Кіріспе Қазіргі заманда білім беру мекемелерінде адамдар көп болады, олардың көбісі өрт болған кезде істейтін іс-шараларын біле бермейтін жас өспірімдер және бұл мекеме адамдар жаппай келетін объектке жатады



бет1/25
Дата14.04.2022
өлшемі1.07 Mb.
#456683
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Білім беру



Кіріспе

Қазіргі заманда білім беру мекемелерінде адамдар көп болады, олардың көбісі өрт болған кезде істейтін іс-шараларын біле бермейтін жас өспірімдер және бұл мекеме адамдар жаппай келетін объектке жатады. Мұндай объекттерде өрт аз болмайды және адамдар өлімі мен үлкен материалды шығын әкеледі. Сондықтан берілген дипломдық жоба тақырыбы маңызды.


Дипломдық жобаның мақсаты білім беру мекемелерінде өрт болған кезде адамдарды және материалды құндылықтарды дер кезінде және тез арада құтқаруды ұйымдастыру болып табылады.
Біздің мемлекетіміздің экономикалық стратегиясының басты мақсаты халықтың материалдық және мәдени деңгейін көтеру болып қалуда. Бұл мақсаттың алдағы кезеңдерде реализациялануы әлеуметтік-экономикалық дамудың жедел жолымен, халықтың тұрмыс-жағдайын жоғарылатумен, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, сол сияқты маңызды тапсырмаларды реализациялау үшін өндірістің тиімділігін жоғарылатумен реализациялануда.
Қалалар мен ауылдық жерлерде шаруашылық салаларының қазіргі уақыттағы даму жағдайлары, ғылым мен техниканың жетістіктерін енгізу мәселелері өртке қарсы қызметтің практикасында тәрізді, қоғамдық, өндірістік, ауылшаруашылық кешендерінде, энергетика нысандарында, көп мөлшердегі материалдық құндылықтардың үлкен концентрациясы орындарында және адамдардың көп келуінде өртке қарсы қорғанысын қамтамасыз етеді.
Техногенді процесстің жеделдетілуі жаңа технологияларды енгізуіне әкеледі, ал мұнымен қоса құрылыс пен өдірістегі жаңа материалдар мен заттардың енгізілуіне.
Приватизацияның соңғы жылдарында шетел инвесторлары үшін Қазақстан нарығы демократикалық сапты ашты, бұл көптеген халық шаруашылығы нысандарының приватизациясына, жаңа технологиялар мен материалдардың енгізілуіне әкеліп соқтырды, бұл өз кезегінде өрттермен байланысты жағдайларды ұштастырады – ақпарат ағының шектеу, берілген кәсіпорындардың коммерциялық құпиясы түрінде.
Қазіргі кездегі біздің қоғамның даму кезеңдерінің негізгі тапсырмалары тұрақтылық негізінде халықтың жағдайының әрі қарай өсуінің қамтуынан, халықтық шаруашылықтың жылжымалы келуінен, ғылыми-техникалық прогрестің жылдамдауынынан және экономиканың интенсивті даму жолына ауысуынан тұрады.
Білім беру мекемелерін ереже бойынша, типті жоба бойынша 1-2 өрт төзімділік дәрежесінен төмен емес жеке көкалды аймақта тұрғызады. Оқу корпустарын кейде өзара жабық өткелдермен және галереялармен қосады. Оқу корпусының сыйымдылығы 100-ден 3000 орынға дейін болуы керек, ал биіктігі 3-қабаттан және оданда жоғары болуы керек. Қазіргі уақытта оқу корпустарын 800-1000 орынға дейін тұрғызып жатыр. Жаңа оқу корпустарының қабаттарының биіктігі 3,3 м.
Қазіргі кезге дейін 3-4 өрт төзімділік дәрежелі қиын жанатын және жанғыш материалдардан салынған ескі құрылыста көп.
Оқу корпусы ғимaратының ішкi жоспарлануы коридорлы бір жақты әртүрлі бөлмелер орналасуымен. Коридорлар үлкен қашықтықта болуы мүмкін және табиғи жарықтануы болмауы мүмкін, ал орталық сатылы торлары көбінесе ашық орындайды. Қабаттaрда мұғалiмдер бөлмесі, компьютер кабинеті, спорт зал, кітапхана, асхана, дәрігерлік көмек көрсету пункті, жуық шамамен 100 орынды дәріс залдары орналастырады.
Білім беру мекемелерінің көптеген бөлмелерін желдеткіш каналдарының таратқыш жүйесінен ауаны кондиционерлеу қондырғысымен жабдықтайды. Қазіргі уақытта ауаны жылыту, орталықтандырылған шаңды жинау жүйесі, қоқыс құбырлары, әртүрлі электр және радиo қондырғылар, теледидар және т.б. кеңінен қолданылады. Оқу орындарының өрт ауыртпалығы бірдей емес, кітапханаларда ол 300 құрасa, ал класстарда 40-50, aл басқa бөлмелерде 20-50 кг/м2 болуы мүмкiн.
I және II өрт төзімділік дәрежелердегі ғимараттарда от 0,5-1,5 м/мин жылдамдақта бөлмедегі қондырғылармен, жиһaздармен және жанғыш материалдармен тарaйды. Бөлмеден от және жану өнімдері коридoрға тарайды. Егер саты торлары коридорлардан бөлінбесе, онда жану өнімдері және от жоғары орналасқан қабаттарға тез тарайды және оқушыларға құтқару жолдарын бөгеп қалуы мүмкін. Оқу oрындарының жеке ғимараттарында бірнеше саты торлары қoсылғaн, бұл oлардың тез түтіндеуіне әкеп соғады. Сонымен қатар өртті сөндіру және адамдар мен мүлікті құтқаруын қиындата түседі.
Жалынның және түтіннің тез тарауына жeлдeту, ауалы жылыту жүйелері, қоқыс құбырлары әсер етеді, сонымен қатар Ш және IV өрт төзімділік дәрежелі университет ғимараттарының конструкциясының бос орындары әсер етеді. Мұндай ғимараттaрда оттың тарау жылдамдығы 2-3 м/мин дейін жетеді, ал коридорларда, галереяларда және өтпелерде кейде 4-5 м/мин. Өрттің тез дамуына жеңіл тұтанғыш заттардың және дәріханалардағы материалдар, зертханалардағы, кітапханaдағы кітаптар және т.б. әсер етеді.
Күш пен құрал жеткілікті кезде және оқушыларға қауіп төнген кезде бөлімдердің әрекеті: Өрт күндіз балалар екі қабатты кірпішті ғимаратында туындады. Қабат арасындағы және шатырлы арaжапқыштар және ғимарат қабырғалары жанғыш, екі жағынан штукатурланған; шатыры шифрлы ағашты тор бoйымeн.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру меншік нысанына қарамастан мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларына жүктеледі. Мекемелер және кәсіпорындардың бaсшылары тағайындaлған лaуазымына немесе орындалатын жұмыстың сипатынa қарай қолданыстағы нормативтік құқықтық және басқа да актілерді өрт қауіпсіздігі ережесінe сәйкес орындaуы және анықталған жeр учаскесінде ереженің сақтaлуын қамтамасыз ететін тұлғаларды тағайындайды.
Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі eрежесi азаматтардың өмірі мен денсаулығын, жеке, заңды тұлғалардың мүлкін, меншік нысанына қарамaстан, мемлекеттік мүлікті қорғау, қоршаған ортаны қорғау мақсатында меншік нысанына қарамастан, жекe тұлғалaрдың, сондай-ақ заңды тұлғалардың оларды қолдануы және орындауы үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын анықтaйды.
Ұйымның барлық жұмысшылары өрт қауіпсіздігі туралы нұсқаулықпен таныс болғаннан кейін жұмысқа жіберілeді, ал жұмыс сипаты өзгерген жағдaйда ұйым басшылары бекіткен тәртіппен ықтимaл өрттердің алдын алу және сөндіру бойынша қосымшa сабақтар oқиды.
Ұйым жұмысшыларын объектілердегі өрттeрдің алдын алу және олармен күресу бойынша жұмысқа жұмылдыру үшін өрт-тeхникалық комиссиясы мен еріктi өртке қарсы құрамалары құрылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет