Академиялық стиль және оның басқа стильден айырмашылығы



бет1/5
Дата22.02.2024
өлшемі232.58 Kb.
#492909
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Факультет филология. Умбет Н С 1 курс . Академиялық стиль


МИНИСТЕРСТВО НАУКИ И ОБРАЗОВАНИЯ РК
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ
ИМ. АЛЬ-ФАРАБИ





Факультет «Филология»
Кафедра «Филология»


РЕФЕРАТ
На тему: Академиялық стиль және оның басқа стильден айырмашылығы

Выполнил(а): Умбет Н.С
Проверил(а): Иманқұлова С.М
Алматы 2024г
1.Кіріспе
1,1 Академиялық стиль және дағдылары
1,2 Мақсаты және міндеттері
2.Негізгі бөлім
2,1 Академиялық стильдің басқа стильден айырмашылығы


Академиялық жазу-бұл ғылыми жұмыстарды ұсыну стилі. Бұл ғылыми еңбектердегі ойларды қысқаша және қол жетімді түрде жеткізу қабілетін білдіреді. Бұл стиль ерекшеліктеріне мыналар жатады:



  • мәтін құрылымына және оның дизайнына белгілі бір талаптардың болуы;




  • мәтінде ғылыми немесе публицистикалық стиль қолдану;




  • аргумент және парафраз жасау қабілеті;




  • сілтемелерді дұрыс енгізу және әдебиеттер тізімін жасау мүмкіндігі.

Академиялық форма – ғылыми зерттеуді ұсыну түрі немесе типі.


Академиялық сөзінің мағынасы - ғылымда, өнерде қалыптасқан дәстүрлерді
ұстану. Зерттеу нәтижелерін ұсынудың академиялық формалары әртүрлі
болады (мысалы, есеп, мақала, баяндама т.б).
Ең алдымен зерттеу нәтижесін ұсынудың тағайындалымымен таныстыру
қажет, яғни берілген зерттеу не үшін орындалғанына түсінік беріледі. Екі
форманың бірін жиі қолданады: сигналдық - кез келген алдын ала танысудың
қысқартылған формасы немесе анықтамалық - белгілі бір білім саласындағы
қысқаша жүйеленген мәліметтер.

Академиялық стиль төмендегідей дағдыларды қалыптастырады:


- ақпаратты беруде лексикалық бірліктердің орынды қолданылуы;


- мәтін жүйесінің логикалық мәнде болуы;
- тақырыптың тұтастығы;
- ғылыми стиль талаптарын сақтауы.


Ал академиялық жазылымның негізгі талаптары:
- зерттеу тақырыбының болуы;
- зерттеу сұрағының болуы;
- плагиат ережесін сақтауы;
- ғылыми мәліметтерді қолдануы;
- кіріспе, негізгі бөлім, қортынды бөлімдерінің болуы;
- аңдатпаның болуы (шағын эсселерге бұл міндетті емес).
Ғылыми зерттеулерде эмпирикалық және теориялық әдістер
қолданылады:
- эмпирикалық әдіс - бақылаулар мен эксперименттер, сонымен қатар
топтастыру, эксперименттің жіктелуі мен бақылаудың сипаттамасы;
- теориялық әдіс - ғылыми гипотезалар мен теорияларды құрастыру және
дамыту, заңдарды тұжырымдау, ондағы логикалық салдарларды айқындау,
әртүрлі гипотезалар мен теорияларды сәйкестендіру.

Зерттеу нәтижелерін ұсынуда қолданылатын ақпарат нұсқалары:


- вербалды форма, сөз - ақпаратты жеткізудің негізгі тәсілі, нәтижелердің
хабарлама түріндегі сипаты, ең алдымен, арнайы ережелер бойынша құралған
мәтін;
- графикалық форма – кеңістіктің шолу сипаттамасы - бұл ғылыми
ақпаратты жеткізудің дәстүрлі тәсілі. Графикалық формада диаграмма,
гистограмма, түрлі графиктер қолданады, сызба, кесте түрінде беріледі;
- символдық – әртүрлі белгілер арқылы жүзеге асырылады;
- заттық шолу.
Академиялық жазылым
Академиялық жазылым дегеніміз – зерттеушінің ғылыми мәтіндерді
оқуына, түсінуіне және жазуына мүмкіндік беретін тілдік құзыреттілігі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет