Кіріспе. ӨЗара ауыстырымдылық туралы ұҒымдар



бет1/37
Дата02.11.2022
өлшемі0.76 Mb.
#463847
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Д рістер ЗАРА АУЫСТЫРЫМДЫЛЫ НЕГІЗДЕРІ (1)

АЛҒЫ СӨЗ




«Өзара ауыстырымдылық негіздері» пәнінен менің зертханалық жұмыстарға арналған оқу-әдістемелік құралы, практикалық және Өзіндік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулықтарым бұрын орыс тілінде басылып шыққандықтан, бұл оқу құралында теориялық дәрістер, тесттік сұрақтар және бақылау сұрақтары қарастырылды.
Оқу құралы қазақ тілінде алғашқы жазылғандықтан, кемшіліктері болуы әбден ықтимал, сондықтан оқырмандар мен мамандар тарапынан ұсыныстар мен түзетулер енгізуге байланысты ескертулер болса, оны автор құптайды.

1 – ТАҚЫРЫП


КІРІСПЕ. ӨЗАРА АУЫСТЫРЫМДЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ҰҒЫМДАР

Дәріс жоспары:


    1. Өзара ауыстырымдылықтың даму тарихы және басқа пәндермен байланысы. Бұйымның сапасы.

    2. Өзара ауыстырымдылық, өлшемдер, ауытқулар және олардың түрлері

    3. Шақтама және қондырма. Қондырманың түрлерi.

    4. Шақтамалар мен қондырмалар жүйесі ұғымы



1.1 Өзара ауыстырымдылықтың даму тарихы және басқа пәндермен


байланысы. Бұйымның сапасы
XX ғасырдың 20-шы жылдары Өндіріс дами бастаған кезде жұмысшылар жабдықтардың әртүрлілігіне байланысты қиындықтарға тап болды. Себебі, шығарылатын бұйымдардың пішіні мен Өлшемдері сол мекемедегі конструкторлардың қойған шамалары бойынша шығарылды. Шығарылған бұйымдардың тетікбӨлшектері басқа мекемеде шығарылған дәл сондай бұйымның тетікбӨлшектеріне сәйкес келмеді. Сондықтан бұйымдарды бір жүйеге келтіріп, стандарттау мәселесі Өте Өзекті болды.
1924 жылы КСРО Үкіметінің шешімімен Өндірістік стандарттау бюросы құрылып, ал 1925ж. 15 қыркүйегінде ол Стандарттау Комитетіне айналды. Осыдан бастап барлық мекемеге міндетті Жалпы Одақтық стандарттар (ОСТ) шығарыла бастады (ОСТ 1968ж. бастап салалық стандарт деп аталды).
1926ж. бастап Кеңестер Одағы стандарттаумен айналысатын Халықаралық ассамблея (ISA) жұмыстарына қатыса бастады (ISA 1946ж. – Стандартау жӨніндегі халықаралық ұйым (ISO) болып Өзгерді).
1940 жылдан бастап Жалпы Одақтық стандарт ОСТ - Мемлекеттік стандарт ГОСТ болып Өзгерді.
1954ж. Стандарттар, шамалар және Өлшеу құралдары Комитеті ұйымдастырылды, ал 1970ж. 10 қарашада Мемлекеттік стандарттар Комитеті болып Өзгертілді.
Бұйымның, соның ішінде машиналардың сапасын жүйелі түрде жақсартуға Өте жоғары мән беріледі, себебі бұйымның сапасын арттыру материалдық ресурстарды үнемдейді, Өндірістің тиімділігін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет