Мазмұны глоссарий Негізгі әдебиеттер Дәрістер глоссарий



бет1/36
Дата25.01.2022
өлшемі115.89 Kb.
#454815
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Лекциялар


МАЗМҰНЫ
1 Глоссарий

2. Негізгі әдебиеттер

3. Дәрістер

1 ГЛОССАРИЙ

1.1 Әдіс – құбылыстарды танып білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсілдері.
1.2Әрекет – іс-қимыл, құрал. Оқу әрекеті арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, теориялық сана, теориялық ойлау қалыптасады.
1.3 Бейін алды даярлық – білім алушылардың жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау.
1.4 Бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау мен даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру.
1.5 Білімдену – оқу барысында шәкірт игерген білім, ептілік, дағды және ойлау тәсілдері жүйесі.
1.6 Білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.
1.7Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
1.8 Даму – адам ағзасында жүріп отырған
Дедукция – ойлаудың бүтіннен бөлшекке, жалпыдан жалқыға көшу жолы.
Дидактика – педагогикалық ғылымның оқыту әдістерін баяндайтын бөлімі.
Дүниетану – дүниенің даму заңдылығын білу қабілеті, жалпы ой-өріс.
Индукция – жалқыдан жалпыға, белгіліден белгісізге қарай ой қорыту тәсілі.
Индивид жеке адам, тек өкілі.
Инновация /латын/ – білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс – тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа концепцияларды жасау және оларды қолдану.
Интерактивтік – интеракция деген ұғымнан шығады. Ал интеракция жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетке бір-біріне алма-кезек өтуі.
Институционалдық аккредиттеу – білім беру ұйымының білім беру
Кешенді тестілеу – ақпараттық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны.
Кредиттік оқыту технологиясы – білім алушылардың және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту.
Концепция /тұжырымдама/– қайсыбір құбылысты түсінудің, түсіндірудің тәсілі, оның мәнін ашу үшін қолданылатын басты идеялар, жетекші ойлар.
Қашықтықтан білім беру технологиясы білім алушылардың және педагог қызметкердің жанама /алыстан/ немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.
Қалыптасу – барша жағдаят (экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық және т.б.) ықпалдары негізінде адамның әлеуметтік өмір өкілі ретінде бой тіктеуі. Тәрбие – тұлға қалыптастырушы жағдаяттар арасында аса маңыздысы.
Метод – бір нәрсені теориялық зерттеудің немесе соны практика жүзінде іске асырудың жолы. Метод грек. «зерттеу жолы» деген мағынаны береді.
Модуль – сызба-жоспар, кесте түрлерінде баяндау үшін құрылған шартты бейне.
Модель – үлгі (эталон, стандарт).
Мотив – ынта-ықыластың аууы.
Мониторинг – күнделікті бақылау, бағалау және болжау; білім беру үрдісінің барысын, нәтижелерін және тиімділігін ізбе-із үздіксіз зерделеу.
Нысан – субъектің, яғни адамның таным мен іс-әрекет аймағы.
Объект – адамның, іс иесінің таным әрекетінің бағыты, әрекет құбылысы, зерттеу нысаны.
Өлшем – бір нәрсені бағалауда, анықтауда немесе жіктеуде негізге алынатын белгілер, бағалау өлшеуіштері. Бағдарламаларын мәлімделген мәртебесіне сәйкес сапалы ұсыну жөніндегі қызметін бағалау.
Педагогикалық әдіснама – педагогикалық білім және оны меңгеру үрдісі туралы ілім. Олар: бастапқы, өзекті, іргелі, философиялық теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар сияқты әдіснамалық мәні бар ілімдер.
Парадигма – ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымда қабылданған теориялық және әдіснамалық қағидалар жиынтығы, олар ғылыми таным барысында пайда болатын болжамдар мен мәселелерді шешуші ғылым тұрғысында түйсіну үшін үлгі, нұсқа, стандарт ретінде қолданылады.
Педагогика пәні – тұлға тәрбиесі, оқуы, білімденуі, дамуы, қалыптасуы.
Педагогикалық үдеріс – оқу мен тәрбие бірлігі арқасында орындалатын білімдену мақсатынан оның нәтижесіне қарай болған іс-әрекет, ілгері қозғалыс.
Субъект – сыртқы ортаны нысанды танып білетін және өзінің мүдделеріне бағындыру мақсатында ықпал жасаушы. Оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Технология – қандай да қызмет, іс-әрекеттерді (үдерістерді) жүзеге келтірудің жолдары мен шаралары (средства) жөніндегі білімдер жиынтығы.
Түйін – сөз мәнінің қысқа баянды, сөздің қорытынды түйіні, міндеттердің, әрекет аясының, өкілеттік қызметтің ықшам айтылуы.
Экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі.
Эксперименттік алаң – жаңа педагогтік технологиялар мен білім беретін оқу бағдарламаларын мақұлдаудан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы.
Элиталық білім дарынды адамдарға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша алынатын білім.


Негізгі әдебиеттер

1 ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Сауат ашу» пән бағдарламалары. «Назарбаев зияткерлік мектебі». Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016, Астана.

2.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Жаңа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 Қаулысы.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

3.Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары. Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.Қ.Р.Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2018 жыл. 1 қараша № 17669.

4. Сауат ашу.1.2 – бөлім. Жалпы білім беретін мектептің 1 сыныбына арналған оқулық. Ә.Е.Жұмабаева, Г.И.Уайысова, Г.Т.Садуақас,, М.Н.Оспанбекова – Алматы: Атамұра, 2016, - 128бет

5. Сауат ашу. Оқыту әдістемесі. 1-2 бөлім Жалпы білім беретін мектептің 1 сынып мұғалімдеріне арналған. Ә.Е.Жұмабаева, М.Н.Оспанбекова – Алматы: Атамұра, 2016, - 112 бет

4.«Білім беруді жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбындағы оқыту семинарының материалдары. Астана 27.01.2016

6. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО – да қолдану мәселелері. Оқу құралы. - Алматы, 2013 - 328б.

5. Карсыбаева Р.К. Сауат ашу және жазуға үйретудің теориясы мен технологиясы Алматы -2013

6. Ерешова К., Сүйіндікова Г. Қазақ тілі. 2сынып /Өзіндік жұмыстар/ Алматы, Өлке баспасы.2018. -72 бет

7. Аманова А., Фазылова А. Оқу техникасы. -3 сынып. Алматы. Өлке баспасы. 2018.- 96 бет

8. Аманова А., Кемпірекова Г. Оқу техникасы. -2 сынып. Алматы. Өлке баспасы. 2019.- 96 бет



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет