Кіреуке гипоплазиясы мен гиперплазиясы



Дата30.01.2024
өлшемі1.96 Mb.
#490201
гипоплазия

Кіреуке гипоплазиясы мен гиперплазиясы


Казахский Национальный медицинский университет имени С. Д. Асфендиярова
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 
Орындаған:Жамалбекова Ж.Ж.
Тексерген:Бакеева Ж.Ы.
Алматы, 2023

Жоспары:

  • Кіріспе

  • Кіреуке гипоплазиясы мен гиперплазиясына диагностика жүргізу
    ІІ. Негізгі бөлім
    Кіреуке гипоплазиясы мен гиперплазиясына клиникалық көрінісі
    Кіреуке гипоплазиясы мен гиперплазиясының емдеу алгоритмі
    ІІІ. Қорытынды

Кіреуке гипоплазиясы клиникасы

Тістің қандай-да бір бөлігінде дақ түрінде, әртүрлі көлемдегі тереңдікте, жолақ түрінде және тіпті кіреукенің толық болмауымен көрінеді.

Кіреуке гипоплазиясы клиникасы

  • Гипоплазияның шоғырланған бөлігіне қарап, қай жаста минералды алмасудың бұзылғанын, ал ошақтың еніне қарап бұзылудың ұзақтығын анықтауға болады. Кесу қырларына параллель орналасқан гипоплазияның бөліктерінің саны бойынша, бала ағзасында алмасудың қанша рет бұзылғанын көруге болады.

Кіреуке гипоплазиясының түрлері

Гипоплазияның дақты түрі

  • Гипоплазияның дақты түрінде шекарасы айқын ақ түсті дақ болады, беткейі жылтыр тегіс, тіс сауыттарының деңгейінде симметриялы орналасқан. Симметриялық тек дақтын орналасуымен ғана емес, сондай-ақ оның түрі және көлемімен сипатталады.

Гипоплазияның эрозиялы және жолақты түрі


Гипоплазияның эрозияланған түрі тіс сауытының әр жерінде шектелген бөлікте кіреуке қатпарының жұқаруымен сипатталады. Ақаулар әр түрлі, бірақ көбінесе дөңгелек пішінді, тістерде симметриялы орналасады.
Гипоплазияның жолақты түрі кесу қырына параллель орналасқан әртүрлі көлемдегі кіреукедегі жолақты тереңдіктер түрінде көрінеді. Жолақтың түбінде кіреуке қатпары жұқарған, кейде тіпті мүлдем болмайды.

Жергілікті және жүйелі гипоплазия


Тіс тіндерінің жүйелі гипоплазиясы белгілі бір уақыт аралығында қалыптасатын тіс топтарының немесе барлық тістердің кіреукесінің құрылысының бұзылуымен сипатталады. Гипоплазияның бұл түрі балаларда 2-19%
Жүйелі гипоплазияның дамуына болашақ ананың жүктіліктің екінші жартысында қолданған немесе бала организміне енгізілген кейбір дәрілік заттар әкеледі. (мысалы, тетрациклин)

Жүйелі гипоплазия


Фурнье – бөшкеге ұқсас орталық күрек тістер, бірақ тістеу қырлары ойықтары болмайды.
тіс тіндерінің қалыптасуы мен минералдануы кезінде тетрациклинді көп қабылдаудың нәтижесінде тістердің түсінің өзгеруімен сипатталады.

Жүйелі гипоплазия


Гетчинсон тістері– бөшкеге немесе бұрандаға ұқсас орталық жоғарғы күрек тістер, мойын бөліктері тістеу қырынан кең, тістеу қырларында жарты айға ұқсас ойықтары бар.
Пфлюгер тістері – сауытының мойын деңгейіндегі диаметрі шайнау бетінің диаметрінен үлкен, шайнау төмпешіктері нашар дамыған, бір-бірімен бірігіп тіс сауытына конусқа ұқсас пішін беретін бірінші үлкен азу тістер.

Жергілікті гипоплазия


Жергілікті гипоплазия тістердің бетінде әртүрлі көлемді бірлі-жарымды ақ немесе сары-қоңыр түсті дақтар түрінде кездеседі. Кейде тістің барлық бетінде нүктелі немесе аумақты ойықтар түрінде де орын алуы мүмкін.
Турнер тістері
Диагностикалық критерий
тіс тіндерін метилен көгінің 2% ертіндісімен бояу кезінде– гипоплазия дағы боялмайды, беті жылтыр, ал тісжегі дағы күңгірт және көк түске боялады.
Дифференциальды диагностика
Тіс жегі,
Сына тәрізді ақау,
флюороз.

Емдеу жолдары


Жергілікті:
  • Тістердің профессиональды тазалануы;
  • Ауыз қуысының гигиенасын сақтайтын заттар тағайындау;
  • Құрамында кальций және фосфор, фторы бар препараттарды жергілікті пайдалану;
  • Композиттік пломбылық материалдардың көмегімен олардың бетін жабу (ламинаттау) немесе ақауларды толтыру (пломбылау).

  • Жалпы:
  • Дұрыс тамақтану
  • кальций препараттарын, микроэлементтерді, витаминдерді тағайындау,

Кіреуке гиперплазиясы

  • Кіреуке тамшылары” – 1,5% жағдайда кездеседі.
  • Көбінесе домалақ пішінді, диаметрі 1-3 мм болады, көбінесе тістің мойын бөлігінде кездеседі.
  • Тамшының іші бос кеңістік немесе ұлпа орналасқан қуыс болады
  • Көбінесе азу тістерде дамиды және ешқандай шағым тудырмайды.

Тіс формасының аномалиясы және Кіреуке тамшысы(кіреуке гиперплазиясы)


. Кейде бұл құрылым жақсы қалыптасқан тістердің сауыты мен түбірінің бір-біріне жабысуынан пайда болған және ол тістер ұрығының тіс құрушы пластинаға жақын орналасуы әсерінен дамыған деген болжам бар. Кіреуке гиперплазиясы көбінесе азу тістерде орын алатындықтан аса көп байқалмайды

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет