Кіріспе Қазіргі заманда білім беру мекемелерінде адамдар көп болады, олардың көбісі өрт болған кезде істейтін іс-шараларын біле бермейтін жас өспірімдер және бұл мекеме адамдар жаппай келетін объектке жатады


Өрттерді сөндірудің әдістері мен тәсілдері, құралдары



бет11/25
Дата14.04.2022
өлшемі1.07 Mb.
#456683
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Білім беру

2.3 Өрттерді сөндірудің әдістері мен тәсілдері, құралдары

Бірінші топ бөлмелерінде өрттерді сөндіру кезінде жануды тоқтату үшін барлық от сөндіргіш заттар қолданылуы мүмкін (су, көбік, жанбайтын газдар ме булар және т.с.с.). Бұл топтың бөлме көлемінде жанудың тоқтауы жанғыш беттікке от сөндіргіш заттарды берумен, жанбайтын газдар мен буларды енгізуме немесе бөлмелерді сумен және көбікпен толтырумен жүзеге асырылады.


Екінші топ бөлмелерінде өрттерді сөндіру кезінде көбінесе су мен көбік пайдаланылады. Бұл топтың бөлмелері көлемі бойынша үлкен (500 м3 артық) болғандықтан, жанбайтын газдар мен булар қолданылуы мүмкін.
Бөлмелердегі өрттерді сөндіру кезіндегі осы немесе басқа да от сөндіргіш заттарды қолдану мүмкінділігінің дәрежесі тек физико-химиялық маңыздылық көзқарасынан жануды тоқтататын жағдайлармен ғана анықталмайды, сонымен қатар технико-экономикалық және тактикалық көрсеткіштермен де анықталады.
Өрттерді сөндіру практикасы көрсеткендей, технико-экономикалық және тактикалық көрсеткіштер көзқарасынан бірінші және екінші топты бөлмелерде ең тиімді от сөндіргіш заттар су мен көбік болып табылады.
Су мен көбікті беру үшін, ереже бойынша негізгі өрт автокөліктері (автоцистерналар, автосорғыштар) қолданылады.
Жауынгерлік іс-қимылдардың негізгі түрі оны толық тоқтатқанға дейінгі отқа шешімді және үздіксіз бағытталу болып табылады. Көптеген жағдайларда бөлімшелер жылудың агрессивті әсерінен жанбайтын конструкция беттерін қорғай алады.
Жауынгерлік іс-қимылдар келесі әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін:

  • бөлменің барлық тереңдігіне отқа бағыттала отырып оттың таралу майданының сызығы бойынша тек күштерді енгізумен және жұмылдырумен;

  • бөлменің барлық бағыттарында отқа бағыттала отырып оттың таралу майданы бойынша перифрийден өрт ауданының орасына тек күштерді енгізумен және жұмылдырумен;

  • өртке дайындалған шабуылмен.

Бөлмелерде өрттерді сөндіру үшін РСК-50, РС-50, РС-70 және лафетті оқпандар қолданылау мүмкін.
РСК-50 және РС-50 оқпандарын биіктігі 6 метрге дейінгі екінші топ бөлмелерінде қолданған жөн (мысалы, бөлмелер қабаттарында). Бұл былайша түсіндіріледі, бөлмелердің үлкен емес өлшемдері ағыс қимылдарын шектейді. РС-50, РСК-50 оқпандары, бізге белгілі болғандай, өте маневрлі болып табылады, сондықтан да жануды тоқтату жағдайларын құру үшін РСК-50, РС-50 оқпандарымен берілетін су пайдалану коэффициенті жоғарырақ болады.
Биіктігі 6 м асатын бірінші және екінші топ бөлмелерінде РС-70 және лафетті оқпандарды қолданған ыңғайлы. Биіктігі 6 метрге дейінгі бірінші топ бөлмелерінде РС-50, РСК-50 оқпандарын қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл бөлмелерде өрт ауданы өте үлкен мағынаға ие, оданда үлкен ағысты, қуатты оқпандарды қолданған жөн.
Биіктігі 6 м асатын бірінші және екінші топ бөлмелерінде биіктік бойынша үлкен қашықтықтарға суды беру қажеттілігі пайда болады, оларды РС-70 және лафетті оқпандар көмегімен жүзеге асыруға болады. РС-50 оқпандарын барлық бөлмелерде қолдану мүмкінділігі қажет етілмейді, әсіресе келген бөлімше оны дамуыдың бірінші фазасында байқаған кездерде.
Өртті сөндіру процессінде бөлмелерде қорғағыш әрекеттерді жүзеге асыру кезінде, ереже бойынша, РС-50 оқпандары қолданылады.
Қолданылатын оқпандар типтеріне қарамастан, өрт сөндірушілер ауданды ағыспен максималды суландыруды қолданумен жанғыш беттікке суды берулері тиіс. Қандай да жағдайлар болмасын оқпашылардың түтін бойынша жұмыс істеулерін болдырмау қажет, өйткені бұл судың артық төгілуіне және көп мөлшердегі материалдық шығындарға әкеледі.
Практикада мынадай да жағдайлар кеңінен орын алған, оқпаншылар позицияларды дұрыс таңдайды, бірақ олар суды қолданудың максималды коэффициентін қамтамасыз ете алмайды (мысалы, арақабырғалар, жабындылар іші жанған кезде). Бұл жағдайларда оқпаншылардың позицияларында конструкцияларды ашу мен бұзу қажет.
Жануды тоқтатудың қажетті жағдайларын жүзеге асыру бойынша бөлімшелердің іс-қимылдары бөлмелерде түтіннің бар болуымен қиындатылады. Өрт сөндіру кезіндегі түтіндеуде негізгі бөгет оқпаншылардың жану аймағына өтуі болып табылады. Сондықтан да оқпаншылар үшін бөлмелердегі өрттерді сөндіру кезінде жұмыс аймағы деп аталатын аймақты құрулары тиіс, бұл кеңістікте оқпаншылар еркін жұмыс істей алады. Осы кеңістік әрдайым нейтральді аймақтан төмен орналасады, яғни қысым атмосфералықтан төмен және сыртқы таза ауа енетін жерде. Биіктік бойынша бұл кеңістіктің шамасы еденнен 1,5 – 2 метр болуы мүмкін. Сәйкесінше, оқпаншы үшін жұмыс аймағын құруға нейтральді аймақты жоғарылатуды қамтамасыз ету қажет.
Нейтральді аймақтың жоғарылауы екі әдіспен жүзеге асырылуы мүмкін: табиғи және жасанды. Жағдайлардың көбінде нейтральді аймақтың жоғарылауы табиғи желдетумен жүзеге асырылады. Ауаалмасу, ереже бойынша, қоршаулардағы ойықтар арқылы жүзеге асады.
Теңдіктен көрініп тұрғандай, ойықтар ауданының теңдігі кезінде нейтральді аймақ ойықтардың геометриялық орталары арасында биіктіктің жартысында орналасады; ойықтар ауданы ұлғайғанда немесе кішірейгенде нейтральді аймақ ойықтар ауданы бойынша әрдайым жақынырақ орналасады.
Табиғи желдетудің әсерінен нейтральді аймақтың жоғарылауы екі әдіспен жүзеге асуы мүмкін:

  • бөлмеден жану өнімдерін шығаруға жұмыс істейтін жоғары ойықтар ауданының ұлғаюымен (жабындыларды, шатырларды ашу және бұзу, бөлменің үстіңгі бөлігінде басқа да ойықтарды жасау). Кейбір кездерде өртті тоқтату жағдайын орындау мақсатында жабындылар конструкциялары жарылады (мысалы, блокталған ғимараттарда);

  • бөлмеде ауаның енуіне жұмыс істейтін астыңғы ойықтар аудандарының азаюымен (есіктерді жабу немесе бөлменің астыңғы бөлігіндегі басқа да ойықтарды жабу).

Бірінші әдіс бойынша жұмыс аймағын құру үшін олар аудан бойынша шамамен 1,5–2 есе аспайтыдай ойықтардың үстіңгі бөліктері ашу қажет, ал екінші әдіс бойынша – ағынды ойықтарды жабу қажет.
Егер табиғи желдетудің көмегімен газды ағындармен басқару мүмкіндігі болмаса, онда түтінсорғыштарды қолданады. Олар қосымша ойықтарды жасау қиын болған жерлерде бірінші топ бөлмелерінде нейтарльді аймақты жоғарылату үшін өте жиі қолданылады (мысалы, жер асты бөлмелерінде, тоңазытқыштарда).
Түтінсорғыштарды биіктігі 6 м дейінгі бірінші топ бөлмелерінде қолдану ұсынылады. Түтінсорғыштың жұмыс істеуі кезінде түтін берілетін таза ауа ағынымен қысылады және мұнымен қоса оқпаншылардың жүру бағыты үшін жол босатылады.
Жану өнімдерін сору үшін түтінсорғышты тартпалы ойықта орнатқан дұрыс. Бұл жағдайда ағынды ойықтар ауданын азайту қажет. Түтінсорғыштар өрттерде жеке құрамның жұмысын жеңілдетеді, әсіресе егер олармен бірге брезентті полотнища-перемычкалар қолданылса.
Таза ауаны енгізуге түтінсорғыштар кері жағдайларда қолданылады.
Егер нейтральді аймақты жоғарылату мүмкін емес болса, онда оқпаншылар тыныс алу органдарының жеке қорғану құралдарында жану ошағына өтулері тиіс.
Нейтральді аймақты жоғарылату маңызды түрде бөлмедегі температураның төмендеуіне әсер етеді. Бізге мәлім болғандай, бөлмедегі температураны шашыранды ағыстармен ауаны ылғалдату жолымен өткізуге болады.
Ғимараттарда өрттерді тоқтату жағдайларын орындау кезінде горизонтальді бағыттарда тәрізді вертикальді бағыттарда да қажетті күштер мен құралдарды уақытында және дұрыс енгізілуіне байланысты, тез арадағы сөндіру мен қорғауға оқпандарды енгізу кезектілігі мен орнынан.
Ғимараттардығы өрттерді сөндіру кезіндегі оқпандарды енгізудің кезектілігі мен орны олардағы түтін мен жанудың таралу сызбаларына байланысты.
Осылайша, ғимаратта өрттің дамуы кезінде оқпандар жанып жатқан бөлмеге жануды тоқтату және жою үшін енгізіледі, ал көршілес және жоғары орналасқан бөлмелерге – жылулық әсерден қорғау үшін.
2 сызба бойынша өрттің дамуы кезінде оқпандар жоғарыда жанып жатқан, қос, жоғары және төмен орналасқан бөлмелерге енгізіледі.
3 сызба бойынша өрттің дамуы кезінде оқпандар жоғарыда жанып жатқан, қос және төмен орналасқан бөлмелерге енгізіледі.
Осы немесе басқа да сызбаларда өрттердің дамуы кезінде оқпандарды енгізу кезектілігі өздік, осы өрттегі нақты жағдай шартына тәуелді болады.
Ғимараттардағы өрттерді тоқтату өрт ауданының, от сөндіргіш заттар шығынының азаюымен, күштер мен құралдарды біртіндеп жинақтаумен, жанып жатқан конструкцияларды ашумен және қайта сөндірумен, бөлмелерден суды жоюмен және т.б. сипатталады.
Ғимараттың жеке конструкцияларын бұзу тек қажеттілік кезінде жүзеге асырылады, яғни өртті қайта сөндіру ашу мен бұзусыз жойылмаса.
Өртті тоқтату кезеңінде жанудың қайта пайда болуын болдырмау мақсатында ғимараттың барлық бөлмелерін тексеру қажет.
Ғимараттағы жалпы өрт сөндіру ұзақтылығы тоқтату уақыты мен барлық бағыттарда өртті жоюына туелді болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет