Кіріспе балансты кәсіпорын алғаш рет құрылған кезде жасайды. Ол, кәсіпорынның өз қызметін бастаған тұстағы құндылықтарын анықтайды.
Ағымдағы баланстар кәсіпорынның барлық қызмет ету уақыты бойында жасалады. Олар өз кезегінде бастапқы, аралық және соңғы (қорытынды) болып бөлінеді.
Бастапқы балансесепті кезеңнің басына, ал соңгы балансыаяғына құралады. Осыған орай, есепті кезеңнің соңғы балансы келесі жылдың бастапқы балансы болып саналады.
Аралық баланстаржылдың басы мен аяғы арасындағы межеге құрылады. Олардың соңғы баланстан айырмашылығы, біріншіден, соңғы балансқа баланстың қандай да бір баптарын ашатын есеп беру нысандарының көпшілік бөлігі қоса тіркеледі; екіншіден, аралық баланстар, тәртіп бойынша, ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде ғана құрылады, ол кезде соңғы балансты құрардың алдында баланстың барлық баптарына міндетті түрде түгендеу жасалуы керек.
Таратылу балансы кәсіпорын таратылған және жабылған кезде жасалады.
Бөлу баланстары ірі кәсіпорынның бірнеше шағын құрылымдық бірліктерге немесе құрылымдық бөлімшелерді басқа бір кәсіпорынға берген кезде жасалатын баланс, бұл жағдайда балансты беру балансы депте атауымызға болады.