Торакоцентез Торакоцентез - Плевра қуысына кіру үшін кеуде қуысының қабырғасын тесуді қамтитын хирургиялық операция. Пункция диагностикалық және емдік мақсатта жасалуы мүмкін - плевра қуысынан ауаны немесе патологиялық (іріңді, қан және т.б.) кетіру.
Мақсаты: Қолдану көрсетілімдері: - жарақаттану гемотораксында (кеуде қуысына қанның құйылуы); спонтанды, қақпақты пневмоторокста (плевра қуысына ауаның жиналуы), тыныс алу жүйелері аурулары (крупозды пневмония, плевраның қабынуы, өкпе эмпиемасы (өкпе қуысында іріңнің қалуы), туберкулез, өкпе қатерлі ісігі (рак) және т.б.).
Қарсы көрсетілімдері: - өте жоғары қанағыштық, тері аурулары пиодермия (терінің іріңдеуі), белдеме теміреткісі, кеуде торының күюі, жедел жүрек жетіспеушілігі.
Асқыну - 1. Ерте: инъекция орнындағы ауырсыну, пневмоторакс, плевра қуысына қан кету, вазовагальды рефлекс, жергілікті анестетиктерге және дезинфекциялық заттарға аллергиялық немесе жағымсыз реакциялар.
- 2. Кеш: пункция орнында терінің инфекциясы, плевра эмпиемасы, инъекциялық арнада рак клеткаларының таралуы (әсіресе плевра мезотелийінде)
Дайындық: - залалсыздандырылған: мақта шариктерін, дәке салфеткаларын, жаялықты, тері ішіне және тері астына инъекция жасауға арналған инені, плевра қуысын тесуге арналған (ұзындығы 10 см және диаметрі 1-1,5мл) инелерді, 5, 10, 20, 50 мл шприцтерді, 0,5% новокаин ерітіндісін, 5% спиртті йод ерітіндісін, тері антисептигін, қысқышты, клеолды, лейкопластырьді, кеуде торының 2 рентгенограммасын, плевра сұйықтығына арналған залалды ыдысты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, лабораторияға жолдаманы, анафилактикалық шокта жедел көмек көрсетуге арналған жиынтықты, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі: - 1 Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.
- 1. Беліне дейін шешінген науқасты орындықтың арқа сүйенішіне бетімен қаратып отырғызыңыз, оны бір қолымен орындықтың арқа сүйенішіне таянуын, ал екінші қолын басына орнатуын (патологиялық үдеріс бар жағына) сұраңыз.
- 2. Науқастан денесін сәл бір қырына қарай бұруын сұраңыз, дәрігер тесуді жүргізетін қарама-қарсы жағына.
- 3. Плевра қуысын тесуді тек қана дәрігер жүргізеді, мейірбике көмекші қызметін атқарады.
- 4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, оларды тері антисептигімен өңдеңіз, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.
- 5. Алдын ала тесетін жерді 5% спиртті йод ерітіндісімен, сосын тері антисептигімен және қайтадан йодпен өңдеңіз.
- 6. Қабырға аралық бұлшық етке, плевраға инфильтрациялық анестезия (тесілетін жердің аурғанын сездірмеу үшін) жүргізу үшін, шприцке сорып алынған 0,5% новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.
- 7. VІІ-VІІІ қабырға аралығына астыңғы жатқан қабырғаның жоғарғы қырынан тесуді жасайды, өйткені қабырғаның төменгі қырымен тамыр-жүйке будалары жүреді және қабырға аралық тамырлар зақымданады.
8. Плевра қуысына пункциялық инені дәрігер енгізіп, ішіндегі сұйықтықты шприцке сорып алады. - 8. Плевра қуысына пункциялық инені дәрігер енгізіп, ішіндегі сұйықтықты шприцке сорып алады.
- 9. Шығатын сұйықтыққа арналған ыдысты қойыңыз.
- 10. Лабораториялық зерттеуге: залалсыздандырылған банкіге (пробиркаға) шприцтің ішіндегі сұйықтықты құйыңыз.
- 11. Плевра қуысына енгізу үшін шприцті сорып алынған антибиотигімен дәрігерге беріңіз.
- 12. Инені алған соң тесілген жерді 5% спиртті йод ерітіндісімен өңдеңіз.
- 13. Тесілген жерге залалсыздандырылған салфетканы салып, лейкопластырьмен немесе клеолмен бекітіңіз.
- 14. Плевра қуысынан шыққан сұйықтықты баяулату және талықсудың дамуын ескерту үшін кеуде торына қатты керілген ақ жаймамен тануды жүргізіңіз.
15. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз. - 15. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.
- 16. Пайдаланған бір рет қолданылатын шприцтерді, қолғапты, мақта шариктерін, салфеткаларды контейнерге, ал пункциялық инені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
- 17. Науқастың көңіл-күйін, таңғыштың жағдайын қадағалаңыз, тамыр соғуын есептеңіз, қан қысымын өлшеңіз.
- 18. Науқасты ішімен каталкаға жатқызып, палатаға апарыңыз.
- 19. Өткізілген манипуляциядан кейін науқас 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасты ескертіп қойыңыз.
- 20.Алынған биологиялық материалды зерттеуге лабораторияға жолдамасымен жіберіңіз.
Ескерту - - плевра қуысынан бір уақытта 1 л-ден көп сұйықтық алса, талықсу дамуының қаупі бар;
- - плевра сұйықтығын лабораторияға апару кешіктірілуді күтпейді, ферменттер мен клеткалық элементтерді бұзбау үшін;
- - ине плевра қуысына түскенде бос кеңістікке «ойылған жерге» түскені сезіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |