Кіріспе балансты



Дата19.02.2022
өлшемі19.65 Kb.
#455535
баланс


Кіріспе балансты кәсіпорын алғаш рет құрылған кезде жасайды. Ол, кәсіпорынның өз қызметін бастаған тұстағы құндылықтарын анықтайды.

Ағымдағы баланстар кәсіпорынның барлық қызмет ету уақыты бойында жасалады. Олар өз кезегінде бастапқы, аралық және соңғы (қорытынды) болып бөлінеді.

Бастапқы баланс есепті кезеңнің басына, ал соңгы балансы аяғына құралады. Осыған орай, есепті кезеңнің соңғы балансы келесі жылдың бастапқы балансы болып саналады.

Аралық баланстар жылдың басы мен аяғы арасындағы межеге құрылады. Олардың соңғы баланстан айырмашылығы, біріншіден, соңғы балансқа баланстың қандай да бір баптарын ашатын есеп беру нысандарының көпшілік бөлігі қоса тіркеледі; екіншіден, аралық баланстар, тәртіп бойынша, ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде ғана құрылады, ол кезде соңғы балансты құрардың алдында баланстың барлық баптарына міндетті түрде түгендеу жасалуы керек.

Таратылу балансы кәсіпорын таратылған және жабылған кезде жасалады.

Бөлу баланстары ірі кәсіпорынның бірнеше шағын құрылымдық бірліктерге немесе құрылымдық бөлімшелерді басқа бір кәсіпорынға берген кезде жасалатын баланс, бұл жағдайда балансты беру балансы депте атауымызға болады.


Шаруашылық субъектісінің балансын құрастыру

Р / c

Аталуы

Сома, теңге

2412

Ғимараттар мен үйлер

676600

1310

Шикізат пен материалдар

171000

1312

Отын

40000

5030

Салымдар мен пайлар

960000

4010

Ұзақ мерзімді банктік қарыздар

80000

1340

Аяқталмаған өндіріс

60000

1320

Дайын өнім

55000

3450

Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек

21000

3310

Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек

19700

3190

Өзге салықтар

3000

3390

Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек

4000

1030

Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты

77000

1010

Кассадағы ақша қаражаты

200

1252

Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі (есеп берілетін сома)

118

1430

Өзге салық және бюджетке төлентін басқа да міндетті төлемдер

7782


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет