"Киелі кимешек" ғылыми жұмыс мазмұНЫ



бет1/9
Дата03.01.2022
өлшемі51.43 Kb.
#450278
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Киелі кимешек ЖОБА
Дендрология есебі, Айдана ЖОБА, Айдана ЖОБА, Ғылыми жоба Қолөнер, Киелі кимешек ЖОБА, Баяндама Сабакта бейне материалдардын тиимдилиги, денсаулық зор байлық, денсаулық зор байлық, денсаулық зор байлық, денсаулық зор байлық, денсаулық зор байлық, Арнайы кужаттар, актив студио, ұлттық киім үлгісін әзірлеу

"Киелі кимешек" ғылыми жұмыс

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе .................................................................................................................3-4

І.Тамыры терең төл мұра .................................................................................5-16

1.1.Киім үлгісінің дамуы .................................................................................5-6

1.2.Кимешек туралы жалпы түсінік ...............................................................7-11

1.3.Кимешекті тігу әдісімен танысайық ........................................................11-13

1.4.Сәукеле – қызға салтанат, кимешек – келінге аманат ..........................13-15

1.5. Бас киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар ......................................15-16.

ІІ.Қорытынды .......................................................................................................17

ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі  ..............................................................18

ІV. Қосымша ........................................................................................................19

 

 



 

 

 



 

 

 



 

КІРІСПЕ

          Ұлттық киім – бай  тарихи – мәдени мұра, оны зерттеу бізді  өткен ғасырларды әдет –ғұрып,  салт-дәстүр  халықтың хал-ахуалынан  кең көлемде жан –жақты хабардар етеді.  Қазақ халқының  кимі  басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі:  қазақ халқының табиғат  төсінде өсіп,  еркін ғұмыр кешуімен байланысты.  Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді.  Қазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алады. Соның бірі, қазақ халқының ұлттық бас киімі.

Қазақ халқының киiмi басқа ұлттардан өзгеше өзiндiк қасиетке толы. Адам баласы қай заманда да баскиімге ерекше көңіл бөліп, аса құрметпен қараған. Баскиімді жерге тастамайтын, кісіге баскиімін бермейтін ырым – тыйымдар күні бүгінге дейін сақталып келеді. Қуанғанда бөркін аспанға лақтырып, күйрегенде жерге ұрып сүйініш пен күйініштің де белгісін баскиім арқылы аңғартқан.

Ертеде екі тайпа ел жауласып өзара бітімге келе алмай жағдай қиындағанда ақ жаулықты аналарымыз араша түсіп, кимешектің үстіндегі жаулығын басынан сыпырып алып екі араға тастағанда  киелі баскиімнен ешкім аттап өте алмаған. Демек, кимешектің саяси, тарихи мәні бар деп айтуға болады.

Әсіресе, әйелдердің тұрмыс – тіршілігінде шашты жинап, басты байлап жүрудің гигиеналық, этикалық, эстетикалық мәні зор. Тіпті, шаштың қадірі бастың қадірінен кем болмаған. Өткен заманда шашына рұқсатсыз қол тигізген бөтен адамнан сөз құнындай құн дауланған, төлем белгіленіп айыппұл алынған. Қазақта күйеу жігіт қалыңдығының шашын сипағаны үшін, қыздың жеңгесіне «шаш сипатар» ырымын жасаған. Күнделікті тамақ әзірлеу, бала күтудің өзі шашқа ерекше көңіл бөлуге мәжбүр етеді. Себебі, шаш айналадан жаман қуатты тартатын, қажетті – қажетсіз хабар – ошарды, ғарыштық қуатты жылдам қабылдайтын түкті түйсік «антенна» деп саналады. 

Кимешек –қазақ әйелдерінің әдемілігін арттырып, ажарын ашатын киелі бас киімі. Оның түрлері тігілуі мен әшекейіне қарай аймақтық рулық ерекшеліктерге ие, сан алуан сипатта кездеседі. Кимешектің әшекейі мен әдемілігі жас ерекшелігіне қарай парықталып тұрады. Мәселен, әр жастағы әйелдер кимешегінің ою — кестесі жеңіл, тым жылтырақ болмайды. Ал, жасырақ әйелдердің кимешегі қызылды — жасылды, барынша сәнді етіп әшекейленеді. Киелі кимешекті қалай болса солай кез келген уақытта кие салмайды. Оны кюге қатысты өзіндік жол — жорлар бар.

Кимешек — қазақ әйелдерінің киелі бас киімі.Әдетте кимешек ақ матадаң немесе ақ жібектен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жаурынын жауып тұрады. Кимешекке қарап әйелдердің шырайын, жас мөлшерін, тұрмыс-жайын, тіпті жүріс-тұрысына дейін анық ажыратып алуға болады екен. Апаларымыздың ұқыптылығы мен салақтығы да кимешегінен көрінетін. Кимешектің түрі мен тарихи тұрпаты сан-алуан. Олар көбіне рулық-тайпалық өмір ерекшеліктеріне байланысты.  



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет