Кіріспе I негізгі бөлім. АҚша қаражаттарының жалпы сипаттамасы



бет1/3
Дата03.07.2016
өлшемі0.55 Mb.
#175842
  1   2   3




МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ …………………………...........………………………………………......3


I НЕГІЗГІ БӨЛІМ. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Ақша қаражаттары туралы түсінік ..........................................................5

1.2 Ақша қаражаттарының баламалары.........................................................7

1.3 Валюта жүйесінің типтері , даму кезеңдері............................................9
II КӘСІПОРЫНДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ..........................15

2.1 Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары есебі.....................15

2.2Ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша

қаражаттарының есебі..................................................................................20

2.3 Банктегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алу...........24

2.4 Қазақстан Республикасының валютасы. Қазақстан Республикасының банкноттары..............................................................................................................27

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................34


КІРІСПЕ
Ақшаның рөлін айқын түсінуден басқа нарықтың экономика қызметінің тетіктерін түсіну үшін одан маңызды ештеңе жоқ. Өйткені, ақшаны «нарықтың тілі» деп жәйдан жәй аталмаған.

Ақша - жалпыға бірдей эквиваленттің рөлін орындаушы, айрықша тауар. Олар тарихтың белгілі бір кезеңінде өз бетімен бөлініп шықты. Капиталистік даму сатыларына дейін ақшаның рөлін әр-түрлі тауарлар (аңдардың, астық, мал түрлері) атқарады, бірте-бірте ол қымбат металдарға (алтынға, күміске) көштІ.

Ақша – бұл жалпыға ортақ эквивалент және ерекше тауар болып табылады. Ақшаның мәні оның атқаратын қызметтерінен көрінеді: төлем құралы, айналым құралы, қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша және т.б.Ақша ағымы – қаржылық жыл ішінде банктің табатын және

Ақша қаражаты деп – бұл субъектінің кассадағы және банктегі барлық ақшасын айтамыз.

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.

Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім – шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және бухгалтерлік есеп шоттары болып бөлінеді.

Бухгалтерлік есеп шоттары – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады;Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшелері үшін де ашылады.

Әр коммерциялық ұйымның негізгі мақмсаты пайда табу. Кіріс кірген кезде шығынды санамайды капиталдың кіріс арқылы олардың ақшалай қосылғандығын керісінше амортизациялық санау жүйесі жүреді, ақшалай ағымға тиіспейді Осы айтылғандар курстық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Курстық жұмыстың мақсаты – бұл ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасын толығымен ашу, яғни ақша – қаражаты деген не, оның ағымдағы банктік шотында қозғалысы және Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асырудағы әдістерін, кәсіпорындарында қандай нысандар бойынша ақшасыз есеп айырысу жүзеге асатынын, валюта жүйесінің даму кезеңдерін, кассадағы ұлттық валютаның есебінің қозғалысын, жалпы ақша – қаражаттардың қозғалысының ерекшеліктерін қарастыру және толығымен меңгеруді қалыптастыру.

Курстық жұмыстың міндеттері:



- ақша қаражаттары туралы түсінікті толығымен ашу;

- ақша қаражаттарының баламаларының ерекшеліктері:

- валюта жүйесінің типтері , даму кезеңдері;

- кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары есебі

- ағымдағы банк шоттарындағы ұлттық валютасындағы ақша қаражаттарының есебі

- банктегі арнаулы шоттардағы ақша қаражаттарын есепке алу

- Қазақстан Республикасының валютасы. Қазақстан Республикасының банкноттары.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеудің теориялық негізіне отандық басқа да ғылыми жұмыстар және алынған статистикалық есептер көмектесті.

I. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Ақша қаражаттары туралы түсінігі .


№7 «Ақша қаражат қозғалысы туралы есеп» Халықаралық Қаржылық Есеп Беру Стандартына сәйкес, ал №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» Бухгалтерлік Есеп Стандартына сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің» №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» - деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: «Заңды тұлғалар, субъектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген.

Ақша қаражаты деп – бұл субъектінің кассадағы және банктегі барлық ақшасын айтамыз.

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 9752 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісім – шарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да әрбір төлемнің сомасы 9752 АЕК-тен аспауы керек.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.

Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім – шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және бухгалтерлік есеп шоттары болып бөлінеді.



  • Бухгалтерлік есеп шоттары – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады;


  • Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшелері үшін де ашылады.

Ағымдағы немесе бухгалтерлік есеп шоттарын ашқан кезде банк клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаларға тиісті ақша сомасын аудару (беру) туралы ұйғарымын орындауға және банктік шот шартында қарастырылған (ҚР АК 747 бап) басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.

Банктік шотты ашу үшін клиент банкке мынадай құжаттар ұсынады:

Қазақстан Республикасының Заңды тұлғалары – резиденттер мен олардың жекелеген бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері):


  • Қаражат бөлушілердің (басшының, бас бухгалтердің) қойған қолдарының үлгілері бар құжат және нотариалды куәландырыған, екі дана мөр бедерлемесі;

  • Клиенттің салықтық есепке (СТН) қойылған фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың түпнұсқасы;

  • Мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, статистикалық карточка), уәкілетті орган берген, белгіленген формадағы құжаттың көшірмесі;

  • Фирмалар мен өкілдіктер үшін – Қазақстан Республикасы заңды тұлға резиденті филиал немесе өкілдік басшысына берген сенімхаттың көшірмесі;

  • Жарғының (жекелеген бөлімшелер үшін–Ережелер) нотариалды куәландырылған көшірмесі, не болмаса клиенттің үлгі жарғы негізіндегі қызмет фактісін растайтын құжат;

  • Банк белгілеген үлгідегі өтініш.

Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашады. Аккредивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.

Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарды көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.

Субъектілердің шоттарын төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгіленген кезектілікпен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістері:



  • қолма-қол ақшаны аударуды;

  • төлем тапсырманы ұсынуда;

  • чектерді беруді;



  • вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді;

  • төлем карточкасын пайдалануды;

  • тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды;

  • тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды;

  • инкассалық жарлығын ұсынуды пайдаланады.

1.2 Ақша қаражаттарының баламалары.


Кәсіпорындағы ақшасыз есеп айырысу мынадай негізгі нысандарда жүргізіледі:

  • төлем тапсырма;

  • чек;

  • вексель;

  • төлем-талап тапсырма;

  • ұлттық банктің құқықтық-нормативтік актілермен белгіленген басқа да төлем құжаттары;

Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу дегеніміз – ақша жіберушінің тапсырмада көрсетілген сомада бенефициарлар (ақшалай қаражатты алушы) пайдасына ақша аудару туралы қызмет көрсететін алушы-банкке тапсырады.

Ақша жіберуші «төлем белгілеуі» жолында атауды, негізінде ақша аудару атқарылатын құжаттың нөмері мен ай-күні, жылын, сондай-ақ «төлем белгіленуінің коды» жолында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2000 жылы 16 мамырындағы №195 қаулысына сай төлемнің кодтық белгілерін көрсетуге міндетті. Сонымен қатар төлем тапсырмаларына деректемелерді толтырғанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 1999 жылы 15 қарашадағы №388 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышын төлем белгілеудегі бірыңғай сыныптауышты қолдану ережелері» атты қаулысын басшылыққа алған жөн.

Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, мөр басылып қайтарылады.

Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:



  • төлем тапсырмасының нөмірі;

  • төлем тапсырмасының жазылған күні;


  • жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) коды (ЖТК немесе ИИК);

  • жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;

  • бенефициардың коды (БК немесе Кбе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОд) – бұл кодтар екі символдан (белгід тұрады: біріншісі – резиденттік белгісін, ал екіншісі – экономиканың секторын көрсетеді;

  • бенефициар – аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;

  • банк алушыбанк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;

  • бенефициар банкісібенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім – шарттың негізінде;

  • жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) – филиаларалық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО);

  • төлем арналымының коды – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің құқықтық-нормативтік актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады;

  • бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды – салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;

  • валюталанған күні – ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.

Чек дегеніміз – чек берушінің банк алушыға олардың арасындағы келісім – шарт негізінде бұйрықта көрсетілетін соманы чек ұстаушыға төлеу жайлы жазбаша бұйрық.

Қазақстан Республикасындағы чектерді қолданып, төлемдерді атқару Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 1998 жылы 5 желтоқсандағы №266 «Қазақстан Республикасы территориясында чектерді қолдану ережелері» қабылданды.

Вексель дегеніміз – оның иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт бекіткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша борыштың міндеттемесі. Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы вексельдер;


  • Жай вексель дегеніміз – вексель берушінің вексель алушыға ақшалай төлем жасауға міндеттемесін білдіреді.

  • Аудармалы вексель дегеніміз – (тратта) кредитордың (трансаттың) қарызгерлерге (трассатқа) белгілі бір соманы үшінші заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға (ремитентке) төлеу жайлы жазбаша өкімі болып саналады. Аудармалы вексельдің жай вексельден ерекшелігі - аудармалы вексельде

вексель ұстанушының төлеушіге вексельде көрсетілген ақша сомасын үшінші бір адамға (эмитентке) төлеу туралы жазбаша бұйрығын береді.

Төлем-талап тапсырмалармен есеп айырысу дегеніміз – бенефициар (қаражатты алушы) тиелген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін төлеу туралы ақша жіберушіге талабы бар, көрсетілген талапты растайтын құжаттар негізінде ұсынылатын есептік құжат береді. Бенефициар бенефициардың банкісіне төлем тапсырмаларын және төлем-талап тапсырмалары тізімін ұсынады, ол бенефициардың барлық деректемелерін толық толтырылуын тексеріп,оны ақша жіберушінің банкісіне жөнелтеді. Бұл есеп айырысулар төлеушінің акцепі (келісімі) бойынша немесе акцепсіз атқарылады. Төлем-талап тапсырмасын төлеуші толығымен немесе бөліп төлеуге қарсылығын, оған қызмет көрсететін банк төлем-талап тапсырма алғаннан бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды. Төлеуге немесе төлеуші алған төлем тапсырмасын тиісті қолдар қойылған, мөр бедерлемесімен барлық данада рәсімдейді, оны қызмет көрсететін банкке тапсырады.

Инкассалық өнім дегеніміз – ақша өндіру туралы сот шешімдері, үкімдері, белгілеулері мен қаулылары немесе сот бұйрығы бойынша берілетін орындау қағазының түпнұсқаулары тіркеліп, заңнамалық актілерде (сызба) қарастырылған жағдайларда, осы өндірудің негізділігін растайтын көшірмелерді қосып, сондай-ақ салық пен кеден қызметі органдарының инкассалық өкімдері, оларға растаушы құжаттар тіркелмейді, бюджеттік сыныптауыш код пен операция түрі көрсетіледі, ақша жіберушінің келісімінсіз банк шоттарынан ақша алу үшін қолданылады.

Инкассалық өнім ақша жіберушінің банкісіне үш дана болып, ал бенефициар банкісіне төрт данамен ұсынылады.
1.3 Валюта жүйесінің типтері, даму кезеңдері
Тарихта ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық валюталық жүйе типтер қалыптасқан. Бастапқы кезде валюталық экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық қатынастарды пайдалануға және қалыптастыруға, халықаралық айналымды жүзеге асыратын ұлттық жүйе пайда болады. Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз – мемлекеттік заңдармен бекітілген, елдің валюталық қатынастарын ұйымдастыру немесе керісінше жіктеуге әсер ететін ең маңызды механизмдердің бірі, мемлекеттік – құқықтық формасы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады, ол – елдің ақша бірлігі. Ұлттық валюта қолма-қол фомада (банкнота, монета) және қолма-қол емес фомада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның элементтері ұлттық орталық банк және коммерциялық банктер болып табылады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі – ол ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады және сыртқы экономикалық байланыстың жайымен сипатталады. Ұлттық валюта жүйесінің мынадай негізгі элементтері бар. Олар : ұлттық валюта өлшемі, ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталуына, валюталардың алтын

құрамына байланысты өзара қатысы, валюта бағамының тәртібі, валюталық шектеудің болуы не болмауы, валюта курсының құрылуы механизмі, елдің сыртқы есеп айырысу тәртібі, ұлттық валюта рыногы мен алтын рыногының режимі, елдің валюта қатынасын реттеуші ұлттық валюта ұйымдастырылуы. Дүниежүзілік шаруашылықтың және ұлттық валюталық даму негізінде қалыптасқан және мемлекет аралық келісім – шарттармен бекітілген халықаралық валюталық қатынастардың екінші типі – дүниежүзілік валюта жүесі болып табылады. Дүниежүзілік валюта жүйесі дегеніміз – халықаралық несие – қаржы институттарымен халықаралық шарт пен мемлекеттік құқық нормаларын біріктіретін, дүниежүзілік шаруашылық шеңберіндегі ұйымдастыру нысаны. Бұл жүйе дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың бірте – бірте қалыптасу нәтижесінде пайда болып, кейінерек мемлекет аралық келісімдер арқылы заңдастырылған. Оның негізгі міндеті – халықаралық сауда сату процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс - әрекетінің тиімділігін қамтамасыз ету. Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарып, өндірістін даму қарқынына, баға саясаты мен жалақыға, халықаралық айырбастың көлеміне әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша – есептеу қатынастарын, қатысушы елдердің ішкі ақша айналымын қамтиді. Оның ішкі және сыртқы жүйелерін әлемдік ақша белгілері байланыстырады. Оның негізгі құрамдас белгілері мен негізгі элементтері: халықаралық төлем құралдарының жинақталуы (ұлттық, шетелдік, ұжымдық халықаралық валюталар) валюталарды айырбастау тәртіптемесі; валюта курсы мен валюталық тепе – теңдік, валютаның айырбасталымдылық шарттары, халықаралық айналымды валюта төлем құралдарымен қамтамасыз ету тетігі, халықаралық есеп айырысу нысандарын, дүниежүзілік валюта мен алтын нысандарын тәртіптеу, дүниежүзілік және ұлттық банк мекемелерін құру және мемлекет аралық реттеу институтының статусы – 1994 жылдан Халықаралық валюта қорының болуы. Ұлттық валюта жүйесі дүниежүзілік валюта жүйесімен ажырамастай байланысты, оларды байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін реттейтін және валюталық саясаииы шоғырландыруға негіз болатын ұлттық банктер болып табылады. Олардың арасындағы байланыс пен айырмашылықтар олардың элементтерінен байқалады.

Егер дүниежүзілік валюта жүйесі – халықаралық есептеу бірліктеріне негізделген болса, ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға елдің ақша бірлігіне негізделген.

Дүниежілік валютаның негізі резервтік валюталар – басқа елдер үшін валюталық парие мен валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет ететін, резев құралы және халықаралық төлем қызметін атқаратын, валюталық бағамын реттеу үшін валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын дамыған елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше түрі, категориясы болып табылады. Резервтік валюта мәртебесін алу үшін несиелік – банктің жақсы дамуы, капитал экспорттарында және дүниежүзілік өндірісте билік етуі және халықаралық айналымдағы валютаның еркін айналымдылығы мен валюалық шектеудің болмауы қажет.

Резервтік валюта дамыған ел экономикасына сауда және валюталық шектеулердің болмуы және осы валюталық тұрақтылығы мен девальвация жүргізбеуі сияқты белгілі бір міндеттемелерді жүктейді. Халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу және валюталық паритет пен валюталық бағамды белгілеу үшін шартты бірлік ретінде халықаралық есептік ақша бірлігі қолданылады. Қазіргі уақытта қажетті дүниежүзілік несиелік ақша типтері ретінде ЭКЮ (Еуропа валюта бірлігі) және СДР (арнайы қарыз алу құқығы) қызмет етеді. ЭКЮ – Еуропалық қауымдастыққа ынтымақтастық валюталық Еуропалық қорында және СДР – Халықаралық валюталық қорда қолма-қолсыз халықаралық есеп айырысуларда елдердің арнайы шоттарына жазбаша жазу жолымен пайдаланылады. Олардың шартты құны 1973 жылдан бастап өзгермелі бағам режимін енгізумен байланысты банктерде және валюталардың орташа құнын, бағамдарын өлщеу арқылы есептелінеді. Осы топтағы валюталар саны, олардың валюталық компоненттері мен құрамы орташа өлшемді бағам мақсатына байланысты, ол оның құны топқа кіретін валюталардың АҚШ долларына қатысты нарықтық құның саласына байланысты белгіленеді. 1991 жылғы жағдай бойынша валюталық « қоржын « 5 валютадан : АҚШ – 40 % , неміс маркасы - 21%, Жапон йені - 17%, Француз франкі - 11% және фунт стерменгтен - 11% тұрады. Валюталық жүйенің еклксі бір элементін – валюталардың конвирсиялау дәрежесін сипаттайды. Ол елдің эконмикалық, валюталық жағдайларына байланысты анықталады және басқа ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын, ақша бірліктері ретінде еркін конверсияланатын валюталардан тұрады. Валюталық жүйеде валюталық бағамның негізі болып заңды түрде бекітілетін екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіретін – валюталық паритет ажыратылады. Ол халықаралық валюта қатынасиары бойынша СДР негізінде белгіленеді. Валюталық жүйенің тағы бір элементі – жекелеген елдің немесе елдердің төлем қабілетін көрсететін және халықаралық ақшалай міндеттер мен талаптарды мемлекеттік реттеумен байланысты бейнелейтін – халықаралық өтімділік болып табылады. Оның құрамына алтын, шетел валютасы, халықаралық валюталық қатынастағы резервтік, СДР және ЭКО – дағы шоттар кіреді. Жаңа валюталық орталықтың құрылуы және оның дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына кіру аймақтық валюталық жүйенің пайда болуына себеп болады. Аймақтық валюталық жүйе дегеніміз ( ЕВЖ 1979 ) – бір аймақтағы бірқатар елдің валюта саласындағы қатынастардың ұйымдық экономикалық нысаны және дүниежүзілік валюта жүйесінің шеңберінде батыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол 1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған « Жалпы нарық « одағындағы мемлекеттердің валюталық ынтымағының дамуынан бастау алып, 1979 жылы құрылды. Оның мақсаты – еуропалық саяси, экономикалық және валюта одағын – Еуропалық одақ ( ЕО ) құру, ынтымақтастық процесін ынтыландыру және Батыс Еуропаның позициясын күшейту болып табылады.

Валюталық жүйенің даму кезеңдері халықаралық еңбек бөлінісің, өндіріснің, дүниежүзілік нарықтың, шаруашылықтың дамуымен тығыз байланыста.

Бірінші дүниежүзілік валюта жүйесі өнеркәсіптік революциядан кейін алтын монеталы стандарт негізінде құрылады. 1867 жылы басшы елдердің өкілдері қатысқан Париж конференциясында алтынды дүниежүзілік ақшалардың жалғыз формасы ретінде мойындап, мемлет аралық келісіммен заңды түрде рәсімделеді. Алтын сиандартты өндірісті, сыртқы эклномикалық байланыстарды, халықаралық есеп айырысулар мен ақша айналысын реттеуші ретінде бір қызмет атқарады. Уақыт өте келе ол дүниежүзілік шаруашылық байланыстарына сәйкес келмей, 1914 жылы валюталық шектеу енгізілді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін де кең тараған валюта дағадрысы екінші дүниежүзілік валюта жүйесінің пайда болуына әкеп соқты. Ол 1922 жылы Генуэз (Генуя) конференциясындағы мемлекет аралық келісіммен құрылды. Онда келісімге келуші 30 елдің ақша жүйесі тәрізді алтын девизді стандартқа негізделіп құрылды, ол бойынша банкноталар алтынға емес, вексельге және чекке, яғни девиздерге айырбасталады. Девиз деген – кез келген формадағы шетел валютасы ( доллар, фунт сиерминг, т.б ) . Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар аралығында Бреттон-Вудс конференциясына дейін резерфтік валюта статусы ресми ешбір валютаға бекітілген жоқ. Ал ағылшын фунд стерлинг мен американдық доллары осы атақты бірінші болып алуға таласып жатты.

Үшініш дүниежүзілк валюта жүйесі 1944 жылы 22 мауысымда АҚШ БҰҰ-ның Бреттон-Вудс конференциясында бекітілді. Онда алтын девиз стандартына негізделіп, девиздік валюта ретінде американдық доллармен фунд стерлинг қабылданып, алғы резервтік валюта статусы заңды түрде осы валюталарға бекітілді. Конференцияға 44 ел қатысып, Халықаралық Валюта қоры жарғысы белгіленеді. Бреттон-Вудс бойынша алтынды пайдаланудың 4 негізгі формасы: валюталардың алтындық паритеті және олардың халықаралық валюталық қорда есепке алынуы, халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабатын ақырғы құрал мен халықаралық валюта өтімділігінің компоненті қарастырылды.алтынның төмендетілген ресми бағасы бекітіліп, АҚШ долларын алтынға тенестіру, оны шетелдік орталық банктерде 31,1 гр таза алтынға тен функциясы үшін 35 доллар ресми бағада айырбастау жүзеге асырылды және іс жүзінде долларлық стандарт орын алды. Бұл конференцияда Бреттон – Вудс жүйесінің құрылымдық принциптері анықталды. Олар: валюталық паритеттер алтынмен немесе АҚШ долларымен бейнеленіп паритетті өзгерту тек қана Халықаралық валюталық қордың рұқсатымен іске асты; валюталық шектеу мен валюталық саясат халықарлық келісім-шарттарға бағынды; валюталық бағамдардың режимі белгіленіп,валюта қатынастарын реттейтін орган – Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) құрылды. Оның негізгі мақсаты – халықаралық валюта қатынасында бақылауды қамтамасыз ету болып табылады. 60 жылдардың аяғында үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі құлдырағаннан кейін төртінші (қазіргі) дүниежүзілік валюта жүйесі 1976 жылдың қаңтарында ХВҚ-ға мүше

мемлекеттердің Кингстонгта Ямайка валюта жүйесі деп аталоды және заң жүзінде бекітілген мемлекет аралық принциптерге сүйеніп, жаңа жүйе – көп валюталы стандартты құрды. Ямайка валюта жүйесінің негізгі қағидасы және бұрынғы жүйеден айырмашылығы:

1.СДР стандарты енгізілді,ел валюталық паритет пен валюта бағамының негізі деп жарияланды. Бірақ іс жүзінде долларлық тандалды, өйткені СДР жүйесінде көбірек пайдаланды. СДР әлемдік ақша рөлін орындаудан тым алыс болды. Бағамы СДР-мен анықталатын валюталар саны жылдан-жылға азайтып, оның қолдану аясы тек ХВҚ-ның операцияларымен шектелді.СДР стандарты шын мәнінде көп валюталы стандартқа ауысты.

2. Ямайка валюта жүйесінде алтынның өзінің монеталық қызмет атқарылған заңды түрде тиым салынды: алтындық паритет, ресми баға алынып тасталып, доллардың алтынға айырбасталу тоқтатылды.

3. 1973 жылдан бастап өзгермелі бағамдар жүйесі пайда болып, валюталық бағамдар режимін таңдауға құқық берілді.

4. ХВ арқылы мемлекет аралық реттеу күшейді.

Сонымен Ямайка валюта жүйесі басқаларына қарағанда валюта бағамдарының тұрақсыздығы өзінің икемділігімен төлем баланстарын және әлемдегі күштердің жаңадан орналасуына тең бейімделді. Сонымен бірге ол біраз келеңсіздіктерді туғызды. Жаңа валюта жүйесін құру негізгі үш кезеңге бөлінеді.олар :

а) жаңа валюталық жүйені құру;

б) жаңа жүйенің қағидаларын іске қосу;

в) дамыған дүниежүзілік валюталық жүйені құру болып табылады.

1987 жылдан бастап АҚШ ішкі айналысында жанама баға белгіленімі неміс маркасына қатысты қолдануда (1USA = 1.9430 DEM). Валюта баға белгіленімінің түрі валютаның жағдайына, оның курстық деңгейіне әсер етпейді, өйткені оның мәні өзгермей тек формасы ғана өзгереді.

Банк аралық валюта нарығының операцияларында ұлттық валюталарды АҚШ долларына қарап бпғалау басымырақ, бұл долларлық халықаралық төмен және резервтік құрал ретінідегі рөлімен түсіндіріледі. Сауда өнеркәсіп клиенттер үшін валюталар бағамы кросс-курс негізінде бекітіледі. Кросс-курс немесе кросс-бағам дегеніміз – екі валюта бағамдарының үшінші валюта арақатынастарының ( әдетте АҚШ долларына )

=1.490 швейц франк

=1 АҚШ доллары

=1.6790 ГФР маркасы

бағамымен (банктің валютаны сол бағаммен сатып алуға дайын болуы ) белгілесе де. Сатып алушы бағамынан сатушы бағамы тікелей котировка бойынша әрдайым жоғары болады және олардың арасындағы айырма банктің пайдасын құрайды әр валюта бойынша сұраныс пен ұсынысты салыстыру жолымен банк аралық бағамды анықтаудан, тіркеуден баға белгілеу процедурасы фиксинг деп аталады жіне сатушы мен сатып алушы бағамымен бекітіледі. Маржа немесе спред ( сатушы және сатып алушы курсьарының


арасындағы айырма ) компанияның немесе банктің статусына, мәмім көлеміне, валюталық операцияларға байланысты өзгереді.

ХХ ғасырдың басында дамыған елдер валюталарды өзара айырбастаудағы тұрақты қатынастардан бас тартты. Олар 1973 жылдан бастап валюталық нарықта сұраныс пен ұсынысқа байланысты еркін орын алатын « құбылмалы « бағамдарына ауысты. Құбылмалы валюталық бағамдар өзгерістері халықаралық есепте жүзеге асырғанда көптеген қиындықтар тұғызды. Кейбір мемлекеттерде ұлттық валюта бағамдарының бірнеше түрі болады. Мысалы : Бельгияда қаржылық коммерциялық операциялар бойынша екі котировка жүреді. Белгілі тауарларды экспортты қолдау және импорттық кейбір түрлерін шектеу үшін бұл әдіс дамушы елдерде қолданылады. Батыс елдерінде көптеген валюталық бағамдардың индекстері таралған. Валюта нарығында көптеген валюталық котировкалар бірдей өзгеруі мүмкін, сондықтан авлюта бағамдарының өзгеру дәрежесін өлшеу үшін және жеке ақша бірліктерінің басқаларымен салыстырғанда арзандату ( қымбаттату ) дәрежесін анықтау үшін арнайы индекстерр есептеледі. Валюталық « қоржындар « арнайы индекстер негізінде болады және тиімді валюта бағамдардың индексі болып табылады. Ол 18 валютадан тұрады, төлем балансының сәйкес ақша бірліктердің бағамдарының өзгерістеріне байланысты құрады. Көбінесе валюталық бағам индекстері ұлттық ақша бірлігінің бағамдарының өзгерісіне әсер ету, тауарлардың бәсекелестік қабілеттеріне әсер ету және елдің сауда және төлем балансына әсер етуін бағалау үшін қолданылады. Көбінесе валюта ағымдарын талдау кезінде номиналды және нақты валюталық ағымдар индексі, оның ішіндегі нақтысы валюталар инфляциялық құнсыздануға ұшыраған жағдайда пайдаланылады. Нақты валюта бағамының индексі бәсекелестік қабілетке ықпал етуші ақшалай факторларды көрсетеді ( себебі ол инфляциямен байланысты ) сәйкес келетін екі елдің ішікі бағаларындағы өзгерістерге түзетілген валюта бағамының индексін білідіреді.

Жалпы халықаралық валюта нарығында бағамының өзгеруі ел экономикасына екі жақты әсер етеді. Экспорттаушылар бағасы орташа әлемдік бағадан төлем тауарларды алып кетуді кеңейту жолымен өзіне түсетін пайданы ұлғайту үшінт ұмтылады. Ұлттық валюта бағамының төмендеуі оған тиімді, себебеі экспорттаушы қымбаттаған шетел валютасымен түскен түсімді арзандаған ұлттық валютаға айырбастаған кезде экспорттық сыйақы алады. Ал импотртшылар бұл тұста ұтылады, себебі валютаны келісім шарт бағасымен сатып алу қымбатқа түседі.

Ұлттық валютаның котировкасы төмендегенде онымен көрсетілген сыртқы қарыз да төмендейді, бірақ шетел валютасымен көрсетілген сыртқы қарыз өседі. Валюта бағамының ауытқуы салдары елдің валюта – экономикалық, экспорттық потенциалына, оның әлемдік шаруашылықтағы орнына байланысты болады. Шетел ақша өлшемдерімен салыстырғандағы

ұлттық валютаның бағамының өсуі, негізінде халықаралық экономикалық қатынастарға кері әсерін тигізеді.


II. КӘСІПОРЫНДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ

2.1. Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаттары есебі
Ақша қаражатын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.

Кассир



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет