«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
|
|
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»
|
_________________________________________________________________________________
|
БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚАУЛЫСЫ
|
|
ПОСТАНОВЛЕНИЕ
ПРАВЛЕНИЯ
|
______________ 2015 года
|
№ ______
|
Алматы қ.
|
г. Алматы
|
Екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы
|
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-
Мыналар:
-
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептілік тізбесі;
-
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы есеп;
-
осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есеп;
-
осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қосымша мәліметтер;
-
осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес Екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, екінші деңгейдегі банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы есептілікті және екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептілікті мынадай мерзімдерде:
1) филиалдары онға жетпейтін екінші деңгейдегі банктер:
күнделікті есепті - есепті күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы есеппен бірмезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндерінің есептерін қоспағанда);
ай сайынғы есепті - есепті айдың соңғы күнінен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) он және одан көп филиалы бар екінші деңгейдегі банктер:
күнделікті есепті - есепті күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы есеппен бірмезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндерінің есептерін қоспағанда);
ай сайынғы есепті - есепті айдың соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық форматта ұсынады.
3. Ипотекалық ұйымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы есептілікті және екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептілікті ай сайын есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық форматта ұсынады.
4. Осы қаулының 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, екінші деңгейдегі банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қосымша мәліметтерді ай сайын есепті айдың соңғы күнінен кейінгі жеті жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық форматта ұсынады.
5. Бас банк пен «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оған қатысты қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банк арасында активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүзеге асырған екінші деңгейдегі бас банк есептілікті мынадай мерзімдерде:
күнделікті есептерді - есепті күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы есеппен бірмезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндерінің есептерін қоспағанда);
ай сайынғы есептерді - есепті күннен кейінгі жеті жұмыс күнінен кешіктірмей;
қосымша мәліметтерді - есепті айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей электрондық форматта ұсынады.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 28 маусымдағы № 147 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8618 тіркелген, 2013 жылғы 18 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» газетінде № 214 (28153) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
7. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Үмбетәлиев М.Т.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
8. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
10. Осы қаулы, осы қаулының 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осы қаулының 5-тармағы 2016 жылғы 1 ақпанға дейін қолданылады.
Ұлттық Банк
Төрағасы Қ. Келімбетов
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің Төрағасы
_________________ Ә. Смайылов
2015 жылғы «___» _____________
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы ____ _________
№___ қаулысына
1-қосымша
Екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептілік тізбесі
Екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептілік:
-
екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы есептен;
-
екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептен;
-
қосымша мәліметтерден тұрады.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы ____ _________
№___ қаулысына
2-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы есеп
Есепті кезең: 20__ жылғы «___» «_________________» жағдай бойынша
Индексі: 700-Н
Кезеңділігі: күнделікті, ай сайынғы
Ұсынатындар: екінші деңгейдегі банктер, ипотекалық ұйымдар
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімдері:
-
3) тармақшада көзделген жағдайды қоспағанда, онға жетпейтін филиалы бар екінші деңгейдегі банктер:
күнделікті есептерді - есепті күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы есеппен бірмезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндерінің есептерін қоспағанда);
ай сайынғы есептерді - есепті айдың соңғы күнінен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) 3) тармақшада көзделген жағдайды қоспағанда, он және одан көп филиалы бар екінші деңгейдегі банктер:
күнделікті есептерді - есепті күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы есеппен бірмезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндерінің есептерін қоспағанда);
ай сайынғы есептерді - есепті айдың соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) 2016 жылғы 1 ақпанға дейін бас банк пен «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оған қатысты қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банк арасында активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде беру жөніндегі операцияны жүзеге асырған екінші деңгейдегі бас банк:
күнделікті есептерді - есепті күннен кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірмей (ай сайынғы есеппен бірмезгілде ұсынылатын айдың алғашқы есепті күндерінің есептерін қоспағанда);
ай сайынғы есептерді - есепті айдың соңғы күнінен кейінгі жеті жұмыс күнінен кешіктірмей;
4) ипотекалық ұйымдар ай сайынғы есепті - есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей.
Нысан
_______________________________________________________________
(екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымның толық атауы)
__________________________жағдай бойынша
1-кесте. Баланстық шоттардағы активтердiң, мiндеттемелердiң және меншiктi капиталдың қалдықтары туралы есеп
(мың теңгемен)
Шоттар
нөмірлері
|
Шоттардың атаулары
|
Сомасы
|
|
I сынып - AКТИВТЕР
|
|
1000
|
Ақша
|
|
1001
|
Кассадағы қолма-қол ақша
|
|
1002
|
Жолдағы банкноттар мен монеталар
|
|
1003
|
Айырбастау пункттерiндегi қолма-қол ақша
|
|
1004
|
Кешкi кассадағы қолма-қол ақша
|
|
1005
|
Банкоматтардағы және электрондық терминалдардағы қолма-қол ақша
|
|
1006
|
Жолдағы жол чектерiндегi ақша
|
|
1007
|
Қымбат металдардан жасалған, кассадағы монеталар
|
|
1008
|
Жол чектерiндегi ақша
|
|
1009
|
Қымбат емес металдардан жасалған, кассадағы коллекциялық монеталар
|
|
1010
|
Тазартылған қымбат металдар
|
|
1011
|
Тазартылған қымбат металдар
|
|
1012
|
Жолдағы тазартылған қымбат металдар
|
|
1013
|
Металл шоттарда орналастырылған тазартылған қымбат металдар
|
|
1050
|
Корреспонденттiк шоттар
|
|
1051
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi корреспонденттiк шот
|
|
1052
|
Басқа банктердегi корреспонденттiк шоттар
|
|
1053
|
Ипотекалық ұйымдардың банктердегi ағымдағы шоттары
|
|
1054
|
Басқа банктердегi корреспонденттiк шоттар мен ипотекалық ұйымдардың ағымдағы шоттары бойынша зияндарды жабуға арналған резервтер (провизиялар)
|
|
1100
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне қойылатын талап
|
|
1101
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi салымдар (бiр түнге)
|
|
1102
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi талап етілмелі салымдар
|
|
1103
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi мерзiмдi салымдар
|
|
1104
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi мiндеттi резервтер
|
|
1105
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде орналастырылған салымдар бойынша дисконт
|
|
1106
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақы
|
|
1150
|
Айналысқа шығарылғанға дейінгі ұлттық валюта банкноттары
|
|
1150
|
Айналысқа шығарылғанға дейінгі ұлттық валюта банкноттары
|
|
1200
|
Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар
|
|
1201
|
Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар
|
|
1202
|
Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен берешек
|
|
1205
|
Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт
|
|
1206
|
Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы
|
|
1208
|
Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың әділ құнын оң түзету шоты
|
|
1209
|
Әділ құны бойынша пайда немесе зиян арқылы есепке алынатын бағалы қағаздардың әділ құнын теріс түзету шоты
|
|
1250
|
Басқа банктерде орналастырылған салымдар
|
|
1251
|
Басқа банктерде орналастырылған (бір түнге) салымдар
|
|
1252
|
Басқа банктерде орналастырылған талап етілмелі салымдар
|
|
1253
|
Басқа банктерде орналастырылған қысқа мерзімді (бір айға дейінгі) салымдар
|
|
1254
|
Басқа банктерде орналастырылған қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі) салымдар
|
|
1255
|
Басқа банктерде орналастырылған ұзақ мерзімді салымдар
|
|
1256
|
Басқа банктерде орналастырылған шартты салымдар
|
|
1257
|
Басқа банктердің салымдар бойынша мерзімі өткен берешегі
|
|
1259
|
Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша резервтер (провизиялар)
|
|
1260
|
Басқа банктерде орналастырылған мерзімді салымның құнын оң түзету шоты
|
|
1261
|
Басқа банктерде орналастырылған мерзімді салымның құнын теріс түзету шоты
|
|
1262
|
Басқа банктерде орналастырылған шартты салымның құнын оң түзету шоты
|
|
1263
|
Басқа банктерде орналастырылған шартты салымның құнын теріс түзету шоты
|
|
1264
|
Банктің, ипотекалық ұйымның және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым
|
|
1265
|
Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша дисконт
|
|
1266
|
Басқа банктерде орналастырылған салымдар бойынша сыйлықақы
|
|
1267
|
Банктің және ипотекалық ұйымның міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепілпұл) ретінде берілген ақшаны сақтау шоты
|
|
1300
|
Басқа банктерге берілген заемдар
|
|
1301
|
Басқа банктердің корреспонденттік шоттары бойынша овердрафт заемдары
|
|
1302
|
Басқа банктерге берілген қысқа мерзімді заемдар
|
|
1303
|
Басқа банктерге берілген овернайт заемдары
|
|
1304
|
Басқа банктерге берілген ұзақ мерзімді заемдар
|
|
1305
|
Басқа банктерге берілетін қаржы лизингі
|
|
1306
|
Басқа банктердің заемдар бойынша мерзімі өткен берешегі
|
|
1309
|
Басқа банктердің қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешегі
|
|
1310
|
Басқа банктерге берілген заемның құнын оң түзету шоты
|
|
1311
|
Басқа банктерге берілген заемның құнын теріс түзету шоты
|
|
1312
|
Басқа банктерге берілген заемдар бойынша дисконт
|
|
1313
|
Басқа банктерге берілген заемдар бойынша сыйлықақы
|
|
1319
|
Басқа банктерге берілген заемдар мен қаржы лизингі бойынша резервтер (провизиялар)
|
|
1320
|
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдар мен қаржы лизингі
|
Достарыңызбен бөлісу: |