МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
|
1-ТАРАУ.
|
ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯЛАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ...................................................
|
6
|
|
1.1
|
Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік жұмысының мәні мен мазмұны...................................................
|
6
|
|
1.2
|
Әлеуметтік жұмыс объектісі, субъектісі және қағидалары.....................................................................................
|
26
|
2-ТАРАУ.
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫН ТАЛДАУ........
|
43
|
|
2.1
|
Қазіргі кездегі жастар мен әлеуметтік жұмсының барысы...............................................................................................
|
43
|
|
2.2
|
Мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін талдау.................................................................................................
|
50
|
|
2.3
|
Халықтың әлеуметтік - әлсіз топтарына мемлекеттік көмек жүйесі.................................................................................................
|
60
|
3-ТАРАУ.
|
ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯДАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ..........................................................
|
70
|
|
3.1
|
Әлеуметтік жұмысты жеттілдірудегі шетелдік тәжірибенің маңызы...........................................................................................
|
70
|
|
3.2
|
Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру...............................................................
|
81
|
|
|
|
|
ҚОРЫТЫНДЫ
|
|
|
|
|
|
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
|
КІРІСПЕ
Адам жөнінде қамқорлықтың өсуі, оны әлеуметтік қорғау тек этикалық-моральдық пайымдардың ғана бұйрығы емес, сонымен бірге оның прагматикалық негізі де бар, өйткені XXI ғ. «адам капиталының» ролі экономикалық өсудің басты қозғаушы күші ретінде шырқау биікке көтерілді. 192 елдің ұлттық байлықтарының талдауына сүйене отырып, Дүниежүзілік банктің сарапшылары 90-шы жылдардың орта шенінде өндірістік қорлардың үлесіне ұлттық байлықтың 16 %, табиғи қорларға – 20 %, «адам капиталына» 64 %-ы тигенін есептеп шығарды.
Әлемде орасан зор әлеуметтік жұмыс тәжірибесі жиналған, оның ішінде көрсетілген халық тобымен де. Бұл салада отандық тәжірибе де аз емес. Қазіргі кезеңде еліміздегі әлеуметтік жағдай күрт өзгерді, әлеуметтік қарам-қатынасының өршу үрдісі ойлануды, жалпылама талдауды қажет етеді. Тұрғындармен әлеуметтік жұмыстың ғылыми негізделген тұжырымдамасын, әлеуметтік технологияларды, әлеуметтік жұмыс жүргізуде ұйымдардың түсінікті әрі сенімді тәсілдерді жасау қажет.
Әлемдегі тәжірибе дәлелдегендей, көптеген елдерде әлеуметтік қызметкерлердің есебінсіз әлеуметтік дамудың бағдарламасы да, мемелекеттің әлеуметтік саясаты да іске асуы мүмкін емес. Бұл саладағы мамандар, заңнамалық актілерді дайындауда, жергілікті билік орындары мен қоғамдық ұйымдардың шешім қабыдауында сарапшы қызметін атқарады.
Тәжірибе көрсеткендей (әсіресе бізде), адамдар көбіне көп не өздері, не отбасы мүшелері, не достары, не көршілері, не игі ниетті шенеуніктерде шеше алмайтын мәселелермен жиі ұшырасады. Бұл үшін ерекше мамандық иелері әлуметтік жұмыскерлер қажет.
Бұл мамандықтың қалыптасуы өте қиын жағдайда өткен. 90 жылдар басынан мемлекет өзінің дамуындағы жаңа және өте қиын кезеңін- нарықтық экономикаға өтуді бастады. Бұл - үрдіс өндірістің тоқырауы, жұмысссыздық, мемлекет тұрғындарының көпшілігі табыстарының күрт төмендеуі, адамдардың азып-тозуымен сипатталатын қиын да ауыр процесс. Қазақстандағы күрделі экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдай, сонымен қатар адамға игеріп алу, бағыт алу, кейде жай ғана осы жағдайда жан сақтап қалуда көмектесуге қажеттілік біздің мемлекетімізге әлеуметтік жұмыстың жаңа жүйесін құруды талап етеді.
Әлемнің көптеген елдерінде ғасырдың басында-ақ әлеуметтік жұмыс дербес мамандық ретінде қарқынды дамып, бұл салада кәсіби мамандар бітімі қалыптса бастаған уақытта, Қазақстанда тоталитаризм жағдайында көптеген онжылдықтар бойы кеңес, адамның теңдессіз қамқорлықта екендігі мәлімделіп келді, сондықтан халықты әлеуметтік қорғаудың арнайы жүйесін құрудың мәні жоқ деп есептелді.
Еліміздегі мұндай жүйенің қалыптасу процесі 90 жылдың бас кезінен жүрді.
Біріншіден, жаңа әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынас, күрделі әлеуметтік жағдай адамды, отбасын, жалпы мемлекет халықтарын әлеуметтік қорғаудың қарқынды өзгеруіндегі нарықтық әлеуметтік жағдайына бағытталған жүйесін талап етеді;
Екіншіден, экономикалық және әлеуметтік жағынан едәуір сәтті (Европа елдері, Скандинавия, АҚШ, Канада) мемлекеттер тәжірибесі кез келген, тіпті ең бай қоғамда да әлеуметтік ауыртпалықтар: мүгедектік, қайыршылық, аурулар, маскүнемдік пен нашақорлық және т.б. өмір сүретіндігін сендіре дәлелдейді. Оларды әлеуметтік жұмыс жүйесінсіз және әлеуметтік жұмыс кадрларынсыз игеру мүмкін емес.
Үшіншіден, әлеуметтік қызмет жүйесі сонымен қатар көмекке мұқтаждар мен заңдар, мемлекет аппараттары арасын байланыстырушы буын қызметін де атқарады.
Әлеуметтік тәжірибедегі жаңа әдістеме әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған қызметтің бір түрі болып табылатындығы түсінікті. Мұндай позиция тұрғысынан әлеуметтік жұмыс қоғамдағы әлеуметтік сүргіндер мен келіспеушіліктерді ұстап тұратын, олады жеңетін мықты тәсілдер болып отыр, ал ол тәсілдер тиімді болған сайын қоғам мен мемелекет соған сәйкес көбірек қор бөле түседі.
Әлеуметтік қамсыздандыруды реформалау, өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, халықтың тұрмыс деңгейін арттыру мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың маңызды саясатының маңызды бағыттары болып табылады.
Тоқсаныншы жылдардың екінші жартысында басталған экономикалық өсу белсенді әлеуметтік саясат жүргізу үшін алғышарттар жасады. Жаңа жағдайларда әлеуметтік қорғау жүйесін реформалаудың еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі заңдар шығаруға және оларды іске асыруға, жұмыспен қамтуға белсене жәрдемдесуге, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшуге және атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталды.
Алайда әлі де орын алып отырған кедейлік, жұмыссыздық, халықтың қартаң тартқан қатарының көбеюі, рыноктарды жаһандандыру, сондай-ақ биресми сектордың көбеюі әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдете түсуді талап етеді.
І - ТАРАУ. ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯЛАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Халықтың әртүрлі категорияларымен әлеуметтік жұмысының істеудің мәні мен мазмұны
Әлеуметтік жұмыс қоғамдық өмірдегі құбылыс ретінде, міне, 100 жылдан астам уақыттан бері әр түрлі ғылымдардың зерттеу объектісі болып келеді. ХІХ және ХХ ғасыр шегінде көптеген Еуропа мемлекеттерінде (Ұлыбритания, Германия, Нидерланды, Швеция және Франция және АҚШ-та) қайырымдылық ұйымдарымен қатар дамыған кәсіби қызмет ретінде әлеуметтік жұмыс пайда болды. Ол кәсіби қызмет ретінде қайырымдылықтың және мұқтаждарға мемлекеттік көмек жүйесін құрудың дамуы нәтижесінде мүмкін болды. Оның ХХ ғасыр басында туындауы – адамзаттың қарапайым идеясын түсінгендігінің нәтижесі: мұқтаждарға көмек нәтижелі болу үшін, ол кәсіби болуы керек, бірақ бұл қорытындыға келу үшін мыңдаған жылдар қажет болды. Мұқтаж адамдарға біліктілі көмек көрсете алатындардың қажеттіліктері әлеуметтік қызметкерлердің пайда болуына алып келді. Мұқтаждарға кәсіби көмек көрсету мен адамдардың мейірімділік сезімінің дамуына үлесін қосқан қайырымдылық қызметі де қатар жүрді.
Ежелде туындаған қайырымдылық қызмет әрқашан мұқтаждарға қайтарымсыз көрсетілетін көмек деп қарастырылады. Бұл қызмет пен айналысатын адамдар материалдық емес моральдық жағынан қанағаттанды. Сонымен қоса олардан арнайы дайындықтар талап етілмеді, көп уақыттар шамасында мұқтаж адамдарға көмек көрсетуді олар артық деп есептелді. Мұқтаж адамдарға көрсетілетін қайырымдылық қызметі және мемелекеттік көмектер әлеуметтік жұмыстың мүмкін болуына жағдай жасады. Шын мәнінде де, әлеуметтік заңнама шегінде мұқтаждарға көмек көрсетумен айналысатын адамдар қызмет етті, оларға сол қызметтері үшін материалдық сый ақы алмаса да олардың дайындық деңгейлері өте жоғары дәрежеде болды. Әлеуметтік жұмыстың мүмкіндікке айналуы (немесе басқа сөзбен айтқанда оның мамандық ретінде пайда болуы) мамандар дайындаудан басталды. Мұндай дайындықтар келешек әлеуметтік жұмыскерлер білім ала алатындай арнайы оқу орындарының ашылуын қажет етті. Мамандарды дайындау әлеуметтік жұмыстың қалыптасуына деген алғашқы қадам болды, одан кейінгі қадам – оның ұйымдастырушылық құрылымын жасау. Алғашқы әлеуметтік қызметкерлер ұйымы толық дамымады. Бірақ олар қоғамның дамуы үшін сонымен қатар әлеуметтік қызметкерлер құқықтары үшін өз еңбектеріне ақы алу үшін күресті. Кез келген мамандық сияқты әлеуметтік жұмыста өз еңбектері үшін материалдық емес сый ақы алған мамандар жиынтығын көрсетті.
Егер әлеуметтік жұмысты екінші дүниежүзілік соғыс алдында мұқтаждарға кәсіби көмектің қажеттілігін түсінген көптеген елдердің күнделікті өміріне мықтап енген жаңа әлемнің танымы болды десек артық айтқандық емес.
Әлеуметтік жұмыстың тарихи шарттары жөнінде сөз еткенде ең алдымен өзінің түбірімен ежелгілікте қалып отырған қайырымдылық қызметін көрсету керек. Қайырымдылықтың қызметі болған тарихи формалардың бейнесі оның адам мәдениетінің бөлінбейтін элементі болғанын, батыс, шығыс деп бөлінбегеніне куәландырады. Қайырымдылық мұқтаж адамдарға көмек ретінде қазіргі таңда қоғамдық бір бөлігіне айналды және де адам келешегін онсыз елестету мүмкін емес. Әлеуметтік жұмыстың тарихи шарттарын қуатын мұқтаждарға көрсетілетін мемлекеттік көмекке келетін болсақ, ол Батыс елдерінде буржуаздық қарым-қатынастың түбегейлі бекінуіне әкелген өндірістік төңкеріс әсерінен белгілі бір деңгейде ынталанған болатын.
Сондықтан да айтылған тарихи шарттар негізінде туындаған әлеуметтік жұмыс батыс мәдениетінің танымына айналды.
Осы заманғы зерттеулердің теориялық аспектілерінде әлеуметтік жұмыс пәнаралық және интегративті сипатта көрінеді. Әлеуметтік жұмыстың дамуына психология социологияның әсері көп, сол сияқты педагогика, психиатрия, антропология, заң және кейбір теориялық тұжырымдамалар мысалы: күнделіктілік теориясы әлеуметтік жұмыс қоғамдық құбылыс ретінде пайда болып, кейіннен нақты әлеуметтік институтқа, сөйтіп тану объектісіне, түрлі күнделікті жағдайдан ғылыми теориялық деңгейде қалыптасады. Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік бағытталған теория моделінің классикалық позитивизмге әсері сезінеді. (О.Конт, Дж.Милль, Т.Спенсер). Социологиядағы позитивизм және әлеуметтік жұмыстың теориясы өзгермейтін заңдар қызметін және қоғам мен адамның дамуы, табиғи процесс немесе бөлік ретінде қарастырылады.
Құрылымдық функционализм және әлеуметтік жұмыс теориясының дамуына белгілі әсер етіп, әлеуметтік жұмыс былайша қарастырылады.
- кең әлеуметтік жүйенің бөлігі, өзінің қызметі мен рөлі;
- кейбір мекемелердің іс-әрекетінің жүйесі, әлеуметтік іс-әрекеттердің жиынтығы, әлеуметтік институт.
- ішкі құрылымдар жүйесінің сипаттамасы.
Әлеуметтік жұмыс ойлаудың әлеуметтік стилінің болуы және осы заманғы тұрмыс компоненттері әлеуметтік негізгі білімге негізделген.
Әлеуметтік жұмыстың социологиясы түрлі әлеуметтік топтардың және әлеуметтік институттар ретінде әлеуметтік жұмысты қоғам жүйесінде олардың өмірлік күштерін қолдау.
Қорғалмағандық пен осалдық әсерлесуі түрлі кезеңдерді сипаттайды. Қорғаусыздық – тәуекелге ұшырағыштыққа тәуекел ету: әлсізді, әл-ауқат деңгейінің төмендеу мүмкіндігі осыдан шығады.
Мемлекет ресми құжаттарда әлеуметтік бағыттылық, яғни дамудың басты бағыттары, адамның қажеттіліктері қоғамның жоғарғы құндылықтары, мемлекеттік әлеуметтік саясатқа сәйкес құрылады. Халықты қорғаудың негізгі элементтерінің бағдарламасы:
- халықтың негізгі категориясын әлеуметтік қорғауды жан-жақты талдау және әлеуметтік мақсаттар мен міндеттер аймақтық әлеуметтік қорғаудың жүйесі;
- халықтың түрлі топтары мен әлеуметтік қорғау шаралары жағдайын талдауға кәсіптік бағдар мен кадрларды дайындаумен қайта даярлау кіреді;
- аймақтардың инфрақұрылымдарының әлеуметтік қорғауды келешекте дамыту мен оның жай-күйі;
- қосымша механизмдер шығын көздері әлеуметтік қорғау жүйесін қамтамасыз етудің болашағы мен жай-күйі.
Қоғам, әлеуметтік топ, жеке адам, әлеуметтік статус, әлеуметтік рөл, социализация, аномия әлеуметтік жұмыстың негізгі теориясын және практикасын құрап, социологияның маңызды категориялары болып табылады. Әлеуметтік сала социологиясы, мәдениет социологиясы, әлеуметтік жұмыс социологиясы, гендер социологиясы (мемлекеттік емес әлеуметтік ұйымдарды білдіретіні – бұл салалар жаңадан құрылуда, бірақ олардың әлеуметтік жұмыс тәжірибесі үшін маңызы зор. Әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру және оны жан-жақты ғылыми сүйемелдеу, біртұтастығын қамтамасыз ету әлеуметтік институт және әлеуметтік жұмыстың іс-әрекетінің даму мониторингін қамтамасыз ету ғылыми әлеуметтік білімнің принципті мағынасы бар.
Соңғы жылдары біздің республикамызда әлеуметтік жұмыс практикасы едәуір қарқынды дамыды. Әлеуметтік қызметкерлер дайындайтын кәсіби-педагогтік қызметтер дамытып, әлеуметтік жұмыс және көптеген ұйымдар жұмыс істейді.
Әлеуметтік жұмыс адамдардың әлеуметтік өмірін талдап, олардың әлеуметтік өзара әрекеттестігін түзету мен жетілдіру тәсілдерін үйретеді.
Әлеуметтік зерттеулердің жоғарғы оқу орындарындағы пәндердің қалыптасуы проблемаларына көмектесуі қажет. Әлеуметтік жұмыстың негізгі компоненттерінің әлеуметтік мониторингі оның сенімділігін қамтамасыз етіп, өзіндік дамуына мүмкіндік жасайды.
Әлеуметтік жұмысқа социологияның әсерін бағыттайтын негізгі спектр нақты белгіленіп, анықталады: қоғамдық әлеуметтік спектр нақты белгіленіп, анықталады: қоғамдық әлеуметтік құрылымды әлеуметтік зерттеу қорытындыларын қолдану, осы мәліметтердіәлеуметтік қызмет мамандарын дайындауда пайдалану, әлеуметтік қызметкерлер түрлі топтарараласу бағытында әлеуметтік жұмысты талдау. Барлық әлеуметтік институттар, әлеуметтік қорғау институты және әлеуметтік жұмыс маңызды мемлекеттік пен қоғам үшін маңызды міндет атқарады, яғни тұрақтандыру мен социумды сақтау, қалыптасқан қоғамдық қаитынастардың үйлесімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі.
Әлеуметтік жұмыс – бұл теория ғана емес, ол адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттік қарым-қатынасының өнері. Ескере кететін жайт, әлі әлеуметтік жұмыстың технологиясы мен әдістері жеткіліксіз. Біз әлеуметтік жұмыста әлеуметтік жұмыстың мынадай объектілері: жұмыссыздар, босқындар, тұрақты орны жоқ адамдар. Осыған орай, әлеуметтік жұмыстың жаңа әдістері пайда болуда - әлеуметтік жұмылдыру жұмысы және стиверк (көшедегі әлеуметтік жұмыс). Бұл әдіс Америка Құрама Штаттарында пайда болды, содан кейін Австралия, Германия, Франция және басқа Еуропа елдерінде тарады.
Біздің еліміздегі әлеуметтік жұмыс саласында өзекті мәселе қоғамды іздендіру деңгейі, адамның негізгі құқтарын сақтау, әлеуметтік қорғау деңгейін дәлелдеуі оны маңызды іс-әрекет ретінде мойындауы еліміздегі әлеуметтік жұмыс саласындағы өзекті проблема болып отыр. Өкінішке орай, өмірде түрлі бақытсыздық, аурулар, отбасын, әлеуметтік топты сыртқы ортадан көмек сұрауға, тұрмыс жағдайын сәтсіздікке ығыстырады. Отбасы мәселесі, ерлі-зайыптылар арасындағы немесе ата-ана мен балалар қатынасы кез келген отбасында оның әлеуметтік статусымен материалдық жағдайында келеңсіз жағдайлар туындауы мүмкін.
Жасөспірімдердің өтпелі кезеңдегі немесе қарт адамдардағы проблемалар және халықтың бұл категориясы, әрі олардың жақындары осы мәселені шешуде көмек пен шешіміне мұқтаж. Сондықтан бүкіл әлемде әлеуметтік жұмыс барлық топтарға және мүгедектерге қажет, дегенмен кейбіреулер оны потенциалды қажет етеді.
Әлеуметтік жұмыс кәсіби іс-әрекеттің түрі және әлеуметтік институт ретінде күшті теориялық базасыз өмір сүре алмайды. Әлеуметтік жұмыс түрлі теориялардың парадигмаларына сүйенеді. Қазіргі заманғы әдебиеттерде әлеуметтік жұмыстың түрл тұжырымдамалық тәсілдері беріліп, оның іс-әрекетінің мазмұнын түсінуге байланысты. Мысалы, әлеуметтік жұмыс саласының бірден бір маманы л. Гусляков әлеуметтік жұмыстың 4 түрлі парадигмасын анықтайды:«радикалды-гуманистік», «радикалды-құрылымдық», «түсініктемелік», «функционалистік».
«Әлеуметтік технология» атты түсіндірмелі сөздікке екі түрлі тәсіл берілген: жүйелі немесе құрылымдық және әлеуметтік психологиялық.
Шын мәнісінде әлеуметтік жұмыс түрлі дауларды шешуге бағытталған әрекетке бағытталған. Чикаго мектебінің өкілі Роберт Пак даулардың жақсы қызметитерін атап берді: «жанжал бар жерде, мінез-құлық зерделі және саналы; тек осындай жағдайда рационалды бейнесі бар».
Әлеуметтік жұмыс жағдайында жанжалдар бірнеше деңгейде қарастырылады.
1. Жанжал берік әлеуметтік теория ретінде - әлеуметтік қызметкерлердің методологиялық база қызметі.
2. Жанжал орта деңгейдегі теория ретінде – ол әлеуметтік қызметкерге жанжал теориясын өз әрекетінде қолданудың негізгі тәсілдерін әлеуметтік қайшылықтарды шешуге қолданады.
3. Жанжал технологиясының санының алдын алу, болжау, шешу, басқару.
Жылдар бойы басылып келе жатқан қарама-қайшылықтар, тұрғындардың көпшілік бөлігінің бүгінгі жағдайының жақсаруының болашағы, криминогендік жағдайлары, билік саясатының құрылымы т.с.с. әлеуметтік субъектілердің бұрынғы шашыраңқы қарама-қайшылықтарының бірігуіне әкеледі, социумның жанжалдығының бір ағынға қосылуына, қоғамның терең ыдырауына, байланыстардың үзілуіне әкеп соғады.
Осылайша, қарама-қайшылықтарды жалпы басу жағдайында әлеуметтік салада туған жанжал қоғамның ыдырауының негізі болады, әлеуметтік қысымның өсуіне ықпал етіп, барлық деңгейде жеке адамның қоғаммен өзара әрекетке әкеледі.
Көпшілік жағдайда нақты жанжалмен әлеуметтік қызметкерлер айналысады, онда бір мезгілде құрылымның бұзылуы мен конструкциялық қызметтері. Мысалы, Ю.В.Растовтың пікірі бойынша, жанжалдың конструктивті рөлі әлеуметтік шындықпен бірдей және басқа деңгейде ол құрылым бұзылу маңыздылығымен толықтырылады. Әлеуметтік қызметкер өзінің жұмыс барысында кейде әлеуметтік жанжалмен өз объектісінің нақты іс-әрекеті кездеседі.
Әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде адам қызметінің саласын көрсетеді, ол белгілі бір нақтылық жөнінде объективті ғылымды теориялық жүйелендіру және спецификалық- әлеуметтік қызметті мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік мәселені шешуге бағытталған – жеке ұйымдарды, қоғамдағы топтарды, отбасыларды, индивидтерді, мамандарды кәсіби және қоғамдық қызмет ретінде айқындауға болады. Әлеуметтік жұмыстың ғылым ретінде маңызды мәселелерінің бірі – көрсетілген объекттердің әлеуметтік мәселелерін шешудің тиімді әдістері мен технологияларын өңдеу және де әлеуметтік жұмыстың бар әдістер мен формаларын талдау.
Әлеуметтік жұмыс техникалық, әсіресе табиғи ғылымдармен байланысты. Бұның шеңберінде жүргізілетін зерттеулер бір жағынан, көп жағдайда табиғи ғылымдармен (соның ішінде медицинамен) байланысы тұрғысынан қарағанда ғылымның бөлімдері арасындағы сипатын білдіреді, ал екінші жағынан - әлеуметтанумен, психологиямен, педагогикамен, құқықтанумен және басқада әлеуметтік (қоғамдық) ғылымдармен байланысын білдіреді.
Әлеуметтік жұмыс елімізде әліде болса қалыптасу кезеңінде тұр. Ғылыми тәртіптің сипатты белгілері кәсіби журналдар мен ұйымдардың, оқу кафедраларының және оқулықтардың саны болып табылатынын айта кету керек. Соңғы жылдары көптеген елдерде ондаған жоғарғы оқу орындарында сәйкес кафедралар ашылған, бірнеше оқу құралдары және әлеуметтік жұмыс теориясы, тарихы және әдістері туралы оқулықтар дайындалған және басылып шығарылған.
Алайда бұл ғылымның құрылу үрдісі аяқталудан әліде болса алыста. Сол себептен де аспиранттар мен докторанттар, философия, әлеуметтану, саясаттану, педагогика және психология мамандықтары бойынша дайындалуда.
Әрбір ғылым ториялық және эмперикалық білімдердің ,теориялардың, әдістердің, әдістемелердің (техникалардың) қоспасын білдіреді. әлеуметтік жұмыс ғылым тараулары ретінде оның ерекшелігі білім мен білгірліктің бірлігінен тұрады. Бұл оның негізгі қағидасы. Мұндай бірліксіз ғылым болмайды, мұндай бірліксіз Адам өміріне маңызды салада (облыста), әлеуметтік қызметкер қалыптаса алмайды.
Әрбір ғылымның өзінің терминологиясы, түсіндірмелі-сипатты аппараты болады. Сонымен қатар, кез келген ғылым тараулары сияқты әлеуметтік жұмыста да қолданылатын түсініктемелерді жіктеуге әрекет жасалады.
Бір топты, әлеуметтік жұмыстың ғылым ретінде спецификалық санаты болып табылмайтын терминдер мен түсініктемелер құрайды. Олардың ішінен нақты ғылымдар тарауларымен байланысы басымырақ түсініктерді бөліп көрсетуге болады. Мысалы, әлеуметтік сала, әлеуметтану, педагогика және психологиямен байланысты - әлеуметтік қарым-қатынастар және т.б.
Екінші топ түсініктемелері, әлеуметтік жұмысқа көбірек қатысты, сонымен қатар басқа да ғылымдарда қолданылады. Бұл негізінен әлеуметтік жұмыстың объектілерін және негізгі бағыттарын анықтайтын, әлеуметтік қызметкер және мекемелер түсінігі. Солардың ішінде, әлеуметтік әлсіз халық топтары, девианттық мінез-құлықты топтар мен тұлғалар, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қорғану, әлеуметтік қолдау, әлеуметтік көмек, балалар мен жасөспірімдер пана үйлері, отбасына және балаларға арналған әлеуметтік-реабилитация орталықтары, халықты әлеуметтік қорғауды басқару және т.б. түсініктер бар.
Әлеуметтік қорғауды қоғам мен және оның түрлі құрылымдарымен жүзеге асатын шаралар жүйесіне, минималды өмір сүру жағдайының кепілдігіне және адамның өмірін қамтамасыз етуге қолдау көрсету деп түсінуге болады.
Әлеуметтік қолдауды тұрмыс қызметінде мұқтаж тұлғалар, жеке отбасылар және әлсіз әлеуметтік топтар жағдайын қолдауға бағытталған арнайы шаралар деп түсіндіруге болады.
Әлеуметтік көмек – бұл жеке тұлғаларға немесе халық топтарына өмір қиындықтарын жеңуге немесе жеңілдетуге, олардың қоғамдағы әлеуметтік статусын (беделін) табуына, қоғамға бейімделуіне көмектесетін жәрдем, қызмет және қолдау түріндегі әлеуметтік шаралар жүйесі.
Әлеуметтік жұмысты қоғам өмірінің барлық саласындағы адамдардың субъективті рөлінің жүзеге асуын тиімдету, өмір сүруді қамсыздандыру үрдісін және тұлғаның, отбасының, әлеуметтік және басқада топтардың, қоғам мүшелерінің іскерлік қабілеттерін дамыту мақсатындағы, адам қызметінің өзге түрі ретінде қарастыруға болады.
Ең бастысы әлеуметтік жұмыс түрлі қызметтердің бірі ретінде барлық адамдарды, әсіресе әлсіз топтарды қолдауға, қорғауға бағытталған. Мұндай қызмет түрінің адамның пайда болуынан оның даму кезеңдерінде өз орны болғаны анық.
Әлеуметтік жұмыс тек қана әлеуметтік «әлсіз» топтарға әлеуметтік қолдау шараларын жүргізу ғана емес, сонымен қатар, барлық халықпен әлеуметтік қорғау шараларын жүргізуге бағытталған. Бұл кең мағынада әлеуметтік жұмыс бүкіл халықтың әрбір азаматына тиісті.
Әлеуметтік жұмыс спектрі және халыққа әлеуметтік көмек көрсету, өте алуан түрлі. Мысалы, қарт адамдарға және мүгедектерге азық-түлік тағамдарын үйлеріне жеткізу, іс- шаралар ұйымдастыру, әр түрлі бағыттағы күндізгі орталықтар ашу (сауықтыру, спорттық, ойын түріндегі, ақыл-есі кем адамдарға, маскүнемдерге, нашақорларға арналған және т.б.).
Халықты әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қорғау, жалпы әлеуметтік жұмыс, қоғамның әлеуметтік дамуын, әлеуметтік және басқада топтар қарым-қатынасын және де олардың тұрмыс жағдайын жөндеу мен қажеттіліктерін қанағаттандыру сонымен қатар белсенді ету белгілі бір бағыттағы мемлекеттің әлеуметтік саясатымен анықталады.
Әлеуметтік басқару қоғамдағы басқару түрлерінің бірі және оның қызметі – қоғамдық өмірге қатынасушылардың әлеуметтік жағдайын реттеу, қоғамдық қарым-қатынастардың субъекттілері ретінде дамуын қамсыздандыру болып табылады. Әлеуметтік жұмыстың девианттық мінез-құлықтағы адамдарға, балаларға және қарттарға, әлсіз қорғалған тұрғындарға қолданылатын спецификаны есепке ала отырып оны ұйымдастыру үшін міндетті түрде әлеуметтік басқарудың мәнін, механизмін және негізгі компоненттерін анықтап алу қажет.
Сонымен қоса ең маңызды түсініктер мен категориялар:
Әлеуметтік жұмыс- мәдени, әлеуметтік және материалдық жағынан өмір деңгейін жақсарту, адамға, отбасына немесе топ мүшесіне индивидуалды көмек көрсету, мақсатында азаматтарға мемлекеттік және мемлекеттік емес жәрдемдесетін кәсіби қызметтің арнайы түрі.
Әлеуметтік қызмет - әлеуметтік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік, муниципалдық, жеке меншік және басқада органдардың, мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдар жүйесі.
Әлеуметтік қызмет көрсету - әлеуметтік қызметкерлер және жеке мамандардың әлеуметтік қолдау көрсету, әлеуметтік тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік құқықтық қызмет, қиын өмір жағдайдағы азаматтардың әлеуметтік бейімделуімен оңалтуларын жүзеге асыру қызметі.
Әлеуметтік қызметкер - бұл әлеуметтік жұмыс саласының маманы; әлеуметтік жұмыс саласындағы мамандықтар жиынтығы болып табылады.
Әлеуметтік қамсыздандыру - заңды негіздерге байланысты қартайғандығына, мүгедектігіне, ауруына, асыраушысынан айрылуына байланысты азаматтарға материалдық қызмет көрсету бойынша мемлекеттік және қоғамдық іс- шаралар жүйесі.
Әлеуметтік сақтандыру - жеке әлеуметтік қатерлер түрлерін компенсациялау және минимизациялау бойынша мемлекетпен бекітілген құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар жүйесі.
Қиын өмір жағдайы – субъективті түрде Адам үшін қиын қабылданатын және оның қалыпты өмір тіршілігін объективті түрде бұзатын жағдай (мүгедектік, жасы келуіне, ауруына, жетімділігіне байланысты өз-өзіне қызмет көрсете алмау, бақылаусыздық, аз қамсыздану, жұмыссыздық, отбасындағы қатаң қатынастар және келіспеушіліктер, жалғыздық және т.б.).
Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастыққа енуімен көптеген өркениеттерді қабылдады және де олардың кең көлемде дамуына жағдай жасады. Мемлекеттер арасындағы қатынас әлеуметтік қауымдастыққа енуі дәстүрлі өмір салтын өзгертті. Әлем елі өзара қауымдастыққа революциялық жолмен жүру арқылы енеді деген көзқарас күйреді. Адам баласы қоғамында глоболизация деп аталатын жаңа кезең пайда болды. Халықаралық ұйымдардың өзара қарым-қатынасы күшейе түсті, соның нәтижесінде әлеуметтік ұйымдар, олардың ұйымдастырушылары өзара кең түсінікте бола бастады.
Сондықтан әлеуметтік әрекетті түсіндіру үшін ең алдымен әрекеттерінің өз ісіне берген мағынасын анықтау қажет, екіншіден әлеуметтік әрекеттің себептік мотивтерін анықтау қажет. М.Вебердің пікірінше, әлеуметтік әрекеттер үлкен әлеуметтік өзгерістерге әкеледі. Сондай-ақ, әлеуметтік әрекеттер институттар мен топтардың іс-әрекет сипатына әлеуметтік ықпал етеді. Сөз жоқ, өркениетті елдердегі әлеуметтік әрекеттер бірінші кезекте қайырымдылық ұйымдарының өзара қарым-қатынасын жақсарта отырып, қоғамның тұрақталуына толық әсер ете бастады. Осы бөлімде халықаралық қайырымдылық ұйымдары мен қорларының өзара әсер етуші, ынтымақтық қызметіне шолу жасалынады.
Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесі. Соның нәтижесінде оның өтпелі кезеңдегі қиыншылықтарына қол ұшын беріп, халықтың әлеуметтік жағдайына көмектесу халықаралық сипат ала бастады. Бүгінде әлем түбірінен өзгерді, дүниежүзілік саясат өткен ғасырлардан өзнешелене түсті. Бұл күнде дүние жүзіндегі бірден-бір беделді де белсенді гуманитарлық қоғамдық қайырымдылық ұйымының бірі- халықаралық Қызыл Крест Комитеті. 1863 жылы швециариялық коммерсант Анри Дюнанның бастамасымен жаралы адамдарға тұрақты көмек көрсету үшін Халықаралық Қызыл Крест Комитеті құрылған.
Бұл қоғам Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1992 жылғы Республика Президентінің Жарлығына сәйкес өз жұмысын атқарып келеді. Қоғам негізінен қарулы қақтығыстарда зардап шеккендерге көмектесу, табиғат апаттар жағдайында қол ұшын беру, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жәрдемдесу, халықаралық гуманитарлық құқықтық принциптерін орындау, шетелден мемлекетімізге гуманитарлық көмек ұйымдастыру, сондай-ақ ұлттық қоғамды нығайту жөніндегі жарғылық қызметіне сүйеніп жұмыс жүргізеді. Басқа қоғамдардан айырмашылығы – ел басына күн туған шақта, яғни қарулы қақтығыстар, соғыс кезінде, сондай-ақ ірі табиғат апаты жағдайында тек ұлттық Қоғам ғана заңды түрде шет мемлекеттерге шыға алады, сонымен бірге ол Қызыл Крест және Қызыл Ай қозғалысына кіргендіктен, соның бір бөлігі саналатын, бүгінде Алматы қаласында орналасқан халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Ай Федерациясының өкілдері арқылы әлемде болып жатқан жаңалықтарды, ақпараттарды біліп отыруға құқы бар.
Қазақстан Қызыл Крест және Қызыл Ай Ұлттық Қоғамы елімізге қайырымдылық шараларын жасауда, ал бүгінгі таңда елімізді мейірімділік қызметінің көмегіне мыңдаған адам мұқтаж болып отыр. Олардың саны ұдайы өсіп келеді. Жергілікті жерде қайырымдылық асханалары ашылып, онда бір мезгіл мұқтаж адамдар тамақтануда. Қаладағы жалғыз басты зейнеткерлерге, мүгедектерге, көп балалы отбасының мүшелеріне сондай-ақ, тұрмыс жағдайдайлары тым төмен жандарға арналған қайрымдылық шараларының қаржысын Халықаралық әйелдер клубы мен Қазақстандағы шетелдік дипломаттардың жұбайлары бірігіп, өз қолдарымен жасаған бұйымдарын жәрмеңкеде сатып, қайырымдылық көмегін көрсетіп отыр.
Америка Құрама Штатының Нью-Йорк қаласындағы «Ашық қоғамдық институтының» ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының қоғамдық қорлар жөніндегі заңына сәйкес Қазақстанда 1994 жылы құрылған «Сорос-Қазақстан» қоғамдық қайырымдылық қоры 1995 жылы шілде айында Әділет министрлігі арқылы тіркелді. Оның құқықтық құрылымы - қоғамдық қайырымдылық қор.
«Сорос-Қазақстан» қоғамдық қайырымдылық қоры өз жұмысын Республикамызда коммерциялық негізде емес, білім, мәдениет, ғылым, құқық қорғау, азаматтық қоғам және қоршаған ортаны, денсаулық сақтау, тіл білімдері саласында жүзеге асырады.
Ол тапқан табысының жартысына жуығын – шамамен 300 миллион американ долларын қайырымдылық мақсатқа жұмсайды.
Джордж Сорос жоқшылықты көрген, жалаңаяқ жарлының да күйін кешкен, эмигрант болудың да зардабын тартқан. Сөйтіп жүріп, Лондондағы экономика мектебін бітіріп, бірнеше фирмаларда түрлі қызметтерді атқарады. 1969 жылы оның инвестициялық мансабының шұғыл өрлеуі басталады. Сорос кейіннен дүниежүзілік даңққа бөленген «Квантум групп» фирмасының басшы иегерінің бірі болды. Жұмысты қарызға алынған төрт миллион доллардан бастаған бұл фирма қазір төрт миллиардтан астам қаржыға қожалық етеді. Жыл сайын 35% өсім беріп отырған «Квантум групп» Сорос компаниясының біреуі ғана әлемге жайған қасиеттерінің бірі – оның қайырымдылығы. Бүгінде «Сорос» қоры әлемнің 31 елінде бар. Тек 1994-1999 жылдары ғана филантропиялық мақсатқа 1 миллиард доллардан астам қаржы бөлінген. Кейінгі деректерге қарағанда, соңғы уақыттарда ашық қоғамдарды қолдап дамыту үшін жыл сайын 350 миллион доллардан астам қаржы жұмсалады. Ашық қоғам орнатуды алдына мақсат етіп қойған Джордж Сорос саясат пен экономикаға қатысты көптеген ғылыми еңбектердің де авторы. Осындай әлемдік ауқымдағы ірі тұлғаның, қоғамдық қайраткерлердің, супермиллиардерлердің назарынан біздің Қазақстан, қазақ елі тыс қалмады. Республикамыздағы мәдениет пен білім, денсаулық сақтау мен экология және басқа рухани әлеуметтік салаларды дамытуға өз үлесін қосып, сегіз жылдан бері Алматыда құрылған «Сорос-Қазақстан» қоры атқарған жұмыстар да айтарлықтай.
Әзірге бұл қорға жыл сайын бөлініп отырған қаржы 3-4 миллион доллар аралығында. Мемлекеттік ұйымдардан тыс қайырымдылық қызметпен айналысатын Сорос қорлары азаматтық қоғамды нығайту, демократияны жетілдіру бағытында игі жұмыс жүргізіп келеді.
«Біздің негізгі міндетіміз – мемлекеттік емес ұйымдарға көмек бере отырып, Қазақстандағы демократиялық дамуға қол ұшын беру» - дейді қордың атқарушы директоры. «Сорос-Қазақстан» қоры мектептер үшін дәстүрлі ұйымдастыратын гранттар деп аталатын сайыстың нәтижесінде жеңімпаз атанған 36 қала және ауыл мектептеріне 198000 АҚШ долларын сыйлыққа ұсынды. Сонымен қатар, Сорос-Қазақстан қоры Республика Білім министрлігімен келісе отырып, білім саласында жан-жақты игі бағдарламалар жасады.
«ХХ ғасыр суретшілері» атты Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында Алматы балалар көркем сурет мектебінің «Сорос-Қазақстан» қорымен бірігіп ұйымдастырған оқушылар көрмесі өтті. Сонымен қатар «Интернет» бағдарламасының екінші кезеңі жалғастырылады. Осы бағдарлама бойынша Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Жезқазған қалаларының ең таңдаулы бес мектебі әлемдік ақпараттық «Интернет» жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Ал ағылшын тілі бағдарламасы бойынша Британ кеңесімен келісе отырып, радио мен тележурналистер үшін арнайы курстар өткізілуде.
«Сорос-Қазақстан» Республикамызда ашық қоғамның орнауы және дамуына ықпалын тигізу мақсатын ұстана отырып, өз қызметін негізінен мәдениет, білім, ғылым, құқық, экономика, экология, денсаулық сақтау тағы басқа да гуманитарлық салаларда жүргізіп келеді. Бұл ретте қор Республикадағы үкіметтік емес ұйымдарды, білімнің барлық деңгейдегі жаңа жобаларын қолдайды, жоғары оқу орындарының студенттері мен мектеп бітірушілеріне оқуын шет елдерде жалғастыру үшін стипендиялар мен гранттар бөледі, халықаралық гуманитарлық ғылыми конференцияларға қатысатын ғалымдарға көмектеседі.
Қор атқарып жатқан жұмыстарды түгелдей санамалап шығу мүмкін емес. Мәліметтерге жүгінсек, «Тәй-тәй» (балалар бақшасына арналған), «Мектептерге көмек», «Оқулықтармен қамтамасыз ету», «Оқулықтар», «Ағылшын тілі, медицина, жоғары білім беру білім беруді қолдау, мәдениет пен өмір, мәдени байланыстар, Тәуелсіз бейнеөнер, кітапханаларға қолдау, Орталық Азия форум, Құқықтық реформа, Ақпараттық орталық, Интернет-электронды пошта», тағы басқа бағдарламаларын жүргізу және дамыту үшін қор үш миллионға жуық АҚШ долларын жұмсап, өнер мен мәдениет бағдарламасы бойынша республикадағы мәдениет мәселелерін көтеретін журналдар, атап айтқанда «Жұлдыз», «Жалын», «Парасат», «Простор» және «Аполлинарий» компьютерлік сапалы құрал-жабдықпен қамтамасыз етілгенін, он сурет каталогы шығарылып, әлемдік музейлерге жіберілгенін, бірнеше семинарлер мен сайыстар өткізілгенін айтуға болады. Осындай қайырымдылық шараларына қор алғашында 4,5 миллион доллар жұмсаса, кейіннен қайырымдылық мақсатқа 5,5 миллион доллар бөлініп отырған.
Біздің елімізде балалар үшін тек қана белгілі бір атаулы күндерге орай емес, күнделікті, сағат сайын да қамқорлық жасалып келеді. Тіпті көптеген қайырымдылық қорлары мен ұйымдарының бейнеті мол жомарттық қызметінің өзі де жағдайды өзгерте алар емес. Осыған байланысты халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры қазақстандықтарға өзіміздің жас отандастарымыздың балалық бал дәуренінің қызығын көріп-білуіне көмектесейік деген үндеу тастады.
Бүгінде жетім балалар үйіне ата-анасынан қапылыста айырылып қалған балаларға қарағанда, әлеуметтік себептерге байланысты тұл жетім атанғандардың саны басым. Бұл табаны тайғақ әкелер мен без бүйрек аналардың көбеюінің салдары. Мұны қоғамның дертіне айналды деуіміз сондықтан. Өзі туған баласын өзекке тепкендер мен дүниеге әкелген ұрпағына жауапсыз қарағандарды біздің заң көбіне ата-аналық құқығынан айыруымен ғана шектеп жатады. Осындай жетім балаларды қамқорлыққа алу мақсатында Алматыда «SOS-Қазақстан» балалар қалашығы ашылды.
2001 жылы 23 маусымда Астанада «SOS-Киндердорф Интернационал» халықаралық қорының қамқорлығымен еліміздегі екінші балалар қалашығы ашылды. Балаларға, әсіресе жетім, панасыз қалған сәбилерге мемлекет тарапынан үлкен қамқорлық көрсетілуде, бұл біздің басты парызымыз. Өйткені өз болашағын ойлаған ойлаған қандай қоғам болмасын ең алдымен жас ұрпақтың жағдайын жасауы қажет. Бүгінгі күні Республикамызда екінші рет Халықаралық «SOS-Киндердорф Интернационал» қорының қолдауымен ашылып отырған жетім балалар қалашығы сондай ізгіліктің белгісі, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан үкіметі мен «SOS-Киндердорф Интернационал» қоры арасында 1994 жылы қол қайылған бірлескен қайырымдылық қызметі туралы келісім шеңберінде Алматыда балалар қалашығы дүниеге келді. Бұл балалар қалашығын қаржыландыру мақсатында қор құрылды.
Ал «SOS-Киндердорф Интернационал» қорының тарихы тіпті сонау 1949 жылдан басталады. Оның негізін қалаған Герман Гмайнер еді.
2030 жылға дейін «Қазақстан-2030» тұжырымдамасында Қазақстан халқының денсаулық сақтау, рухани толысу, өсіп-өркендеу мәселесіне белгілі бір дәрежеде белгілі бір орын берілді. Осынау бір қоғамдық және ұлттық мәселелерді шешу мақсатында оған қол ұшын беру үшін Республикамыздың көптеген қайырымдылық қорлары жұмыс істейді. Ол қорлардың атқаратын қызметі мен алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне қарай былай топтастыруға болады.
Балалар қайырымдылық қорлары: Республикалық халықаралық «Бөбек» балалар қайрымдылық қоры; Алматы облыстық «Балбөбек» балалар қоры; Алматы қалалық «Бөбек» балалар қоры; Алматы қалалық «Эльдани» балалар қоры.
Мүгедектерге қайырымдылық көмек қоры: Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жалпы Ұлттық қайырымдылық қоры; Республикалық «Бибі-ана» мүгедек әйелдер қоры; «Жан» атты мүгедек балалары бар отбасына көмек қоры; Республикалық мүгедектер қоғамы; Ауғаныстан ардагерлер көмитеті қайырымдылық қоры; «Эльдорадо» Алматы қаласы Бостандық ауданы мүгедектер қайырымдылық қоры; Қазақстан Республикасы Ардагерлер қоғамы.
Рухани қорлар: «Шапағат» қайырымдылық қоры; «Иман» қайырымдылық қоры; «Қазығұрт» қайырымдылық қоры; Қазақстан Мұсылман Орта Азия комитеті қайырымдылық қоры; «Фатима» мұсылман әйелдерінің діни қайырымдылық ассоциациясы; «Ұшақтағы госпиталь» халықаралық ізгілік қоры; Халықаралық «Ақ ниет» ізгілік қоры; Мәдениет пен өнерді нығайтатын қор; Халықаралық рухани бірлестік конгресі қоры; «Абу-Даби» қайырымдылық қоры; «Қоныс» қайырымдылық қоры; Рухани және моральдік білім беретін халықаралық ұйымы; «Қожа Ахмет Иассауи» қайырымдылық қоры; Халықаралық «Нәзір» қоры; «Нұрила-Домалақ ана» қоғамдық қайырымдылық қоры т.б.
Тұрмысы төмен азаматтарға қайырымдылық көмек қорлары: Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі жалпы ұлттық қор; Д.А.Қонаев атындағы зейнетақы қоры. Осы қорларды схема түрінде көрсетсек:
Қайырымдылық қорлар
Балалар
қайырымды-
лық қоры
Мүгедектерге
қайырымды-
лық қоры
Рухани
қайырымды-
лық қоры
Халықаралық
қайрымды-
лық қоры
Тұрмысы төмен
азаматтарға
қайырымдылық
көмек қоры
Мемлекеттік
әлеуметтік
қорлар
1-сурет – Қазақстан Республикасындағы қайырымдылық қорлар
Жаңа ғасыр мен мың жылдық табалдырығында тұрған біздерді болашағымыз балалар қандай күй кешуде деген сұрақ жиі мазалайды. Соңғы он жылда әлемнің әр түпкіріндегі қиян-кескі соғыстың нәтижесінде 2,5 миллион баланың өмірі қиылып, 5 миллион бала кемтар мүгедек болған, 12 миллиондай жеткіншектер мен балалар баспанасыз қалған. Соғыстың кесірінен 10 миллионға жуық жас балалар ақыл-есінен адасып, ой-өрісі нашар дамыған немесе жүйке ауруына ұшыраған.
Эльдорадо қоғамы Ауғаныстан ардагерлерінің алматы қалалық Одағы жанынан құрылған (1996). «Бұл қоғам Ауғаныстан ардагерлеріне қол ұшын беру мақсатында ұйымдастырылды», - дейді оның директоры Рахат Салимов.
Алматы қаласында 3 мыңға тарта Ауғаныстан ардагері болса, оның 103-і мүгедектер, ал 76 отбасы - өз ұлдары мен еразаматтарынан айырылғандар. Енді бұл қоғамның мақсаты - осы отбасыларына материалдық, ақшалай көмек беру, дәрігерлік қолдау көрсету, олардың бала-шағаларына көмектесу.
1998 жылы Қазақстан Республикасы орталық архиві жанынан «Ақиқат» атты қоғамдық-ағарту мақсатын көздейтін ұйым қүрылып, тарихымыздағы ақтаңдақтардың сырын ашуға, арыстарымыздың атаусыз қалған есімдері мен істерін тірілтуге тырысқан, ал 1991 жылдан бастап «Иман» болып аталған қордың да игі істері де көңіл көншітерліктей. «Иман» қоры алдына мынадай мақсаттар қойған:
- мемлекеттік басқару органдарының идеологиялық қызметіне қолдау көрсету;
- ұлтаралық үйлесімділік, жарасымдылықты насихаттау;
- қазақ халқы мен Қазақстанды мекендейтін басқа да ұлт өкілдерінің рухани және қолданбалы мәдениетін жаңғыртуға жәрдемдесу;
- ұлт мәдениетін дамыту арқылы патриотизм мен отаншылдық сезімді тәрбиелеу;
- қазақ халқының тереңде жатқан тарихынан тағылым алып, жас ұрпақтың елін, жерін сүюге шақырып, аталар дәстүрінен үйренуге үгіттеу.
«Фатима» мұсылман әйелдерінің діни қайырымдылық ассоциациясы. Бұл қордың мақсаты дінге жан-тәнімен берілген, бес мезгіл намазын қаза қылмай оқып, шариғаттың бүкіл талаптарын орындауға тырысатын әйелдердің басын қосу, олардың бүгінгі экономикалық дағдарыс кезеңінен қиналмай өтіп, мұсылмандық ар-ұятын жоғары ұстап, ислам арман-мұратын биікке көтеріп, материалдық та, рухани да қысым көрмей салауатты өмір сүруіне жағдай жасауды көздейді.
«Ақниет» қайырымдылық орталығы ата-ана мейіріміне зәру жетім балаларды болашақта әлеуметтік, құқықтық және материалдық жағынан қорғап қана қоймай, қамқорлық жасап, тәуелсіз еліміздің болашақ ұрпақтарының жан-жақты тәрбие алуын қамтамасыз етумен айналысады. Осы орталықтан орта мектеп бітірген балалардың өзі қалаған жоғары оқу орнына түсуін, сондай-ақ сол оқу орнын бітірген соң қалаға тіркеу, жұмысқа тұрғызу, тұрғын үй мәселесін шешіп беру, сонымен бірге оларға оң көзқараспен қарауды күшейту мақсаттарымен отбасылық орталықтар құруда, оны жетімдер үйі деп емес, ел баласының интернаты деп атауды ұсынған.
-
Достарыңызбен бөлісу: |