Несиелік және қаржылық операциялардың негізгі масасын бақылайтын несиелік жүйенің басты звеносын банктік жүйе көрсетеді.
Қазақстанның банктік жүйесі 1990 жылдың 07 желтоқсанында Қазақ ССР-да банктер мен банктік қызметтер туралы заңымен сәйкес реформалау кезеңінен өте отырып, таза мемлекеттік үлгіден араласқа өтті. Республикада екі деңгейлі банктік жүйе қалыптасты, оның жоғарғы деңгейі Қазақ ССР-ның Мемлекеттік банкімен көрсетілді, ал төменгі – басқа банктер, оның құрамына сол уақытта әркет етуші мемлекеттік мамандандырылған банктер (Промстройбанк, Агропромбанк, Жилсоцбанк, Внешэкономбанк) және қайта құрылған мемлекеттік емес банктер (акционерлік, корпоративтік, шаруашылық серіктестіктер формасындағы және т.с.с.) кірді.
Толығымен несиелік жүйенің жалпы құрылымы схемалық түрде келесідей түрде көрсетіледі (сурет1):
Несиелік жүйемен өз қызметтерін орындау кезінде несиелік қатынастар пайда болады. Қайтарымдылық және төлемділік шартында уақытша бос ақшалай қаражаттарды бөлу және қайта бөлу бойынша несиелік ұйымдар мен әртүрлі субъектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік операциялардың мазмұнын анықтайды.
Бірақта несиелік қатынастардың мазмұны ақшалай капиталды бөлумен және оны заңды және жеке тұлғалардың уақытша қолдауына берумен ғана сарқылып қоймайды. Несиелендіру процесі кезінде өндірістік құн үшін, яғни ұлғаймалы ұдайы өндірістің ақшалай айналымы үшін төлемді құралдардың қосымша массасы құрылады. Төлемдік айналымның үлкен ағымы несиелік қатынастардың мазмұнын толықтыра келе, несиелік мекемелер мен алушылар және төлемшілер мен несиелік мекемелер арасындағы экономикалық қатынастарды құра отырып, несиелік жүйе арқылы өтеді.
Несиелік қатынастар екіжақты мінезге ие және шарыушылық субъектілері үшін де, сондай-ақ несиелік жүйе мекемелері үшін де бірдей қажет. Несиелік мекемелерде ақшаларды сақтау несиелік ресурстардың құрылуын білдіреді, ал оларды экономиканың мұқтаждықтары мен халыққа бөлу – несие беруді көрсетеді.
НЕСИЕЛІК ЖҮЙЕ
БАНКТІК ЖҮЙЕ
БАНКТІК ЕМЕС ЖҮЙЕ
Эмиссиялық емес банктер
Эмиссиялық банктер
Ұлтытқ эмиссиялық банк
Аймақтық эмиссиялық банктер
Мамандандырылған несиелі-қаржылық
институттар
Пошталы-жинақтық жүйе
Пошталық бөлімшелер
пошталы-жинақтық мекемелер
Мамандандырылған банктер: инвестициялық, инновациялық, есептік, ипотекалық, тұтынушылық несиелер, ссудалы-жинақтық
Лизингтік фирмалар Факторингтік фирмалар Ломбардтар Несиелік серіктестіктер Өзара несие беру қоғамдары Сақтандыру қоғамдары Инвестициялық компаниялар Зейнеткерлік қорлар Қаржылық компаниялар
Сурет 1. Несиелік жүйенің құрылымы
Екіжақты қатынастар болуы мүмкін: шаруашылық ұйымдар мен несиелік жүйенің арасында, несиелік жүйе мен халық арасында, мемлекет пен несиелік жүйе арасында, әртүрлі мемлекеттердің несиелік мекемелерінң арасында.
Несиелік қатынастар несиенің экономикалық категориясы қызмет еткен кезде негізінен ақшалай формада жүзеге асырылады. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісі несиенің формасын мінездейді. Ол несиелік қатынастардың мәні мен ұйымдасуын жинақтайды. өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің формалары мен несиелік қатынастардың мазмұнының өзгеруіне әкеледі.
Несие екі формада болады: тауарлы және ақшалай. Тауарлы несие коммерциялық несиенің бірінші негізіг көрсетеді. шаруашылық субъектілердің бір-біріне берген ссудалары тауарлы форманы қабылдай отырып, ең соңында ақшалай формамен қайтарылады. Алып отырған субъект кредиторға тауарлы несиені алғанын растайтын вексель, закладтық қағаздар немесе басқа да құжаттар жазып береді, олар ақшалай формадағы несиені алу үшін банкке кредитормен ұсынылады. Несиелік қатынастардың субъектілері бұл жерде шаруашылық субъектілері мен банк болып табылады. Оның мазмұнындағы несиелік қатынастардағы өзгерістер әсерінен тауарлы формадағы несие ақшалай формаға ауысады. Осылай, тауарлы форма негізінде несиенің ақшалай формасы, ең алдымен банктік түрі пайда болады және дамиды.
Несиелік жүйе банктік және басқа да несиелік мекемелер, несиелік операцияларды жүзеге асыру тәсілдері мен ұйымдастырудың құқықтық формалары жиынтығымен мінезделеді. Несиелік қатынастардың екі жүйешелері бөлініп қарастырылады: банктік және банктік емес институттар шегінде. Осыған сәйкес несиелік жүйенің екі негізгі звеносы қалыптасады: банктік және мамандандырылған несие-қаржылық мекемелер.
Аралас несиелік жүйе қиында, көпзвенолы құрылымға ие болады. Егер де классификациялау негізіне несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтер мінезін алатын болсақ, онда қазіргі несиелік жүйенің үш маңызды элементін бөліп көрсетуге болады: Орталық (эмиссиялық) банк; коммерциялық банктер; мамандандырылған несие мекемелері (сақтандыру, жинақтау, ипотекалық, трастік және т.с.с.).
Қызмет көрсетуге мамандануы, шаруашылық звеноларға көрсетілетін несиелі-қаржылық қызметтерінің көлемі мен санына сәйкес несиелік жүйенің ядросын банктік жүйе құрады, ал несиелік институттардың қызметін үйлестірудің ортақ органы Орталық банк болып табылады.
Орталық (Ұлттық) банк – бірінші деңгейлі басты мемлекеттік банк, оның мелекеттік, халықтық немесе ұлттық банк деп аталуына байланыссыз кез-келген елдің басты эмиссиялық, ақша-несие институты болып табылады. Орталық банк – бұл «банктердің банкі». Ол жеке және заңды тұлғалармен операцияларды жүргізбейді. Оның клинттері – коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер, соныменен қатар ол әралуан қызметтер көрсететін үкіметтік ұйымдар.
Тікелей және тура әсер етуші мен реттеу, бақылау және қадағалау қызметтерін Орталық банк тек банктік мекемелерге қатынасы бойынша жүзеге асырады. Несиелік жүйенің басқа звеноларына Орталық банк негізінен тек қана жанама әсер ете алады, егер де олар несиелі-қаржылық қызметтер, нарықтың әртүрлі секторларында несиелік және ақшалай операциялар жүргізген жағдайда ғана.
Коммерциялық (екінші деңгейдегі банктер) банктер ссудалық капитал нарығының әртүрлі секторларына сүйенетін көпфункционалды мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде әйгілі көптеген қаржылық операциялар мен қызметтерді орындайды. Коммерциялық банктер кез-келген елдің несиелік жүйесінің дәстүрлі базалық звеносы, өзекті рөлді ойнайды. Олар сол қалпында, миллиондаған жеке тұлғалардың, іскерлік шеңберлердің және үкіметтің салымдарын шоғырландыратын қаржылық жүйенің орталығы болып қала береді. Ссудалық және инвестициялық операциялар арқылы коммерциялық банктер өз қорларына әртүрлі қарыз алушыларға жол ашылады.
Мамандандырылған несиелік мекемелер (оларды тағы да парабанктік ұйымдар деп те атайды) нарықтық экономикада несиелік жйенің маңызды және объективті керек звеносы болып табылады. Бұл мекемелерсіз экономиканың әртүрлі звеноларында және халыққа несиелік жүйемен көрсетілген қызметтер толық болмас еді.
Парабанктік мекемелер не клиенттердің белгілі бір типіне қызмет көрсетуге, не қызметтің бір-екі түрін жүзеге асыруға бағытталады. Олардың қызметтері нарықтың кішігірім секторына қызмет көрсетуге, ерекшеленген клиенттерге қызметті ұсынуға шоғырландырылады.
Бұл мекемелер үшін екі жақты бағыныштылық мінезді: бір жағынан, болашақта несиелік-есептік операцияларды іске асырумен байланысты олар Орталық банктің сәйкестендірілген талаптарымен басқарылуы керек; басқа жағынан, қандай да бір қаржылық, сақтандыру, инвестициялық немесе басқа да операцияларға мамандана отырып, олар сәйкестендірілген ведомствалардың реттеушілік әрекетіне түседі.
Несиелік жүйе, қаржылық институттар жүйесі ретінде, уақытша бос ақшалай қаражаттарды шоғырландыруды және бөлуді жүзеге асырады. Біруақытта ол қоғамдық ұдайы өндіру үрдісінде маңызды макроэкономикалық қызметтерді орындайды:
-
біріншіден, инвестициялық ресурстарды қолданушы компаниялар мен инвестициялық ресурстар иелері арасында ақпараттарды бөлуде асимметрияны жұмсарту және анықталмағандық дәрежесін төмендету есебінен инвестициялық ресурстарды тиімді орналастыруды жоғарлатуға мүмкіндік береді. Осы кезде инвестициялық ресурстарды иеленушілер үшін «анықталмағандық борышын» төмендетуге, сақтандырушылық кепілдемелер жүйесін құру мен ресурстарды орналастыруды басқаруда несиеліе жүйе институттарының кәсіби мамандануы маңызды.
Мысалы, ссудалар бойынша неғұрлым жоғары пайыз төлеуге немесе оларды қамтамасыз етуге жоғары кепілдікті беруге мүмкіндігі бар бірінші класты қарыз алушыларға банктердің бағыт алуы өзінің нақты және потенциалды қарыз алушылары туралы деректерді сәйкестендірілген банктердің құруына несиелік жүйені ынталандырады, ол рентабельділігі төмен, тиімсіз және сенімсіз компаниялардың қаржы нарығына кіруіне мүмкіндікті шектейді. Мұндай саясат қарыздық қаражаттарға мұқтаж кәсіпорындарды тек қаржылық серіктестері алдында өз репутациялары туралы қамданып қана қоймайды, сондай-ақ неғұрлым перспективті бағыттар мен шаруашылықтандыру формаларын іздестіруге мүмкіндік береді;
- екіншіден, екінші ретті өз міндеттемелерін шығару бойынша несиелік жүйенің қызметі қосымша инвестициялық ресурстарға экономиканың қажеттілігі мен оларды ұсыну арасындағы қарама-қайшылық рұқсат берудің маңызды формасы болып табылады. Ақша ресурстары иелерімен тәуекелдерді бөлісе келе, несиелік жүйе тәуекелге икемді емес халық тобының жинақтарын шаруашылық айналымға тартады. Басқа жағдайлар өзгеріссіз болғандағы, жинақтардың өсуі ақшаға деген сұраныстың азаюына және ссудалық пайыздың нарықтық ставкасының төмендеуіне әкеледі. Егер де инвестицияға сұраныс пайыздық ставка бойынша икемді болса, онда оның төмендеуі инвестициялық сұраныстың жоғарлауына әкеледі. Икемсіз бағалар және толық қамтылмағын жағдайда инвестициялық сұраныстың өсуі жинақтың өсуімен және сәйкесінше тұтынушылық шығындардың азаюымен қысқамерзімді кезеңде табыстың мультипликаторлық кеңеюін шарттайды және жиынтық сұраныстың бірінші кезеіті төмендеуін өтейді.ұзақмерзімді кезеңде жаңа техника мен технологияға материализацияланған инвестициялар экономикалық өсудің сандық және сапалық жаңа потенциалын қалыптастырады, тек қана сұраныс жағынан ғана емес (қысқамерзімдегі сияқты), сондай-ақ ұсыныс жағынан өндіріс көлемі мен жұмыспен қамтуды жоғарлаттудың факторы болады.
Несиелік жүйенің микроэкономикалық қызметтеріне жататындар:
-
клиенттерінң сұранысын қанағаттандыру: біреулерін олардың бос ақшалай қаражаттарын тарту кезінде, ал екнішілерін олардың инвестицияға қажеттілігін қанағаттандыру кезінде;
-
тәуекелдерді қысқарту;
-
өндірістерді қаржыландыру көздерін кеңейту.
Несиелік институттардың несиелік және инвестициялық қызметтері жинақталған ақша ресурстарының деңгейіне байланысты болады. Салыстырмалы төмен деңгейлі елдерде жинақталған инвестиция шетелдік инвестиция есебінен жоғарлауы мүмкін. елдің ішінде халықтың ақша қаражаттарын жинақтауы экономикаға жағымды әсерін тигізеді, өйткені банктердің ресурстары өседі, және сәйкесінше олардың несиелік мүмкіндіктері де жоғарылайды.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, капитал жинақтаудың ішкі көздері шешуші мәнге ие, өйткені кез-келген формадағы шетел капиталын қолдану сыртқы несиелендіруші жағынан экономикалық, ал кей жағдайды саяси талаптармен шартталған. Инвестицияның ішкі көздеріне мемлекеттік бюджет қаражаттарын, барлық меншік формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың меншіктік қаражаттарын. Соныменен қатар халықтық жинақтарды жатқызамыз.
Жинақтар, ссудалық капитал мен нақты экономика арасындағы ұйымды-экономикалық қатынастар тікелей және кері байланыстардың төтенше қиын жүйесін көрсетеді. Олардың мінезі мен формаларына несиелік жүйенің, сондай-ақ барлық экономиканың тиімділігі тәуелді болады. Сондықтан да, несиелік жүйе мен нақты экономика арасындағы өзара әрекеттердің тиімді механизмін құру қиын да, қатаң мәселе болып табылады.
Нарықтық экономикада несиелік жүйе өндірістік кәсіпорындардың дамуы үшін маңызды рөлді атқарады, олар алынған қаражаттарды ағымдағы жұмыстарын жүзеге асыру үшін. Сондай-ақ өндірісті кеңейту үшін қолданады. Осылай, несиені қолдану толығыменен елдегі өндіргіш күштерді дамытуды қамтамасыз теді. Несиелік жүйе салымшылардың ақшалай қаражаттарын сақтайды және тартылған ресурстармен операциялар жүргізеді.
Қазақстанның шаруашылықтандырудың нарықтық формасына көшуіне байланысты және осы кезеңде экономикада бірқатар жандануға жету әлемдік тәжірибеде жинақтаудың мәнін бірте-бірте өсіреді. Халықтың жинағының шоғырландырылуы, ал одан кейін несиелік жүйе мен бағалы қағаздар нарығы арқылы инвестицияланады, бірақ Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы жеткілікті дамымағандықтан , инвестор рөлін атқара алмайды, сондықтан да несиелік жүйе маңыздылығы өседі, бірақ қор нарығын дамытпай несиелік жүйе өз инвестициялық мүмкіндіктерін жеткілікті өткізе алмайды.
Несиелік жүйені өзіне банктерді, зейнеткерлік қорларды, сақтандыру қорларын және басқа да ақшалай қорларды, соныменен қатар осы қорларды басқаратын ұйымдарды кіргізетін жүйе ретінде қарастыруға болады. Сондай-ақ қарастыруға болады:
1. несиелік-есеп айырысу қатынастарының, несиелендіру формалары мен әдістерінің жиынтығы;
2. несиелік ұйымдардың (қаржылық-несиелік институттардың) жиянтығы.
Осылай, несиелік жүйені екі жақты қарастыруға болады. Несиелік жүйе – құрылымды-ұйымдық негізі қаржы-несие институттары олып табылатын несиелік-есеп айырысу қатынастарының, несиелендірудің әртүрлі формалары мен әдістерінің жиынтығы.
Жүйе дегеніміз белгілі бір тұтастықты, бірлікті көрсететін біртұтастыққа ұйымды біріктірілген және өзінің тапсырмалары бойынша жақын, бір-бірімен заңды байланысты көптеген элементтер танылады. Құрылым жүйенің ішкі формасы мен құрылуын бейнелейді. Құрылым жүйенің тұрақты жағдайын сақтауға мүмкіндік береді және оның ұйымдастырылуының көрсеткіші болып табылады. Қызметтер мен құрылым – екі біртұтастықтың өзара байланысты және өзара шартталған айырылмайтын жақтары, әсіресе жүйені ұйымдастыру. Олар сәйкесінше үрдістің формасы мен мазмұны ретінде қарастырылады.
Банктік жүйенің негізгі қызметі несиелендіру болып табылады. Халықаралық тәжірибеде несиелендіруден алынатын сыйақы банктер мен қаржы-несиелік ұйымдардың кірісінің негізгі көзі болып табылады. Несиелендіру жүйесі үрдістің мазмұны ретінде үш қондырмалық элементтердің жиынтығы ретінде әрекет етеді: несие субъектісі, несиенің объектісі және несиені қамтамасыз ету.
Несиелендіру жүйесінің базалық элементтері бір-бірінен ажырамайды және тек солардың жиынтығы және өзара толықтырымдылығы несиелік мәміленің сенімділігі мен пайдалылығын күшейтеді, ал олардың тұтастылығын бұзуға талпыныс жүйені бұзады және банктік ссудалардың қайтарымдылығының бұзылуына әкелуі мүмкін. несиелендіру жүйесінің барлық элементтерінің өзара әрекеттері несиелендіру принципіне негізделген. Несиелендірудің жалпыэкономикалық принципіне субъект ретінде несиелендіруге, сондай-ақ ссуданы қамтамасыз етуге бірдей емес көзқарасты қалыптастыратын дифференциялану принципі жатады.
Қазіргі жағдайларда ерекше мәнді объектіні, субъектіні және қамтамасыз ету сапасын ғана емес, сондай-ақ маржо деңгейін, несиелік операциялардың табыстылығы, тәуекелдерді қысқартуды сәтті бағалауды талап ететін рационалды несиелендіру принципі алады.
-
Несиелер: формалары, түрлері мен олардың классификациясы
Несие экономикалық категория ретінде өз формаларына ие болады. Форма қандай да болмасын объект үшін мінезді тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын көрсетеді. Несиеге байланысты оның формасы несиелік қатынастардың, әртүрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын олардың негізгі қасиеттерінің құрылымын бейнелейді. Кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыстар қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның мазмұнын толық бейнелейді. Несиенің бірнеше формасы бар: бұл – коммерциялық (несиелендіну субъектілері шарушалық субъектілері болып табылады), азаматтық (несиелендіру субъектілері азаматтар болып табылады), мемлекет аралық (несиелендіру субъектілері мемлекеттер болып табылады), банктік (несиелендіру субъектісінің бірі банк болып табылады). Осының ішінде банктік несиеге тоқталайық.
Несиенің түрі – бұл белгілі бір экономикалық қатынастар ретінде несиеден шығатын белгілі бір қасиеттерге ие болатын оның түрлілігі. Несиенің формасынан түрінің айырмашылығы диалектикалық категория болып табылмайды, ол экономикалық қатынастардың ерекше жағы ретінде несиенің түсінігің нақтылайтын классификациялау категориясы.
Классификация – бұл несие түрлері мен формаларынан да өте тар мағынасы болып табылатын ортақ белгілері бойынша несиелерді топтастыру.
Банктік несие – бұл ақшалай ссуда түрінде қарыз алушыларға банктердің, арнайы несие-қаржы мекемелерімен берілетін несие түрі. Банктік несие коммерциялық несиенің шекараларынан асып түседі. Бос ақшалай капиталдар кез-келген салаға бөлінеді және банктік несие құралы ретінде кез-келген бағытта қозғала алады. Банктік несие әмбебап болып табылады, өйткені банктер арқылы қайта бөлінетін ссудалық капитал экономиканың барлық сферасында пайдаланыла алады. Осы ерекшелігі оның тез дамуының себебі болып саналады. Ссудалық мәміле еркін мінезге ие болады, бұл жерде ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан оқшауланған. Несиелендірушінің мақсаты – пайыз түрінде табыс алу. Несиелендіру ретінде банктік мекемелер жұмыс істейді, олар несиені қайтарымдылқ, мерзімділік және пайыздық төлемділік шарттарында қарыз алушыға береді.
Банктермен берілетін несиелер несие бойынша (негізгі қарызы мен сыйақысына (қызығушылығына)) төлемділік мерзімдерін қарыз алушының сақтауына байланысты сапасы бойынша, қарыз алушының қаржылық жағдайы, қарыз алушының банкпен өзара қатынастары, несиелік тарихы, несиені қамтамасыз ету мен оның сенімділік және ликвидтілік дәрежесі бойынша келесідей топтарға жіктеледі:
-
стандартты;
-
күмәнді, оның өзі субстандартты, қанағаттандырылмаған және жоғары тәуекелді күмәнді несиелер болып жіктеледі;
Стандартты несие – бұл қайтару мерзімі жақындамаған және күмән туғызбайтын несие, яғни:
-
мерзімінде өтелмеген несиелерді жоқ деп мінезделетін меншіктік капиталмен қамтамасыз етілуінің жеткілікті деңгейіне ие қаржылық-тұрақты шаруашылық субъект болып табылатын қарыз алушы;
-
несиені сенімді және өтемді қамтамасыз ету. Қарыз алушыға берілген несие қамтамасыз етілген деп саналады банкке алуға үндеу болуы мүмкін әрекет етіп отырған заңдарға сәйкес ол бойынша негізгі қарызы мен оған қойылатын сыйақы үшін жеткілікті мөлшерде дұрыс құрылған қамтамасыз ету шарты болса.
Бұл категориядағы несиелерде олардың қайтарылмай қалуы мүмкін деген белгісі қарастырылмайды.
Субстандартты несие деп танылады, егер де келесідей негіздемелердің біреуі орын тапса:
-
негізгі қарызы мен сыйақысын қайтару бойынша төлемдерді 30 күнге дейін төлемесе;
-
төлеу уақытын бір реттен артық создырмаған.
Бұл топтағы несиелерге қаржылық жағдайлары тұрақты, бірақ белгілі бір қанағаттандырарлықсыз көрсеткіштері (дебиторлық қарыздары, тауарлар мен дайын өнімдердің өтемсіз қорлары) бар клиенттерге берілген несиелер жатады.
Қарыз алушыға сәйкестендірілген несиелік ақпарат саны санының болуы міндетті.
Қанағаттандырылмаған несие деп келесідей негіздемелерінің біреуі бар кездегі несие мойындалады:
-
негізгі қарызы мен сыйақысы (қызығушылығы) бойынша төлемдерін 30-дан 60 күнге дейін төлемеген жағдайда;
-
бір реттен артық ненсиенің төлеу уақытын создыру;
-
қарыз алушыға сәйкестендірілген несиелік ақпарат жинағы жоқ.
Банкте қарыз алушы туралы ақпарат болмаған жағдайда клиенттерге берілетін несиелер, төлем мерзімін сақтауына байланыссыз, несие берілген сәттен бастап осы топтағы несиелерге жатады.
Жоғары тәуекелмен күмәнді несиелер деп келесідей негіздемелердің біреуі бар болған кездегі несиелер танылады:
-
негізгі қарызы мен сыйақысын (қызығушылығы) қайтару бойынша төлемдерін 60-тан 90 күнге дейін кешіктіру;
-
негізгі қарызы немесе сыйақысын (қызығушылықты) жабу үшін табыстарын алудың негізгі көзінен қарыз алушымен алынатын қаражаттардың жүйелі (несиені бер сәттен бастап үш немесе одан да жоғары рет) жеткіліксіздігі;
-
1 жылдан артық емес мерзімге санацияларды жариялау;
-
қарыз алушыға материалдық залал келтіретін, бірақ оның қызметін тоқтатуды жүргізбеген форс-мажорлық жағдайлар;
-
басқа банктерден алынған несиелері мен кепілдіктері бойынша уақыты өтіп кеткен борыштардың пайда болуы.
Үмітсіз несие деп келесі негіздемелердің біреуі орындалған уақыттағы несие танылады:
-
негізгі қарызы мен сыйақысын қайтару бойынша төлемдерін 90 күннен артық кешіктіру;
-
қарыз алушыны банкрот деп жариялау;
-
бір жылдан артық уақытқа санациялар жариялау;
-
қарыз алушыға материалдық залал келтірген, және/немесе өзінің қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермейтін форс-мажорлық жағдайлар, соныменен қатар басқа да міндеттемелері.
Стандарттыққа жатқызылатын ұзақмерзімді несиелер (3 жылдан жоғары мерзімге) бойынша берілген пролонгациялардың мақсаттылығын растайтын құжататрды қарыз алушы ұсынған кезде, банк несиелерді субстандартты ретінде классификациялауға құқылы.
Өзінің міндеттемелері бойынша сенімді төлемші репутациясына ие қаржылы-тұрақты қарыз алушыға берілген бланктік несие субстандартты ретінде классификацияланады.
30 күннен артық күнге аударылған сыйақыларды кешіктірген жағдайда банк әрі қарай аударылатын сыйақы (қызығушылықтарды) баланста көрсетуін тоқтату керек. Аударылған сыйақыларды (қызығушылықтарды) 60 күннен жоғары төлеуін кешіктірсе, онда банк баланстан алынған сыйақыларды емес, аударылған сыйақыларды алып тастауы керек.
Контокоррентті несие сондай-ақ банктік несиелерге жиі қажеттілік тудыратын және банкпен ұзақ және үзілмес қатынастары бар клиенттеріне ашылады. Контокоррентті несие негізінен ағымдағы өндіріс пен айырбасты қаржыландыру үшін және инвестицияны қаржыландырумен байланыссыз беріледі. Контокорренті несие неғұрлым қымбат несиелер қатарына жатады және банк пен клиент арасында ерекше келісім-шартпен безендіріледі. Контокоррентті шотты қызмет көрсеткеніне банк міндетті түрде қарыз алушыдан айнымалы комиссия алады. Контокоррент бойынша сальдо дебеттік және кредиттік болуы мүмкін. дебеті бойынша төлемдер жасалады және дебеттік сальдо ағымдағы төлемдерді жүзеге асыру үшін қарыз алушыда меншіктік ақша қаражаттары жоқ екндігі куәландырады және оған несие қажет. Кредиті бойынша кәсіпорынға келіп түсетін барлық түсімдер мен басқа да кірістер кіргізіледі. Кредиттік сальдо ақшалай қаражаттардың түскенін көрсетедә және тез алу талаптары бойынша шоттары бойынша пайыздардың мөлшеріне сәйкес келетін клиенттің пайдасына % төлеу үшін негіз болады. Барлық төлемдік айналым контркоррентте жинақталғандықтан, қарыз алушының есептік шоты жабылады.
Контокоррентің түрлілігі овердрафт болып табылады, онда есептік шот дебеттік сальдоға ие болады, бұл жеке ссудалық шотты аша отырып, клиент өзінің есептік шотындағы өзінің қалдықтары мен түсімдерінен артық банктің ресурстар есебінен есептік құжаттарға қосымша төлемдер жасауға құқық алады. Конткоррент сияқты овердрафтта бірінші кластық клиенттер үшін және аз деген де екі шарттың сақталуы кезінде енгізіледі:
- болжалынған кезеңде клиенттің меншіктік қаражаттары оның шығындарыннан жоғары болған кезде;
- осы банктің мерзімдік депозитіне оның ақшалай қаражаттарының қажетті деңгейін бір жылға салуға клиенттің келісімі талап етіледі.
Контокоррент бойынша және овердрафт бойынша несиелендіру кезінде ссудалық борышы бірінші класты өтемділік құралдары сомасынан асып кетпеуі маңызды.
Вексельді несие ұсынушы және вексель берушінікі болып бөлінеді. Ұсынушылық вексельдік несие екі түрде болады: кепілдемелік және есептік.
Есептік несие – дисконтты алып тастаумен вексель бойынша төлем мерзімі жеткенге дейін банктің вексельді сатып алуы. Есептік несие қарыз алушымен есептік несие туралы келісім жасау негізінде беріледі. Есептік несие сомасы мен мерзімі екі жақтың келісімі бойынша векселмен анықталады. Векселдерді есепке алу бойынша несие векселді сатып алу күнінде жазу жолыменен беріледі (төлем уақыты кедген күнде вексель құнынан дисконтты алып тастау). Несиені өтеу төлем жасауға міндетті тұлғамен векселге төлем жасау жолымен төлем мерзімі жеткен кезде жүргізіледі. Егер де төлемші төлем қабілетті болмаса, онда векселді ұсынушы немесе вексель бойынша басқа да міндетті тұлғалар несиені өтеулері қажет. Вексельді сатып алу кезінде есептік ставканы белгілеу кезінде банк келесілерге сүйенеді:
-
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми анықталған есептік ставка деңгейіне;
-
ақша нарығындағы және капиталдар нарығындағы пайыздық ставкалар деңгейіне;
-
вексельдің сапасына;
-
ұсынылатын вексельдер көлеміне;
-
банк үшін клиенттің маңыздылығы.
Банк есептік несие бойынша қарыз алушымен келісім – шарт құрудан бұрын оның несие қабілеттілігін тексереді. Банк ұсынушыға вексельді қайтаруға және несиені өтеуді талап етуге құқығы болады, егер де.
-
төлемші туралы алынған мағлүматтар теріс болса;
-
вексель бойынша төлемші акцептері, яғни трассатпен вексельде белгіленген мерзім жеткен кезде вексельді төлеу міндеттеме траттаты бойынша ұсынылған қарсылық қабылданса;
-
төлемшінің қаржылық жағдайы нашарласа.
Соныменен қатар, банк сондай-ақ векселді беру негіздемесін тексереді.
Вексел беруші несиесімен жай ақшалай несиені банктен алу қамбаттылығынан мүмкіндік болмағанда және есеп айырысу үшін айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі кезінде сатып алушы рөлінде шығатын кәсіпорындар қолданады. Мұндай жағдайда банк клиентпен несиелік келісім-шарт құрады, осыған сәйкес қарыз алушы, несие ретінде келісімде белгіленген жалпы сомаға несие беруші банктен вексель пакетін алады. Бұл несиеге пайыздық ставка жай банктік несиеге қарағанда төмен белгіленеді, ақшамен салыстырғанда вексельдердің төмен өтемділікке ие болуына байланысты. Несиенің бұл түрінің қайтарымдылғын қамтамасыз ету бірінші класты банк кепілдемесі немесе кепілдік фоормасында вексельдік несчие туралы келісіммен қарастырылады. Банктер өз клиенттеріне жеке ссудалық шот ашумен вексельді қамтамасыз етумен несиелерді береді. Вексельдермен несиелендіру екі түрде жүзеге асырылады:
* қысқамерзімді вексельдермен несиелендіру;
* мерзімсіз вексельдермен несиелендіру. Вексельді ұстаушының сыйақысы вексель номиналына векселдің барлық айналым кезеңіне аударылатын пайыздар болып табылады. Ал мерзімді вексельдерде векселді ұстаушының табысы векселді сатып алу бағасы мен векселді өтеу бағасы арасындағы айырмашылық-дисконт болып табылады.
Жалгерлік несие (лизинг) және капиталдық салымдарды қаржыландыру белгілі бір кезеңге кәсіпорынның өндірістік құрал-жабдықтарын жалға алу шартында берілумен қортындыланады. Лизингтік операциялар келесідей бөлінеді:
* оперативті, ол бойынша жабдықтар жалға алу мерзімінде толығыменен сатып алынбайды, яғни лизингті ұстаушы шығындары лизингтің бастапқы мерзімі ішінде жартылай ғана сатып өтеледі, өйткені лизинг мерзімі қысқа (рейтинг – 1 күннен 1 жылға дейінгі лизинг, хайринг – 3 жылға дейінгі лизинг);
* қаржылық лизинг- толық сатып алынатын лизинг, өйткені мерзімі ұзақ;
* қызмет көрсетумен лизинг, яғни жалға берілген жабдықты ұстаумен және қызмет етумен байланысты лизингті ұстаушының көрсететін бірқатар қызметтерін көрсетеді (қызметтердің толық жинағымен лизинг);
* ливередж лизинг – жалға берілетін жабдық құнының үлкен бөлігін үшінші жақтан-инвестордан алатындығын көрсететін қаржыылқ лизинг;
* қоржындағы лизинг – жабдықтарды жалға беру кезінде, ғимараттар мен үйлерді несиеге беру арқылы кәсіпорындарды қаржыландыру жүйесі;
* тікелей лизинг - жалға алушы мүдесіне шығарушы-кәсіпорыннан жалға берушінің мүлікті сатып алуы;
* қайтарымды лизинг – біруақытта шығарушы-кәсіпорынның өзінің мүлкінің бір бөлігін лизингтік компанияға жалға алу туралы келісімді құра отырып беруі;
* қайта жаңартылатын лизинг –лизингтің бірінші мерзімі өткеннен кейін жалғасатын келісім-шарт;
* жанама лизинг, мүліктерді беру делдалдар арқылы жүргізіледі;
* қозғалмайтын мүлік лизингісі;
* қозғалатын мүлік лизингісі;
* бұрыңғы қолданылған мүлік лизингісі;
* таза лизинг, егер де берілетін мүлікке көретілетін қызметтің барлығын лизинг алушы өз мойнына алса;
* қызметтердің жартылай жинағымен лизинг – лизинг беруші лизинг затын қызметі етуі бойынша жекелеген қызметтерін өз мойнына алуы;
* ішкі лизинг – мәмілеге қатысушылардың барлығы бір елдің өкілдері болып саналады;
* транзитті лизинг – лизингтік операцияларды жасаушылар әртүрлі елдер болып табылады;
* экспорттық лизинг – лизинг алушы шет елдері болып табылады;
* импорттық лизинг – лизинг беруші шет елдері болып табылады;
* фиктивті лизинг-мәсіле алып-сатарлық мінезге ие болады;
* нақты лизинг – жалға беруші салықтық жеңілдіктерге ие болады;
* ақшалай төлемді лизинг;
* компенсациялық төлеммен лизинг – төлемдер лизингке берілген жабдықтардан шығарылған өнімдерді жеткізумен жүзеге асырылады;
* аралас төлеммен лизинг;
* құралдарды тартумен лизинг – бұл жалға берілген активтердің 80 %-на дейінгі сомасына займды лизингке берушінің алуын көрсететін формасы;
* лизинг "стандарт" – жеткізуші жабдықтарды кредиторға (банкке)
* "жеткізуге" лизинг – басқа желгерлерді табу шартымен кредиторға жабдықтарды жеткізушілердің сатуы.
Осыменен лизингтік операциялардың классификациясы бітпейді. Лизинг салыстырмалы жаңа банктік өнім, оны несиені қайтаруды қамтамасыз ету формасына және несиелендіру формасына да жатқызуға болады. Лизингтің банктік несиеден айырмашылығы ссуда бойынша залог ретінде қарыз алушы мүлкіне меншік құқығын банк өзіне қалдырады. Оны толық өтегеннен кейін ғана мүлік қарыз алушының меншігіне айналады. Банктермен лизингтік мәмілелерді қаржыландыру негізінен екі тәсілмен жүзеге асырылады:
* заем. Банк лизингке берушіні немесе лизинг алушыны несиелендіреді. Қамтамасыз етілуі лизингтік мәміле және лизингтік төлемдер болып табылады.
* міндеттемелерді сатып алу. Банк лизанг берушіден регресске құқықсыз оның клиенттерінен міндеттемелерін сатып алады. Бұл кезде банк гарант ретінде шығады.
Нарықтық қатынастарға көшу кезінде банктер қызметінің бірігуі жүреді.
Біріктіруді құрудың мақсаты ірі шараларды қаржыландыруды жүргізумен байланысты. Мұндай бірігулердегі маңызды орынды банктік консорциумдар алады, олар несиелік, кепілдемелік және басқа да операциялар үшін құрылады. Консорциум қандай да бір жобаны іске асыру үшін банктердің келісімдік негізінде уақытша бірігуін көрсетеді. мақсатқа жеткеннен кейін консорциум не өзінің қызметін тоқтатады, не жаңа консорциумдық келісім құрады. Консорциумдардың қызметі біріккен үлестік қаржыландыру, соныменен қатар оларды орындамауға материалдық жауапкершілік немесе жеткілікті орындау принципінде құрылады.шетелдік несиелердің үлкен бөлігі консорциалдық несиелер есебінен беріледі. Қарыз алушының сенімділігі мен қаржыландырылатын жобаның пайдалылығы несиелендірудің шартын анықтайды. Консорциалдық несие бойынша қатынастар бірқатар келісімдермен безендіріледі: бастапқы келісім консорциалдық несие болып табылады, онда консорциумның құрылғандығы айғағы, оның мақсаттары, құрылтайшыларының құрамы, әрбір банк ресурстарының квоталары, консорциумді басқару тәртібі (ондай бір немесе бірнеше банктер болуы мүмкін), қатысушылардың құқықтары мен міндеттемелері тіркеледі. Консорциум мен қарыз алушы арасындағы несиелік қатынастар стандартты несиелік келімсіммен немесе генералды несиелік келісім-шартпен реттеледі. Осы келісімдердің шегінде одан кейін кепілдік туралы келісім-шарт құрылады. Несиені өтеу уақыты келген кезде қарыз алушы несие берушіге тек қана қарызға алған қаражаттарын және пайыздарын ғана қайтарып қоймайды, соныменен қатар консорциалдық несиені ұйымдастырумен және іске асырумен байланысты барылқ шығындарды және осы операцияға қатысу сомасы мен олардың рөлдеріне пропорционалды несиелік операцияларға қатысушылардың шығындары да қайтарылады. Басқарушы-банк өзінің тікелей шығындарын жабатын пайыздар мен комиссиядан басқа, консорциумды ұйымдастырғаны және басқарғанына арнайы сыйақылар алады.
Банкаралық несие – банктердің өзара уақытша бос ақша қаражаттарын тартуы және орналастыруы. Қазақстандық банк жүйесінің бастапқы құрылған кезінде банктердің негізгі сандары үшін несиелік ресурстардың негізгі көзі болып банкаралық несиелер болып табылды. Бір-біріне қаржылық жағдайлары негізінде банктер арасында банкаралық ынтымақтастық туралы бас келісім, содан кейін несиелік келісім-шарт құрылады. Неғұрлым абайлау банктері валюталық несиелер беру кезінде несиенің қайтарылуын қамтамасыз етуді талап етеді және кепілдік келісімін құрады. Банкаралық несиелер әртүрлі формада берілуі мүмкін. Егер де корреспонденттік қатынастары болмаса, онда банкке ссудалық шот ашылуы мүмкін. ал корреспонденттік шоттар бойынша берілген барлық несиелер корреспонденттік шот ашылғандығы туралы келісім-шартпен безендіріледі және оған қосымша овердрафт туралы келісім құрылады. Белгілі бір мерзімге шоттағы қаражаттарды брондау кезінде несиелік келісім-шарт құрылады. Банктердің бір-бірін несиелендіруінің негізгі объектісі төлемдік айналымдағы үзіліс болып табылады.
Ломбардты несиелендіру – Ұлттық банкпен мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілдікке қоя отырп ұлттық валютада беретін несиесі. Ломбардтық несие берілгені туралы келісім-шарт банктің жазбаша тапсырысы және Ұлттық банк пен қарыз алушы банк арасында құрылған бас несиелік келісім мен кепілдік туралы келісім-шарты болған кезде ломбардтық несие беру туралы Ұлттық банктің шешімі негізінде құрылады. Ломбардтық несие екінші деңгейлі банктерге 28 күннен артық емес мерзімге беріледі және ломбардтық несиені өтеу күні бағалы қағаздарды өтеу мерзімінен 10 күнтізбектік күннен аспауы керек. Пайыздарды аудару қарыз алушы банктің корреспонденттік шотына несие түскен күннен бастап жүргізіледі. Осы несиені қолданғанына пайыздарды төлеу оны өтеу мерзімі басталған кезде жүргізіледі. Күнібұрын қайтары және уақытын создыру жіберілмейді. Ломбардтық несие сондай-ақ басқа да мәндерге ие. Ломбардтық несие ретінде сондай-ақ тез өткізілетін мүлік немесе құқықтар кепілдігі де қарастырылады.
Ломбардтық несиенің маңызды түрлеріне жатады:
* талап етілген уақытта алу шартында бағалы қағаздарды кепілдікке қою арқылы алынатын ломбардтық несие. Несие сомасы бағамдық құнынан 50-ден 90-ға дейінгі пайызды құрайды, ал қалған бөлігі – маржа – сатып алушы бағасы мен сатушы бағасы арасындағы айырмашылық – мәміле құрылған кезде қарыз алушымен төленеді. Бағалы қағаздардың құндарын банк биржалық бағамнан бірнеше төмен (оның ауытқуынан) анықтайды. Кепілдік үшін бағалы қағаздардың жарамдылығын есепке алумен бағалы қағаздар сапасының критериясы шығаратын жақтың қаржылық жағдайы мен тез өткізілуі мүмкіндігі есептеледі.
-
Тауарлар кепілдігіне ломбардтық несие.
-
Бағалы металлдар кепілдігіне берілетін ломбардтық несие.
-
Талаптар кепілдігіне берілетін ломбардтық несие. Мысалы: еңбек ақыны төлеуге талаптар, сақтандыру келісімдері бойынша талаптар, депозиттер және басқалары.
Қарыз алушы үшін ломбардтық несиенің құны пайыздардан және комиссиялық төлемдерден құралады. Комиссиялық алымдар деңгейіең алдыменен кепілдіктегі мүліктерді сақтау бойынша шығындарға байланысты.
Ипотекалық несиелеу – қозғалмайтын мүлікті кепіддікке қоя отырып берілетін несие. Ипотека несиені қамтамасыз етудің неғұрлым сенімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Несиелендіру схемасы ипотекалық ссуданың түріне байланысты:
-
Типтік (стандартты) ссуда, бұл кезде қарыз алушы бірқатар соманы алады, ал одан кейін қарызын бірдей үлесте кезеңмен өтейді.
-
Өспелі төлемдермен ссудалар. Негізгі қарыздың деңгейі пайызымен біршама уақыт жоғарылайды, ал әрі қарай азаяды. Қарызды толығыменен өтеу соңғы салымдармен жүзеге асырылады.
-
Салымдар сомасының кезеңді өсуімен ипотека. Бұл жағдайда әрбір кезең сайын (1,2 жылда) салымдар сомасы жоғарылап отырады.
-
Кепілдік шотпен ипотека және төмендетілген ставкамен алынатын қарыз. Қарыз алушы кепілдік шотына біршама сомасын салады және кезеңділік салымдарын төлеп отырады. Жетіспеген бөлігі кепілдік шоттан түсіп отырады.
-
Төлемлерінің өзгермелі сомасымен ипотека қарыз алушы негізгі қарызын немесе пайыздарын ғана төлейтінін қарастыратын жеңілдік кезеңді қарастырады.
-
Пайыздық ставкасын кезеңділікпен қарастыру ссудасы. Мұндай түрде қарызды ұзақмерзімді кезеңмен өтеу кезінде ортамерзімді қаржыландыру жүргізіледі.
-
Өзгермелі пайыздық ставкамен ипотека. Ставка деңгейі келісім-шартта нақты деңгей түрінде тіркеледі, ол қандай да бір қаржылық көрсеткішке немесе индекске байланысты болады. Ставканы қарастыру жылына 2-4 рет жүзеге асырылады. Пайыздық ставканың бірден өзгеруін болдырмау үшін түзетудің мүмкінді нормасы қарастырылады.
-
Мүліктің өсімін бөлумен ссуда. Несие беруші ссуданы төмендетілген пайыздық ставкамен береді, өз алдына қарыз алушы мәміле мерзімінің соңына мүлік құнының инфляциялық жоғарлауының бір бөлігін оған кері
-
Кері аннуитетпен закладтық. Үйді кепілдікке салудан оның иесінің алатын жүйелік табысы.
Ипотекалық ссудалар құрылыстық цикл үрдісінде аралық қаржыландыру формасы ретінде құрылыстық фирмаларға беріледі. Бұл категорияға жеке тұлғаларға берілетін ссудалар да кіреді.
Банктік ссуда қарыз алушылардың типтері бойынша келесідей түрде классификацияланады:
-
Банктік емес қаржылық емес мекемелерге (сақтандыру компаниялары мен қаржылық компаниялар) ссудалары.
-
Сауда-өнеркәсіптік кәсіпорындарына (жеңіл, тамақ өнеркәсбінің кәсіпорындары, саудалық-жабдықтаушы, дайындау салаларының кәсіпорындары) ссудалар.
-
Ауылшаруашылығы кәсіпорындарына ссудалар өсімдік және мал шаруашылықтарына маусымдық шығындарды қаржыландыруға беріледі, нақты айтқанда – ауылшаруашылығы техникасын, тыңайтқыштарды, тұқымдарды, жем, витаминдерді, жанар-жағар майды, маллды және тағы басқаларын сатып алуға беріледі. Ауылшаруашылығы ссудалары негізінен қысқамерзімді және ортамерзімді мінезге ие және салыстырмалы түрде көп көлемде берілмейді, және олар үшін қамтамасыз ету көзі оны сақтандыру шартында болашақ алынатын егін, малдар, ауылшаруашылығы техникасы саналады, жеке жағдайларда кепілдеме ретінде мүлік немесе кепілдіктер алынуы мүмкін.
Бірақта ауылшаруышылығы ссудаларын беру банк үшін білгілі бір тәуекелдерді тудыруы мүмкін. Бұл аграрлық өндірістің табиғи жағдайларға тікелей тәуелділігіне және ауылшаруашылығы өнімдеріне бағалардың тұрақсыздығына байланысты. Сондықтан да банктер беретін ссудаларын сақтандыруға жүгінеді және фермерлерді өндірістерін диверсификациялау қажеттілігіне сендіру бойынша шараларды қолдануға жол береді. Мұндай ссудалар кооперативтерге делдалдық несие формасында беріледі. Кооперативтер оларды өзінің мүшелес-кәсіпкерлерінің шаруашылығына беріледі.
Жеке тұлғаларға ссудалар.
Әлемдік банктік тәжірибе жеке тұлғаларды несиелендірудің бірқатар қағидаларын шығарды, оны кредиторшылар мен қарыз алушылар міндетті түрде сақтау керек. Банктен несие алу үшін жеке тұлға банктің арнайы құрылған стандартты анкетасын көрсететін өтінішін беруі талап етіледі. Банк үшін өтінішті алу келесілер үшін негіздеме болып саналады:
-
қарыз алушының несиеқабілеттілігі мен төлемқабілеттілігін тексеру;
-
несиелік келісім-шартты құру;
-
несиені қамтамасыз ету туралы қортынды жасау.
Халыққа несиелік қызметтерді көрсету тұтынушылық және персоналды ссуда түрінде беріледі және банктің маңызды қызметтерінің бірі болып табылады. Ең алдыменен, тұтынушылық несие дегеніміз ұзақ қоланылатын тауарларды сатып алуға немесе тікелей азаматтарға көрсетілетін әртүрлі қызметтер бойынша шығындарды жабуға, яғни соңғы тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға берілетін несиелер. Сондықтан да тұтынушылық ссуда халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарлануымен байланысты, өйткені туарларды қарыз алушы төлеу мүмкіндігі болғанға дейінгі уақытта қолдануға мүмкіндік береді. Тұтынушылық несиелерді ерекше көп қолданатындар жұмысшылар және орташа деңгейлі табыс алатын қызметкерлер және жеке-дара-кәсіпкерлер. Шетелдік тәжірибеде және біздің тәжірибеде тұтынушылық ссудалардың көптеген түрлері бар.
Олардың ішіндегі неғұрлым кең тарағандары келесілер:
1. Мерзімі бойынша несиелер:
а) мерзімсіз несиелер белгіленбеген мерзімге банктермен берілетін несиелер (талап етілгенге дейінгі ссудалар), яғни қарыз алушы банктің бірінші талабы бойынша ссуданы өтеуі қажет, егер де банк ссуданы өтеуді талап етпесе, онда ссуданы алушының қарауы бойынша банктік несие өтеледі.
б) мерзімдік несиелер:
-өте қысқа - 3 айға дейінгі;
-қысқамерзімді - 1 жылға дейінгі;
-ортамерзімді - 3-5 жылға дейінгі;
-ұзақмерзімді - 5 жылдан жоғары.
2. Қамтамасыз етілу түрлеріне қарай:
-клиенттің мүлкін кепілдікке қою;
-заңды тұлғалардың кепілдемесі мен кепілдендіру;
-бағалы қағаздар. Несиені қамтамасыз ету ретінде банк қарыз алушыдан атаулы акцияларды, сондай-ақ ұсынушы акцияларын қабылдайды, меншік құқығын беруді куәландыратын сәйкестендірілген заңды құжаттарды рәсімдеумен қоса жүргізіледі. Бұл бағалы қағаздардың тек сақталуға берілгені ғана емес, сондай-ақ залог ретінде банкке көшкенін растайтын қажетті шарт. Банк бұл бағалы қағаздарды сатуға құқығы бар, егер де несие қайтарылмаған жағдайда өз шығындарын өтеу қажеттілігі туса.
3. Ссудаларды беру әдістері бойынша. Жекелеген қарыз алушыларды банктермен несиелеу тәжірибесінде ссудаларды берудің екі әдісі қарастырылған.
Бірінші әдісіне сәйкес банкпен несие беру туралы шешім клиенттің өтініші негізінде шығарылады. Екінші әдісінің мәні несиелендірудің күнібұрыңғы белгілі бір лимиті шегінде несиені берумен қортындыланады. Клиент несиелік карточкалар көмегімен немесе банкке чектер жазып беру жолымен қажеттілігіне қарай несиені қолдана алады. әрбір карточка бойынша және әрбір чектік кітапша бойынша кезеңдідікпен қарастырылып отыратын несиелендіру лимиті анықталған.
4. Өтелу тәртібі бойынша:
- біртіндеп өтелетін ссудалар (айсайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынңы салымдар);
- қандай да бір ірі мәмілелерді жүзеге асыруға берілетін олардың мерзімі бітуі бойынша төлемімен бір уақытта өтелетін ссудалар;
- ссуданы өтеудің жеке графигі белгіленген, несиелік келісімде анықталған ерекше шарттармен сәйкес өтелетін ссудалар.
5. Пайыздарын төлеу тәсілдері бойынша:
- қарапайым ссудалар;
-несиені беру кезінде ссудалық пайызды (дисконтты) ұстау қарастырылған дисконтты ссудалар.
6. Несие валютасын таңдау бойынша:
- ұлттық валютадағы ссудалар;
- неғұрлым тұрақты валютаға баламасында ұлттық валютадағы ссудалар;
- шетелдік валютадағы ссудалар;
- бірнеше валютада берілетін ссудалар.
Тұтынушылық несиелердің кейбір түрлерін неғұрлым толық ұйымдастырылуын қарастырайық.
Білім алуға ссудалар – бұл төмен деңгейлі банктік пайызбен ұзақмерзімді ссудалар. Оларды мектепте балалардың, студенттердің оқуына төлеу үшін пайдаланады. Қарыз алушы барлық соманы бір уақытта алуы қажет емес. Ол өзіне қажетті қаражаттарды белгілі бір уақыт аралығында – 5 жылға дейін ала береді. Ссуданы өтеу мерзімі қарыз алушы тұрақты жұмыс орнын және тұрақты табыс алғанға дейін 10 жылға дейін белгіленуі мүмкін.
Жекелеген шарттармен ссудалар – күрделі сатып алуларға (үй, автомобиль, үй салу және жөндеуге және басқалары) берілетін салыстырмалы банктердің жаңа несиелік қызметі. Мұндай несиелерді беру кезінде сатып алу құны 100 пайызға несиелендіріледі. Ссуданың бұл түрі ұзақмерзімді. Қарыздарын өтеу екә тәсілмен жүзеге асырылады:
-
жай төлемдер, ай сайынғы ссудаларды өтеу мен банктік пайыздарды жабатын;
-
тек пайыздарын аудару, ал несиенің негізгі сомасы қарыз алушы кіріс көргеннен кейін өтеледі.
Төлемін созумен несие – бұл ұзақ қолданылатын тауарларды сатып алуды және қызметтерге төлем жасауды қаржыландыру үшін қызмет ететін артықшылықты орта мерзімді несие. Бұл несиені өтеу күнібұрын белгіленген әртүрлі үлесте, деңгейде және мерзімде жүзеге асырылады.банктік тәжірибеде төлемін созумен несиенің 3 түрін бөліп көрсетуге болады:
- қаржылық мекеме саудалық фирманың делдалдық көмегінсіз несиені береді. Ссуда тікелей банктің өзіне қайтарылады. Мұндай несиелердің мерзімі 3 айдан 12 айға дейін болады.
- банк клиентіне қаржылық қызмет көрсетуді саудалық фирмамен бірге жүзеге асырады. Қарыз алушы (сатып алушы) тауарды сатып алған кезде оның құнының 20-30 пайызын ғана төлейді. Қалған бөлігі банктің берген несиесімен жабылады. Банк пен саудалық фирма өзара төлемін созу несиесін беру туралы бас несиелік келісімді құрады. Бұл келісімде банктің сатып алу құнынан 80 пайызын саудалық фирмаға аудару міндеттемесін өз мойнына алатыны қарастырылады. Клиентпен салынған соманы (20 пайызды) банк несиені қамтамасыз ету ретінде сақтайды. Несие бойынша соңғы төлем түскеннен кейін банк бастапқы салымды (20 пайызды) саудалық фирмаға аударады. Қарыз алушы төлемқабілетсіз болған жағдайда несие бойынша жауапкершілікті саудалық фирма өз мойнына алады.
- вексель қолданылады. Сатып алушы тауарлардың 25-тен 40 пайызына дейін салады. Қарыз алушы өтеуі керек несиенің әрбір тең үлесіне сәйкестендірілген мерзімі бар вексельдер шығарылады. Оларды шығаратындар банктер болып табылады, комиссиялық төлемдерін алмай саудалық фирма пайдасына векселді есепке алады, өйткені векселді ( сатып алынған тауар) қамтамасыз ету несиені қайтарудың сенімді кепілдемесі болып саналады.
Персоналды несиелер не қамтамасыз етілмеген формадағы несие түрінде, не қалпына келтірілетін несие түрінде беріледі. Қалпына келтірілетін несие клиентке оны күнібұрын анықталған мөлшер шегінде қолдануға мүмкіндік беретін несие. Мұндай ссуданы банктің кез-келген табысының тұрақты көзі бар клиенті ала алады. Персоналды несиелер несиелік келісім-шарт құрылмай-ақ беріледі. Қымбат тауарларды сатып алғанда банк тауарға төлем жасасған шотын көрсетуді талап етеді. Ссуданы беру үшін негіз табыс (еңбек ақысы туралы анықтама) көздері туралы бекітілім және банк пайдасына оған жеңілдіктер саналады. Несие тең төлемдермен өтеледі. өтеудің жалпы сомасы ссуданың сомасына ссудаларды безендіруге пайыздарды және несиенің барлық кезеңіне папйыздарды қосқаннан тұрады. Сондай-ақ персоналды несиелер бірдей сомада берілуі мүмкін; бірқатар жағдайларда қарыз алушыға талап етіліп отырған несие мөлшеріне арнайы несиелік шот ашылады, ол бойынша қолма-қол сомада ақша алу үшін чек жазылады. Мұндай несие бойынша банкпен қойылатын пайыз тіркелуі де, тіркелмеуі де мүмкін. соныменен бірге несиелендіру шарты әрбір нақты жағдайда персоналды анықталады.
Персоналдық несиелерді берумен қатар банктер ерікті коммерциялық құрылымдардың бастықтарына және басқа да жеке тұлғаларға рұқсатты овердрафт жолымен несиелер береді. Бұл несие диспозициялық деп аталады, яғни шоттың иесі лимит шегінде талап етілетін ақша санын одан шешуге құқығы бар, мұндай несиелердің нақты сомасының болуы қажет емес. Диспозициялық несиенің жоғары бағасы оның қамтамасыз етілмейтін негізде берілуімен байланысты. Мұндай несиені несиелік карточка және чектік кітапша көмегімен алуға болады. Чектік несие қарыз алушының чектік шотының болуын қарастырады. Несие чектік шоттағы қалдықтар біткен сәтте беріледі.
Көрсетілген банктік несиелердің классификациясы өзін толығыменен бітірген жоқ. Банктік несиелердің жаңа түрлері мен формалары әрдайым пайда болып отырады. Бұл классификация шартты мінезге ие болады, өйткені тәжірибеде кез-келген несие бір ғана емес, бірнеше критерияларға жауап береді және бірнеше классификациялық топтар үшін бейнелеу қызметін атқарады. Осылай, әлемдік тәжірибеде, жекелеп алғанда Қазақстан Республикасының банктік қызметінде осындай несиелердің түрлері анықталған.
1997 жылдың аяғында Еуропалық Қайта құру мен Даму банкінің «Қазақстанда шағын бизнесті дамыту» бағдарламасына қол қойылды, ол 10 жылға есептелінген. Бұл бағдарламаны іске асыруға қатысатын банктермен қазақстандық нарық үшін салыстырмалы жаңа екі банктік қызмет өнімдері игерілді:
1. Микронесиелер, олардың мөлшері $500-ден $30 мың арасында ауытқиды, өтеу мерзімі 12 айға дейін. Микронесиелерді сауда, өндіріс, қызмет көрсету сферасында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларды құрмаған жеке кәсіпкерлерге және жеке тұлғаларға алуға болады.
2. Аз көлемдегі займдар, олардың мөлшері $30 мыңнан $75 мыңға дейін, кейбір жағдайларда $125 мыңға дейін, олар 1-2 жыл мерзімге өндіріске және қызметтерге беріледі.
Несиелендірудің екі түрі бойынша пайыздық ставкалар жергілікті банктермен нарықтық деңгейде қойылады, осы кезде жобаны бірге қаржыландыру талабы сақталуы керек: қарыз алушы оның құнының 30 пайызын қамтамасыз етуі керек.
Сондай-ақ, банк-агенттер және гарант рөлінде шығатын жергілікті банктер арқылы кәсіпорындарға ссудалар ұсыну үшін Кәсіпкерлікті Қолдаудың Орта азиялық-американдық Қорымен Азиялық Несиелік компаниясы арасында агенттік келісімдер құрылды.
Несиелендіру шарттары:
-
Несие сомасы 25 мың АҚШ долларынан 300 мың АҚШ долларына дейін;
-
Барлық несиелер АҚШ долларында беріледі және өтеледі;
-
Өтеу мерзімі 3 жылға дейін, оның ішінде 6 айға дейін жеңілдетілген кезең, ол кезде пайыздарын өтеу жүргізіледі де, негізгі қарыз бойынша төлемдер жүргізілмейді;
-
Жылдық пайыздық ставкасы - 18%;
-
Несиелерді өтеу ай сайын жүргізіледі.
Бұл несиелік жолмен берілетін қаражаттар тек өндірумен және қызметтер көрсетумен байланысты жобаларды қаржыландыруға беріледі.
Шағын және орта бизнесті несиелендіру сферасында қазақстандық банктердің белсенділігінің өсуін айта кете, оларда бар мүмкіндіктің барлығы толығымен бейнеленіп отырған жоқ екендігін атап кетуіміз керек, және ол бірқатар объективті және субъективті себептермен шартталған.
Достарыңызбен бөлісу: |