«Досыңа көмектесе аласың ба?» тесті
-
Емтиханда сенің досың билеттен қиналуда, ол билеттегі сұрақтардың жауаптарын білмейді. Сенің іс- әрекетің:
А) оған шпаргалка бересің;
Б) ойыңа (есіңе) түскенін жазып оған ұсынасың;
В) оған басқа билет алуға немесе емтиханнан шығып кетуге кеңес бересің.
-
Сенің досың саған қонақ болуды ұсынып,үйіне шақырды. Баспалдақпен көтеріліп өз қабатына жеттіңдер, ол кенеттен пәтердің кілтін жоғалтқанын білді. Сенің әрекетің:
А) оған үйіне балконнан немесе терезеден кіруге ұсыныс айтасың;
Б) өз үйіңе ертіп барасың;
В) алаңда онымен бірге ата- анасы жұмыстан келгенше күтесің.
-
Сенің ата- анаң ескі фильм көргісі келеді, ал сен өз мүмкіндігіңді жіберместен жаңа киноны көргің келеді.Сондағы сенің әрекетің:
а) теледидар көрсетпейтініне ата-анаңның көзін жеткізу үшін антеннаны ажыратасың сонан соң олар бөлмеден шығып кеткен соң қалаған фильміңді көресің;
б) фильмді көру үшін дос қызыңа барасың;
в) ұйықтайсың немесе осы уақытта басқа нәрсемен айналысасың.
-
Сен кездесуге кешігіп жатырсың. Автобус аялдамасына барған кезде ақшаны үйде ұмытып кеткеніңді білдің, сенің әрекетің:
а) автобусқа отырып жолақыны төлеу үшін кез-келген жолаушыдан ақша сұрайсың;
б) жасырынып барасың;
в) әмиян үшін үйге асығасың.
-
Сенің досың күтпеген жерден ертең анасының туылған күні екенін есіне түсіреді, ал ертең дүкендер жабық болмақ.ол өз мәселесімен сенімен бөліседі, сен:
а) гүл сыйлауға кеңес бересің;
б) жаңа спектакльге алған өз билетіңді сый ретінде ұсынасың;
в) кешірім өтініп сен оған ешқандай көмек бере алмайтыныңды айтасың.
-
Сен дос қызыңмен бірге жазда теңізге барамыз деп шештіңдер, бірақ онда бару үшін ақша қажет. Оны сендер қайдан аласыңдар:
а) қандай да бір затты сатуға тура келеді деп шешім қабылдайсыңдар;
б) кез-келген жұмыс жасау мүмкіндігін іздейсіңдер;
в) ақшаны ата-аналарыңыздан аласыңдар.
Бағалау шкаласы.
әрбір “а” жауабына – 3
“б” жауабына – 2
“в” жауабына – 1
Нәтижесін талдау көрсеткіштері.
6-8 ұпай. Өмірді мектеп бағдарламасындай деп түсінуге болмайды. Қаншама жағдайлардың дұрыс шешімін іздестіресің. Досың қайғылы жағдайға ұшырағанда ол сенің көмегіңді күтеді.зейінділігіңді және белсенділігіңді білдір. Мүмкін, сен оған қалай болатынын айта аларсың. Достық бағасы, қиын минуттарда сен өзіңнің жалғыз емес екеніңді білгенің.
9-16 ұпай. Сенің досың кез- келген жағдайдың шешімін шеше алмайды, ал сен одан шығар жолды табуға тырысасың. Сен үрейленбей, жағдайды ұстамдылықпен бағалайсың, ал бұл – жетістікке барар жол, және досыңның шешімін өзің қабылдауыңа тура келеді, кеңестерің әрқашанда пайдалы.
17-18 ұпай. Сен шеше алмайтын мәселе жоқ. Сенің бойыңда батылдықпен тапқырлық жеткілікті екенін досың жақсы біледі. Өз мақсатыңның табысты болуы үшін сен қолданатын әдістерді өте қатаң деп атауға болады. Сен дөрекі емессің бе?
Зерттеу нәтижесі
-
№
|
Баланың аты
|
Қарым-қатынастағы ынтымақтастығы
|
1
|
Зарина
|
Ынтымақтастықтастығы төмен
|
2
|
Айсұлу
|
Ынтымақтастықтастығы төмен
|
3
|
Аружан
|
Ынтымақтастықтастығы төмен
|
4
|
Әлімжан
|
Ынтымақтастықтастығы төмен
|
5
|
Айғаным
|
Ынтымақтастықпен
|
6
|
Бану
|
Ынтымақтастықпен
|
7
|
Назира
|
Ынтымақтастықтастығы төмен
|
8
|
Раушан
|
Ынтымақтастықтастығы төмен
|
9
|
Болат
|
Ынтымақтастықтастығы төмен
|
10
|
Оксана
|
Ынтымақтастықтастығы төмен
|
11
|
Лаура
|
Ынтымақтастықпен
|
12
|
Оңғар
|
Ынтымақтастықпен
|
13
|
Мәулен
|
Ынтымақтастықтастығы төмен
|
14
|
Нұрсұлу
|
Ынтымақтастықтастығы төмен
|
15
|
Назгүл
|
Ынтымақтастықтастығы төмен
|
16
|
Нұрлан
|
Ынтымақтастықтастығы төмен
|
17
|
Марина
|
Ынтымақтастықтастығы төмен
|
18
|
Олжас
|
Ынтымақтастықтастығы төмен
|
19
|
Азамат
|
Ынтымақтастықтастығы төмен
|
20
|
Асел
|
Ынтымақтастықпен
|
21
|
Рустем
|
Ынтымақтастықпен
|
22
|
Мария
|
Ынтымақтастықпен
|
Зерттелінген орта буын оқушыларының ынтымақтастығы төмен болып шықты.
Коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу әдістемесі (КОС)
Төменде берілген сұрақтарға «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беріңіз.
-
Сіздің араласып тұратын достарыңыз көп бе?
-
Жолдастарыңыздың көпшілігін сіздің пікіріңізді қабылдауға міндеттейсіз бе?
-
Жолдастарыңыздың Сізге жасаған ренішін есіңізде көпке дейін сақтайсыз ба?
-
Қиын жағдайда дұрыс шешім қабылауға Сіз қиналасыз ба?
-
Көптеген бейтаныс адамдармен танысуға тырысасыз ба?
-
Қоғамдық жұмыстармен айналысу Сізге оңай ма?
-
Сізге адамдармен араласқаннан гөрі кітап оқып, уақыт өткізу ұнай ма?
-
Өз пікіріңізден тез айнисыз ба?
-
Өзіңізден жасы үлкен адамдармен тіл табысуыңыз оңай ма?
-
Достарыңызбен ойын ойнап, оларға ойын үйретуді ұнатасыз ба?
-
Сізге жаңа ортаға кіріп кеті қиын ба?
-
Бүгінгі орындайтын жұмысыңызды ертеңге жиі қалдырасыз ба?
-
Жора-жолдастарыңыз Сіздің пікіріңізге келісуі оңай ма?
-
Жолдастарыңыз Сіздің пікіріңізбен келісімге келтру үшін күш саласыз ба?
-
Жаңа ұжымға үйрену сізне қосымша қиындық туғызпды ма?
-
Өз уәдеңізді, міндетіңізді орындамағаныңыз үшін жолдастарыңызбен ренжіспейтініңіз рас па?
-
Қолайлы сәт кездескенде, жаңа адаммен танысуға ұмтыласыз ба?
-
Маңызды іс-әрекетте шешім қабылдау кезде бастаманы өзіңізге жүктей аласыз ба?
-
Сізді қоршаған адамдар мазалай ма және жеке болғыңыз келеді ме?
-
Өзіңізге бейтаныс ортада қиналатыныңыз рас па?
-
Үнемі көпшіліктің ортасында жүру Сізге ұнайды ма?
-
Бастаған ісіңіз аяқталмаса ашуланасыз ба?
-
Бір істің бастамасын қолға алсаңыз қиыншылықты сезесіз бе?
-
Жолдастарыңызбен жиі араласқаннан шаршайтыныңыз рас па?
-
Ұжымдық ойындарға қатысуды ұнатасыз ба?
-
Сіздің жолдастарыңызға қатысты мәселені шешуге белсенділікті жиі қолыңызға аласыз ба?
-
Толық қатынаста емес адамдарыдң арасында өзіңізді сенімсіз сезінетіңіз рас па?
-
Істеген ісіңіздің шындығын дәлелддеу үшін сирек күш салатыныңыз рас па?
-
Толық таныс емес ортаға сергітуді, көңіл көтеруді ендіре аламын деп сенесіз бе?
-
Қоғамдық жұмыстарға қатысасыз ба?
-
Таныстарыңыздың көп болмауын, оларды шектеуге тырысасыз ба?
-
Сіздің ойыңыз, шешіміңіз өз достарыңыздың арасында қолдау таппаса, оны дәлелдеуге ұмтылмайтыныңыз шындық қой?
-
Бейтаныс ортаға түскенде өзіңізді жеңіл сезінесіз бе?
-
Өз достарыңыз үшін әр түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға шын ниетіңізбен кірісесіз бе?
-
Көпшіліктің ортасында сөйлегенде өзіңізді сенімді, бірқаоыпты сезінетіндігіңіз рас па?
-
Кезесуге жиі кешігіп келесіз бе?
-
Достарыңыздың көп екені рас па?
-
Өз достарыңыздың ортасында жиі көзге түсесіз бе?
-
Толық таныс емес ортада өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз бе?
-
Таныстардың, көпшіліктің ортасында өзіңізді сенімсіз сезінетініңіз рас па?
Коммуникациялық қабілетті анықтау үшін келесі сұрақтарға жауап кілтпен сәйкес келсе 1 балл деп есептелінеді:
ИЯ – 1,5,9,13,17,21,25,29,33,37;
ЖОҚ – 3,7,11,15,19,23,27,31,35,39;
Ұымдастырушылық қабілетті анықтау үшін келесі сұрақтарға жауап кілтпен сәйкес келсе 1 балл деп есептелінеді:
ИЯ – 2,6,10,14,18,22,26,30,34,38;
ЖОҚ – 4,8,12,16,20,24,28,32,36,40;
Әр қабілет бойынша сәйкес келген белгілерді санап шығып зерттелініп отырған қабілеттің коэффициенті төменгі формула бойынша анықталады:
Зерттелінген сынып оқушыларының көрсеткіштерін есептеп шыққанда балалардың ұйымдастырушылық және коммуникативтік қабілеттері келесі шкала бойынша бағаланды.
коэффициенті
|
Бағалануы
|
Коммуникативтік
|
Ұйымдастырушылық
|
|
|
қабілеті
|
кабілеті
|
0.10 - 0.50
|
Төмен
|
6
|
4
|
0.51 - 0.65
|
орта
|
12
|
8
|
0.66 - 0.75
|
жоғары
|
6
|
4
|
0.76 - 1.00
|
өте жоғары
|
2
|
2
|
Зерттеу нәтижесі олардың коммуникативтік және үйымдастырушылық қабілетінің төмен екенін көрсетті. Балалардың үжымдық іс-шараларға қызығушылығы жоғары болғаныменен көпшіліктің алдында өздерінің қолынан келетін әрекеттерді жасауға үялатыны, жасқаншақтық көрсетітіні анық байқалды. Осы жағдайдан оларды шығарудың ең тиімді жолдарын іздеу қажет екені анық байқалды.
Келесі кезеңде ұжымішілік қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау үшін социометриялық талдау әдістемесін пайдаландық.
Социометрия әдістемесі.
Социометриялық талдау негізінде оқушылардың сынып ұжымындағы орны, олардың достары мен жолдастарының барлығы, ұжымішілік кіші топтардың барлығы және олардың құрылымы анықталады. Бұл зерттеу барысында бірнеше сыныптарда социлметриялық зерттеулер жүргіздік. Бұл жерде сыныпты зерттеу нәтижесін көрсетеміз.
Мақсаты: ұжым мүшелерінің бір-бірімен эмоционалдық байланысын анықтау және татулығын өлшеу.
Әр оқушының ұжымжағы мәртебесін және жағдайын тереңірек зерттеу үшін социометриялық өлшеу әдістемесімен талдау жүргізілді. Бүл әдістемені қолдану Морено үсынған вариантымен жүргізілді /52/. Тесті орындау алдында оларға жауап парақпен мыс істеу тәртібі түсіндіріледі. Жауап бланкісі алдын-ала даярланады.
Орындау ережесі: «Мен сіздерге сұрақтары бар парақ таратып беремін. Әр сұраққа терең ойланып, дұрыс жауап беруге тырыңыздар».
Жауап беру бланкісі.
Аты жөні
Оқитын сыныбы
Төмендегі сұрақтардың әрқайсысына сыныпта бірге оқитын оқушылардың үшеуінің атын жазыңыз.
1. Мектепті бітіргеннен соң кіммен достық
қарым-қатынаста боғыңыз келеді?
2. Туған күнінің кімді шақырғыңыз келеді?
Жиналған материалдырды матрица және социограмма жасап талдадық.
Топтың ұжымшылдығын, татулығын формула бойынша анықтағанда, оның коэффициенті өте жоғары (0,75) болды.
өзара таңдау 38
Р = ------------------- = ------------ = 0,75
Таңдау саны 57
Барлық материалдарды талдау бірнеше матрицалар мен социограммалар жасауды талап етті. Олардың жалпы көрсеткіштері бір-біріне сәйкес келгендіктен бүл жерде мысал ретінде тек екеуін ғана көрсеттік. Жоғарыда талдағанымыз гимназиялық 9 сынып, ал енді көрсететініміз – 5 сынып.
Әртүрлі сыныптардағы оқушылардың ұжымшылдығын, татулығын салыстырып көру үшін социометриалық талдауды бесінші сыныпта жүргіздік. Бұл сыны мектептегі ең нашар оқитын, ең бұзық, ешқандай мектептен тыс іс-шараларға қатыспайтын т.с.с. теріс мінездемеге шомылып жүрген балалар оқиды. Социометриялық талдау жүргізу үшін оқушыларға: «Туған күніңе кімді шақырар едің, өз сыныбыңнан үш адамды таңдап алып, солардың атын жазып бер», деген тапсырма ұсынылды. Зерттеу нәтижесін социоматрица және социограмма жасап талдадық.
Социоматрица бойынша талдау нәтижесінде зерттелінген сыныптағы балалардың біреуі «жұлдыз», алтауы «қалаулылар», он бала «қалаусыздар», ал екеуі «шектеулілер» қатарына жатқызылды. Осы көрсеткіштердің өзі сынып ұжымында ауызбіршілік, татулық әлі қалыптаспағандығының белгісі болып отыр.
Зерттеу нәтижелерін социограммаға түсіру арқылы сыныптағы балалардың қалаулары мен бірін-бірі қалауының жалпы көрінісін байқадық. Социограмма көрсеткіші бойынша ұлдар мен қыз балалар арасында байланыс нашар екені байқалды.
Социоматрица мен социограмма №1 және №2 қосымшаларда берілген.
Топтың ұжымшылдығын анықтау үшін барлық таңдаулар санын өзара таңдау санына бөлу керек. Бұл сыныпта ұжымшылдық, татулық өте төмен болып шықты.
өзара таңдау 8
Р = ------------------- = ------------ = 0,15
Таңдау саны 57
Достарыңызбен бөлісу: |