Кіріспе. Пән мақсаты мен міндеті. Академиялық жазу және мәтін



бет1/6
Дата17.09.2023
өлшемі34.78 Kb.
#477786
  1   2   3   4   5   6
Кіріспе


Кіріспе. Пән мақсаты мен міндеті. Академиялық жазу және мәтін
Жоспары:

  • Академиялық жазылым пәнінің мақсаты мен міндеттері.

  • Тілдік қатынастың түрлері: оқылым жазылым, айтылым, тыңдалым, тілдесім.

  • Ғылыми бағытта жазылатын жұмыстардың ерекшелігі

  • Академиялық мәтіннің түрлері және олардың құрылымы.


Академиялық жазу дегеніміз не?


Академиялық жазу - бұл ғылыми аудиторияға арналған формальды және бейтарап жазу әдісі. Ол көп жағдайда зерттеулерге, нақты дәлелдерге, білімді зерттеушілер мен ғалымдардың пікірлеріне тәуелді. Ғылыми эсселер, зерттеу жұмыстары, диссертациялар және т.б. академиялық жазудың бірнеше мысалдары болып табылады. Жазбалардың осы түрлерінің барлығында кіріспе, тезис, талқыланған тақырыптарға шолу, сондай-ақ жақсы тұжырым жасалған қатаң құрылым мен макет бар. Академиялық жазудың негізгі мақсаты - аудиторияны бейтарап ақпарат ұсыну және жазушының пікірін дәлелді деректермен растау.

Академиялық жазылым дегеніміз

  • зерттеушінің ғылыми мәтіндерді оқуына, түсінуіне және жазуына мүмкіндік беретін тілдік құзіреттілігі.  

  • эссе, курстық жұмыс, диплом жұмысы, магистрлік және докторлық диссертациялар, ғылыми мақалалар мен монографиялар сияқты ғылыми мәтін жазудың әдіснамасы.

  • жеке ойлары мен идеяларын білдірудің және оны негіздей білудің әрі оларды мақсатты аудиторияға жеткізе білу дағдысы. 

  • ғылыми мәтіндер жазу, олардың жазу тілі мен стилін таңдап, қолдана білу дағдысы.

Академиялық жазылым- арнайы мамандықтарға байланысты студенттердің оқуға міндетті немесе таңдап алған пәндері бойынша белгілі бір тақырып төңірегінде түсініктер мен пікірталастар баяндалған әдебиеттерді оқып, оған талдау жасауы және оларды қолдану арқылы жазбаша түрде өз пікірін білдіруі. Бұл жазба жұмысы студенттерді өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізуге, жобалық жазба жұмыстарын жазуға машықтандырады.


Стиль түрлері


әдеби
публисцистикалық
ресми
ауызекі
ғылыми:
Таза ғылыми стиль
Ғылыми- оқулық стилі
Ғылыми көпшілік стиль



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет