анықталады. Бала әлсіз, айғайы ақырын, тынысы беткей 60 рет минутына, қосымша бұлшықеттер қатысады. Сол жақ кеуде бөлігінің қабырға аралытары кеңейген. Іші тартылған, бауыр қырының шығуына байланысты ассиметрия байқалады. Диагнозды анықтау үшін қандай тексеруден бастау керек?

@ Кеуде және іш қуысының шолу R-граммасы

@ Асқорыту жолдарының контрастты зерттеуі

@ Іш қуысын УДЗ және эндоскопия

@ Іш қуысын УДЗ және бронхография

@ Іш қуысын УДЗ және ирригография

~ Өкпенің кернелген бөліктік (лобарлы) эмфиземасы кезінде жедел медициналық көмектің маңызы:

@ жедел торокотомиямен өкпе резекциясы

@ плевра қуысын дренаждау

@ өкпені Мональди бойынша дренаждау

@ трахены интубациялау, жасанды тыныс аппаратына қосу

@ плевраны тесу (пункция)

~ Науқас 7 жаста. Ауырғанына 4 күн. ЖРВИ тәрізді басталған (жөтел, тұмау, жоғары температура. Кейіннен жағдайының күрт төмендеуі. Жоғары температура, ентігу, жөтел, тыныс актісінде көкірек клеткасының қосымша көмекші бұлшық еттерінің қатысуы, мұрын желбезектерінің кеңеюі. Зақымданған жағында - аускультативті - тыныстың жедел әлсізденуі немесе тыныстың жоқ болуы. Перкуссияда – барлық бөліктерінде – қораптық дыбыс, көкірек клеткасының үрленуі. өкпе рентгенограммасында – зақымдалған жақта тұнықтығының күрт жағарылауы, өкпе түбірге ығыстырылған, синус бос, диафрагма тегістелген. Медиастинумның сау жаққа айқын жылжуы.

Сіздің ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз?

@ Пневмоторакс

  @ Пиопневмоторакс

  @ Өкпе абсцесі

  @ Тотальды пиоторакс

  @ Өкпе атлектазы

~ Нәрестеде ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы, мазасыздану, ентігу бар. Кеуде клеткасының оң қағы керілген, қабырғааралық кеңейген. Перкуссияда - оң жақ өкпенің үстінде тимпанит, аускультацияда – тыныс алу әлсіз- тыныс жоқ. өкпе рентгенограммасында медиастинум солға ығысқан, оң жақ өкпенің суреті жоқ және оң жақта диафрагма күмбезі төмен орналасқан.

Сіздің амалыңыз қандай?

@ Шұғыл операция

  @ Консервативті ем

  @ Плевра қуысын пункциялау

  @ Торакоцентез

  @ Торакоскопия

~ Бала 11 жаста операция жасалды- өкпенің тілше тәріздес сегменттерінің резекциясы. Үшінші тәулікте дренажы алынды. Операциядан кейін 6 тәуліктен бастап баланың температурасы 38-38 С, өкпе дыбысының сол жақтан тұйықталуы және әлсіз тыныс. R –граммада кеуде қуысының сол жағының қараюы. Емдік амалыңыз қандай?

@ Антибиотикті ем және активті аспирациялаумен дренаждау

@ Антибиотикті ем және бір реттік емес плевра пункциясы

@ Антибиотикті ем және дезинтоксикация

@ Антибиотикті ем және Бюлау бойынша дренаждау

@ Антибиотикті ем, пульмонэктомия

~ Балаға 5 жас. Біртіндеп жағдайы нашарлады, іріңді интоксикация белгілерінің өршуі. Жоғары температура, зақымдалған жақта дыбыстың тұйықталуы және тыныс әлсізденуі. Кеуде клеткасының рентгенограммасында зақымдалған жақта өкпе кеңістігінің мөлдірлігінің төмендеуі, жүрек көлеңкесіне дейін. Көкірекаралық сау жаққа ығысқан. Плевральды пункцияда көп мөлшерде ірің алынды. Сіздің болжам диагнозыңыз?

@ Тотальды пиоторакс

@ Өкпе абсцессі

@ Пиопневмоторакс

@ Пневмоторакс

@ Өкпе кистасы

~ Бала 4 жаста,ентікпе, цианоз, тахикардия, парциальды қышқылдың 60-70 мм.с.б дейін төмендеуі, рентген суретінде екі жақ бөлікте «снежная буряң, өкпелік тіннің инфильтрациясы жоғарыланған. Оттегілік терапия кезіндегі типтік асқынуы.

@ ателектаз

@ өкпелік эмболия

@ бронхтардың обструкциялық бөлінісі

@ пневмония

@ плеврит

~ Бала құлап жарақат алған. Рентгенограммада: оң жақ өкпе аймағында сұйыктық деңгейімен ауалану синдромы анақталады, өкпе суреті осы аймақта көрінбейді. Аралық мүшелер сол жаққа ығысқан. Сол жақ өкпеде өзгеріс жоқ. Өкпеде қандай аскыну пайда болды?

@ Гидропневмоторакс

@ Өкпенің семуі

@ Он жактағы гидроторакс

@ Жарақаттан кейін пайда болған өкпе қабынуы

@ Пневмоторакс

~ Перзентханадан салмағы 2600 гр болатын жаңа туған сәби жедел түрде жеткізілді. Бала өте мазасыз және аузынан көпіршікті бөлініс шығады, сонымен қатар цианоз ұстамалары да байқалады. Өңештің рентген суретінде өңештің жоғарғы сегменті тұйық бітеді, әрі асқазан мен ішектерде газдар анықталады.

Сіздің ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз?

@ Өңеш атрезиясы

@ 12-елі ішек атрезиясы

@ Ашішек атрезиясы

@ Тік ішек атрезиясы

@ Анус атрезиясы

~ Хирургиялық бөлімшеге туғанына 12 сағат болған аузынан көпірікті бөліністерімен нәресте түсті. Ауыздан көпіріктерді сорғаннан кейін, көпірік қайта толады. Рентгенограммада ауыз арқылы енгізілген катетер өңештің соңғы бөлімінде иіледі, асқазанда газ бар. Хирургиялық емнің әдісін анықтау:

@ трахеоөңештік жыланкөзді кесу арқылы өңештің тура анастомозы

@ мойын эзофагостомиясымен біріккен гастростомия

@ гастростомия, өңештің атрезияланған бөлімінің тура анастомозы

@ тоқ ішек трансплантатымен өңештің пластикасы

@ ащы ішек трансплантатымен өңештің пластикасы

~ Науқас 7 жаста. Ауырғанына 4 күн. ЖРВИ тәрізді басталды (жөтел, тұмау, жоғары температура). Содан кейін жалпы жағдайынын күрт төмендеуі. жоғары температура, ентігу, тыныс алу актісіне қосымша бұлшықеттердің қатысуы, мұрын қанаттарының кеңейуі. Зақымдалған жақта тыныстың жоқ болуы. Кеуде клеткасының бүкіл бөлігінде қорап тәрізді дыбыс. Өкпенің рентгенограммасында – өкпенің зақымдалған аймағында мөлдірлігі жоғарлаған, синус түбіріне өкпе қысылған, диафрагма тегістелген.Көкірек аралық сау жаққа ығысқан.

Сіздің ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз?

@ Пневмоторакс

  @ Пиопневмоторакс

  @ Өкпе абсцессы

  @ Тотальді пиоторакс

  @ Өкпе ателектазы

~ Бала 6 жаста ауруханаға щұғыл түрде түседі. Анасының айтуы бойынша шағымы: тынышсыздық, суық тер, тыныс алудың қиындауы. Баланың жалпы жағдайы ауыр дәрежеде, көңіл күйі бұзылған, дене температурасы 38,7 градус.Тері қабаттары бозғылт, таза. Қарау кезінде кеуде клеткасының зақымдалған аймағы тыныс алу актісінен қалыңқы. Аускультацияда кеуде клеткасының зақымдалған аймағында тыныс жоқ. Кеуде клеткасының рентгенограммасында плевра қуысының төменгі бөлігінің төмендеуі байқалады, диафрагмма күмбезі және бауыр дифференцацияланбайды.Көлденең сұйық деңгейі анықталады. Өкпе түбіріне қарай ығысқан. Динамикада рентгенологиялық зерттеу сақталады.

Сіздің ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз?

@ Зақымдалған пиопневмоторакс

@ Пиоторакс

@ Гидроторакс

@ Пиопневмоторакс

@ Өкпенің туа біткен инфицирленген кисталары

~ 6 жастағы бала жедел жағдайда түседі. Анасының айтуы бойынша мазасыздыққа, суық тер, тынысының қйындауына шағымданады. Жалпы жағдайы ауыр дәрежеде. Өзін өзі сезінуі бұзылған. Дене қызуы 38.7 градус. Тері жабындылары бозғылт, таза. Қарау кезінде кеуде клеткасының ауырған жағы тыныс актісінде қалып қояды. Кеуде клеткасының рентгенограммасында плевралық қуыстың төменгі бөліктерінде қараю анықталады, диафрагма куполы және бауыр дифференцияланбайды. Горизонтальді сұйықтық денгейі анықталад. Өкпе түбірге қарай коллабирленген. Динамикада рентгенологиялық зерттеуде осындай жағдай сақталады. Аталған клиникалық белгілердің қайсысы пиопневмотораксқа тән?

@ Зақымдалған жақта әлсіз тыныс

@ Зақымдалған жақта қатқыл тыныс

@ Ылғалды сырылдар

@ Плевра үйкеліс шуылы

@ Жүректің салыстырмалы тұйықтық шекарасының ауру жаққа ығысуы

~ 3 айдағы бала жедел жағдайда түседі. Анасының айтуы бойынша мазасыздыққа, 3 күн көлемінде дене қызуының көтерілуі, жөтел. Жалпы жағдайы ауыр. Өзін өзі сезінуі бұзылған. Дене қызуы 39.0 градус. Интоксикации белгілері айқын. Тері жабындылары бозғылт, таза. Қарау кезінде кеуде клеткасының оң жағы тыныс актісінде қалып қояды. Перкуссия кезінде оң жағында тұйықталу байқалады, максимальді тұйықтық оң жақта төменгі бөлікте диафрагма үстінде. Дамуазо линиясы, Траубе кеңістігі және Раухфус үш бұрышы нақты анықталады. Кеуде клеткасының оң жақ бөлігі тыныс актісінде қалып қояды. Аускультация кезінде тыныс әлсіреген. Кеуде клеткасы рентгенограммасында оң жақтан өкпе алаңының бір келкі гомогенді қараюы анықталады, диафрагма контурланбайды.

Сіздің ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз?

@ Пиоторакс оң жақтан

@ Керілген пиопневмоторакс оң жақтан

@ Гидроторакс оң жақтан

@ Пиопневмоторакс оң жақтан

@ Туа біткен инфицирленген өкпе кисталары оң жақтан

~ Бір айлық бала, кекіру симптомы оң, салмақ аз қосады, жиі пневмониямен ауырады, құсығында шырышпен қан бар, ұйқы кезінде мазасызданады, жөтеледі.

Сіздің Сіздің ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

@ Диафрагманың өңештік жарығының тесігі

@ Пилороспазм

@ Жоғарғы ішек өтпеушілік

@ Постгипоксиялық энцефалопатия

@ Муковисцидоз

~ 8 жасар бала автотравмадан кейін келіп түсті. Рентгенде плевра қуысы тотальды қарайған, аралықтың жарақаттанған жаққа ығысуымен.

Сіздің Сіздің ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

@ Гемопневмоторакс

@ өкпе ателектазы

@ Плеврит

@ өкпе абсцессі

@ Хилезді пиоторакс

~ Нәрестеде туа салысымен мұрнымен аузынан көбікті шырышты бөліністер бөлінді.

Аталған белгілер қай ауруға тән:

@ өңеш атрезиясы

@ өңеш ісігі

@ өңеш ахалазиясы

@ өңеш халазиясы

@ өңеш стенозы

~ 12 жасар балада диагностикалы емдік – диагностикалық плевра пункциясында көп мөлшерде мөлдір сұйықтық бөлінді. Қай ауруды алып тастау керек:

@ эхинококкоз

@ хилезды плеврит

@ лимфа жүйесінің жарақаты

@ өкпе ісігі

@ питоракс

~ Перзентханада бала туғаннан кейін 4 сағаттан соң мұрнынан және аузынан көбікті бөліністің бөлінуі байқалған. Сілекейді сорып алғаннан кейін, қайтадан көп мөлшерде жиналады. Ары қарай бақылау барысында айқын тыныс бұзылысы – ентікпе, акриоцианоз, мазасыздану байқалған. Осындай жағдайда төменде берілгендердің қайсысы нақтылау диагноз болып табылады?

@ Өңеш атрезиясы

@ Диафрагма жарығы

@ Лобарлы эмфизема

@ Асқазан өтпеушілігі

@ Асқазан өңештік рефлюкс

~ Бала өмірінің 6 –шы сағатында аузы мен мұрнынан көбікті бөліністің бөлінуінен жағдайының нашарлауы байқалады, ентігу, көгеру, өкпедегі ылғалды сырылдар. Перзентханадағы бала дәрігері қандай диагностикалық зерттеу әдісін қолдану керек?

@ Өңешті зондылау

@ Өңешті контрасты рентгенологиялық зерттеу

@ Кеуде қуысы мүшелерінің компьютерлі томографиясы

@ Құрсақ қуысы және кеуде қуысы мүшелерін ультрадыбысты зерттеу

@ Кеуде қуысының шолу рентгенографиясы

~ Бала өмірінің 1-ші сағатында нәрестеде жедел өкпе және жүрек қан тамыр жетіспеушілігінің клиникалық көрінісі байқалады. Бала боз, айқайы әлсіз, кезеңдік өтпен құсу байқалады, тынысы қиындаған, беткей қосымша бұлшық еттердің қатысуымен. Іші үлкен емес, тарылған. Кеуде қуысының шолу рентген суретінде кеуде аралықтың бірден оңға ығысуы және сол жағында көптеген майда ошақты қуыстар анықталады. Осындай жағдайда төменде берілгендердің қайсысы нақтылау диагноз болып табылады?

@ Жалған диафрагмалық жарық

@ Жүректің туа біткен даму ақауы

@ Бас миының туыт жарақаты

@ Лобарлы эмфизема

@ Өкпенің туа біткен торсылдағы

~ 3 жасар балада ЖРВИ, 3-ші күні бала жағдайы нашарлауы дене қызуының 38,5 ке дейін көтерілуі ентігуінің күшеюі, мұрын ерін үшбұрышының көгеруі байқалады.Оң өкпесінің артқы базальды бөлігінде, тынысы сәл әлсіреген, перкуссияда-аздаған перкуторлық дыбыс қысқарған.Рентгенде-көптеген ошақтың әртүрлі калибрлі көрінісі негізіндегі, оң жақ өкпенің төменгі болігіндегі проекциясында әлсіз инфильтрация байқалынады. Осындай жағдайда төменде берілгендердің қайсысы нақтылау диагноз болып табылады?

@ Деструктивті пневмония

@ Жедел іріңді лобит

@ Өкпенің іріңді торсылдағы

@ Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің ателектазы

@ Өкпе абсцесі

~ Іріңді хирургия инфекция бөлімшесіне 5 жасар бала мынандай диагнозбен келіп түсті: оң жақтық жедел деструктивті іріңді пневмония, өкпелік түрі. Өкпенің көптеген майда ошақты пневмониясы. Жүргізілген ем негізінде бала жағдайы нашарлады, ентігу күшейді, дене қызуы 38,5 градусқа дейін көтерілген. Физикальды- өкпенің оьң жақ бөлігінің тыныста артта қалуы, кейде оның ісінуі байқалады. Аускультативті тыныстың бірден әлсіреуі. Перкуссияда перкуторлық дыбыстың қысқаруы, төменгі бөлігінде күшейеді.Кеуде қуысының шолу рентгенограммасыннда кеуде аралықтың қарама-қарсы жаққа ығысумен кеуде қуысының оң жағының жоғарғы бөлігінде сұйықтық деңгейімен тотальды көлеңке байқалады.Осындай жағдайда төменде келтірілген асқынулардың қайсысы нақтылау келеді?

@ Пиоторакс

@ Пневмоторакс

@ Плащь тәрізді пиоторакс

@ Өкпе абсцесі

@ Өкпе ателектазы

~ 12 жасар бала әсіресе таңертеңгі іріңді қақырықпен, ылғалды жөтелге, функционалдық жүктемеден кейінгі пайда болатын әлсіздік пен ентігуге шағымданады.Анасымен әнгімелесу барысында бала пневмониямен ауырғаны, ал кейінгі жылдары созылмалы қайталамалыпневмониямен емделгені анықталды. Кеуде қуысы мүшелерінің шолу рентгенографиясындағы көкет күмбезінің жоғары тұруы және кеуде аралықтың зақымдалған жаққа ығысумен, жүрек шекараларын жабатын, сол жақ төменгі бөлік проекциясында үшбұрышты гомогенді көлеңке көрінеді. Рентгенологиялық көріністің сипатына төмендегі аурулардың қайсысы нақтылау келеді?

@ Ателектатикалық бронхоэктаздар

@ Өкпелік секвестрация

@ Кеуде аралықтың ісігі

@ Өкпенің кистозды гипоплазиясы

@ Өкпе торсылдағы

~ 2 жасар баланың жағдайы бірден нашарлады, айқын тыныс жетіспеушілігі, ұстама тәрізді үрген жөтел пайда болды, дем алғанда ашық шапалақтаушы дыбыс естіледі. Анасы бала жағдайының бірден нашарлауын бөгде затпен аспирацияланумен байланыстырады. Бөгде заттың нақтылау орналасқан жерін атаңыз?

@ Трахея

@ Көмей

@ Өңеш


@ Негізгі бронхтар

@ Бөліктік бронхтар

~ 3 жасар бала бөгде затпен аспирацияланған. Жағдайы ауыр. Айқын тыныс қызметінің бұзылысы, қосымша бұлшықеттердің қатысуымен ентігу. Аускультативті тыныстың оң жақта бірден әлсіреген. Перкуторлы кеуде клеткасының оң жағында тимпанит. Рентгенологиялық кеуде аралықтың қарама-қарсы жаққа ығысуымен оң жақ өкпенің эмфиземасы. Бөгде заттың нақтылау орналасқан жерін атаңыз?

@ Оң жақ негізгі бронх

@ Трахея

@ Оң жақ төменгі бөліктік бронх

@ Көмей

@ Сол жақ негізгі бронх



~ 6 айлық баланың сүтпен тамақтандыру кезінде кезеңдік ұстамалы жөтел пайда болады. Анасының айтуы бойынша тамақтандыру кезінде бала қалпын өзгертсе ұстамалы жөтел қояды немесе төмендейді. Балада көрсетілген аурулардың қайсысына күмәндануға болады?

@ Жекелеген трахеоөңештік жыланкөз

@ Асқазан өңештік рефлюкс

@ Трахеомаляция

@ Өңеш стенозы

@ Өңеш ахалазиясы

~ 12 баланы тамақтандыру кезінде тік қалыпта азаятын кекіру мен құсу пайда болады. Соңғы 2 айда бала жағдайы біраз нашарлаған. Анасы бұны тыныс бұзылуы мен дене салмағының аз қосуын баланың тамақтан бас тартуымен байланыстырады.Осыған тән ауруды көрсетіңіз?

@ Өңеш ахалазиясы

@ Асқазан өңештік рефлюкс

@ Трахеоөңештік жыланкөз

@ Өңеш стенозы

@ Трахеомаляция

~ 2 жастағы бала оң жақ өкпе қабынуымен стационарда ем алуда кенеттен жағдайы нашарлады. Мазасыз, тынысы жиі, беткейлі , айқын цианоз, акроцианоз байқалады. Оң жақ перкуторлы дыбыс тұйық, кеуде аралығы сол жаққа ығысқан, оң жағындағы тыныс аускультацияда жоқ.

Сіздің Сіздің ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

@ Оң жақтық пневматоракс

@ Көкет жарығы

@ Оң жақ өкпенің іріңді торсылдағы

@ Оң жақ өкпе абсцесі

@ Оң жақ бөлікті эмфизема

~ 2 жастағы бала оң жақ өкпе қабынуымен стационарда ем алуда кенеттен жағдайы нашарлады. Мазасыз, тынысы жиі, беткейлі, айқын цианоз, акроцианоз байқалады. Оң жақ перкуторлы дыбыс тұйық, кеуде аралығы сол жаққа ығысқан, оң жағындағы тыныс аускультацияда жоқ. Жедел көмекті неден бастау керек:

@ оң жақ плевра қуысына дренаж қою

@ жүрек препараттарын енгізу

@ өкпе суретін түсіру

@ плевральды пункция

@ оттегін беру

~ Жаңа туған нәрестенің тынысы жоқ,брадикардия жүрек соғу жиілігі минутына 62. Жүрек тондары тұйықталған, тері жамылғысы бозарған. Ауыз жұтқыншағында қағанақ суы анықталады.

Сіздің Сіздің ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

@ Қағанақ суымен тұншығу

@ Пневматоракс

@ Жүрек жетіспеушілігі

@ Туылу кезіндегі ми жарақаты

@ Тыныс алу орталығының жетіспеушілігі

~ Бөлімшеде емшек жасындағы 2 айлық екі жақтық бронхопневмониямен жатқан балада беткейлі сырылды тыныс, аузынан көбікті бөлініс, мойындырық көктамырының айқын лүпілі байқалады. Бала қозған, ерні көгерген. Өкпесінің екі жағында көп мөлшерлі ылғалды сырылдар естіледі. Бауырының 1,5 см. ұлғаюы және ОКҚ 11 см/с.б. анықталады. Кезекші реаниматолог науқасқа 2 сағат ішінде 200 мл ерітінді енгізілгеніне көңіл аударды. Балада 4 сағат ішінде кіші дәреті болмаған. Бала жағдайының ауырлау себебін көрсетіңіз:

@ кернелген пневмоторакс

@ өкпенің бактериальды деструкциясы

@ құсық затымен аспирация

@ өкпе ісінуі

@ өңештің бөгде заты

~ Балалар ауруханасына 8 айлық баланы алып келді. Шағымы дене қызуының көтерілуі, ентікпе, мазасыздану . Бала жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы көгерген, дене қызуы 37,8 градус, тыныс жиілігіт минутына 30 рет, пульсі 140 минутына. Кеуденің оң жағы тыныс алу актісінен артта қалады.Перкуторлы тыныс тұйық, тынысы аускультацияда әлсіреген. Өкпенің оң жақ рентген суретінде кең қуысты көлденең деңгейдегі сұйықтық анықталады. Төменгі шекарасы көлеңкеленген перифокальды реакция жоқ, синусы бос. Кеуде аралық аздап солға ығысқан.

Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?

@ Өкпенің іріңді торсылдағы

@ Өкпе абсцесі

@ Пневмония

@ Эхиноккокты торсылдақ

@ Өкпе ісігі

~ Балалар ауруханасына 8 айлық баланы алып келді. Шағымы дене қызуының көтерілуі, ентікпе, мазасыздану. Бала жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы көгерген, дене қызуы 37,8 градус, тыныс жиілігіт минутына 30 рет, пульсі 140 минутына. Кеуденің оьң жағы тыныс алу актісінен артта қалады. Перкуторлы тыныс тұйық, тынысы аускультацияда әлсіреген.Өкпенің оң жақ рентген суретінде кең қуысты көлденең деңгейдегі сұйықтық анықталады. Төменгі шекарасы көлеңкеленген перифокальды реакция жоқ, синусы бос. Кеуде аралық аздап солға ығысқан. Емдеу амалын көрсетіңіз:

@ Мональди бойынша дренаж

@ торокоцентез және дренаждау

@ радикалды ота

@ антибактериальды ем

@ бронхоскопия және дренаж

~ 2 күндік жаңа туған нәресте. Жағдайы ауыр. Мұрын-ерін үшбұрышының көгеруі, ентігу, өт аралас құсық. Қарағанда кеуде клеткасының ассиметриясы, сол жақ кеуде клеткасының ісінуі. Тынысы әлсіреген ішек шулары естіледі, перкуторлы тынықталған. Іші түскен, ладья тәрізді. Сіздің болжам диагнозыңыз?

@ Жалған көкеттік жарық

@ Өкпе секвестрациясы

@ Туа болған кеңірдекөңештік жыланкөз

@ Өңеш атрезиясы

@ Шынайы көкеттік жарық

~ Ең жиі кездесетін өнеш атрезиясының түрін көрсетіңіз:

@ төменгі кенірдек-өнеш жыланкөзі бар

@ жоғарғы кенірдек-өнеш жыланкөзі бар

@ өнештің екі ұшыда соқыр бітеді

@ жоғарғы және төменгі кенірдек-өнеш жыланкөзі бар

@ қалыпты қалыптасқан өнеш кезіндегі кенірдек-өнеш жыланкөзі бар

~ Шынайы көкет жарықтарының пайда болу негізінде не жатыр?

@ Көк ет бұлшықеттерінің жетілмеуі

@ Көк ет дефекті

@ Көк ет салынуының жоқ болуы

@ Көк ет нервінің парезі

@ Босану кезіндегі жарақат

~ Бала, 2 жаста, ауруханаға терісінің бозаруы, тұрақты, коррекцияға берілмейтін гемоглобин көрсеткішінің 90 г/л дейін түсуіне, периодты түрде ішкен тамағымен құсыққа шағымданады. Туған кезден бастап тамақтандырғаннан кейін, әсіресе горизонтальды қалпында, жиі құсып тұрған, дене салмағын нашар қосқан. Емдік қоспалармен консервативті емдеген кезде құсығы сиректенген. Бір жастан асқан кезде бірнеше рет этиологиясы белгісіз анемия бойынша ем алған. Алғашқы диагноздардың қайысысы болуы мүмкін?

@ Асқазан-өнеш рефлюкс-эзофагиті

@ Өнеш стенозы

@ Өнеш ахалазиясы

@ Пилоростеноз

@ Өнеш дивертикулы

~ Кернелген өкпе кистасында шұғыл хирургиялық көмек ретінде не жасалады?

@ Мональди бойынша кистаны дренаждау

@ плевральды қуысты дренаждау

@ кистаны алып тастаумен шұғыл торакотомия

@ плевральды пункция

@ өкпе резекциясымен шұғыл торакотомия

~ Декомпенсирленген туа біткен бөліктік эмфизема кезінде емдеу тәсілі болып табылады:

@ радикальды операция-жарақаттанған бөлігін алып тастау

@ плевральды пункция

@ торакоцентез

@ бронхоскопия

@ консервативті ем

~ Науқастың жағдайы ауыр, ентікпе, қызбасы бар. Рентгенограммада оң жақ бөлігінің жоғарғы проекциясында перифокальды реакциясымен сұйық деңгейі бар қуыс анықталады. Қай алғашқы диагноз бұл көрініске тән?

@ Өкпенің жоғарғы бөлігінің абсцессі

@ Өкпе деструкциясының буллезді түрі

@ Пиопневмоторакс

@ Пиоторакс

@ Медиастенальды эмфизема

~ Өкпе деструкциясы бар балада плевральды қуысын дренаждағаннан кейін тыныс жетіспеушілігі симптомдары сақталуда. Дренаждан ауа мен ірін шығады. Бақылау рентгенограммасында өкпе коллабирленген көрінісі сақталады. Төменде көрсетілген шаралардың қайсысын жүргізген ЕҢ дұрыс болады?

@ Бронх окклюзиясын жасау

@ Өкпені үрлеу

@ 2 қабырғааралықта плевральды пункциясын жасау

@ 2 қабырғааралықта қосымша дренаждау жүргізу

@ Оперативтік ем-торакотомия, жыланкөзді тігу

~ 11 жастағы бала сол жақ ұмасының ұлғаюына төменге тартылу сезіміне шағымданады. Сол жақ ұмасын қарағанда, қатты кеңіп, буылтықтанған көктамырлар пальпацияланады, күшенген уақытта көктамырлардың кеңеюі байқалады. Жұмыртқалары ұмада.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

@ Варикоцеле

@ Ұрық бауының су жиналуы

@ Шап жарығы

@ Жұмыртқа қабығының су жиналуы

@ Крипторхизм

~ Бала туғаннан бастап тасамайдың басындағы терісінің ажырауы. Бала күшеніп кіші дәреті жіңішке ағумен шығады. Сыртқы үрпінің тесігі жыныс ағзасының ауыздығының орнынан барып ашылады, нуктелік. Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?

@ Гипоспадия

@ Эписпадия

@ Қуықтың экстрофиясы

@ Сыртқы үрпі каналының эктопиясы

@ Тасамайдың шеткі терісінің даму ақауы

~ Пневмония клиникасы бар балада өкпенің жалпы шолу рентгенограммасында жоғарғы горизантальды деңгейімен сол жақ өкпе алаңының қараюы, өкпенің коллабирленгені, кеудеаралықтың оң жаққа ығысуы анықталады. Сіздің болжам диагнозыңыз?

@ Пиопневмоторакс

@ Пиоторакс

@ Экссудативті плеврит

@ Пневмоторакс

@ Өкпе абсцесі

~ Өңеш атрезиясы кезінде жалпы шолу рентгенограммада асқазанда үлкен ауа көпіршігі және ішектің ауаға толы екені анықталады. Өңеш атрезиясының қай түріне осы рентгенограммадағы көрініс тән.

@ өңештің төменгі сегменті кеңірдекпен жыланкөздің болуы

@ өңештің жоғарғы сегменті кеңірдекпен жыланкөздің болуы

@ өңештің 2 сегменті де кеңірдекпен жыланкөз құрмайтыны

@ бірде бір түріне сәйкес келмеуі

@ барлық атрезия түрлеріне сәйкес келеуі

~ Рентгенограммада оң жақ бөлігінің жоғарғы проекциясында перифокальды реакциясымен сұйық деңгейі бар қуыс анықталады. Қай алғашқы диагноз бұл көрініске тән?

@ Өкпенің абсцесі

@ Өкпе деструкциясының буллезді түрі

@ Пиопневмоторакс

@ Пиоторакс

@ Медиастенальды эмфизема

~ Өңеш ахалазиясы мен рефлюкс – эзофагит кезінде операциялық араласу неден тұрады?

@ Ниссен бойынша фундопликация

@ Пилоромиотомия

@ Кардиомиотомия

@ Гастротомия

@ Гастроэнтеростомия

~ Айқын тыныс жетіспеушілігі кезіндегі балаға кілегейді сору үшін мұрын арқылы катетер өткізу мүмкін емес. Сіздің ЕҢ болжам диагнозыңыз?

@ Хоана атрезиясы

@ Макроглоссия

@ Пьер-Робин синдромы

@ Өңеш атрезиясы

@ Кеңірдекөңештік жыланкөз

~ Пилоротомия кезінде асқазан сірі қабығының жарарақаттануы анықталды.

Сіздің амалыңыз?

@ Алғашқы дефектіні тігіп, қақпаның басқа жерінен пилоротомия жасау

@ Тігілген аймақты бұлшықетпен жабу арқылы,пилоропластика жасау

@ Пилоропластика жасау және ішқатпар аяқшасын дефектіге алып келу

@ Тігілген аймақты бұлшықетпен жабу арқылы,сірі қабық дефектісін тігу

@ Пилоропластика жасау, жарақаттанған жерге жіңішке ішек тұзағын тігу

~ Балалардағы ішек өткізбеушілігінің консервативті емінің нәтижесінің болмауының критериі:

@ ауырсынудың жоғалуы, газдың және нәжістің шығуы

@ гемограмма нормализациясы

@ дене температурасының төмендеуі

@ АҚ жоғарлауы, пульстің нормализацисы

@ ішек перистальтикасының күшейуі

~ Қысылған шап жарығындағы косервативті емге қарсы көрсеткіш:

@ қысылудың 12 сағаттан аса болуы

@ инфекциялық аурудың болуы

@ жарық шығуы жеріндегі терінің қабынуға тән өзгерістері

@ 1 жасқа дейінгі балалар

@ пневмония

~ Керілген пневмоторакс кезіндегі шұғыл жағдайлар:

@ плевральды пункция, көрсеткіш бойынша дренаждау

@ бронхография

@ постуральды дренаж

@ радикальды операция

@ бронхоскопия

~ Науқас 10 жаста,жағдайы ауыр, ентігу, тахикардия,іріңді қақырық. Рентгенограммада кеуде клеткасында қабырғасы жіңішке сұйықтық анықталады. Сіздің емдеу амалыңыз?

@ Бронхоскопиялық дренаж

@ Радикальды ем

@ Пункциялық ем

@ Плевральды қуысты дренаждау

@ Абсцессті қуысты дренаждау

~ Эпифизеолиз-бұл?

@ Өсу шеміршегі бойымен эпифиздің метафизге қарағанда ығысуы

@ Сүйек диафизінің сынуы

@ Ересек кезінде кездесетін сынық

@ Эпифиздің метафиз бөлігімен бірге үзілуі

@ Эпифиз сынуы

~ Бала 3 жаста, көшеде анасымен келе жатып, сүрініп құлай жаздаған. Анасы қолынан тартып, баланы ұстап қалған, сол кезде баласы қолының ауырсынуына шағымданады. Қарағанда шынтақ буын пішіні өзгермеген. Шынтақ буынында қозғалыстар шектелген, супинация және пронация жасау ауырсынуға байланысты мүмкін емес.

ЕҢ тиімді болжам диагнозыңыз қандай?

@ Шыбық сүйегі басының жартылай шығуында

@ Шыбық сүйек мойнының сынығы

@ Шынтақ буынында байламдардың тартылуы

@ Білек сүйектерінің артқы шығуы

@ Иық сүйегінің айдаршығының үзілуі

~ Бала 8 ай, үйінде диваннан еденге құлаған. Бірден айқайлаған, бір ретті құсу болған. Түнде нашар ұйықтаған. Жағдайы орташа ауырлықта, енжар, селқос, қарауға негативті жауап береді. Неврологиялық статуста ошақты белгілер жоқ. Көз қарашықтарын максимальды әкеткенде горизонтальды нистагм анықталады. Сіңір және құрсақ рефлекстері бұзылмаған. Сыртқы краниогематома жоқ.

ЕҢ тиімді болжам диагнозыңыз қандай?

@ Бас ми шайқалуы

@ Энцефалопатия қалдықты белгілері

@ Бас ми соғылуы

@ Бас сүйекішілік гематома

@ Бастың жұмсақ тіндерінің соғылуы

~ Бала 7 күндік сіз табанның патологиялық қалпын анықтадыңыз-табандық бүгілу және супинация.Сіздің диагнозыңыз:

@ туа болған ұршық басы шығуы

@ туа болған қисық табандылық

@ балтыр шыбығы нервінің парезі

@ жалпақтабандылық

@ ат табан

~ Өнеш ахалазиясына кеуденің жалпы шолу рентгенограммасында не тән?

@ Асқазан ауа көпіршігінің жоқ болуы

@ Кеудеаралықтың оң жаққа ығысуы

@ Көк еттің сол жақ куполының жоғары тұруы

@ Кеудеаралықтың сол жаққа ығысуы

@ Өкпе алаңдарының мөлдірлігінің күшеюі

~ Бірінші тәулікте аспирациядан кейін бронх бөгде денесін клиникалық көрінісінде не көрсетеді?

@ Бронхиальды өткізгіштігінің бұзылу дәрежесі

@ Баланың физикалық дамуы

@ Бөгде дененің пішіні

@ Бөгде дененің химиялық құрылысы

@ Баланың нервті-психикалық дамуы

~ Рентгенограммада плевральды қуысының тотальды қараюы, кеудеаралықтың сау жаққа ығысуы анықталады. Сіздің болжам диагнозыңыз?

@ Пиоторакс

@ Ателектаз

@ Өкпе деструкциясының буллезді түрі

@ Пневмоторакс

@ Пиопневмоторакс

~ Баланы 10 күн бойы жөтел, дене температурасының фебрильды деңгейге дейін көтерілуі мазалайды. Аускультативті сол жақта бронхиальды тыныс. Рентгенограммада сол жақ плевральды қуысының тотальды қараюы, кеудеаралықтың ауыратын жаққа ығысуы анықталады. Болжам диагнозыңыз:

@ Өкпе ателектазы

@ Тотальды плевра эмпиемасы

@ «Плащң тәрізді плеврит

@ Өкпе абсцессі

@ Пиоторакс

~ Жаңа туған нәрестеде кеудеаралық көленкесінің сау жаққа ығысуы анықталады, сол жақта өкпенің сау бөліктерін ығыстырып тұрған созылған жоғарғы бөлігі көрінеді.

Қай алғашқы диагноз бұл көрініске тән?

@ лобарлы эмфизема

@ диафрагмальды жарық

@ өкпе аплазиясы

@ пневмоторакс

@ пневмоторакс

~ Көбіне пародоксальды тыныстың жиі болады:

@ пневмоторакста

@ ателектазда

@ пневмонияда

@ ларингоспазда

@ басқарылмалы вентиляцияда

~ Тыныс жолдарында бөгде денесі бар толық бронх өткізгіштігінің бұзылысына ренгенограммада тән:

@ ателектаз

@ дөңгелек инфильтративті фокустар

@ пневмоторакс

@ эмфизема

@ ұсақ ошақты қараюлар

инфузиялық терапия жүргізу

~ Сол жақ бұғана асты тамырын катетеризациялаудан кейін науқастың жағдайы нашарлады. Тыныс алу жетіспеушілігі пайда болды. Перкуссияда сол жақта тимпанит.

ЕҢ ықтимал асқынуы қандай?

@ Пневмоторакс

@ Плевра қуысына қан кету

@ Пневмония

@ Гидроторакс

@ Пиоторакс

~ Бала 4 жаста,ентікпе, цианоз, тахикардия, парциальды қышқылдың 60-70 мм.с.б дейін төмендеуі, рентген суретінде екі жақ бөлікте «снежная буря», өкпелік тіннің инфильтрациясы жоғарыланған. Оттегілік терапия кезіндегі типтік асқынуы.

@ ателектаз

@ өкпелік эмболия

@ бронхтардың обструкциялық бөлінісі

@ пневмония

@ плеврит

~ Өңеш күйiгiнiң емдеу шараларын дұрыс ретi ... бужирлеу.

1) күнделiктi

2) апта сайын

3) бiрiншi 2 аптада 2 рет

4) 1 жыл көлемiнде ай сайын

@ 1,2,3,4

@ 2,3,4,1

@ 3,4,2,1

@ 4,3,2,1

@ 1,2,4,3

~ Өңеш күйiгiндегi негiзгi симптомдарының дұрыс ретi ... .

1) жұтынғанда ауырсыну

2) сiлекей ағуы

3) дисфагия

4) құсу

@ 1,2,3,4



@ 2,3,4,1

@ 3,4,2,1

@ 4,3,2,1

@ 3,2,1,4

~ Нәрестелердегi өңеш атрезиясын хирургиялық емдеу принципiне жатады:

@ өңеш-кеңiрдек жыланкөзiн байлау, гастростома қою

@ эзофагоеюноанастамоз жасау

@ трансплантатпен өнештiң пластикасын жасау

@ гастростомия жасау

@ эзофагостомия жасау

~ Өңеш атрезиясынын тән белгiлерiне ... жатады.

1) демалуының бұзылуы

2) ауызынан көпiршiктiң бөлiнуi

3) туылғаннан құсу

4) iштiң кебуi

5) дене температурасының жоғарылауы

@ 1,2

@ 2,3


@ 3,4

@ 4,5


@ 3,5

~ Өңеш атрезиясының жиi кездесетiң түрiн көрсетiнiз.

@ жоғарғы жағы бiтеу, ал төменгi жағы кеңiрдекпен жыланкөз

арқылы байланысқан түрі

@ өңеш қуысының болмауы

@ жоғарғы және төменгi ұштарының бiтеу болуы

@ жоғарғы және төменгi ұштарының кенiрдекпен жыланкөз

арқылы байланысқан түрі

@ төменгi жағы бiтеу, ал жоғарғы жағы кеңiрдекпен

жыланкөз арқылы байланысқан түрі

~ Өңеш атрезиясы диагнозын дәлелдеу үшін перзентханада

... қажет.

@ асқазанға зонд өткiзiп көру

@ УДЗ жүргiзу

@ көкiрек клеткасының жалпы рентгенографиясын жасау

@ өңештiң контрастты рентегографиясын жасау

@ эзофагоскопияны жүргiзу

~ Балалар хирургиялық бөлiмшесiне өңеш атрезиясы бар баланы ауыстыруға дейiн

перзентханада жүргiзiлетiң емдiк шаралар:

1) антибиотиктерді бұлшық етке еңгiзу

2) әр 15-20 минут сайын жұтқыншақты және ауыз қуысын тазалау

3) викасол еңгiзу

4) оксигенотерапия жүргiзу

5) көкiрек клеткасына физиоем тағайындау

@ 1,2,3

@ 2,3,4


@ 1,2,4

@ 1,3,5


@ 2,3,5

~ ... қанды құсық болмайды.

@ өңеш ахалазиясында

@ өңештiң халазиясында

@ брадиэзофагуста

@ өңештiң дивертикулында

@ өңештiң химиялық күюiнде

~ Жедел деструктивтi пневмониямен ауру ... жиi кездеседi:

@ 3 жасқа дейiн

@ 3-5 жас аралығында

@ 5-7 жаста

@ 7-9 жаста

@ 10 жастан жоғары



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет