Кезекші автокөлікті ұстау және қызмет көрсету бойынша қызметін бір көзден мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы Хаттама
Астана қ, Жеңіс д, 11 үй 01.03.2011 жыл
1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, үйде орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Әкімшілік басқармасы, кезекші автокөлікті ұстау және қызмет көрсету бойынша қызметін бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырды.
2. Сатып алуға бөлінген сомма 3 200 000 (үш миллион екі жүз мың) тенге.
3. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» (әрі қарай - Заң) Заңының 32 бабының 4) тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысымен бекітілген, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесінің 142 бабына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Төрайымының 18.02.2011 ж. № 28 «Кезекші автокөлікті ұстау және қызмет көрсету бойынша қызметті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу туралы» бұйрығына сәйкес, кезекші автокөлікті ұстау және қызмет көрсету бойынша қызметін сатып алу мақсатында жүзеге асырылды.
4. «Астана автошаруашылығы» жауапкершілгі шектеулі серіктестігі Заңның 8 бабына келесі құжаттар негізінде сәйкес келеді:
1) «Астана автошаруашылығы» ЖШС қызметін мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы 2011 жылдың 28 ақпаныңдағы №03-01/45 хаты;
2) Нотариалды расталған 2006 жылдың 2 мамырындағы № 0364810 Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу Куәлігінің көшірмесі;
3) «Астана автошаруашылығы» жауапкершілгі шектеулі серіктестігінің нотариалды расталған қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы Куәлігінің көшірмесі;
4) «Астана автошаруашылығы» жауапкершілгі шектеулі серіктестігінің нотариалды расталған ҚР салықтөлеушісі Куәлігінің көшірмесі;
5) «Астана автошаруашылығы» жауапкершілгі шектеулі серіктестігінің статиститикалық карточкасының нотариалды расталған көшірмесі;
6) 2011 жылдың 22 ақпаныңдағы № 2085 берешек жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы;
7) 2011 жылдың 16 ақпаныңдағы № 620316022011000041 салық төлеушінің салық берешегі жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы;
8) «Астана автошаруашылығы» жауапкершілгі шектеулі серіктестігінің 2 (екі) парақтағы Біліктілік туралы мәліметінің түпнұсқасы;
9) Сатып алынатын қызметтер Техникалық сипаттамасының 2 (екі) парақтағы түпнұсқасы;
10) Кезекші автокөлікті ұстау және қызмет көрсету бойынша қызметіне коммерциялық ұсыныстың баға негіздемесімен қоса түпнұсқасы;
11) Ұсынылатын қызметтер тізбесінің түпнұсқасы;
12) «Астана автошаруашылығы» жауапкершілгі шектеулі серіктестігінің Жарлығының нотариалды расталған көшірмесі.
5. Шарт, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 15 үйде орналасқан «Астана автошаруашылығы» жауапкершілгі шектеулі серіктестігімен 3 200 000 (үш миллион екі жүз мың) теңге соммасында жасалады.
6. Сарапшылар тартылмады.
7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, осы бір көзден мемлекеттік сатып алудың нәтижесі негізінде, ШЕШТІ:
1) Қызметтерді Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 15 үйде орналасқан «Астана автошаруашылығы» жауапкершілгі шектеулі серіктестігінен сатып алуға;
2) Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті 2011 жылдың 3 наурызына дейін «Астана автошаруашылығы» жауапкершілгі шектеулі серіктестігімен Мемлекеттік сатып алу туралы Шарт жасауы тиіс.
3) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушысы Комитеттің Әкімшілік басқармасына осы Хаттаманың мәтінін Тапсырыс берушінің веб-сайтына жіберсін.
Мемлекеттік сатып алуды
Ұйымдастырушының уәкілетті
өкілі ___________Нұрмұхамбетова А.А.
Тапсырыс беруші:
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен
жұмыс комитеті Төрайымы ___________ Үсенова Н.Д.
Достарыңызбен бөлісу: |